АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 7

1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі

Эндоплазмалық тор ( эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.[1] Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық торжасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.[2]

Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің желіндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар(түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.

2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.

Өсімдіктер денесі негізінен 70-80% судан тұрады. Организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан түрлі. Су ең жақсы күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байланысты биохимиялық реакциялар жүретін негізгі орта. Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет. Судың молекулалық құрылысының ерекшелігі оның өте жоғары диэлектрлік өткізгіштігі. Катионның электрлік өрісіндегі судың барлық жақын молекулалары теріс полюстерімен ішке қарай бағытталады, ал аниондар айналасындағы судың молекулалары ішке қарай оң полюстермен бағытталады. Осы ішкі ионмен тығыз байланысқан су молекулаларының қабатын бірінші немесе жақын гидратация деп атайды. Бұл қабаттың сыртында қашықтау орналасқан молекулалар қабатын екінші немесе қашық гидратация деп атайды. Клеткадағы су осмос және биокаллоидтардың бөріту күшімен ұсталып тұрады. Цитоплазмадағы қанттар, тұздар, липидтер және басқа да қосындылар судың күйіне әсері үлкен.

3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары

Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрылыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара-қатынасы, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес алуан түрлі болып келетіндігі белгілі.
Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде көптеген ерекшеліктер байқалады.
Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты. Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер тараған.Белгілі географиялық аймақтың бөлшектерінде өсімдіктің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын, көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп өседі.

Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгеруіне байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер қалыптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық- шөлейт аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар, олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни, зат алмасушылық процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан.
Сонымен өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар, түрлер, өкілдер пайда болады.

Ортаның қолайсыз жағдайларында өсімдіктердің төзімділігі негігінен екі бағытта қалыптасады.: ортаның қолайсыз(күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен, немесе ішінара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып, тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша ырықты төтеп береді.
Темперетуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер-ыстыққа, салқындыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді.

Сумен қамтамасыздыққа байланысты қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты қысқа төзімді, төзімсіз болып, топырақтағы тұздардың мөлшеріне байланысты тұздануға төзімді, төзімсіз болып бөлінеді.
Түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індет ауруларға төзімді төзімсіз, газдар әсеріне төзімді, төзімсіз өсімдіктер топтары болып ерекшеленеді.
Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігі. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.
Өсімдік организіміне жоғары температураның (ыстықтың) әсерін зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың 70-жылдарынан –ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51 С ыстыққа 10минуттен артық төтеп бере алмайды., бірақ +49+50 С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады. Өсімдіктердің салқындыққа (төмен+температураға) төзімділігі.
Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды (+) температураның (1 ден 100С-қа дейінгі

аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды. Олар арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады. Мысалы, егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама күшейтеді. Тұздануға төзімді өсімдіктер тұздардың концентрациясы өте жоғары болған жағдайда өздерінің тіршілік циклін ең төмен деңгейде толық жүзеге асыра алады. Осындай өсімдіктерде су және органикалық заттардың жиналу қарқындылығы өте төмен болады. Өсімдіктердің бойы тым аласа, түсімі өте төмен, сондықтан ауыл шаруашылығы үшін пайдасы шамалы.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2211 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)