Тапсырма. Сұрақтарға сәйкес (1-10), дұрыс жауаптарын табыңыз (А-К)
Сұрақтарға сәйкес (1-10), дұрыс жауаптарын табыңыз (А-К).
1. Миокардит дегеніміз не?
2. Миокардиттің негізгі себептері.
3. Ағымы бойынша миокардиттің жіктемесі.
4. Миокардитпен ауыратын науқастың негізгі шағымдары.
5. Перикардит дегеніміз не?
6. Көбіне перикардит түріне қатысты клиникасындағы маңыздылық?
7. Экссудативті перикардит кезінде жүректің қатерлі тампонадасы дегеніміз не?
8. Эндокардит дегеніміз не?
9. Бактериалды эндокардиттің негізгі клиникалық симптомдары.
10. Эндокардитті емдеу мақсаты.
А. Қабырғалық эндокард немесе жүрек қақпақтарында септикалық ошақ болуынан дамитын жұқпалы ауру.
Б. Жедел қатерсіз (арнайы емес); инфекциялық перикардит (серозды және іріңді) өкпе және плевра ауруларында (пневмония, ӨСОА, плевра эмпиемасы және т.б.); туберкулез кезіндегі перикардит, ревматизм және дәнекер тіннің жүйелі ауруларында; ісікте, сепсисте, уремияда.
В. Жоғары дозалы антибактериалды терапия, иммунореактивтілікті жоғарылату үшін қолданылатын дәрілер, глюкокортикоидттар.
Г. Инфекциялық және инфекциялық емес агенттер шақырылуынан миокардттың диффузды және ошақты зақымдалуы.
Д. Перикардттің париетальды немесе висцеральды жапырақшаларының инфекциялық және инфекциялық емес қабынуы.
Е. Жедел, жеделдеу және созылмалы.
Ж. Әлсіздік, шаршағыштық, тершеңдік, субфебрильді температура. Жүрек соғуы, физикалық күштемеден кейінгі ентігу, жүрек аймағының сыздап ауырсынуы немесе жайсыздық, жүрек соғуы – ырғақ және өткізгіштігінің бұзылуына байланысты шағымдар, жүрек жұмысының артуы, «қатып қалу», «тоқтау» сезімдері.
З. Вирустар, токсикалық заттардың әрекеті, дәрілік препараттар, аллергиялық реакция, сәуленудің әсері.
И. Эндокардитке тән эмболия. Жүректің оң және сол бөліктерінің зақымдалуына байланысты эмболдар үлкен және кіші қан айналым шеңберіне түседі. Үлкен қан айналым шеңберіндегі эмболдар жиі миды, көк бауырды, бүйректі, АІЖ, жүректі және аяқ қолдарды зақымдап, сәйкес ағзалардың инфарктын немесе аяқ қолдарда жедел ишемия шақырады. Жүректің оң жақ бөлігінде эндокардит орналасуынан өкпе инфаркты пайда болады.
К. Перикард қуысында сұйықтық жиналуы жүрек қарыншаларында қан жиналуына кедергі келтіреді. Клиникалық көріністер жүрек лақтыруының төмендеуімен және венозды жүйеде қан ұюымен байланысты болады.
Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 890 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
|