АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тапсырма. Жүрек ақауларына сәйкес белгілерді бөліңіздер: митральды стеноз (А), митральды қақпақ шамасыздығы (Б)

Прочитайте:
  1. кардиология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. модулі бойынша тесттік тапсырмалар
  3. Тапсырма
  4. Тапсырма
  5. Тапсырма
  6. Тапсырма
  7. Тапсырма
  8. Тапсырма
  9. тапсырма

Жүрек ақауларына сәйкес белгілерді бөліңіздер: митральды стеноз (А), митральды қақпақ шамасыздығы (Б), аорта сағасының стенозы (В), аортальды жеткіліксіздік (Г), үш жармалы қақпақ шамасыздығы (Д).

1. Қарау кезінде беті көгерген.

2. Қарау кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, ұйқы артерияларының пульсациясы күшейген, капиллярлық тамыр соғысы.

3. Қарау кезінде мойын веналарының қатты соғуы.

4. Жүрек ұшы түрткісінің көтерілуі (приподнимающий).

5. Жүрек ұшы түрткісінің солға және төменге қарай ығысуы.

6. Пальпацияда бауырдың ұлғайғанын анықтауға болады.

7. Перкуссияда оң жақ қарынша және оң жақ жүрекше ұлғаяды.

8. Перкуссияда жүрек шекараларының солға және төменге қарай кеңеюі.

9. Перкуссияда жүрек шекараларының оңға және жоғарыға қарай кеңеюі.

10. Жүрек ұшы аймағын тыңдағанда систолалық шу естіледі.

11. Оң жақ төстен 2 қабырғааралықты тыңдағанда систолалық шу естіледі.

12. Аорта үстінде аускультацияда диастолалық шу.

13. Семсер тәрізді өсінді негізінде аускультацияда систолалық шу.

14. Тамыр соғысы көп, тез.

15. Тамыр соғысы аз, сирек.

16. Систолалық артериялық қысым жоғарылаған, диастолалық төмендеген.

 

Ситуациялық есептер

Есеп

Науқас Ш. 52 жаста. Ер кісі ауруханаға ентігуге, күнделікті күштемеден кейін жүрек соғуына, жүректің кейбір кезде сыздап ауырсынуына, оң жақ қабырғастының ауыртпалығына, көбіне кешкі уақыттарда аяқтарының ісінуіне шағымданып келді. 14 жасынан бастап ауырады, бастапқы кезде баспамен ауырғаннан кейін жалпы әлсіздік, дене қызуы, аяқ буындарында ісіну және ауырсыну пайда болған. Жедел ревматикалық қызба деген диагноз қойылған. Түскен кездегі қарауда: жүрек ұшы түрткісі 6 қабырғааралықта пальпацияланады. Оң жақ төстің 2 қабырғааралығында пальпацияда систолалық діріл анықталады. Аускультацияда – 1 және 2 әлсіреген, Боткин нүктесінде және оң жақта 2 қабырғааралықтарында систолалық және диастолалық шуыл естіледі. Күрделі тембрлі біріншілік шуыл мойындырық ойықтан және ұйқы артериясынан жүргізіледі.

1. Науқаста қақпақтық зақымдалудың қандай диагностикалық белгілері? Мына ақаудың гемодинамикасын суреттеңіз (35 сурет).

35 сурет

2. Науқасқа қандай тексерулер жүргізу қажет?

3. Емдеу тәртібін анықтау және жоспарын құру.

 

Есеп

15 жастағы науқасты клиникалық тексеру барысында жүрек ұшы түрткісі солға ығысқан, жүрек шекаралары солға және жоғарыға ығысқан. Аускультацияда – жүрек ұшында 1 тон, систолалық шу әлсірейді, өкпе артериясы үстінде 2 тон акценті. Рентгенографияда жүрек сол бөліктерінің ұлғайғанын, жүрек талиясы тегістелген.

1. Науқаста жүрек ақауының қандай түрі? Диагностикалық белгілерге қатысты жауаптарын негіздеңіз.

2. Ақаулардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

3. Осы ақауға қатысты гемодинамикалық өзгерістерді суреттеңіз (36 сурет).

4. Науқасты тексеру әдістері көрсетіңіз.

36 сурет

3 есеп

Науқас К. Әйел кісі 32 жаста, физикалық күштемеден кейін ентігуге, оң қабырға астында ауыртпалық сезімге, іш көлемінің ұлғаюына, аяқтарының ісінуіне шағымданып келді. Бала

Кезінінде полиартритпен ауырған. Екі жыл бұрын жыбырлы аритмия, сирек байқалатын қан қақыру пайда болған.

Объективті: акроцианоз, «митральды көбелек», мойын көк тамырларының соғысы оң нәтижелі, эпигастральды пульсация. Тынысы қатқыл, өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 22 рет. Тамыр соғысының толықтығы және күштілігі әлсіз, ырғақсыз, минутына 82 рет, тамыр соғысы қалыпты. Жүректің оң жақ шекарасы оң жақ төстің сыртқа қарай 2 см, жоғары шекарасы 2 қабырғааралықта, сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызық бойынша. Жүрек ұшында 1 тон күшейген, перепел ырғағы естіледі, өкпе артериясында 2 тон акценті, жүрек ұшында диастолалық шуыл естіледі. Семсер тәрізді өсіндінің негізінде дем алғанда күшейетін систолалық шуыл естіледі. АҚ 110/90 мм.сын.бағ. Іштің формасы асцитке және бауыр қабырға доғасынан 6 см ұлғаюып шығып тұруына байланысты үлкейген, тығыз, ауырсынады, систолалық тамыр соғысы байқалады, аяқта ісінулер анықталған.

1. Болжамды диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексеру жоспарын құрастырыңыз (37 сурет).

37 сурет

3. Дифференциалды диагностиканы немен жүргізуге болады?

4. Ем тәртібін анықтаңыз.

Есеп

Науқас П. 45 жаста. Дәрігерге келгенде ер кісі бас айналуына, физикалық күш түскеннен кейін жүрек аймағының қысып ауырсынуы, жүрген кезде ентігуге, екі қысқа уақытты талулар байқалды.

Объективті тексергенде бет терісінің бозғылттануы, мойын тамырларының пульсациясы; жүректің сол жақ шекарасы 6 қабырғадан сол жақ емізік сызықтан 2 см сыртқа қарай, оң жағында оң жақ төс жиегі бойынша, жоғарғысы 3 қабырға деңгейінде. Жүрек тондары ырғақты, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, аорта үстінде 2 тон акценті анықталады, сол жерде сол жақ төс жиегінен өтетін диастолалық шу естіледі. Тамыр соғысы минутына 120 рет, биік және жылдам, АҚ 150/60 мм.сын.бағ. Өкпеде тынысы қатқыл дыбысты, ТАЖ минутына 20 рет. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан шықпайды, ісінулер анықталмады.

1. Болжамды диагноз қойыңыз.

2. Қосымша тексерулердің жоспарын құрастырыңыз.

3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

4. Емдеу тәртібін анықтаңыз.

Аорта қақпағының жеткіліксіздігі

38 сурет

 

 

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

v Глоссария құрастыру.

v Ситуациялық есептерді құрастыру.

v Дерттің графологиялық құрылымын құрастыру.

v Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

v Емдеу және диагностика жоспарын құру.

v Өзіндік дайындық картасын толтыру.

v Анатомия курсынан «Жүрек құрылысын» қайталау.

v Ситуациялық есептерді үйлестіріп, құрастыру.

v Мультимедиялық презентациялар құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

 

______________________________________________________________

v 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

 

2.3. РЕВМАТИКАЛЫҚ ЕМЕС ЭНДО-, МИО-, ПЕРИКАРДИТТЕР

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

· эндо-, мио-, перкардиттің белсенді белгілері;

· аурудың клиникалық симптомдары;

· қосымша диагностика әдістері;

· септикалық эндокардиттің, ревматикалық емес мио- және перикардиттің қазіргі заманға сәйкес емдеу әдістері;

· науқасты тасымалдау тәртібі, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері;

· ревматикалық емес эндо-, мио-, перикардиттердің алдын алу мақсаттары.

Студент істей білу керек:

· науқасты субъективті және объективті тексеріс жүргізу;

· қосымша тексеруден алынған мәліметтерді дұрыс талдау;

· болжамды диагноз қою және негіздеу;

· науқасты емдеу жоспарын құрастыру;

· шұғыл көмек көрсете білу;

· шақыру картасын және ауру тарихын толтыру;

· дәрілік заттарды бұлшық етке, көк тамыр ішіне тамшылатып және жылдам енгізу;

· қанды биохимиялық зерттеуге және посев алу, зертханаға материалдарды тасымалдау.

 

Бақылау сұрақтары

1. Миокардитке анықтама беріңіз.

2. Миокардит этиологиясын суреттеңіз.

3. Миокардиттің негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

4. Миокардитті анықтау үшін қандай қосымша тексерулер қажет.

5. Миокардитті негізгі емдеу әдістері.

6. Эндокардиттің негізгі себептері.

7. Эндокардиттің клиникалық көрінісін суреттеңіз.

8. Эндокардитті тексеру әдістері және емдеу мақсаттары.

9. Перикардиттің себептерін атап көрсетіңіз?

10. Перикардиттің негізгі себептерін атаңыз?

11. Перикардитті тексеру әдістері және емдеу мақсаттары.


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 1594 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)