АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 4

1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?

Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қа-бықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты. Органеллалар (органеллы); (organellae, гр. organon — құрал, мүше, ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар: жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі. Өз кезеңінде жалпы органеллалар: жарғақты (мембраналы) және жарғақсыз органеллалар болып екі топқа бөлінді. Жарғақты органеллаларға: митохондриялар, гранулалы эндоплазмалық тор, агранулалы (тегіс) эндоплазмалық тор, пластинкалық кешен (Гольджи кешені), лизосомалар, ал жарғақсыз органеллаларға: бос рибосомалар, полисомалар, центросома (центриольдер), микротүтікшелер, кірпікшелер, талшықтар жәнемикрофиламенттер жатады. Арнайы органеллалар тек кейбір жасушаларда ғана болады. Оларға миофибриллалар (ет жасушаларында, ет талшықтарында — миосимпласттарда), тонофибриллалар (эпителиоциттерде), нейрофибриллалар (нейроциттерде), кірпікшелер, талшықтар жатады.

2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.

Осмостық жүйе ерітінді диффузиясыкезіндегі ерітілген заттың жартылай өтімдімембрана арқылы тудыратын асқын қысымы. Яғни, жартылай өткізгіш мембрана арқылы еріткіштің өтіп, еріген заттың өтпей қалуы. Сонымен қатар екі жақты бөлікте өзгереді. Осмостық қысым өсімдіктің сабағының өсімінде қоректенетін шырыныда маңызды рөл атқарады және басқа да организмдердің жасушаларындағы процестерде болады. Плазмолиз - цитоплазманың қабырғаға жақын қабатының өсімдік жасушасының қатты қабықшасынан бөлінуі. Плазмолиз тургорға кері құбылыс. Жасуша сөліне қарағанда гипертоникалық болып табылатын ерітіндінің әсерсерінен протопласттың сығылуы нәтижесінде тек тірі жасушалар ғана болады. Ұзақ плазмолиз жасушаның өлуіне әсеркеледі. Деплазмолиз плазмолизге қарсы процесс, яғни плазмолизденген протоплазманың суды сіңіріп, ісінуі нәтижесінде қайта қалпына келуі. Деплазмолиз клетканы немесе ұлпаны гипергонотикалық ерітіндіден гипотоникалық ерітіндіге ауыстырғанда жүзеге асады.

3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы

Жапония ғалымы Е.Куросава 1926 жылы Gibberella fujikuroi саңырауқұлағында пайда болатын, күріштің жас өскіндеріне әсер ететін қосындыларды ашты. Екінші жапон ғалымы Т.Ябута осы гиббереллинді бөліп алды. Аз мөлшермен гиббереллинмен өңделген өсімдіктің сабағы өте ұзарады. Гиббереллин жеке немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады. Көптегенжылдар бойы алманың тұқымсыз жемістерін алу мақсатындағы әрекеттер ешқандай нәтиже бермеді. Ал гиббереллинді қолдану арқылы бұл мақсат орындалды деуге болады. Гиббереллин қышқылы ИСҚ әрекеттесуінен ферменттердің өсімдік бойымен тасымалдануы жылдамдайды.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 3058 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)