АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Альцгеймер ауруы.

Прочитайте:
  1. G 30 Альцгеймер ауруы
  2. Болезнь Альцгеймера
  3. Вильсон-Коновалов ауруы.
  4. Деменция при болезни Альцгеймера
  5. Сестринский процесс при олигофрении, сенильных и пресенильных психозах. Болезнь Альцгеймера.
  6. Тербеліс ауруы.Жіктелуі.Патогенезі.
  7. Хвороба Альцгеймера

 

Бұл аурудың клиникалық көрінісінде Пик ауруымен ұқсастықтар өте көп. Бұл ауру үшін де үдемелі амнезия және тотальды кем ақылдылық тән. Сонымен қатар белгілі бір айырмашылығы да бар. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңінде жиі жасаурағыш-тітіркенген депрессия, бұл бұзылыстармен қатар үдемелі амнезияға жақын естің жылдам үдемелі нашарлауы бақыланады, көп ұзамай аурудың алғашқы белгiлері пайда болғаннан бастап кеңiстiктегi дезориентировка дамиды. Альцгеймер ауруының ерекшелiгi, науқастарда ұзақ уақыт өз күйлеріне формальды сын көзқарастың сақталуында (Пик ауруымен салыстырғанда). Ауру дамуына қарай ақыл кемдігі де үдй түседі. Мұндай науқастардың тәртiбi мүлдем орынсыз болады, олар өздерінің тұрмыстық дағдыларын жоғалтады, қимыл-қозғалыстарының мүлдем мәні жоқ.

Альцгеймер ауруымен науқастарда сөйлеу бұзылысы, афазия, эпилептиформды ұстамалар, спастикалық контрактуралар ерте пайда болады.

Аурудың екi түрiнде де психикалық бұзылыстар сандырақтық және галлюцинациялық симптаматикамен, және де бұзылған сана эпизодтарымен жүруі мүмкін. Бас миындағы атрофиялық үрдістердің даму дәрежесіне қарай үдемелі психикалық және неврологиялық бұзылыстарға трофикалық бұзылыстар қосылады. Ауру ұзақтығы бiрнеше айдан он жылға дейiн созылуы мүмкiн. Бұл аурудың болжамы қолайсыз болып табылады.

Бас миының атрофиялық үрдістеріне байланысты психикалық аурулар диагностикасы үлкен қиындықтар туғызбайды. Диагностика ОЖЖ органикалық зақымдануларын нұсқайтын мәліметтер болмаған жағдайда үдемелі амнестикалық бұзылыстардың және тотальды ақыл кемдігінің пайда болуына сүйенеді. Бiрақ кейбiр бақылаулар бас миының кейбiр iсiктерi атрофиялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісіне ұқсас көрініс беретінін нұсқады (мыслаы, маңдай бөлiгінің iсiгі).

Кәрiлiк жас кезеңі психоздары ішінен кәрiлiк ақыл кемдігін және кәрілік психоздарын ажыратамыз.

 

Кәрілік ақылкемдігі

Кәрiлiк ақылкемдігі жағдайында, өз атауы айтып тұрғандай тотальды ақыл кемдігіне басты мән беріледі, ол мнестикалық және эмоциональды бұзылыстармен бірге жүреді. Ауру, ереже бойынша, байқалмай басталады. Біртіндеп науқастың психикалық бейнесi өзгередi, тонау, кедейлік және қайыршылық сандырақтық идеялары дамиды. Үдемелі амнезия және конфабуляция тән. Ең алдымен ағымдағы болып жатқан оқиғаларды есте сақтау бұзылады, кейiн келе мнестикалық бұызылыстар науқас өмірінің ерте кезеңдеріне таралады. Науқастар ұмытылған сәттердің орнын жалған естеліктермен – псевдореминисценция және конфабуляциялармен толтырады. Кейбiр науқастарда конфабуляциялардың молдығы сандырақты күйді еске түсіреді. Бiрақ олар тұрақсыздығымен және белгiлi бір тематикасының болмауымен ерекшеленедi. Науқастың эмоциональды көрiнiстерi тез тарылып, өзгеріске ұшырайды, кеңпейiлдi бейғам немесе түнерген-тiтiркенгiш көңiл-күй бақыланады. Жағдайды түсiну қабілеті бұзылысы мен әдеттегi жүріс-тұрыс формасы мен дағдылар арасында диссонанс байқалады, ситуацияны және жағдайды түгел, толықтай дұрыс бағалау мүмкінсіздігі бақыланады. Науқас жүріс-тұрысына пассивтілік және иннерттiлiк (науқас еш нәрсемен айналыса алмайды) немесе бос әбiгершiлдік байқалады (заттарын жинап, бiр жаққа кетуге талпынады). Сын көзқарас жан-жақты бұзылады (ситуацияға, өз жағдайына байланысты). Жиі науқастардың жүріс-тұрысы инстинктерінің тежеусізденуімен көрінеді - тәбеттiң жоғарылауы және сексуальдылық. Сексуальды тежеусіздену қызғаныш идеяларымен, жас ұл- қыздарға қатысты сексуальды азғындатулық әрекеттерімен көрінеді. Кәрiлiк ақылкемдігі көріністерін «тұлғалық деңгейдiң төмендеуi» деген түсiнiктен ажырата бiлу керек, бұл күйде психикалық үрдістер ағымының қарқыны төмендейдi, жаңа ақпарат қабылдау нашарлайды, тұжырымдау, сын көзқарас деңгейi төмендейдi, эмоциональды кедейлену көрiнiстері болады.

Науқас М.К.Л., 72 жаста. Балалық шақта полиомиелитпен ауырған, оң балтыр бұлшық еттерiнiң гипотрофиясы түрiнде қалдық белгілері қалған. Маляриямен ауырған. Институтты аяқтап аспирантураға түскен, одан кейiн кандидаттық диссертация қорғаған. Кейінгі кезеңдердің барлығында ғылыми жұмыспен айналысқан. Үй шаруасына, басқа да тәжірибелік жұмыстарға ешқандай қызығушылық бiлдiрмеген. 3 рет күйеуге шыққан. Бiр рет жатырдан тыс жүктiлiк болған. Жатыр және аналық безiнiң экстирпациясы бойынша операция өткiзілген.

Шамамен 64 жасынан бастап бас аурулары, жүрек тұсының ауыруы, жоғары артериальды қысым мазалай бастаған. Біртіндеп мiнезінің кейбiр тұстары өткірлене түскен, сараңдық, артынан кезеңмен зиян шегу идеялары пайда болған. Есте сақтау қабілеті нашарлап, күнделiктi оқиғаларды ұмытатын болған, бiр нәрсенi бiрнеше рет қайталап сұрайтын болған. Үйде барлық заттарды тығып, оны бiраз уақыттан соң ұмытып кетiп, жолдасының туысқандары ұрлап кеттi деп ойлаған. Соңғы кезде қалада адасып кетiп, үйiне жол таба алмайтын дәрежеге жеткен. Айналасына немқұрайдылық, эгоизм дамыған. Үйiнде болмашы нәрсеге айқай-шу шығаратын болған. Жолдасының өлiмiнен кейiн тiптi қорғансыз күйге түскен, өзiн-өзi қамтамасыз ете алмай, үйiне ешкiмдi кiргiзбейтiн болған, үйiн тонап кетедi деп қорыққан. Өгей қызына қатысты қатынас және зиян келтіру идеяларын айтатын болған. Жады бұзылысы арта түскен, үрейшіл, мазасыз күйге түскен, конфабуляциялар пайда болған. Ауруханаға жатқызылған.

Психикалық күйi: түскен кезде айды, күндi, жыл мезгiлiн айта алмаған. Өзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. өзіндік тұлғасына бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып өз туған жылын атады. Асқазан бұзылысына, капуста жегеннен кейінгі іш өтулерге шағымданады;.осының нәтижесiнде құрметтi адамдармен саяхатқа шыға алмайтын болдым деп өкiнедi. Саяхатқа арнайы дайындаған түйiндегі көйлегінің жоғалып кеткендігін айтады. Күйеуiнiң жақындарына қатысты зиян келтіру идеяларын айтады. Жолдасының қайтыс болған күнін айта алмайды: 20 жыл бұрын немесе өткен жылы қайтыс болды дейдi. Өзге аурулар күтіміне қатысуға ұсыныс жасайды.

Бөлiмшеде науқас көңiл - күйiнде бейғамдық басым. Сенгiш, аспонтанды. Үнемі аяқ киімін буып қойған түйiншегiн өзімен алып жүреді, нан, қағаз, әр нәрсе оралған түйiншектерiн iш киiмiнiң астына тығып қояды. Жиі тұрақсыз сипаттағы зиянкестік идеяларын айтып отырады, осы кезде жылайды, өзiнiң етігiн, пальтосын, «баға жетпес» кiтаптарын қайтаруды сұрайды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық күйі бақыланады, олар үреймен және өнімділігі төмен конфабуляциялармен қатар жүреді. Осы кезде науқас күйеуiн өлтiрiп кеттi деген күдiк айтады. Дәрiгерлерден үкiметтiң шақыруы бойынша кемемен қашан саяхатқа шығамыз деп сұрайды.

Сандырақтық және галлюцинаторлы жағдайлар. Сандырақтық және галлюцинацинаторлы жағдайлар түрiндегі психикалық бұзылыстар ақылкемдігі тәрізді кәрілік психоздары кезiнде жиi кездеседi. Кәрілік психозының мұндай формасы науқастарда айқын ақыл кемдігі болмаған жағдайда бақыланады. Бұл кезде депрессивтi жағдай түрiндегі эмоциональды бұзылыстар кездесуi мүмкiн. Науқастар соңына түсу, кiнәлiлiк, тақырға отыру және ипохондриялық сандырақ идеяларын айады. Сандырақтық күйзелістер нақты ситуациялармен байланысты. Сандырақ мазмұнында шынайы жағдайлардың жеке фактiлерi көрініс береді. Сонымен бiрге науқастарда галлюцинаторлы симптоматика бақыланады. Жиі көру және тактильдi галлюцинациялар кездеседi. Өзiнiң мазмұны жағынан олар сандырақтық идеялармен байланысты. Эпизодты түрде мол конфабуляциялармен ұштасатын бұзылған сана жағдайлары пайда болады.

Кәрілік кезеңдегі сандырақтық психоздардың толқын тәрiздi ағымда жүру мүмкіндігі бақыланған. Бұл жағдайлар бiрнеше рет қайталануы мүмкін. Олардың арасында әртүрлi ұзақтықтағы ашық аралықтар болады.

Кәрілік кезеңдегі психоздардың дифференциальды диагностикасы екi бағытта жүргiзiледi: кәрілік жас кезеңінде болуы мүмкін психикалық аурулардан (МДП, шизофрения, органикалық және т.б.), және пресенильді психоздардан ажырату керек. Бiрiншi топ психоздарынан ажырату кезiнде бұл психоздардың алда аталып кеткен диагностикалық сипатын ескеру керек. Кәрi ақылкемдігін атрофиялық психоздардан ажырату кезінде келесілерді ескеру қажет: кәрiлiк ақылкемдігінің клиникалық көрiнiсiнің ерекшеліктерін, неврологиялық симптоматикалардың жоқтығын және дерттің басталуы кезіндегі науқас жасын. Кәрiлiк функциональды психоздары аурудың басталу мезгiлiндегі айырмашылықтарынан басқа, эпизодтылықпен және сандырақтық бұзылыстар кезеңіндегі сана өзгерісімен де ерекшеленеді.

 

Кәрілік алды және кәрiлiк жас кезеңіндегі психоздар


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2407 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)