АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 6. 1. Корелляция. Корелляцияның маңызы

1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.

Корреляция (көне лат. correlatіo – ара қатынас). Биологияда – организмнің дамуы және тіршілігі кезіндегіклеткаларының, тіндерінің, органдарының және жүйелерінің құрылысы мен атқаратын қызметтерінің бір-біріне сәйкестілігі, үйлесімділігі. Корреляция – организмнің тіршілік жағдайына бейімделуінің нәтижесі. “Корреляция” деген ұғымды француз ғалымы Ж.Кювье (1769 – 1832) ұсынған. Организм органдарының өзара байланысы олардың онтогенезі мен филогенезіндедамиды.Эволюциялық тұрғыдан Корреляция мәселелерін А.Н. Северцов дамытты. Бұл күрделі мәселені терең зерттеген – орыс ғалымы И.И. Шмальгаузен (1884 – 1963). Корреляцияның бірнеше түрі бар. Геномдық Корреляция көптеген тұқым қуалау қасиеттері (плейотропия), сондай-ақ, өзара тығыз байланысты гендер (хромосомалық Корреляция) әсерінен болады.Морфогенетикалық Корреляция – организмнің жеке дамуында ішкі әсерлердің өзара бір-бірімен байланыстылығынан туады. Корреляция онтогенездік дамудың басынан аяғына дейін организмнің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Северцов эволюция процесінде организм органдарының өзгеруін жеке құбылыс деп санаған;

2. Транспирация туралы түсінік.

Транспирация (транс... және лат. spіro' – дем аламын, дем шығарамын) – өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс.

Су негізінен жапырақ тақталары арқылы буланады. Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді. Керісінше, атмосфера ылғалдылығы жоғары, температура төмен жағдайда Транспирация қарқыны азаяды. Бірақ тамыр қысымы мен судың бөлінуі нәтижесінде жапырақ ұшында тамшылар пайда болады. Оны гуттация деп атайды. Бұл құбылысты таңертең және кешке ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда байқауға болады.

Өсімдіктегі судың булануы екі жолмен:

1. тыныс саңылауы (тыныс саңылаулық Транспирация)

2. кутикула (кутикулалық Транспирация) арқылы жүзеге асады.

Тыныс саңылаулық Транспирация ашық жағдайда су булануымен қатар көмір қышқыл газы сіңіріліп, фотосинтез процесі де тиімді жүреді. Оттектің бөлінуіне қолайлы жағдай туады. Бұл кезде кутикулалық Транспирацияның үлес салмағы төмен болады да, керісінше, тыныс саңылаулары жабық жағдайда оның шамасы арта түседі. Мұндай жағдай Транспирация мен фотосинтез процесінің арасында байланыс бар екенін көрсетеді. Транспирация барысында өсімдікте мүшеаралық байланыс қамтамасыз етіледі, заттардың тасымалы жүзеге асып, жалпы организмдегі температура белгілі деңгейде реттеледі. Транспирация қарқыны тәулік мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Көптеген өсімдіктерде Транспирация қарқыны түске дейін артып, шаңқай түс кезінде төмендейді де, кешке қарай қайтадан жоғарылайды. Бұл өсімдіктердің суды тиімді пайдалануы және құрғақшылыққа төтеп беру, яғни қолайсыз ортаға бейімделуі болып табылады.Транспирация процесін сипаттайтын және оның тіршіліктегі физиологиялық маңызын анықтайтын көрсеткіштерге:

· Транспирация қарқындылығы,

· Транспирация өнімділігі,

· Транспирациялық коэффициент жатады.


Жапырақ тақтасының белгілі ауданынан, белгілі бір уақыт ішінде буланған судың мөлшерін Транспирация қарқындылығы деп атайды. Оны 1 м немесе 1 дм жапырақтан 1 сағатта буланған судың мөлшерімен белгілейді. Транспирация өнімділігі – 1 кг су буланғанда түзілетін құрғақ заттың мөлшері. Транспирация коэффициенті – түзілген құрғақ заттың белгілі мөлшеріне жұмсалған су мөлшері. Транспирация процесінің маңызы зор. Транспирацияның нәтижесінде адам мен жануарларға жайлы микроклимат қалыптасады.

3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық. Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық. Жыныстық көбею [1] – аналық және аталық жыныс жасушаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтанунәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттарыәр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс жасушалары аналық (жұмыртқа-жасуша) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-жасуша және сперматозоидтар аналық жәнеаталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дарабастары бар түрлерді даражынысты деп атайды. Бірүйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-жасуша және сперматозоид бір дарабаста түзілсе, екіүйлі өсімдіктерде және даражынысты жануарларда олар әр түрлі дарабастарда түзіледі. Партеногенез өсімдіктерде де кеңінен тараған. Соның бір формасы – ұрықтанбаған аналық жыныс жасушасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты жасушадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-жасушаның дамуынан пайда болған партеногенездің екінші бір түрі – андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы – гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық өзгергіштік байқалады.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1468 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)