АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Д и с к и н е з и я л а р

Өт қабы мен өзекшелерінің бірыңғай салалы бұлшықеттерінің қозғалысы арқасында ұлтабарға өттің бөлінуінің өзгерісі. Дискинезияның 2 түрі байқалады:

1. Гипертониялық – гиперкинетикалық - өт өзгерістерінің және сфингтордың тонусы жоғары.

2. Гипотониялық – гипокинетикалық тонусы төмен.

Себептері: тамақтандырудың бұзылуы: майлы тамақ, құнарсыз, уақыт сақтамай желінген ас, қозғалыс аздығы, кіндік тұсының зақымдануы, баланың ваготоник немесе симпатотоник бейімділігі – бұл себептері біріншілік дискинезияға алып келеді. Ал балаларда екінші дискинезиялар әлдеқайда жиі кездеседі. Себебі лямблиоз, гельминоздар, гастриттер, дизбактериоздар, семіру, диабеті бар.

Клиникалық көрінісі: Көбіне невроз сипаттары айқын: тез шаршайды, мазасыз, көп жылайды, тершеңдік, жүрек соғуы, оң қабырға астында немесе іш үстінде ауру сезіміне шағымданады.

Гипертониялық типте: ауру жедел, ұстамалы, бірақ көпке созылмайды, көбіне эмоциялық, физикалық ауыртпалыққа немесе майлы асқа байланысты.

Гипотониялық типте: тұрақты сыздау оң қабырғасында, кекіру, лоқсу, тәбеттің тұрақты төмендеуі.

Диагнозы: УЗИ арқылы.

 

Емі Гипотониялық Гипертониялық
Диета Стол №5. Өсімдік клетчаткалары бар тағам Стол №5. Майсыз, химиялық, тағамдық, тітіркендіргішсіз
Нейтротроптық дәрілер Кофеин, элеутерококк, фибс, алоэ, женьшень Новокаин, транквилизаторлар
Спазмолитикалық дәрі Қажетсіз Негізгілері: но-шпа, папаверин, атропин
Емдік дене тәрбиесі Кең қолданады, тонус күшейту түрі Қажеті жоқ
Дуадинальдық зондылау, дюбаш – минеральды сулармен Кең түрде, аптасына 2-3 рет, жоғары немесе орта минеральды сумен 1°C бірдей күні немесе 3 рет, 300-400 мл екіге бөліп Төменгі минеральды гидрокарбонат. Газ аз, жылы күйде күніне 5-6 рет аз мөлшерде
Физиоем Тонус көтеруге – гальванизация, балшық басу Седативтік әсер: электрофорез, седативті, спазмолитиктік дәрілермен

 

 


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 743 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)