АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

П о л и о м и е л и т – с а л а у р у ы

Жедел инфекциялық ауру. Қоздырғышы – вирус. Қоршаған ортада өте төзімді. Бөлме температурасында 3 айға дейін сақталады. Кептіргенде және төменгі температурада өте шыдамды.

 

Эпидемиологиясы: Ауру көзі вирус тасымалдаушы және ауру адам. Таралуы ауа-тамшылы, ішек инфекциясы арқылы. Вирус лас ойыншықтар арқылы және лас қол арқылы берілуі де мүмкін. 4 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Полиомиелит ауруынан кейін иммунитет тұрақты. Аурудың қайталануы сирек. Маусымдылығы: жаз, күз айлары.

 

Патогенезі: Вирустың ену қақпасы болып жұтқыншақтың лимфа түйіндері және ішек жолдары есептеледі. Регионарлық немесе аймақтық лимфа түйіндерде көбейеді. Кейін лимфатикалық жолдар арқылы қанға өтеді, вирусемия пайда болады. Нәтижесінде вирустар нерв клеткасына түсіп зақымдайды.

 

Клиникасы: Инкубациялық кезең 5 күннен 35 күнге дейін. Орташа есеппен 9-12 күн. Полиомиелит мынадай формаларға бөлінеді:

1. Инаппаранттық форма (клиникалық белгілерінсіз өтеді)

2. Висцеральдық форма (ЖЖ зақымдануынсыз өтеді)

3. ЖЖ-ң зақымдануымен өтетін форма. 2 түрі бар: 1) Салданусыз өтетін полиомиелит

2) Салданумен өтетін полиомиелит

 

ЖЖ зақымдануымен өтетін форма:

1.Менингиальды форма (салданусыз өтетін). Жалпы инфекциялық симптомдар болады. Дене қызуы жоғары, мазасыздық, әлсіздік, бас ауруы, катаральды өзгерістер, бронхит, тонзилит, фарингит. Осы көріністердің үстіне аурудың 2-3 күнінде менингиальды симптомдар қосылады. Олар шүйде бұлшықеттерінің тартылуы, Кернинг симптомы, Брудзинский симптомы.

2. Салданумен өтетін форма. Бұл формасы 4 кезеңге бөлінеді:

1) Салдану алды кезеңі

2) Салдану кезеңі

3) Қалпына келу кезеңі

4) Қалдық көріністер кезеңі

 

1) Салдану алды кезеңі

ЖЖ-ң қозу симптомдары мен қызметінің бұзылыстары болады. Олар құсу, бас ауруы, кейде сана-сезімінің көмескіленуі, сандырақтау, тоника-клоникалық құрысулар. Менингиальдық симптомдардың пайда болуы және гиперстезия. Баланың жату қалпын өзгерткенде нерв тамырларының түбіршектерінің ауырсынуы.

 

2) Салдану кезеңі

Кездейсоқ болады. Полиомиелит ауруында салдану жұлынның алдыңғы аяқшаларының клеткаларының зақымдануынан болады. Ол клиникасында көбіне аяқтың бұлшықеті кейін ~ (дельта) тәрізді бұлшықеттің зақымдануымен көрінеді. Баланың қол-аяқтарының бұлшықеттері атрофияланады. Сирек жағдайда кеуде, мойын, іштің тік бұлшықеті, тыныс алу бұлышқеттерінің зақымдалуы болады.

 

3) Қалпына келу кезеңі

Интоксикациялық белгілер біртіндеп қайта бастайды. Аяқ-қолдарының да қызметі біртіндеп қалпына келеді.

 

4) Қалдық көріністер кезеңі

Полиомиелиттің ауыр дәрежесінде қалдық көріністер қалуы мүмкін. Олар аяқ-қолдың салдануы және бұлышқеттің атрофиясымен.

 

Емі: 1. Төсектік

2. Ауруханада оқшаулау

3. ЖЖ әсер ететін дәрілер

4. Деинтоксикациялық терапия

5. Витаминотерапия

6. Симптоматикалық терапия

7. Ауыр дәрежесінде гормондар

 

Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы бар. Ол нәрестенің 2-3 айлығында тірі вакцина аузына 2-4 тамшы тамызылады, тіл түбіне.

Арнайы емес алдын-алу: ауруды оқшаулау, № 0-58 формамен хабарлама беру. СЭС-қа қарым-қатынаста болған адамдарды бақылау. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

 

 


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 835 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)