АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сурет 20 сурет

Прочитайте:
  1. Шы сурет. Туа біткен иммунитет жасушаларымен

а) асцит:

б) сарғаю:

в) ісінулер;

г) саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді.

3. Осы ауруда міндетті түрде зерттелетін әдіс:

а) фиброэзофагодуоденоскопия (ФЭГДС);

б) биохимиялық қан анализі;

в) бронхография;

г) пикфлоуметрия.

4. Мына аурудың өршуінің емдеу схемасына жатады:

а) анальгетиктер;

б) антибиотиктер;

в) анестетиктер;

г) диуретиктер.

Есеп

Науқас М., 68 жаста ауруханаға дене температурасының 38,6 С жоғарылауына, қалтырау, ұстама тәрізді жөтелмен көп мөлшерде кілегейлі –іріңді қан аралас қақырық бөлінуіне, ентігуге шағымданып келді. Бір апта бұрын жедел түрде ауырған, сол жақты пневмония анықталған. Амбулаториялық жағдайда емделген, участкелік дәрігер ампициллин тағайындаған. Ем бастапқыда жақсы нәтиже берген, бірақ ауруының 7 күні жағдайы бірден нашарлаған: температурасы 39,2 дейін жоғарылаған, қалтырау пайда болған, ентігу күшейген, қақырық мөлшері ұлғайып, қан араласқан.

Дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

1. Мына жағдайға алып келетін себептері:

а) оң өкпеде қабыну инфильтратының дамуы;

б) өкпе абцессінің қалыптасуы;

в) жедел өкпелік жүректің дамуы;

г) пневмоторакс;

д) ұсақ өкпе артерия бұтақтарының тромбоэмболиясы.

2. Науқастың өкпе рентгенограммасына сұхбат беріңіз. Ауруға тән қандай өзгерістер бар (21 сурет)? 21 сурет

а) «ниша» симптомы;

б) көлденең деңгейдегі сұйықтық ауалы қуыспен;

в) өкпе бөліктерінің қараю көлеңкесі;

г) өкпе суретінің күшеюі

3. Науқасқа антибактериалды терапияны тағайындаңыз:

а) ампициллин дозасын көбейту;

б) көк тамыр ішіне цефалоспориндердің екінші тобына аминогликозидтерді қосып тағайындау;

в) аминогликозидтерді бұлшық етке тағайындау;

г) көк тамыр ішіне пенициллиндерді көп дозада тағайындау;

д) фторхинолондарды ішке қабылдау.

Есеп

Ер кісі 50 жаста, ішкіш, темекі шегеді, жүдеу, шіріген тістері бар. 2 аптадан бері оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, дірілдеу, жөтел іріңді қақырықпен мазалайды. Рентгенографияда: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 2 см қуыс сұйықтығымен анықталады.

Дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

1. Болжамды диагноз:

а) өкпе абцессі;

б) бронхоэктаз;

в) өкпе инфаркты;

г) перифериялық өкпе рагы;

д) өкпе туберкулезі.

2. Өкпе абцессінің қандай уақытына күдіктенуге болады:

а) абцесстің қалыптасуы;

б) іріңнің бронхқа қарай жарылуы.

3. Өкпе абцессінің объективті белгілеріне жатады:

а) тыныстың әлсіреуі;

б) амфоралық тыныс;

в) құрғақ ысқырықты сырылдар;

г) экстрасистолия.

4. Мұндай жағдайда қандай ем қажет:

а) зәр айдағыштар;

б) кортикостероидттар;

в) антибиотиктер;

г) анальгетиктер.

Ситуациялық есептер

Есеп

Ер кісі 34 жаста, санаторлы - курорт картасын толтырту үшін емханаға келді, және де тексерілу үшін ауруханаға жатқызылды.

5 жасында алғашқы рет сол жақты пневмониямен ауырған, сол уақыттан бері тұрақты түрде жөтеледі. Көктем күз айларында дене температурасы жоғарылап, сол жақ бүйірінің ауырсынуы байқалады. Тәулігіне стақан толы қақырық тастайды, көбіне таңертеңгі уақытта байқалады. Ремиссия кезінде жылдам жүргенде аздаған ентігу сақталады, ал асқыну кезінде ентігу күшейеді.

Жалпы қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, акроционаз, саусақ фаланга ұштарының өзгерістері байқалады. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда қорапты дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы түскен. Сол жақ жауырын астынан қатқыл дыбыс, сол жерде плевра үйкеліс шуылы және ірі көпіршікті сырылдар естіледі.

1. Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№4 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 17.06.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Көрсеткіштер СИ мөлшер бірліктері
Гемоглобин Е Ә 90 г/л 130,0- 160,0 120,0-140,0 г/л
Эритроциттер Е Ә 5,1 х 10 12/л 4,0-5,0 3,9-4,7 Х 10 12/л
Түстік көрсеткіш 0,88 0,85-1,05  
Тромбоциттер 280 х 10 12/л 180,0-320,0 Х 10 9/л
Лейкоциттер 9,1 х 10 9/л 4,0-9,0 Х 10 9/л
Таяқша ядролы 7 % 1-6 0,040-0,300 % х 10 9/л
Сегментядролы 68 % 47-72 2,000-5500 % х 10 9/л
Эозинофилдер 1 % 0,5-50 0,20-0,300 % х 10 9/л
Базофильдер   0-1 0-0,065 % х 10 9/л
Лимфоциттер 19 % 19-371 200-3000 % х 10 9/л
Моноциттер 5 % 3-11 0,090-0,600 % х 10 9/л
Эритроциттердің тұну жылдамдығы Е Ә 19 мм/сағ 2-10 2-15 мм/сағ
           

 

2. Ұсынылған жалпы қақырық анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№ 4 ҚАҚЫРЫҚ АНАЛИЗІ

Күні: 17.07.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Мөлшері -160 мл, түсі – жасыл, жағымсыз иісті ірің тән, консистенициясы – жабысқақ. Куршман спиральдары - жоқ, Шарко- Лейден кристаллдары жоқ, эозинофилия – жоқ, эластикалық талшықтар – жоқ, лейкоциттер – 150 -200 мл көру алаңында, эритроциттер -0-2 көру алаңында, аз мөлшерде – эпителий клеткалары, аз мөлшерде – альвеолярлы клеткалар, Кох бацилласы – жоқ, аз мөлшерде – стрептококк және стафилакоктар.

3. Клиникалық зәр анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№ 15 ЗӘР АНАЛИЗІ

Күні: 17.07.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше:5. Дәрігерге: Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Ақуыз іздері, лейкоциттер – 2-3 көру алаңында, эритроциттер – көру алаңында бірен саран.

4. Науқастың рентгенограммасын бағалаңыз (22 сурет).

22 сурет

5. Болжамды диагноз қойыңыз.

6. Қосымша мақсатта қолданылады:

а) бронхоскопия;

б) компьютерлі томография;

в) флюорография;

г) СТҚ тексеру.

7. 23 суретте қандай зерттеу әдісі көрсетілген? Осы зерттеудің көмегімен ауруға қатысты қандай өзгерістерді анықтауға болады?

23 сурет

8. Аурудың өршуі кезіндегі негізгі емдеу принциптерін атаңыз?

 

Есеп

Жүргізуші 26 жаста, 9 күн бұрын жедел түрде ауырған: әлсіздік, температураның (39,1 С дейін) көтерілуі, қалтырау пайда болды. Жақында қала сыртында болып, батпаққа тығылған автомобильді шығаруға көмектескен. Ауырғаннан кейін екі күннен дәрігердің тағайындауы бойынша тәулігіне 2 рет 300 000 Бірлік пенициллин инъекциясын жасалған, біруақытта бисептолдың 1 таблеткасын тәулігіне 2 реттен қабылдаған. Аурудың бірінші аптасында кешкі уақытта дене температурасы 38,7 – 38,9 С дейін жетеді. Жалпы жағдайы нашарлаған, терең дем алғанда және жөтелгенде күшейетін оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы байқалады. Күнделікті аз мөлшерде қақырық бөлінеді: науқастың айтуы бойынша бұрынғыдан көбірек (8 жылдан бері күніне шамамен 30 темекі шегеді). Екі күн бұрын ұстамалы жөтел кезінде қан аралас қақырық түскеннен кейін, дене температурасы төмендеп, жағдайы жақсарған. Келесі күні ауруханаға жатқызылған.

1. Қақырық анализінде қандай өзгерістерді анықтаймыз?

2. Стационарда кеуде мүшесіне рентгенологиялық зерттеу жүргізді. Жүргізілген зерттеудің қайсысы науқастың рентгенограммасы (24 сурет)?

24 сурет

3. Қандай антибактериалды терапия тиімді болып табылады:

а) участкелік дәрігер тағайындаған емді жалғастыру;

б) пенициллинді кең спектрлі әсер ететін антибиотикке ауыстыру;

в) қақырық флорасын антибиотикке сезімталдығын анықтау және тиімді дәрілерді тағайындау.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

v Ситуациялық есептерді құрастыру.

v Бронхоэктаз ауруының графологиялық құрылымын құрастыру.

v Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.

v Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

v Емдеу және диагностика жоспарын құру.

v «Өкпе гангренасы» тақырыбын оқып үйрену.

v Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

____________________________________________________________________

v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

1.5. Плеврит, Өкпе обыры

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

· аурудың анықтамасын:плеврит, экссудат, транссудат, өкпе обыры;

· осы ауруларының этилогиясы;

· осы ауруларының клиникалық белгілері;

· плевральды пункцияны жүргізу көрсеткіші;

· плевритті емдеу принциптері;

· өкпе обырының сатысы, ерте белгілері;

· өкпе обыры диагностикасы;

· өкпе обыры емдеу әдісі;

· осы аурудың алдын алуы.

 

Студент істей білу керек:

· науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;

· өкпе рагы және плевритқа тән белгілерді анықтау;

· лабораторлы және аспаптық зерттеудің мәліметтерін анықтау;

· болжамды диагнозды негіздеу;

· ажыратпалы диагностика жүргізу;

· өкпе обыры және плевритпен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;

· науқасқа плевральды пункция жасау үшін қажетті құрал жабдықтарды дайындау;

· науқасты бронхоскопияға дайындау;

· қан қақыруда және өкпеден қан кеткенде шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

· наркотикалық анальгетиктер жазып беру;

· атипиялық клеткаларға қақырықты жинау бойынша нұсқау беру.

Бақылау сұрақтары

1. Плеврит дегеніміз не?

2. Қазіргі кезде плевриттердің қандай жіктемелері бар?

3. Плевриттің қандай түрін құрғақ деп атайды?

4. Плевриттің қандай түрі сұйықтықты деп атайды?

5. Плевритке алып келетін этиологиялық факторларды атаңыз?

6. Құрғақ плевриттің клиникалық көрінісін суреттеңіз.

7. Сұйықтықты плевриттің клиникалық көрінісін суреттеңіз.

8. Плевритті анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін қолданады?

9. Плевральды пункцияны қандай мақсатта жасайды?

10. Плевриттің негізгі емдеу принциптерін атап шығыңыз?

 


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 1464 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)