АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет№11

1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.

Пластидтер-қос мембранамен қапталған дөңгелек және сопақша органоидтар.Ішкі мембраналар ішке қарай көмкеріліп мембраналар жүйесін құрайды.пластидтер түссіз(пропластидтер,лейкопластидтер,этиопластидтер)және түсті(хлоропластар,хромопластар)болып екіге бөлінеді.мерисметикалық клеткаларда протопластидтер болады.олардың ішкі мембраналары аз көмкерілген.осы құрылыс жетілген клеткаларда сақталса оларды лейкоплсатар деп атайды.жасыл өсімдіктерді қараңғыда өсіргенде этиопластар хлоропластарға айналады.бұл жағдайда ішкі мембраналық жүйе күрделі құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.хлоропластар сопақша денешіктер ұзындығы-5-10мкм диаметрі2-3мкм.жапырақтың бір клеткасында 15-20немесе оданда көп хлоропластар бар.

2.Жеке элементтің(Фосфор,магний,калий)өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық маңызы.

Фосфор-топырақта аз болуы өсімдіктердің әдепкі өсу кезіндегі сабақ пен жапырақтың яғни жер бетіндегі мүшелерінің биомассасын,әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді.фосфордың топырақтағы қоры онша емес.P2O3 пен есептегенде бір гектарға2-4,4тонна аралығында.Калий-өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмір су белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.механикалық ұлпалардың синтезделіп құралуын қамтамасыз етіп,гриб ауруларына төзімділігін күшейтеді.клеткаға оңай сіңеді де,оның осмотикалық қысымы мен тургорлық жағдайына әсер етеді.Магний-кең тараған элементтердің бірі,маңызды биогенді элемент жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларында өте көп кезӨдеседі.өсімдіктердің тіршілігінде маңызы өте зор.

3.Өсімдіктің негізгі даму сатылары және олардың қысқаша анықтамалары.

Өсімдіктің дамуы-деген ұғым физиологиялық морфологтялық биохимиялық өзгерістерді бейнелейді.өсімдіктердің дамуының сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше:

1.Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы,

2.Жастық-балауса ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің қалыптасуы,

3.Жетілу,толығу-гүл бастамаларының пайда болу кобею мүшелерінің қалыптасуы,

4.Көбею-тұқымдарының жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы,

5.Қартаю-ыдырау процестерінің және активсіз құрылымдарының басымдануы.

Билет№12.

1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.

Митохондриялар-формасы негізінен сопақша ұзындығы1-7мкм,диаметрі 0,4=0,5мкм,клеткадағы митохондрия саны 500-1000ға дейін болады.Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді.Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырадм. Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасыиа шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты оран орналасады. Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқара п.ш қызметіне байланысты болады.

Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) — фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Клеткада хлоропласт бөліну арқылы көбейеді, бірақ оның жасуша ядросының бөлінуімен сәйкес келуі шарт емес. Хлоропластты цианобактериялардың ежелгі ядролы гетеротрофты балдырлармен немесе қарапайымдармен симбиогенез нәтижесінде пайда болған деп жорамалдайды.[1]2

2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.

Клетканың созылып өсу кезеңінде оның көлемі ұлғайып, вакуольдер толық қалыптасады. Алғашында клеткада көптеген көпіршіктер күйіндегі майда вакуольшелер өзара тұтасып, үлкен көлемді бір вакуольге айналады. Вакуольге біраз мөлшерде судың жиналуына байланысты клетка қабығы керіліп, көлемі ұлғаяды. Мұндай клеткалардың көлемдері алғашқы меристемалық клеткаларға қарағанда бірнеше жүз есе ұлғаяды. Клеткалардың жіктелуі — онтогенездің ұрыққа дейінгі жыныс жасушаларында, ұрықтық және ұлпалық даму кезеңдерінде жүреді. Зат алмасу, құрылысы мен қызметі жағынан тек өздеріне тән ерекшеліктері болатын жасушалар, жіктелу барысында белгілі бір ұлпаға тән қасиеттерге ие болады. Бұдан соң, маманданған жасушалар басқа ұлпа жасушаларына айналу қабілеттілігін жоғалтады. Жетілген және маманданған жасушалар, сол ұлпалардың тіршілік жағдайына бейімделу (адаптация)сатысынан өтіп, туыстас жасушалар топтары (популяциялары) бірігіп (интеграцияланып), күрделі құрылымдық жүйелер (ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) түзіледі.[1]

3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.

Тыныс алудың алғашқы сатысы қант заты гексозаның пирожүзiм қышқылына айналудан басталады - бұны бiз гликолиз деп атаймыз. Тыныс алудың асы алғашқы гликолиздiк сатысы анаэробты 02-iнiң қатынасынсыз жағдайда өтетiн қант затының фосфорлануларынан тұратын бiрнеше тiзбектi биохимиялық реакция болып табылады.

Қант заты глюкоза гексокиназа ферменгi мен АТФ қатынасында глюкоза-6-фосфатқа айналады, ал бұл кезде АТФ-АДФ-қа көшедi.

Аденозинтрифосфорлы қышқыл молекуласында үш фосфор қышқылының қалдығы болып, оның екеуi моноэргиялық байланыспен жалғасады. Бұл байланыстар тыныс алу кезiндегi босаған қуаттардың жинақталу нетижесiнде түзiледi. Белгiлi ферментгер /киназ/-дың әсерiнен бұл макроэргиялық байланысы бар фосфор қышқылының қалдығы бiр органикалық заттан бөлiнiп алынып екiншi органикалық затпен байланыстырылады. Мұндай қуат қоры көп байланыстар клетканың бiр жерiнен екiншi жерiне баруында қуат қорның клеткада бiркелкi таралуында ең тиiмдi жеңiл көшу мүмкiншiлiгiн тудырады.

Глюкоза молекуласына АТФ -дан макроэргиялық байланысы бар фосфор қышқылы қалдығымен қосуы нәтижесiнде глюкоза молекуласы активтi түрге көшедi. Фосфорлану нәтижесiнде активтелген қант молекулалары оңай, одан әрi қарай айналысқа ұшырай алады. Мiне, сондықтанда глюкоза-6-фосфат жеңiл ғана глюкоза-1-фосфатқа көше алады. Бiрақ реакция өсiмдiк организмiндегi фосфогексоизомераза ферментiнiң қатысында өтедi.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2450 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)