АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 1

1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.

Өсімдіктер Физиологиясы (грек. physіs – табиғат және logos – ілім) – өсімдіктің өсуін, дамуын, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуін молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүше мен мүшеаралық және біртұтас организмдік деңгейде зерттейтін ғылым; ботаника саласы. Бұл ғылымның зерттеу обьектісі өсімдік организмінің әр түрлі ұйымдастыру деңгейіндегі (яғни биоценотикалық, организмдік, мүшелік маманданған ұлпалар, клеткалық субклеткалық, молекулалық, субмолекулалық) процестер. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап және ХХІ ғасырда өсімдік тіршілігіндегі барлық физиологиялық процестерді қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін негізгі ғылым Өсімдіктер Физиологиясы болып табылады. Өсімдік организмінің құрылымдық және функциональдық бірлігі бұл клетка. Клеткада зат алмасу процесі жүреді, тыныс алады, өседі, көбейеді. Сондықтан Өсімдіктер Физиологиясы ғылымындағы зерттеу жұмыстарыклеткадағы тіршілік әрекеттерін зерттеуден бастайды. Сонымен бірге жеке мүшелердегі және тұтас өсімдік организміндегі су алмасу режимі, минералдық қоректену, фотоцинтез, тыныс алу, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің, өсу мен дамуының физиологиялық негіздерін зерттейді. Осы заманғы физиологиялық ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: биохимиялық, биофизикалық, онтогенездік, эволюциялық, салыстырмалы, экологиялық, синтетикалық және кибернетикалық әдістер.

2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.

Фикобилиндер көк жасыл және қызыл теңіз балдырлары мен криптомонадаларда болады. Фикобилин грекше «phicos» балдыр, латынша «bilis» өт деген мағынаны білдіреді. Фикобилиндерге фикоцианин, фикоэритрин, аллофикоцианин жатады. Қызыл балдырларда негізінен фикоэритрин, цианобактерияларда, фикоцианин болады. Фикоэритрин толқын ұзындығы 495-565 нм,ал фикоцианин толқын ұзындығы 550-615 нм сәулелерді сіңіреді. Құрылысы. төрт пиррол сақиналары өзара метилдік (-CH=) және метилендік (-CH-) көпіршелер арқылы ашық тізбек құрайды. Құрамында Mg және басқа металл атомдары және фитол болмайды. Фикобилиндер глобулин белоктардың хромофорлы топтары болып табылады. Олардың хлорофилден айырмашылығы өзара берік ковалентті байланыстармен байланысқан.

3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық. Жыныстық көбею [1] – аналық және аталық жыныс жасушаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтанунәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттарыәр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс жасушалары аналық (жұмыртқа-жасуша) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-жасуша және сперматозоидтар аналық жәнеаталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дарабастары бар түрлерді даражынысты деп атайды. Бірүйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-жасуша және сперматозоид бір дарабаста түзілсе, екіүйлі өсімдіктерде және даражынысты жануарларда олар әр түрлі дарабастарда түзіледі. Партеногенез өсімдіктерде де кеңінен тараған. Соның бір формасы – ұрықтанбаған аналық жыныс жасушасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты жасушадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-жасушаның дамуынан пайда болған партеногенездің екінші бір түрі – андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы – гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық өзгергіштік байқалады.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2878 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)