АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тапсырма

Прочитайте:
  1. кардиология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Тапсырма
  4. Тапсырма
  5. Тапсырма
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма
  9. тапсырма

Тапсырма

Дұрыс бір жауабын таңдаңыз.

1. Бронхиттің негізгі себептері:

а) иммундық жүйенің бұзылысы;

б) инфекция;

в) стресс;

г) физикалық күштеме.

2. Бронхит дамуына әрекет етеді:

а) суықтау;

б) диетаны бұзу;

в) ыстықтау;

г) жұқпалы ауруы бар науқастармен қатынас.

3. Жедел бронхиттің орташа ұзақтығы:

а) 1-2 апта;

б) 2-3 апта;

в) 3-4 апта;

г) 4-5 апта.

4. Бронхит белгілері:

а) бас ауруы, әлсіздік;

б) кеуде клеткасының ауырсынуы, ентігу;

в) жөтел, ентігу;

г) қан аралас қақырық, тұншығу.

5. Созылмалы бронхиттің жиі асқынулары:

а) өкпеден қан кету;

б) бронхтық демікпе (БД);

в) жүрек ақаулары;

г) гипертониялық криз.

6. Бронхитті емдеу үшін қолданады:

а) стероидтты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚЗ);

б) миотропты спазмолитиктер;

в) диуретиктер;

г) қақырық түсіргіщтер.

7. Созылмалы бронхит кезінде бронхообструкциялық синдромға тән емес:

а) булықтыратын жөтел;

б) дем шығарғанда құрғақ ысқырықты сырылдар;

в) ентігу;

г) қақырықтың қиындықпен шығуы;

д) қақырықта Куршман спиральдары.

8. Созымалы бронхитті антибиотиктермен емдейміз:

а) күз – қыс кезінде;

б) ұзақ;

в) антибиотиктерді мүлдем қолдануға болмайды;

г) іріңді қақырық бөліне бастағанда;

д) қан қақыру пайда болғанда.

тапсырма

ӨСОА түрін (2 сурет. а және б) анықтаңыз және оны суреттеңіз.

Сурет.

 

Ситуациялық есептер

Есеп

Кешкісін сізге көршіңіз құрғақ надсадный жөтел, төс артының саднения сезіміне, бас ауруы мазалауына шағымданып келді.

Объективті: дене температурасы 37,0 С. Өкпені тыңдағанда қатқыл тыныс, екі жағынан да дөрекі құрғақ сырылдар естіледі (3 сурет).

3 сурет

1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

2. Аурудың негізгі себептері?

3. Сіздің науқасқа берер кеңесіңіз?

Есеп

Сізге науқас әлсіздікке, тершеңдікке, құрғақ жөтелге, кешкі уақытта азғана қалтырауға шағымданып келді. Объективті тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Тері жамылғысының түсі қалыпты, ылғалды, көгерулер жоқ. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда – өкпелік дыбыс. Өкпені тыңдағанда – қатқыл тыныс, көп мөлшерде әртүрлі интенсивті және тонды құрғақ сырылдар, ТАЖ минутына 18.

Өкпенің рентгенологиялық көрінісінде патологиялық өзгеріс жоқ. Клиникалық қан анализінде патология байқалмайды.

1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

2. Науқастың күтуді және емдеу жоспарын құрыңыз.

 

Есеп

Ер кісі 28 жаста бір ай аралығында аз мөлшерде қақырық аралас жөтелге, температураның 37,2 – 37,5 С жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, мазасыздануға шағымданып келді.

1. Науқасқа диагноз қою үшін қандай тексеру әдісі тиімді болып табылады?

2. Емдеу ерекшеліктері.

Есеп

Науқас 18 жаста, темекі тартады, 4 күн бұрын суықтап жедел ауырған. Кілегей қақырық аралас жөтелге, дене температурасының 38 С дейін жоғарылауына, кеуденің қысылуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады.

Объективті: тері жамылғылары бозарған, аңқасы қызарған, өкпені перкуссиялағанда анық өкпелік дыбыс, тыңдағанда қатқыл дыбыс әсерінен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары ырғақты, тахикардия минутына 100-ге дейін, АҚ 110/70 мм.сын.бағ.

1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

2. Науқас қандай күтімді және емді қажет етеді?

3. Сіздің науқасқа берер ұсыныстарыңыз.

 

Есеп

Сіз фельдшер – акушерлік пунктте қызмет атқарасыз, сізге жиі 60 жастағы науқас жөтел сарғылт түсті қақырықпен бірге шығуына, физикалық күштемеде ентігуге шағымданады. Науқасты жөтел 20 жылдан бері мазалайды. Жағдайының нашарлауы суық уақыттарда басталады, ал 3-4 жыл бұрын ентігу пайда болған. Соңғы апталарда жағдайы нашарлаған. Науқас көп шылым тартады.

Объективті: еріндерінде көгерулер байқалады. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, қабырғалары тегістелген. Тыныс жылдамдығының амплитудасы азғана, ТАЖ минутына 26 рет. Перкуссияда қорап тәрізді дыбыс. Тыңдағанда қатқыл дыбыс әсерінен әлсіреген тыныспен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі.

1. Науқастың жағдайы немен байланысты?

2. Анамнезінен ауру дамуына әрекет еткен факторларды атаңыз (4 сурет).

4 сурет

3. Осы ауруда қандай асқынулары пайда болуы мүмкін?

4. Науқасқа өршудің алдын алу үшін қандай кеңестер бересіз?

 

Есеп

Науқас З., 48 жаста,әрдайым ентігуге, аз көлемді физикалық күштеме түскенде күшеюіне шағымданады. 25 жылдан бері күніне 1,5 -2 қорап темекі тартады. Бастапқыда жөтелмен бірге аз мөлшерде ашық –сұрғылт түсті қақырық бөлінуі(кейде жасыл) мазалаған. Ентігу 5 жыл бұрын басталған. Соңғы айда жедел респираторлы аурумен ауырғаннан кейін ентігу күшейген, қақырық көбейген, түсі сары –жасыл болады.

Объективті: кеуде клеткасы көлденеңнен кеңейген, кеуде клеткасын перкуссиялағанда –өкпелік дыбыс қорап тәрізді болады. Өкпені тыңдағанда қатқыл тыныс, өкпенің барлық аймақтарынан төментембрлі шашыранды құрғақ сырылдар естіледі.

Жалпы қақырық анализі: лейкоцит – 150 көру алаңында, жайпақ эпителий – көп.

 

1. Болжамды диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.

2. Аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға және диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?

3. Жалпы қақырық анализін жинау тәртібін айтыңыз (5 сурет).

5 сурет

4. Сыртқы тыныс қызметінің (СТҚ)обструкциялық бұзылыс түріне тән сипаттама?

5. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

6. Науқасты қалталық ингаляторды дұрыс пайдалануды үйретіңіз.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

v Тақырып бойынша ситуациялық есептерді құрастыру.

v Аурудың графологиялық құрылымын құрастыру.

v «Мейірбикелі ісі негізі» курсынан бұлшық етке және көк тамыр ішіне инъекция жасау техникасын, арнайы ингаляторды пайдалану тәртібін, әртүрлі зерттеулер түріне қарай қақырықты жинау тәртібі.

v Науқастарға арналған ескертпелер «Бронхит кезіндегі фитотерапия» құрастыру.

v Сағат көлемі:2

1.2. Бронхтық демікпе

 

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

· бронхтық демікпе (БД) анықтамасын;

· этилогиясын, аллергендер түрлерін;

v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

· БД жіктемесін;

· БД клиникалық белгілерін;

· асматикалық жағдайдың клиникасын;

· БД анықтауда қазіргі заман талабына сай принциптерін;

· тұншығу ұстамасында көрсетілетін көмек алгоритмін;

· БД қазіргі заман талабына сай сатылы емдеу әдісін;

· БД дәрілік заттардың негізгі топтарын;

· БД алдын алуын;

· астматикалық мектептің ролін;

· фельдшер БД ұстамасында және астматикалық статуста ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін көмекті;

· БД науқастарды диспансерлік бақылау;

Студент істей білу керек:

· науқасты сұрастыру жүргізуді және объективті тексеруді;

· БД тән белгілерді табу;

· қосымша тексеру мәліметтерін талдау;

· болжам диагнозды негіздеу;

· ажыратпалы диагностика жүргізу;

· тұншығу ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету;

· науқасты дұрыс тасымалдау;

· науқасты қалталық ингаляторды, пикфлоуметрияны, спейсерді, небулайзерді пайдалануды үйрету (6 сурет);

6 сурет

 

· ылғалданған оттегі беру;

· барлық зерттеулер түріне қақырықты жинау;

· дәрілік заттарды көк тамыр ішіне жылдам және тамшылатып енгізу;

· дәрілік заттарға рецепт жазып беру;

· медициналық құжатты толтыру;

 

Бақылау сұрақтары

1. БД ауруының негізі неде?

2. БД патогенездік сатысын атаңыз. Бронхтарда қандай морфологиялық өзгерістер болады және неге? Қалыпты бронхиоланы және БД кезіндегі өзгерісін анықтаңыз (7 сурет).

7 сурет 8 сурет

3. Тригер дегеніміз не және оларға жататында (8 сурет)?

4. БД ұстамасының клиникалық белгілерін атаңыз?

5. БД ауырлық дәрежесіне байланысты асқынуларының жіктемесі?

6. Астматикалық статус дегеніміз не, оның қандай сатылары бар?

7. БД сатыларына байланысты емдеу принциптері қандай?

8. Астматикалық статуста ауруханаға дейін негізгі шүғыл көмек көрсету принциптерін атаңыз.


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 3729 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)