Тапсырма. Сұрақтарға (1-9) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз
Сұрақтарға (1-9) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз.
1. Плевритке анықтама беріңіз.
2. Плевриттің себептерін атап көрсетіңіз?
3. Плевритпен ауыратын науқастың негізгі шағымдарын атаңыз?
4. Құрғақ плеврит кезінде аускультацияда науқаста анықталады?
5. Экссудат дегеніміз не?
6. Экссудатты сипатына қарай қалай бөлеміз?
7. Дамуазо сызығы дегеніміз не, оның пайда болуы немен байланысты?
8. Экссудативті плеврит кезінде тыныс қалай өзгереді?
9. Плевральды пункция жасау мақсаты?
А. Қабыну сұйықтығына тән.
Б. Диагностикалық және емдік мақсаты.
В. Плевраның үйкеліс шуылы.
Г. Плевра жапырақшаларының қабынуы.
Д. Бірден әлсіреген немесе мүлдем анықталмайды.
Е. Сау жағына қарағанда, терең дем алғанда, жөтелгенде кеуде клеткасында күшейетін қатты ауырсынуы.
Ж. Жұқпалы және жұқпалы емес.
З. Дамуазо сызығы –иілген қисық сызық, жоғарғы нүктесі артқы қолтық асты сызықта орналасқан. Сұйықтық көбіне плевра қуысындағы өкпе тініне ыңғайлы бүйір бөліктерінде (синустарында) жиналады. Синустардың төменгі бүйір бөліктеріне тез толуы және ал қалған бөліктеріне ақырындап жиналуы доға тәрізді Дамуазо сызығын құрайды.
И. Фибринозды, серозды, іріңді, геморрагиялық, шіріткіш, холестеринді, хилезды.
Ситуациялық есеп
Есеп
Әйел 30 жаста, таңертең жұмысқа бара жатқан жолда жауын астында қалған. Күндіз әлсіздік және қалтырау пайда болған, аспиринді екі рет қабылдағаннан соң құсу пайда болған. Түнде қатты терлеу, қалтырау, сандырақ пайда болған. Келесі күні таңертең: әлсіздік, жағымсыз сезімдер, температурасы 38,7 С. Құрғақ жөтелмен кеуде клеткасының жартысының ауырсынуы пайда болды, осымен бірге ауырсынулар терең дем алғанда да мазалады.
Тексергенде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, беті қызарған, ТАЖ минутына 22 рет, тынысы беткейлік,оң жақ кеуде клеткасының жоғары бөліктерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда бронхиалды тыныс, сол жерде плевра үйкеліс шуы естіледі. Тамыр соғысы минутына 94 рет, ырғақты, толықтығы және күштілігі қанағаттанарлық, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Науқас ауруханаға жатқызылды.
1. Көрсетілген рентгенограмманың қайсысы науқасқа арналған (25 сурет)?
25 сурет
2. Жалпы қан анализінде қандай өзгерістерді байқаймыз?
3. Емдеудің тиімді нұсқасын таңдаңыз:
а) ампиокспен бірге нистатин;
б) моксифлоксацин;
в) эритромицин.
Есеп
Ер кісі 40 жаста. Екі аптадан бері әлсіздік, тершеңдікті байқайды. Соңғы кездері кешкі уақытта дене температурасы 38,5 С дейін жеткен. Аурудың бастапқы кезінде терең дем алғанда оң жақ жауырын асты бірден ауырады, содан кейін тыныс алғанда біртіндеп азаяды, бірақ науқас терең дем алуы үшін бірдеңе кедергі болатындығын айтты.
Участкелік дәрігер төсектік режим (ер кісі көбіне оң бүйірімен жатуды ұнатады), ампициллин 0,5 г күніне 4 рет тағайындалды. Бірақта науқастың жағдайы жақсармады, емханада жалпы тексерістен кейін ауруханаға жатқызылды.
Бала кезінен өткерген аурулары есінде жоқ. Өзін әрдайым дені сау адаммын деп есептеген, 20 жасынан күнінен 10-15 темекі шеккен.
Тексергенде еріндері көгергені байқалады, ТАЖ минутына 22 рет, тынысы беткейлік, оі жақ кеуде клеткасының жартысы қалыңқы. Оң жақ кеуде клеткасының төменгі бөліктерінде қабырғааралықтары тегістелген.
1. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда және өкпені тыңдағанда қандай мәліметтер алуға үміттенесіз?
2. Болжамды диагноз қойыңыз және осы аурудың жиі себептерін атаңыз?
3. Науқасты тексеру жоспарын құрастырыңыз.
4. Ұсынылған жалпы қан анализ нәтижесін бағалаңыз:
№9 ҚАН АНАЛИЗІ
Күні: 17.02.07 ж.
Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас К. 40 жаста.
Көрсеткіштер
| СИ мөлшер бірліктері
| Гемоглобин
| Е
Ә
| 76 г/л
| 130,0- 160,0
120,0-140,0
| г/л
| Эритроциттер
| Е
Ә
| 4,3 х 10 12/л
| 4,0-5,0
3,9-4,7
| Х 10 12/л
| Түстік көрсеткіш
| 0,9
| 0,85-1,05
|
| Тромбоциттер
| 280 х 10 12/л
| 180,0-320,0
| Х 10 9/л
| Лейкоциттер
| 8,9 х 10 9/л
| 4,0-9,0
| Х 10 9/л
| Жас клеткалар
| 1%
|
| % х 10 9/л
| Таяқша ядролы
| 4 %
| 1-6
0,040-0,300
| % х 10 9/л
| Сегментядролы
| 51 %
| 47-72
2,000-5500
| % х 10 9/л
| Эозинофилдер
| 1 %
| 0,5-50
0,20-0,300
| % х 10 9/л
| Базофильдер
| 0,5%
| 0-1
0-0,065
| % х 10 9/л
| Лимфоциттер
| 10 %
| 19-371
200-3000
| % х 10 9/л
| Моноциттер
| 4 %
| 3-11
0,090-0,600
| % х 10 9/л
| Эритроциттердің тұну жылдамдығы
| Е
Ә
| 35 мм/сағ
| 2-10
2-15
| мм/сағ
| | | | | | | 5. Көрсетілген рентгенограмманың қайсысы науқасқа арналған (26 сурет)?
6. Плевра сұйықтығын зерттеу нәтижесін бағалаңыз:
Сипаты – серозды, түсі – сарғыш, салыстырмалы тығыздығы – 1022, белок – 4,5 г. %, Ривальт сынамасы – оң нәтижелі, лейкоциттер – 30-50 көру алаңында, эритроциттер – жоқ, лимфоциттер – 92%, нейтрофильдер – 5%, эозинофильдер – 1%, моноциттер – 2%.
7. Негізгі емдеу принциптері қандай.
26 сурет
Есеп
Ер кісі 67 жаста. Көп жылдан бері бронхитпен ауырады, бірнеше күннен бері дене температурасы жоғарылаған, және 2-3 күнге ешқандай емсіз жоғалып кетеді. Сұрастырғанда науқас жарты жылдан бері тез шаршағыштықты, температурасының жоғарылауын байқаған. Қалған жағдайда өз жағдайын қалыпты деп есептейді, темекі тартады, күні бойына теңдей аз мөлшерде сұрғылт түсті қақырық тастайды.
Қарау кезінде өкпе эмфиземасы белгілері, қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар анықталады.
1. Ұсынылған жалпы қан анализ нәтижесін бағалаңыз:
№9 ҚАН АНАЛИЗІ
Күні: 10.09.07 ж.
Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас С. 67 жаста.
Көрсеткіштер
| СИ мөлшер бірліктері
| Гемоглобин
| Е
Ә
| 81 г/л
| 130,0- 160,0
120,0-140,0
| г/л
| Эритроциттер
| Е
Ә
| 4,3 х 10 12/л
| 4,0-5,0
3,9-4,7
| Х 10 12/л
| Түстік көрсеткіш
| 0,9
| 0,85-1,05
|
| Тромбоциттер
| 280 х 10 12/л
| 180,0-320,0
| Х 10 9/л
| Лейкоциттер
| 10,8 х 10 9/л
| 4,0-9,0
| Х 10 9/л
| Миелоциттер
| 0,5%
|
| Х 10 9/л
| Жас клеткалар
| 0,5 %
|
| % х 10 9/л
| Таяқша ядролы
| 11 %
| 1-6
0,040-0,300
| % х 10 9/л
| Сегментядролы
| 71 %
| 47-72
2,000-5500
| % х 10 9/л
| Эозинофилдер
| 2 %
| 0,5-50
0,20-0,300
| % х 10 9/л
| Базофильдер
| 0,5 %
| 0-1
0-0,065
| % х 10 9/л
| Лимфоциттер
| 9 %
| 19-371
200-3000
| % х 10 9/л
| Моноциттер
| 5 %
| 3-11
0,090-0,600
| % х 10 9/л
| Эритроциттердің тұну жылдамдығы
| Е
Ә
| 34 мм/сағ
| 2-10
2-15
| мм/сағ
| | | | | | | 2. Ұсынылған жалпы қақырық анализінің нәтижесін бағалаңыз:
№4 ҚАН АНАЛИЗІ
Күні: 10.09.07 ж.
Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас С. 67 жаста.
Мөлшері – 15 мл, түсі –сұрғылт қан аралас, сипаты – кілегейлі – іріңді, консистенциясы – жабысқақ. Эозинофильдер – дәріде бірен саран, эластикалық талшықтары бар, лейкоциттер – 80 – 100 көру алаңында, эритроциттер – 1-3 көру алаңында және 100- 150 дейін жинақталған, өзгеріссіз, жалпақ эпителий – азғана мөлшерде, цилиндрлік эпителий – айтарлықтай мөлшерде, микобактерия – жоқ, стрептококк және стафилакокктар – аз мөлшерде.
3. Атап өткен қандай зерттеу орынды:
а) бронхоскопия;
б) ЭКГ;
в) өкпе томографиясы;
г) қақырықты цитологиялық зерттеу.
4. Суретте көрсетілген зерттеу әдісі қалай деп аталынады (27сурет)?
5. Науқастың ауруханаға жатқан кезінде оң жақ жамбасының қатты ауырсынуы байқалды. Қандай патология болжамдауға және науқастың жағдайын немен түсіндіруге болады? Оң жақ жамбас сүйегінің рентгенограммасында келтірілген (28 сурет).
27 сурет
28 сурет
Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері
v Ситуациялық есептерді құрастыру.
v Плеврит ауруына графологиялық құрылымын құрастыру.
v Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.
v Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.
v Емдеу және диагностика жоспарын құру.
v Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.
Сағат көлемі: 2.
____________________________________________________________________
v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.
1.6. Өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, тыныс жеткіліксіздігі
Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.
Студент білу керек:
· аурудың анықтамасын: өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, тыныс жеткіліксіздігі;
· осы жағдайға алып келетін себептер;
· оларды клиникалық белгілері;
· оларды анықтау әдісі;
· осы ауруларды емдеу принциптері және алдын алуы;
Студент істей білу керек:
· науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;
· ауруға тән белгілерді анықтау;
· қосымша зерттеу мәліметтерін анықтау;
· болжамды диагнозды негіздеу;
· науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;
· аурудың терминальды сатысында науқасқа психологиялық қолдау;
· оксигенотерапия жүргізу;
· дәрілік заттары бар дәрі тамызғышты орнату.
Бақылау сұрақтары
1. Өкпе эмфиземасы және тыныс жеткіліксіздігіне алып келетін басты себептерді атаңыз.
2. Өкпе эмфиземасының клиникалық белгілерін суреттеңіз.
3. Пневмосклероз және өкпе эмфиземасы кезінде қосымша зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз.
4. Өкпе эмфиземасы, тыныс жеткіліксіздігінде негізгі емдеу принциптерін атаңыз?
5. Пневмосклероз, өкпе эмфиземасының алдын алуы жайлы айтып беріңіз.
Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 1018 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
|