АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тапсырма. Ауруханадан тыс (А) және ауруханаішілік(Б) пневмонияға қатысты белгілерді бөліңіз:

Прочитайте:
  1. кардиология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Тапсырма
  4. Тапсырма
  5. Тапсырма
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма
  9. Тапсырма
  10. тапсырма

Ауруханадан тыс (А) және ауруханаішілік(Б) пневмонияға қатысты белгілерді бөліңіз:

1. Жиі эпидемия уақытында дамиды.

2. Стационарға түскеннен кейін екі тәулік және одан да көп уақыттан кейін дамиды.

3. Ауыр ағым, асқынуының тез дамуы, жоғары өлім көрсеткіші тән.

4. Қоздырғышы жиі пневмококк болып табылады.

5. Грамм теріс бактериялардың жиі қоздырғышы болып табылады: көк ірің таяқшалары, клебсиелла, ішек таяқшалары, протей, стафилакокк.

6. Дамытатын қауіпті факторы:реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде болуы, септикалық жағдай, операциядан кейінгі уақыт, жасанды өкпе вентиляциясы, бронхоскопия және тағы басқалары.

7. Дамытатын қауіпті факторы: жасы, темекі тарту, өкпенің созылмалы аурулары, иммунтапшылықты жағдай, суықтау, құстармен, кеміргіштермен қатынас, саяхаттау және тағы басқа.

8. Клиникалық белгілері:қақырық аралас жөтел, ентігу, зақымдалған аймағында дем алғанда ауырсыну сезімі, қалтырау, тершеңдік, өкпенің бөліктік тығыздалу синдромының объективті белгілері.

Ситуациялық есептер

Есеп

Науқас 40 жаста реанимация бөлімшесінде жатқан ауыр операциядан кейін, үшінші тәулікте дене температурасы 39 С дейін көтерілді, сары түсті қақырық аралас жөтел пайда болды. ТАЖ минутына 26 рет. Өкпесінде дыбыс перкуторлы – оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде тұйықталған өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда – әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. Тамыр соғысы минутына 90 рет, ырғақты, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Іш аймағын пальпациялағанда құрсақты тітіркендіру белгілері жоқ.

Кеуде клеткасының кең ауқымды рентгенограммасында –оң жақ өкпенің 6-8 сегментте біртекті емес ошақты инфильтрация байқалады.

1. Болжамды диагнозды құрастырыңыз және негіздеңіз.

2. Болжамды инфекция қоздырғышы.

3. Осы патологияда науқасты тексерудің диагностикалық әдісін атаңыз? Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№1 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 20.01.08 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова Каверин, 40 жас.

Көрсеткіштер СИ мөлшер бірліктері
Гемоглобин Е Ә 105 г/л 130,0- 160,0 120,0-140,0 г/л
Эритроциттер Е Ә 3,4 х 10 12/л 4,0-5,0 3,9-4,7 Х 10 12/л
Түстік көрсеткіш   0,85-1,05  
Гемоглобиннің 1 эритроциттегі орташа құрамы   30-35 пг
Ретикулоциттер   2-10 0/00
Тромбоциттер   180,0-320,0 Х 10 9/л
Лейкоциттер 9,0 х 10 9/л 4,0-9,0 Х 10 9/л
% х 10 9/л
Метамиелоциттер     % х 10 9/л
Таяқша ядролы 9% 1-6 0,040-0,300 % х 10 9/л
Сегментядролы 60% 47-72 2,000-5500 % х 10 9/л
Эозинофилдер 2% 0,5-50 0,20-0,300 % х 10 9/л
Базофильдер   0-1 0-0,065 % х 10 9/л
Лимфоциттер 20% 19-371 200-3000 % х 10 9/л
Моноциттер 9% 3-11 0,090-0,600 % х 10 9/л
Плазматикалық клеткалар     % х 10 9/л
Эритроциттердің тұну жылдамдығы Е Ә 38 мм/сағ 2-10 2-15 мм/сағ
           

 

4. Емдеу схемасын құру.

5. Рецептті тағайындау парағына рәсімдеңіз.

 

Есеп

Науқас И. 18 жаста, қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригдасымен құрғақ жөтел, әлсіздіктің күшеюіне, ентігуге, дене температурасының 38,5 -39 С дейін жоғарылауына шағымданып келді. Суықтаған, ауруы жедел басталды, оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, дем алғанда ауырсыну күшейеді. Кешкі уақытта дене температурасы жоғарылады, ентігу пайда болады. ТАЖ минутына 28 рет, тері жамылғысы бозғылт, еріндеріне ұшық шықан. Науқас тыныс алғанда оң жақ кеуде клеткасы қиындықпен қатысады. Перкуссияда – бүйірінде және оң жақ кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде перкуторлы дыбыстардың тұйықталады, аускультатцияда бронхиалды тыныс естіледі. Сол жақта везикулярлы тыныс. Тамыр соғысы минутына 100 рет, ырғақты. АҚ 90/60 мм.сын.бағ. Кеуде клетканың кең ауқымды рентгенограммасында – оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде массивті инфильтрациялық көлеңке анықталады.

1. Диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.

2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру жоспары қажет? Мына рентгенограммаға түсініктеме бер (16 сурет).

16 сурет.

3. Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№5 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 07.01.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова Ильин, 18 жас.

Көрсеткіштер СИ мөлшер бірліктері
Гемоглобин Е Ә 120 г/л 130,0- 160,0 120,0-140,0 г/л
Эритроциттер Е Ә 3,5 х 10 12/л 4,0-5,0 3,9-4,7 Х 10 12/л
Түстік көрсеткіш 0,88 0,85-1,05  
Гемоглобиннің 1 эритроциттегі орташа құрамы   30-35 пг
Ретикулоциттер   2-10 0/00
Тромбоциттер 280 х 10 12/л 180,0-320,0 Х 10 9/л
Лейкоциттер 12,0 х 10 9/л 4,0-9,0 Х 10 9/л
% х 10 9/л
Метамиелоциттер     % х 10 9/л
Таяқша ядролы 15 % 1-6 0,040-0,300 % х 10 9/л
Сегментядролы 65 % 47-72 2,000-5500 % х 10 9/л
Эозинофилдер 1 % 0,5-50 0,20-0,300 % х 10 9/л
Базофильдер   0-1 0-0,065 % х 10 9/л
Лимфоциттер 13 % 19-371 200-3000 % х 10 9/л
Моноциттер 9 % 3-11 0,090-0,600 % х 10 9/л
Плазматикалық клеткалар     % х 10 9/л
Эритроциттердің тұну жылдамдығы Е Ә 41 мм/сағ 2-10 2-15 мм/сағ
           

 

4. Науқасты жүргізу жобасын таңдаңыз. Науқасты емдеудің негізгі принциптері.

5. Рецептті тағайындау парағына рәсімдеңіз.

 

Есеп

Науқас 32 жаста түсі «татты» қақырық аралас жөтелге, тыныс алғанда оң бүйірінің ауырсынуына, қалтырауға, дене температурасының 39 С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданып келді. Суықтағаннан кейін жедел түрде ауырды.

Тексеру кезінде: жағдайы ауыр, дене температурасы – 38,8 С. ТАЖ минутына 40 рет. Бет терісі қызарған, еріндерінде ұшық шыққан. Жалпы қарағанда оң жақ клеткасы тыныс алу актісіне жартылай қалыңқы, дауыс дірілі оң жақ өкпенің төменгі аймақтарында күшейген. Перкуссияда –оң жақта ортаңғысынан артқы жағынан жауырынға дейін перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультацияда – бронхиалды тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі,осы жерде бронхофония күшйеген. Тамыр соғысы минутына 96 рет, ырғақты. АҚ 90/60 мм.сын.бағ.

1. Болжамды диагноз қойыңыз.

2. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістері қажет? Бөліктік пневмонияның рентгенологиялық

белгілерін атаңыз (17 сурет). 17 сурет

3. Қоздырғыштарды анықтау әдісін атаңыз?

4. Науқасты негізгі емдеу әдістерін атап шығыңыз?

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

v Ситуациялық есептерді құрастыру.

v Аурудың графологиялық құрылымдарын құрастыру.

v Фармакологиядан «Бронхтарды кеңейтетін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.

v Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

v Емдеу және диагностика жоспарын құру.

v Ситуациялық есептерді құрастыру.

v Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

v Өзіндік дайындық картасын толтыру.

Сағат көлемі: 2.

1.4. Өкпенің іріңді аурулары: абцесс, гангрена, бронхоэктаздық ауру

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

____________________________________________________________________

v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

Студент білу керек:

· аурудың анықтамасын: абцесс, өкпе гангренасы, бронхоэктаздық ауру;

· өкпенің іріңді ауруларының этилогиясы;

· өкпенің іріңді ауруларының клиникалық белгілері;

· өкпенің іріңді ауруларын анықтау әдісі;

· өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарды қазіргі заман талабына сәйкес емдеу принциптері;

· өкпеден қан кетуде және қан қақыруда шұғыл түрде көмек көрсету;

· аурудың алдын алу және болжамы.

 

Студент істей білу керек:

· науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;

· ауруға тән белгілерді анықтау;

· қосымша зерттеу мәліметтерін анықтау;

· болжамды диагнозды негіздеу;

· өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;

· науқасқа дұрыс дренажды жағдай жасау;

· науқасты қалталық түкіргіштерді пайдалануды және оларды дұрыс зарарсыздандыруды үйрету;

· қан қақыруда және қан кетуде шұғыл көмек;

· медициналық құжаттарды толтыру.

Бақылау сұрақтары

1. Өкпенің қандай ауруларын іріңдіге жатқызады?

2. Өкпе абцессіне анықтама беріңіз?

3. Өкпе абцессінің даму себептерін атаңыз?

4. Өкпе абцессінің бастапқы қалыптасқан түріндегі негізгі клиникалық белгілері.

5. Өкпе абцессінің екінші кезеңіндегі клиникалық белгілері.

6. Өкпе абцессі кезінде қосымша зерттеу әдістерін атаңыз.

7. Бронхоэктаздық ауруға анықтама беріңіз.

8. Бронхоэктаздық ауруларының негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

9. Бронхоэктаздық аурудың қосымша зерттеу әдістерін көрсетіңіз.

10. Бронхоэктаз ауруын және өкпе абцессін негізгі емдеу принциптерін атап көрсетіңіз.


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 3011 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)