Тапсырма. Сұрақтарға (1-6) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз:
Сұрақтарға (1-6) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз:
1. БД себебі.
2. БД патогенезінің бір звеносы.
3. БД негізгі бір белгісі.
4. БД емінде қолданатын ингаляциялық дәрілер.
5. Астматикалық статус көріністері.
6. Астматикалық статус кезінде шұғыл жағдайда қолданылатын заттар.
А. Дем шығару қиындығымен байқалатын ентігу.
Б. Аллергендердің әсері.
В. Преднизолон, гидрокортизон.
Г. Бронх тарылуы, бронх өткізгіштігінің жедел бұзылысы.
Д. Сальбутамол, беродуал.
Е. Кәдімгі бронх кеңейткіш дәрілердің әсерінің төмендеуінен тұншығу ұстамасы күшейеді.
Тапсырма
Науқастың жалпы жағдайын, қалпын, тынысын, өкпені тыңдағандағы мәліметтер, жүрек қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістерін есепке ала отырып, астматикалық статустың сатысына байланысты клиникалық көріністерін суреттеңіз.
1 саты - ….
2 саты - ….
3 саты - ….
Тапсырма
Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрыңыз:
1) БД жеңіл ұстамасында;
2) Орташа ауыр өршуінде;
3) БД ауыр өршуінде.
Динамикалық есептер
Есеп
40 жастағы әйел кісі, созылмалы синуситпен ауырады, артриттің жедел түрі дамыған. Дәрігер ацетил салицил қышқылын тағайындаған. Науқаста бірден ұстамалы тұншығу пайда болған.
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Мүмкін болатын себептері:
а) аллергиялық астма дамуы;
б) қосарланған дәнекер тіннің бұзылу синдромы;
в) ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакция;
г) бөгде денелерді аспирациялау.
2. Объективті тексерудің қандай бөліміне көбірек көңіл бөлу керек:
а) ЛОР ағзалар;
б) жүрек қан тамыр жүйесі;
в) асқазан ішек жолдары (АІЖ);
г) аяқ қолдар.
Есеп
Сізді 32 жастағы науқасқа шақырды. БД 10 жылдан бері ауырады. Қазіргі уақытта науқаста айқын ентігу, қабырғааралықтары қатты тартылғаны байқалады. Тері астаны жасалған адреналин айтарлықтай өз нәтижесін бермеді.
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Науқастың артериялық қан анализінің газ құрамы рО 2 =60% көрсетті. Осыған байланысты келесі іс шаралар жүргізілуі тиіс:
а) өкпеге жасанды вентиляция және интубация;
б) оттегімен ингаляция;
в) антибиотикті енгізу;
г) атропинді енгізу.
2. Төменде көрсетілген барлық шаралардың біреуінен басқасының пайдасы бар:
а) кортикостероидттарды енгізу;
б) көк тамыр ішіне сұйықтық енгізу;
в) қақырық түсіретін дәрілер;
г) эуфиллинді енгізу.
3. Науқасты қарқынды емдеуден кейін жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылған, бірақ 4 күн өткен соң қабылдау бөліміне келген. Осы уақытта СТҚ көрсеткіші:
а) өршу алдынан да, өте нашар;
б) өршу алдынан да, өте нашар;
в) қалыпты көрсеткіштермен салыстыру бойынша да өзгеріссіз.
Есеп
Науқас К. 50 медициналық бөлімге БД ұстамасына ұқсас белгілермен келді.
Дұрыс жауапты таңдаңыз (санын көрсетіңіз).
1. БД ұстамасына тән сипаттама:
а) жүрек аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну -1;
б) эпигастрий аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу -2;
в) дем шығару қиындап ентігумен, жөтел, тұншығу -3;
г) қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу -4.
К. осыған тән ұстамалар соңғы 3 жылдан бері кейбір иіс суларға жанасқанда пайда болады.
2. Фельдшер шұғыл көмек көрсету үшін қолдану қажет:
а) сальбутамол ингаляциясы -5;
б) кордиамин тері астына -6;
в) нитроглицерин тіл астына- 7;
г) анальгин бұлшық етке -8;
Көрсетілген жәрдемге қарамастан әйелде ентігу күшейгені, әлсіздік байқалады.
3. Осындай жағдайда енгізу қажет:
а) жүрек гликозидттері, зәр айдағыштар -9;
б) бронхолитиктер, кортикостероидттар -10;
в) наркотикалық анальгетиктер -11;
г) гипотензивті заттар – 12.
Науқастың жағдайы анағұрлым жақсарған. Жөтелмен шырышты қақырық шығады, ентігу азайған.
4. Фельдшердің науқасқа қатысты ары қарай іс әрекеті:
а) жұмыстан босату және үйіне жіберу – 13;
б) ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдемді шақыру – 14;
в) жақын күндері жергілікті жердегі дәрігерге бару туралы кеңес беріледі -15;
г) ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылуға жолдама беріледі – 16;
Есеп
Науқас 35 жаста, қысқа әсерлі В2 адреномиметиктер ингалясымен тез басылатын, аптасына бір рет немесе сирек пайда болатын экспираторлы тұншығу ұстамасына шағымданып келді. Ұстама кезінде өкпені тыңдағанда құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, ұстама аралығында ДшЖкБш > 80% тиістісінен.
Дұрыс жауапты таңдаңыз (санын көрсетіңіз).
1. Мына науқаста:
а) интермиттік астма -1;
б) жеңіл персистирлеуші астма -2;
в) орташа ауырлықты персистирлеуші астма -3;
г) ауыр персистирлеуші астма -4;
д) жиналған ақпараттар БД анықтау үшін жеткіліксіз -5;
2. Науқасқа қандай ем тағайындау керек:
а) қысқа әсерлі В2 адреномиметиктер ингаляциясын тұрақты түрде қолдану -6;
б) орташа дозада кортикостероидттар ингаляциясын тұрақты түрде қолдану -7;
в) кромоглицил қышқылы (интал) тұрақты түрде қолдану -8;
г) ішке теофиллин дәрілерін тұрақты түрде қолдану – 9;
д) қысқа әсерлі В2 адреномиметиктерді тек қажет жағдайда ғана қолдану, дәрілік терапияны тұрақты түрде қолдануға көрсеткіш жоқ – 10;
Есеп
Науқас 36 жаста, ұстама тәрізді аз өнімді жөтелге шағымданады. Ұстамалы жөтел көбіне түнгі уақытта, таңертең, күндіз суыққа және ылғалды ауа райына шыққанда пайда болады. Науқас жарты ай бұрын пневмония ауырып, антибиотикмен белсенді түрде емделмеген, аз өнімді жөтел сақталады. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілерді белгілі бір нәтижесіз қабылдаған. Шылым тартпайды, бала кезінен атопиялық дерматитпен ауырады. Қарағанда: өкпеде тыныс қатқыл, екі жақтан да құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Өкпені рентгенологиялық тексеру барысында өзгеріс байқалмайды. Қан анализінде –эозинофилия, қақырықта – эозинофиллия, белгілі бір мөлшерде бактериалды флораның жиналуы.
Дұрыс жауап санын таңдаңыз.
1. Мүмкін болатын диагноз:
а) ұзаққа созылған пневмония -1;
б) созылмалы обструктивті бронхит -2;
в) БД -3;
г) өкпе туберкулезі - 4;
2. Науқаста диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша тексерулер қажет:
а) СТҚ зерттеу -5;
б) терде хлор және натрий концентрациясын анықтау -6;
в) В2-адреномиметиктер ингаляциясымен сынама жасау -7;
г) қақырықты бактериологиялық зерттеу алып микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтаймыз -8;
3. Науқасқа тағайындалады:
а) микрофлорасына сезімтал антибиотиктер тағайындалады-9;
б) ингаляциялық кортикостероидттар -10;
в) қақырық түсіретін дәрілер -11;
г) бронхолитикалық дәрілер-12;
4. Ем оң нәтижелі болғанда және аурудың белгілері басылғанда:
а) медикаментті терапияны тоқтату -13;
б) ингаляциялық кортикостероидтты қолдануды жалғастырамыз біртіндеп сүйемелдеуші дозаға дейін төмендетеміз – 14;
в) дәрілік тесттан таңдап алынған бронхолитиктерді қолдануды жалғастырамыз -15;
г) микрофлорасына сезімтал таңдап алынған антибактериалды дәрілерді өршуге қарсы терапияны жалғастырамыз -16.
Клиникалық есептер
Есеп
Науқас К. 49 жаста, созылмалы бронхитпен ауыратын, бірден ұстамалы тұншығу пайда болды. Объективті: науқас бозарған, көзінде қорқыныш, кеудемен толығымен дем алады, ауаны аузымен қармайды, төсекте дөңбекшиді. Кеуде клеткасы кеңейген, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?
2. Ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін негізгі көмекті атаңыз?
3. Ауруды ары қарай қандай ем жүргізіледі?
Емдеуге қолданылатын дәрілердің әсер ету механизмін сипаттама беріңіз (9 сурет).
9 сурет
Есеп
Науқас 39 жаста. Науқаста ұстамалы тұншығу тыныс алу қиындауы 30 жастан бері және бензин иісі, салқын ауа пайда болуына әрекет етеді, қашықтықтан естілетін шулы сырылдар байқалады, пароксизм аз мөлшердегі жабысқақ қақырық бөлінгеннен кейін басылады. Үш рет пневмониямен ауырған. Соңғы ұстама бұрынғы ұстамаларға қарағанда ұзақ болған, сол себепті де жедел жәрдем көмегі қажет болған.
Соңғы жылдары әйелде АҚ 180/100 мм.сын.бағ дейін көтеріледі. Науқас бухгалтер болып жұмыс атқарады, жылы және құрғақ пәтерде өмір сүреді. Науқастың анасында және сіңлісінде жиі есекжем пайда болған.
Ұстамадан кейін келесі күні науқасты объективті тексергенде: науқастың жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда – қорапты дыбыс, өкпе шекаралары төмендеген, аускультацияда – тынысы әлсіреген, барлық өкпе беткейінен шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, сол жақтан екінші қабырғааралықтан 2 тон акценті, тамыр соғысы минутына 84 рет, АҚҚ 140/80 мм.сын.бағ.
Ұстаманың жиіленуіне және күшеюіне байланысты әйелді пульмонологиялық бөлімше жатқызылды.
1. Қан және қақырық анализінде қандай өзгерістер анықталады?
2. Ауруды анықтаудың бірден бір әдісін атаңыз? Қандай приборлармен зерттеу әдісі жүргізіледі (10 сурет)?
10 сурет
3. Науқаста ұстамалы тұншығу басу үшін қандай дәрілер қолданылады:
а) эуфиллин;
б) сальбутомол;
в) ипратропты бромид;
г) адреналин.
Есеп
Науқас А. 40 жаста, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға кеуденің қысылып ауыру сезіміне, тыныс алу қиындауына, әсіресе дем шығарғанда, қиындықпен жөтелу.3 жылдан ауырады: Алғашқы ұстамасы жедел бронхитпен ауырғаннан кейін пайда болды. Тұншығу ұстамасы қысқа эпизодтты қиындықпен жөтелумен, ұстама соңына қарай күшейеді және аз мөлшерде жабысқақ шырышты қақырық бөлінеді. Науқасты жалпы қарағанда тері жамылғысы көгеріп бозарған, денесі буланған. Ер кісі алдына қарай еңкейіп отыр, жеке сөздермен сөйлейді, қозулы. Кеуде клеткасы терең дем алу қалпында, құрсақ бұлшық еттері тыныс алу актісіне қатысады. Тынысы шулы, ысқырықты, ТАЖ минутына 32 рет. Перкуссияда барлық өкпе алаңдарында қорапты дыбыс, әсіресе төменгі аймақтарында. Аускультацияда өкпеден ашық шашыранды ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары таза, тұйықталған, тамыр соғысы минутына >120 рет ырғақты, АҚ 100/70 мм.сын. бағ.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
2. Науқасқа қандай қосымша тексерулер қажет?
3. Науқасты аурухананың қандай бөлімшесіне жатқызу керек?
4. БД ұстама кезінде тыныс жолдарында болатын өзгерістерге сипаттама беріңіз (11 сурет), және осы жағдайды басу үшін қандай дәрілер қажет? Бірінші кезекте қандай бронхолитикалық дәрілерді тағайындау қажет (қолайлы енгізу әдісін көрсетіңіз)?
5. Рецепте тағайындау парағын рәсімдеңіз.
Сурет
4 есеп
Науқас Т. 45 жаста, БД 13 жасынан бері ауырады. Ұстама белгісіз себептерден пайда болады. БД жедел респираторлы аурудан кейін өршіді. Ер кісі тұрақты түрде глюкокортикостероидтты (тәулігіне преднизолонның 3-4 таблеткасын) қабылдайды, тағы да теофедрин –Н пайдаланады. Ұстама кезінде сальбутамол ингаляциясын пайдаланады. Қаншалықты емделсе де күнделікті кеуде клеткасы бітелгендей сезім, тұншығу ұстамасы түнгі уақытта және тәулігіне 4-5 ретке дейін жетті. Соңғы екі жылда 7 кг салмақ қосты, Иценко - Кушинг синдромы байқалады. Объективті:ТАЖ минутына 21 рет. Кеуде клеткасы көлденеңінен ұлғайған. Өкпе аускультациясында – тынысы қатқыл, дем шығарғанда шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының өкпе аймақтарының перкуссиясында- өкпелік дыбыс қорапты. Тамыр соғысы минутына 78 рет, ырғақты, АҚ 130/80 мм.сын.бағ. Спирографияда:(1ФАК)бірінші секундтағы форсирленген ауа көлемі < 60%,(1ФАК)> 30%.
1. Қазіргі заман талабына сәйкес диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.
2. Диагнозды толығымен дәлелдеу үшін қандай тексерулер қажет?
3. Науқаста БД ауырлық дәрежесіне сай қандай ұзақ терапия сатысы сәйкес келеді? Сатысына байланысты терапияны реттеңіз.
4. Ингаляциялық стероидттардың қандай жағымсыз әсерлерін және олардың алдын алуын білесіз? Ингаляциялық терапия жүргізу үшін қандай аспап қолданады (12 сурет)?
Сурет
Науқас Е. 26 жаста. Әйел кісі 8 жылдан бері бронхиалды демікпемен ауырады. Ұстамалар күшті иістермен дем алғанда, үй жануарларымен қатынас болғанда аптасына 1-2 рет болады, айына 1-2 рет түнгілік тұншығудан оянады. Өршулер көктем –күз айларында өсімдік гүлдеген уақытта пайда болады. Анамнезінен: әкесі жағынан әжесі БД ауырған. Спирографияда: 1ФАК және ДшЖкБш > 80%; ДшЖкБш – 20-30% айырмашылығы тиістісінен. Ұстама кезінде әйел кісі сальбутомолды пайдаланады. Объективті: кеуде клетка формасы қалыпты, аускультацияда – қатқыл тыныс, форсирленген дем шығару сынамасында кеуденің алдыңғы беткейінде біртекті ырғақты сырылдар естіледі.
1. Қазіргі заман талабына сәйкес диагнозды қойыңыз.
2. Тексеру жоспарын құрыңыз. Қақырық анализінде БД тән қандай өзгерістер (13 сурет)?
3. Бұл зерттеу әдісі қалай аталады? Ауруға тән осы әдіс арқылы қандай өзгерістерді анықтауға болады (14 сурет)?
14 сурет
Сурет
4. Науқасты негізгі емдеу принциптері.
5. Рецепте тағайындау парағын рәсімдеңіз.
Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері
v Тақырып бойынша ситуациялық есептерді құрастыру.
v Тақырып бойынша тіректік конспектісін құрастыру.
v Әртүрлі қосымша тыныс алу еңбектерін пайдалану инструкциясын қайталау.
v Фармакологиядан «Бронхтарды кеңейтетін дәрілер» тақырыбын қайталау.
v БД ұстама кезінде шұғыл көмек алгоритмін құру.
v «БД» творчествалық жұмысты орындау.
v Науқастарға арналған ескертпелер: «Аллергияға қарсы пәтердегі жағдай».
v Тақырып бойынша глоссария құру.
v Өзіндік дайындық картасын толтыру.
Сағат көлемі:3.
____________________________________________________________________
v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.
Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 1655 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
|