АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет№28

1. Фотосинтездің С4-жолы мен ЖОҚМ жолдарының өзара ұқсастығы мен айырмашылығы.

Фотосинтездің С4 – жолы. 3ФГК- 3фосфоглицерат; 2ФГ – 2фосфоглицерат; ФЭП- фосфоэнолпируват.

Бұл үлгі бойынша 1-інші кезеңде С3 жолында түзілген 3ФГК (3-фосфоглицерин қышқылы) фосфоэнолпируват қышқылына – (ФЭПК) айналады. ФЭПК С4- жолында СО2 –ні қабылдайтын негізгі акцептор. Осы реакцияның нәтижесінде 2-інші кезеңде ФЭПК-лы СО2-ні қосып алып оксалацетат қышқылына айналады. Бұл реакцияны ктализдейтін фермент фосфоэнолпируват – карбоксилаза. Аталған реакциялар жапырақтың мезофилл жасушаларында өтеді. Сырттан келген СО2 осында ФЭПК-ға қосылып қорға жиналып оксалацетат құрамына кіреді. Кальвин циклінде СО2-ні реакция шеңберіне қосатын фермент-рибулозобисфосфат-карбоксилаза. Мезофилл жасушаларында бұл ферменттің активтілігі фосфоэнолпируват – карбоксилаза ферментіне қарағанда төмендеу. Сондықтан сырттан келген СО2 мезофилл жасушаларында алдымен ФЭП-ға қосылып оксалацетат түзіледі. Оксалацетаты қазақша қымыздықты – сірке қышқылы деп атаған жөн. Латынша “ оксалат” – қымыздықты, “ацетат” – сірке қышқылдары.

Оксалацетат келесі 3-ші реакцияда NADPH + H+ есебінен тотықсызданып малатқа айналады. Бұл реакция NADP - малат дегидрогеназа ферментімен орындалыды. Малат –алма қышқылы. Латынша алма – Malus domestica, сондықтан алма қышқылының аты халақаралық тұрғыдан алғанда “малат” деп атауы дұрыс болады.

2. 2. Өсімдіктер физиологиясының даму тарихы. Өсiмдiктер физиологиясы ботаниканың, яғни өсiмдiктер туралы ғылының негiзгi күрделi саласы.

Өсiмдiктiң тек қана бiр жақты емес жан-жақты; олардың сыртқы, iшкi құрылысын, пайда болуын, тiршiлiк ететiн жағдайын және т.б. құбылыстарын зерттеу қажет.

Өсiмдiктер физиологиясы — өсiмдiктердiң тiршiлiгiн, дамуын, зат алмасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым.

Өсiмдiктер физиологиясы өсiмдiктер организмiндегi тiршiлiк құбылыстарын, тiршiлiк процестерiнiң барысын, дамуын зерттейтiн ғылым болғандықтан, организмде жүретiн тiршiлiк құбылыстарын нақты түсiну үшiн, тiрi және өлi заттардың арасындағы принциптiк айырмашылықты ажырата бiлген жөн.

Организмдердiң негiзгi қасиетi қоршаған ортамен ерқашанда зат алмасу болатын. Организм заттарды әрдайым қабылдап, оларды өзiндiк заттарға айландырып /ассимиляция/, қайтадан өзгертiп, қалдығын сыртқа шығарып /диссимиляция/ отырады. Ассимиляция мен диссимиляция организмдегi бiртұтас зат алмасу процесіндегі екі көрiнiсi: ассимиляция болмаса диссимиляцияның болуы, ал диссимиляция болмаса, ассимиляцияның болуы мүмкiн емес.

3. Өсу ингибиторларының сипаттамасы. Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктер шығаратын және өте-мөте аз мөлшерде әрекет ететін эндогенді органикалық заттектер. Фитогормондар арнаулы өсу процестеріне себеп болады, бұл процестер өсімдіктердің белсенді өсуге, генерациялық дамуға өтуінде, тропизмдерде, регенерацияда, тыныштық күйінде және т.б. үлкен рөл атқарады. Фитогормондарға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер (стимуляторлар ретінде әрекет ететін), ал кейде абсциз қышқылы мен этиленнің ингибиторлары да жатады. Көптеген фитогормондарды синтездік амалмен алады да, ауыл шаруашылығында өсуді жеделдеткіштер ретінде кеңінен қолданылады.

Билет№29

1. Өсімдіктің оқшауланған клеткасы биотехнологиясының маңызы. Өсімдіктер әлемі адам өмірінде аса маңызды орын алады.
Оқшауланып алынған өсімдік клеткалары мен ұлпалары культурасының биотехнологияды
Ең біріншісі – өсімдік клетка культураларының медицина, парфюмерия,
Екінші бағыт – оқщауланып алынған өсімдік клеткалары мен
Үшінші бағыт – өсімдік клетка культураларын өсімдік селекциясында
ХХІ ғасыр трансгенді өсімдіктер ғасыры болатыны күмәнсіз. Себебі
Оқшауланып алынған тозаңдар мен тозаңқаптарды жасанды қоректік орталарда
Өндірістік деңгейде оқшауланған өсімдік клетка культуралары мен ұлпаларды
Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) құнды көзі ретінде каллус
Қатты фазада культивирлеу
Каллусты клеткаларды жоғары сатыдағы әр түрлі өсімдіктердің ұлпаларынан
Қоректік ортада каллусты клеткалардың дамуын қамтамасыз ету үшін,
Ал, 4-6 апта аралығында алғашқы каллус пайда болады.

2.. Өсімдіктің жеке даму кезеңдері.

Өсімдіктің дамуы деген ұғым физиологиялық және морфологиялык биохимиялық өзгерістерді бейнелеиді.өсімдіктің жеке дамуының мүшелерінің яңни тұқымның өнуі өркеннің қалыптасуы жапырақтың сабақтың тамырдың өсіп дамуы.сонымен бірінен соң бірі жүзеге асатын физиологиялық биохимиялық және морфологиялық өзгерістер өсімдіктің өсуі мен дамуының жалпы бір тұтас процесі болып табылады.1.эмбриондық-зиготаның қалыптасуы,2.жастық-балауса ұрықтың өсуі мен неізгі өсу мүшелерінің қалыптасуы.3.жетілу толығу-гүл бастамаларының паида болуы,4.көбею-тұқымдардың жемістердің көбеюі,5.қартаю.

3. Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі. Өсімдіктің зиянкестерге төзімділігі дегеніміз – оның жәндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті.

Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты:

1. Анатомиялық – морфологиялық ерекшеліктері. 2. Өсіп-жетілу ерекшелігі. 3. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкідігі. 4. Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі. Жатып қалуға төзімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатумен қатар, көптеген шығынға ұшыратады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылыды. Дәнді – дақылдардың жатып қалуын екіге бөледі: 1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы; 2. Тамыр түбінен жатып қалуы;

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1891 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)