АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 5

1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары

Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2. Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3. Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4. Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5. Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6. Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану

Топырақтың су күйлері — топырақ ылғалының түсуін, жылжуын, жағдайының өзгеруін және шығындалуын анықтайтын процестердің жиынтығы. Топырақтың су күйлері элементтеріне: сіңу, сорғу, конденсация, қату, булану және т.б. жатады. Топырақ суы жер беті маңында орналасып, топырақтағы қуыстарды толтырады. Әдетте бүл су гигроскоп, жарғақ немесе қылтүтік түрінде болады. Топырақ суының режимі өте тұрақсыз, яғни маусымдык температура ауытқуына тэуелді. Су жаз кезінде топырақ ысыса толық буланып кетеді, қыста қатып қалады, ал жауынды мерзімдерде топырақты мол қанықтырады. Шөлейт алқаптарда топырақ суы жартылай булану нәтижесінде тұздарға канығып, аса минералдыға айналады. Топырақ суы толық буланып, тұздар кристалданған кезде сортаңдар мен сорлар жаралады. Транспирация (транс... және лат. spіro' – дем аламын, дем шығарамын) – өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс.

Су негізінен жапырақ тақталары арқылы буланады. Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды.

Буланудың нәтижесінде жапырақ клеткалардағы су азайып, олардың су потенциалы төмендеп сорғыштық күші жоғарылайды. Конденсация (газдың сұйыққа айналуы; лат. condensatio — тығыздалу, қоюлану) — заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан төмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы ылғалдылық молайып, температура төмендегенде, буға қаныққан ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан төменге карай ығысуынан болады.

Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы түрінде білінеді. Конденсация температураның төмендеуінен немесе қысымының өзгеруінен болады. Булануға қарама-қарсы процесс

3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы

Цитокининдер. Клеткалардың бөлінуін қоздыруға қажетті цитокининдер деп аталатын заттардың ең бірінші ашылуы Ф.Скуг, К.Миллер, т.б. ғалымдардың зерттеулеріне байланысты. Ең алғашқы кезде ДНҚ-ның кез келген үлгісін, тіпті аденозиннің өзін

Өсімдіктерде цитокининдердің синтезделетін негізгі орны- тамырдың ұштық меристемасы екендігі анықталды. Тамырдан олар ксилема арқылы жер үсті мүшелерге тасымалданады.

Цитокининдердің клетканың бөлінуін қоздыру ортада ауксин болғанда ғана байқалады. Цитокинин мен ИСҚ қосындысын қолданғанда өсімдіктің жіктелген клеткалары қайтадан бөлінетін күйге ауысады.
Асқабақтың тұқым жарнақтары мен үрме бұршақ жапырақтарында цитокининдер клеткалардың созылып өсуін жеделдетеді. Бұлтық ұлпасын өсіргенде цитокининнің әсерінен өркендердің қалыптасуы жеделдейді.
Алдын- ала цитокининмен өңделген жапырақты бөліп алса ондағы хлорофильдің ыдырауы, клеткалық құрылымдардың бұзылуы байқалмайды. Жекеленген жапырақтың цитокининмен өңделген бөлігінде таңбалы амин қышқылдар және басқа заттар жиналады. Сонымен, цитокинин жапырақтың қалыпты дамуына және заттарды қабылдау үшін қажет.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1588 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)