П и е л о н е ф р и т
Бұл ауру микробтардың әсерінен табақша түбекшелердің қабынуын айтамыз.
Этиологиясы: Бірінші орында ішек таяқшалары тудырады. Ол несепке түскен соң жоғары өрлеу арқылы бүйректі қабындырады.
Жіктелуі: Бастапқы пиелонефрит.
Ағымы бойынша: жедел және созылмалы.
Кезеңі бойынша: өршу, сауығу, ремиссия.
Бүйрек қабілетіне байланысты: Сақталған және төмендеген.
Клиникасы: Нәрестелер мен алғашқы айдағы сәбилерде ауру ауыр өтеді. Дене қызуы 38-40°C. Улану, диспепсия, құсу белгілері болады. Басқа мүшелерінің функциялары өзгереді, салмағы төмендейді, сарғаяды, мазасыз болады. Үлкен балаларда жалпы белгілері аз, жеңіл өтеді. Кіші дәретке жиі отырады. Кейде ұстай алмайды, ауырсынады, белі ауырады. Зәрді тексергенде түсі өзгереді, мөлдірлігі бұзылады. Көптеген лейкоциттер мен нейтрофильдер, аз мөлшерде белок және эпителий клеткалары табылады. Эритроциттер де көбейіп макрогематоурия пайда болуы мүмкін. Бактериялар да көп болады.
Емі: 1. Төсектік режим
2. Диета
3. Улану белгілері басым болса, көктамыр арқылы ерітінділерді жіберу: глюкоза, физ.ерітінді.
4. Антибиотиктер: ампициллин, цефалоспорин, нитрофурандар. Нитрофуран 4-7 мг/кг.
5. Диспансерлік бақылау.
Қант диабеті.
Созылмалы гипергликемиялық жағдай, бұл түрлі экзогендік және генетикалық факторлардың факторлардың салдары. Соңғы кезде қант диабеті балалар арасында да жиі кездеседі.
Жіктелуі: А пункті – Клиникалық кластар:
І. Қантты диабет:
- Инсулинге тәуелді қантты диабет (ИТҚД)
- Инсулинге тәуелді емес қантты диабет (ИТЕҚД)
- Тамақтану бұзылысына байланысты қантты диабет (ТББҚД)
ІІ. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы:
Б пункті – Статистикалық қауіпті жағдайлар:
1. Глюкозаға төзімділік бұзылыстарының алды
2. Глюкозаға төзімділік бұзылыстарының мүмкіндігі
Қант диабетінің І-типі – Инсулинге тәуелді қант диабеті. Балалар мен жасөспірімдерге тән ауру. Бұл типтің өзіне ғана байланысты ерекшелік көріністері бар. Жедел басталады, көрінісі бар. Инсулинсіз өмір сүру мүмкіндігі жоқ. Кетоацидозға бейімділік.
Этиологиясы:
- Тұқымқуалаушылық – таңбасы генетикалық лейкоциттерде орналасқан, антигендерді атауға болады.
- 80% вирустық инфекциялар.
- Химиялық заттар – Аллаксан стрептомицин.
Патогенезі: Иммунитет бұзылысының салдарынан β клеткаларда антигендер жиналып, оның диструкциясы көбейеді де клеткалар тез өледі. Лангерганс аралында да фиброз дамиды.
Инсулин – ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарында β клеткалар түзетін гормон. Инсулиннің ең көрнекті әсері көмірсу алмасуы, яғни негізгі қуат көзіне қатысты. Өсуга керекті заттармен қамтамасыз ету. Глюкозаға тиісті клеткалардың мембранасының өткізгіштігін көтереді. Глюкозаның аэробтық тотығу жолын белсендіреді, ацидоздан қорғайды. Осы әсерлердің түрінен қандағы глюкоза мөлшері азаяды, яғни гипогликемиялық эффект байқалады. Дені сау адамдарда глюкозаның мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л, ал тамақтан кейін 7,8 ммоль/л-ден аспауы керек. Қазіргі уақытта 6 ммоль/л, тұрақты деп есептеледі.
Ал инсулин жетіспеушілігі организмде терең метаболикалық өзгерістер туғызады. Қанда глюкоза көбейеді. Глюкозаурия пайда болады.
Клиникасы: Жедел басталады. Баланың анасы басталған күнін, сағатын дәл айта алады. 1. Полидепсия – айқын шөлдеу.
2. Полиурия – зәрдің көп бөлінуі.
Никтурия - зәрді түнде ұстай алмау.
3.Полифагия – көп тамақ ішу немесе жеу. Бірақ бала арық болады.
4. Тері құрғау қышу пайда болады. Тургор төмендейді. Диабетикалық беттің қызаруы (румяна) – ол бет капиллярлардың кеңеюіне байланысты.
5. Қан-тамырлардың бұзылуына байланысты диабетикалық ангиопатиялар (жүрек ишемиясы, пневмониялар, гепатиттер, көздің нашар көруі және т.б) Бұл ангиопатиялар балаларды мүгедектікке әкеледі.
Қант диабетінің ІІ типті түрі: Балаларда сирек кездеседі. ІІ типті қант диабетінде β клеткалар зақымданбайды. Ине өзгермейді, бірақ науқастарда тамақтық жүктемеден кейін инсулин концентрациясы жоғарылауы кешендейді.
Асқынуы: Коматозды жағдай, көбіне гипергликемиялық кома, сирек жағдайда гипогликемиялық кома дамиды.
Комалардың салыстырмалы ерекшеліктері:
Диабеттік кома Гипогликемиялық кома
Себептері:
1.Инсулиннің жеткіліксіз мөлшері 1.Инсулинді көп мөлшерде қолдану
2.Тамақ режимінің бұзылысы 2.Жеткіліксіз тамақтану
3.Майды көп жеп қою
Дамуы:
1.Продромальды фазалары болады 1.Кенеттен жылдам кома
2.Есінен бірте-бірте тану 2.Естен толық жылдам талу
Симптомдары:
1.Терінің құрғақтануы, цианоз 1.Терісі бозғылт, тершең
2. Тілі құрғақ болады 2.Тілі ылғалды болады
3. Бұлшықеттер гипотониясы болады 3.Жағы қарысу (тризм)
4.Тырысу болмайды 4.Тырысу болады
5.Көз шарасының тонусы төмен 5.Көз шарасының тонусы қалыпты
6.Кусмауль тынысы 6.Тынысы қалыпты
7.Пульсі жиі, толымы аз 7.Пульсі жиі, кейін бродикардия,
толымы қалыпты
8.Тәбеті төмен, лоқсу, құсу 8.Тәбеті төмен болады
9.Дене қызуы қалыптан төмен болады 9.Дене қызуы қалыпты болады
10.Аузынан ацетон иісі шығады 10.Ацетон иісі жоқ
11.Ацитонурия, глюкозоурия 11.Жоқ
12.Гипергликемия 11,1 жоғары 12.Гипергликемия немесе глюкоза
қалыпты немесе төмен
13.Гиперкетонемия 13.Жоқ
Емі:
1.Тамақтану 5-6 рет және инсулиндік ем 1. 40% - 20-50 мл глюкозаға – 0,1%-
тамақ құрамындағы ккал 1 мл адреналин немесе жасына сай
.оның 50%-ы көмірсу, 30% май, 10% белок гормон. Көктамырға тамшылатып.
Туберкулез ауруының балалардағы ерекшеліктері:
Бұл ауру микобактериялармен қоздырылатын жұқпалы ауру. Туберкулездің алдын-алып, емін айқындайтын, зерттейтін ғылым фтизиатрия.
Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы Роберт Кох ашқын. Соның құрметіне Кох таяқшасы деп аталады. Олар сыртқы ортаға өте төзімді. Әр түрлі қолайсыз жағдайларға тез бейімделеді. Тіпті кепкен кезінде де тіршілігін сақтайды.
Эпидемиологиясы:
1.Ауру көзі – ауру адам және ірі қара мал (ет, сүт).
2. Аурудың таралу жолдары:
Ауа тамшы арқылы
Жатырдағы нәрестеге бала жолдасы арқылы жұғуы
Ішек жолдары арқылы
Асқорыту жолдары арқылы (ет, сүт, қайнамаған су)
3. Сезімталдылық 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.
4.Жылдың барлық мезгілінде кездеседі
5.Иммунитет тұрақсыз. Организм иммунитеті төмендегенде қайталауы мүмкін.
Жіктелуі: Туберкулез 3 негізгі клиникалық топқа бөлінеді:
І. Шашыраңқы түрі:
Þ Туберкулез белгісінің виражы
Þ Балалардың туберкулезбен улануының ерте түрі
Þ Балалардың туберкулезбен улануының созылмалы түрі
ІІ. Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі:
Þ Туберкулездік бронхоодинит
Þ Біріншілік туберкулездік комплекс
ІІІ. Басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі:
Þ Сүйек туберкулезі
Þ Зәр шығару және жыныс мүшелерінің туберкулезі
Þ Туберкулездік менингит және т.б.
Клиникасы: Балалардың туберкулездік улану кезінде оның организміне микобактериялар енгенімен олар бір жерде шоғырланбаған. Ауру көбіне баяу басталады. Баланың жалпы жағдайы жақсы болса да 1-2 күні қызуы жоғары болады. Кейін ұзаққа созылған субфеврильді температура болады, 6-12 айға созылуы мүмкін. Бала қатты шаршағыш терлегіш, шеткі лимфа түйіндері үлкейеді, реңі бозарады немесе терісі, тәбеті төмендейді.
Созылмалы туберкулезді улану: 1 жылдан артық уақытқа созылады. Жоғарыда аталған симптомдар айқын білінеді. Лимфа түйіндері одан әрі үлкейіп, тығыздалып топтасқан болады. Ал баланың физикалық дамуы құрдастарына қарағанда қалыс қалады. Арық, көз асты көгерген, бойы өспейді.
Диагностикасы: 1. Бала шағымы
2. Клиникалық белгілері
3. Манту белгісі
Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 1062 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|