Жасушасыртылық лигандалармен байланысатын Толл-тәріздес рецепторлар жасушаның плазматикалық мембранасына кіреді, ал жасуша ішінде түзілетін лигандалармен байланысатын TLR жасушасыртылық мембраналармен байланысқан. Мысалы, бактериялар мен саңрауқұлықтардың жасушалық қабырғасының компоненттерін танитын TLR (TLR2, TLR4, TLR5, TLR6) туа біткен иммунитет жасушаларының бетінде орналасқан, ал вирусты және микробтық нуклеин қышқылдарын танитын TLR (TLR3, TLR7, TLR8, TLR9) жасушасыртылық мембраналарда орналасқан. Олар фаголизосома немесе эндосомаларда өздерінің лигандаларымен жанасады. Мұндай орналасу аталған рецепторларға микроб жасушалары немесе вириондардың фагоцитозы мен жартылай ыдырауы кезінде бөлінетін нуклеин қышқылдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кейбір TLR-лар басқа Толл-тәріздес рецепторлармен димер түзеді. Мысалы, TLR4 гомодимер түзеді, TLR2 TLR1 және TLR6 бірігіп гетеродимер түзе алады. Димерлік кешендердің түзілуі олардың арнайылығына әсер етеді. Мысалы, TLR2+TLR6 гетеродимері химиялық табиғаты әртүрлі ПАМҚ көптеген түрлерін анықтайды. Сондықтан мұндай рецептор ЛПҚ, зимозан, липотейхой қышқылы, бактериялар мен бактериалды липополиқанттардың пептидогликандарын тануға мүмкіндік береді. TLR2+TLR1 гетеродимерлері бактреиалды липопротеидтерді және паразиттердің кейбір беткей нәруыздарын таниды. TLR5 мономері бактериялардың талшығының негізгі құрылымдық компоненті - флагеллинді таниды, TLR3 – екіжіпшелі РНҚ таниды, ол РНҚ-лы вирустармен зақымдалғаннан кейін жасуша цитоплазмасында пайда болады. Біржіпшелі РНҚ-лы вирустар TLR8 бен ТLR7-нің мономерлік рецепторлары үшін лиганда бола алады. Мономер TLR9 ДНҚ-ның CpG қатарын таниды және оған қарсы жауапты іске қосады. ДНҚ-ғы CpG қатары микробтық ДНҚ-ға тән және омыртқалылардың ДНҚ-да кездеспейді. 7-ші кестеде адамның TLR және олардың лигандалары көрсетілген.
7-ші кесте. Адамның TLR және олардың лигандалары
TLR
Лигандлар
Аталған TLR көмегімен танылатын қоздырғыштар
TLR 1
Бактериялар мен микобактериялардың триацил липопептидтері
Микобактериялар
TLR 2
Бактериялардың липопротеидтері, пептидогликандар, липотейхой қышқылы, гликолипидтер, бактериалды пориндер, кейбір бактериялардың ЛПҚ, зимозан, вирусты нәруыздар, жылу шок нәруыздары HSP-70*, HMG-B1**
микобактериялар, грам-оң және кейбір грам-теріс бактериялар, трипаносомалар, ашытқылар және басқа саңрауқұлақтар,вирустар (цитомегаловирус, герпес)
TLR 3
Екіжіпшелі вирусты РНҚ
РНҚ-құрамдас вирустар
TLR 4
Бактериялардың ЛПҚ, HMG-В1, кейбір вирусты нәруыздар; HSP-70, HSP-60***
Грам-теріс бактериялар, хламидиялар, кейбір вирустар
TLR 5
Флагеллин
Талшықты бактериялар
TLR 6
Диацилопептидтер, зимозан, липотейхой қышқылы
Микоплазмлар, ашытқылар және басқа саңрауқұлақтар, грам-оң бактериялар
TLR 7
Біржіпшелі РНҚ (вирусты)
Тұмау вирусы, АИВ, везикулярлы стоматит вирусы, гепатит вирусы және басқа ДНҚ-құрамдас вирустар
TLR 8
Біржіпшелі РНҚ (вирусты)
ДНҚ-құрамдас вирустар
TLR 9
CpG-құрамдас ДНҚ **** (вирусты және бактериалды)
Көптеген бактериялар мен вирустар
TLR 10
Лигандалар анықталмаған
TLR2 + TLR1
Бактериялардың липопротеидтері, паразиттердің кейбір беткей нәруыздары
грам-оң бактериялар, кейбір паразиттер (лямблиялар және басқалары)
Көптеген грам-оң және грам-теріс бактериялар, саңрауқұлақтар, соның ішінде ашытқылар, микобактериялар және басқалары
Ескерту: * HSP70 – стрестік әсерге ұшыраған жасушаларға тән жылу шоктың эндогенді нәруызы.
** HMG-В1 – жасуша некрозы кезінде бөлінетін хроматинмен байланысқан нәруыз.
*** HSP60 – зақымдалған эндотелий жасушаларына және Chlamydia pneumonia тән жылу шок нәруызы
**** CpG – құрамында цистеин бар метилденген емес қатардағы азоттық негіздер, одан кейін фосфогуанин орналасқан; мұндай тәртіпте орналасу бактериялар мен вирустарға тән, сүтқоректілерге тән емес.