АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тапсырма. Жауаптың дұрыс түрін таңдаңыз

Прочитайте:
  1. кардиология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Тапсырма
  4. Тапсырма
  5. Тапсырма
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма
  9. Тапсырма
  10. тапсырма

Жауаптың дұрыс түрін таңдаңыз.

1. Өкпенің жедел абцессінде және гангренасын шақыратын инфекция қоздырғыштары өкпе тініне енеді:

а) бронхтар арқылы;

б) лимфа тамырлары арқылы;

в) қан тамырлары арқылы;

г) өкпе жарақатында.

2. Барлық аталған белгілер ашық үлкен көлемді өкпе абцесс сипатына тән, тек біреуінен басқасы:

а) қақырық мөлшерінің көбеюі;

б) интоксикация белгілерінің азаюы;

в) зақымдалған аймақта тыныстың әлсіреуі, тұйықталуы;

г) зақымдалған аймақта амфоралық және бронхиалды тыныстар, тимпаникалық дыбыс;

д) дене температурасының жоғарылауы.

3. Жедел өкпе абцессін анықтау негізделеді:

а) клиникалық белгілер (жөтелмен көп мөлшерде іріңді қақырықтың бөлінуі және т.б.)

б) қақырықты лабораториялық зерттеу нәтижесінде (қақырықта көп мөлшерде іріңді микрофлора);

в) клинико рентгенологиялық ерітінді.

4. Жедел өкпе абцессімен ауыратын науқасты тексеруге жатпайтын әдіс:

а) жалпы клиникалық зерттеу әдісі;

б) өкпедегі ірің құрамын, қақырықты бактериологиялық зерттеу;

в) бронхоскопия;

г) өкпе рентгентомографиясы;

д) бронхография.

5. Абцесстің пневмониямен асқынуына тән емес фактор:

а) аталектаз дамуы;

б) қант диабеті (ҚД);

в) атеросклероз;

г) алкоголизм;

д) иммунтапшылықты жағдай.

6. Өкпе абцессінің негізгі рентгенологиялық белгілерін атаңыз:

а) контуры анық дөңгелек қараю көлеңкелері;

б) қабырғасы жұқа ауалы қуыс;

в) көлденең деңгейде сұйықтығы бар қуыс;

г) басым түрдегі қараю көлеңкелерімен көптеген қуыстар;

д) контуры анық емес гомогенді емес дөңгелек қараю көлеңкелері.

7. Жедел жалғыз абцесстің бронхқа жарылуына тән емес симптом:

а) рентгенограммада қуыс көлденең деңгейде;

б) дене температурасы 39 С дейін жоғарылайды және одан да жоғары;

в) жөтелмен көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі;

г) жалпы жағдайының жақсаруы;

д) қан қақыруы.

8. Жедел өкпе абцесімен ауыратын науқастарды емдеуді жүргізу керек:

а) амбулаторлы жағдайда;

б) стационарда терапия бөлімшесінде;

в) стационарда пульмонология бөлімшесінде;

г) торакальды хирургия бөлімшесінде.

9. Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқастар мына шағымдармен келеді:

а) қалтырау, кеуде клеткасының ауырсынуы;

б) жиі таңертең жөтелмен жеңіл бөлінетін қақырық;

в) қан қақыру, өкпеден қан кету;

г) ентігу;

д) барлық аталғандар.

10. Бронхоэктаз ауруына тән клиникалық белгілер:

а) тұрақсыз орташа көпіршікті сырылдар;

б) өнімді жөтелмен тәулігіне 100 мл дан көп қақырық бөлінеді;

в) перкуторлы дыбыстың қысқаруы;

г) «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгілерінің жиналуы.

11. Бронхоэктаз ауруын анықтауда шешуші роль атқарады:

а) клинико – рентгенологиялық әдіс;

б) бронхоскопия;

в) бронхография;

г) спирография.

12. Бронхоэктаз ауруы өршуінде науқасты емдеуді жүргізу керек:

а) амбулаторлы жағдайда;

б) стационарда терапия бөлімшесінде;

в) стационарда пульмонология және торакальды хирургия бөлімшесінде.


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 931 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)