АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Этиология, патогенез

Прочитайте:
  1. II. ПАТОГЕНЕЗ
  2. IX. ЭТИОЛОГИЯ И ПАТОГЕНЕЗ.
  3. V.Этиология и патогенез.
  4. XII. Этиология и патогенез
  5. Адаптація і компенсація в патогенезі.
  6. Алкоголизм этиологиясы мен патогенезі
  7. Аллергия. Виды, общая этиология и патогенез. Методы десенсибилизации организма.
  8. Альтернирующие синдромы – примеры, этиология, клиническая симптоматика.
  9. Амебиаз Патогенез и патологоанатомическая картина.
  10. Амебиаз. Этиология, эпидемиология, патогенез и патанатомия.

Атеросклероздық және гипертониялық психоздардың, церебральды-қантамырлық генезді психопатологиялық бұзылыстардың да этиологиясы мен патогенезі жеткілікті зерттелмеген. Әлi күнге дейiн неге кейбiр жағдайларда психикалық бұзылыстар дамиды, ал екінші бір жағдайларда дамымайтыны анықталған жоқ.

Ұқсас ми аурулары кезіндегі психикалық бұзылыстардың клинико-морфологиялық, биохимиялық зерттеулері және анализiнде тура корреляция анықталмайды.

Әртүрлi психикалық бұзылыстар кезіндегі себеп-салдарлық байланыстар күрделі және көпқырлы. Соның iшiнде ең көп мән церебральды-қантамырлық үрдістің үнемі серігі дисциркуляторлы бұзылыстар мен гипоксиялық факторларға берiледi. Сонымен бiрге қантамырлар өткiзгiштiгiнің жоғарылауына және су алмасуының бұзылуына байланысты пайда болған ми ісінуі кейбір психотикалық бұзылыстардың, әртүрлі көріністегі сана бұзылыстарының дамуына маңызды себеп болып табылады. Қантамырлық генездi психотикалық көрiнiстердің дамуында патологиялық негіздің, соның iшiнде патологиялық тұқымқуалаушылық, преморбидтi жағдай ерекшеліктері, жасына байланысты науқас реактивтiлiгiнiң өзгеруi және әртүрлі экзогениялар мен психогениялардың да мәні жоғары.

Бас миының қантамырлық аурулары кезінде ақыл кемдігінің пайда болуында мидағы деструктивтi үрдістердің маңызы зор. Продуктивтi психикалық бұзылыстарсыз ақыл кемдігінің дамуында қантамырлық үрдістің баяу қарқыны да маңызды рөл ойнайды.

Бас миының қантамырлық аурулары кезіндегі психикалық бұзылыстардың патоморфологиялық суреттемесiн бағалағанда оны гипоксиялық энцефалопатия ретінде квалификациялауға болады.

Емі және сараптамасы

Қантамырлық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды емдегенде ең алдымен негізгі патологиялық қантамырлық үрдіске әсер ету қажет. Қантамырлар спазмы мен ми гипоксиясын жойғаннан кейін бас миының қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға және қалыптастыруға бағытталған терапиялық әсерлер кешенін жүргізу ұсынылады.

Нейротропты спазматикалық әсерді вегетативтi реттеудің әртүрлі звеносына әсер ететін заттар көрсетеді. Бұл препарат тобына холинолитикалық (атропин, белладона, метамизил және т.б.), антиадренолитикалық препараттар (пироксан, анаприлин және т.б.), ганглиоблокаторлар (пентамин, диколин, изоприн және т.б.) жатады. Спазмолитикалық әсерi бар препараттарға – транквилизаторлар (седуксен, грандаксин, элениум және т.б.), ұйықтататын препараттар (эуноктин және т.б.), нейролептиктер (френолон, галоперидол және т.б.) жатады.

Милық және коронарлы артериялардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартатын препараттарға танымал спазмолитикалық және коронарлы қантамырларды кеңейтетiн препараттар ы (но-шпа, компламин, дибазол, курантил, стугерон және т.б.) жатады. Гиполипемиялық препараттарды (мисклерон, никотин қышкылы және т.б.) қолданған дұрыс. Витаминдер кешенін (Е, РР, А, В, В6, В12, В15) және олардың комбинацияларын (ундевит, пангексавит және т.б.) кеңінен қолдану қажет. Гармональдық препараттар және аноболикалық стероидтар қолданылады (нерабол, ретаболил). Гипоксияға қарсы күреске бағытта поли - және реополиглюкин, кокарбоксилаза, АТФ және т.б. препараттар қолданады.

Қанмен қамтамасыз етілуді және оксигенацияны жақсартатын препараттарды қолданудың да мәні бар (гипербариялық оксигенация).

Сандырақ кезiнде доминирлеуші психопатологиялық синдромдарға байланысты нейролептиктер, депресия кезінде – трансквилизаторлармен (седуксен, реланиум және т.б.) бірге антидепрессанттар қолданылады.

Дәрiлік терапия жүргізгенде, әсiресе нейролептиктермен, науқастың жалпы жағдайын, қантамырлық жүйесінің күйін ескеру қажет, аталған препараттардың дозасын ұқыпты таңдап, минимальды мөлшерлерден бастап, өзге психоздарды емдеу кезіндегідей орташа терапиялық дозаға дейін жеткізбеген абзал.

Психотерапиялық емдеу әдісі (әсіресе рациональды психотерапия) және еңбек терапиясы ерекше зейінді қажет етеді.

Қантамырлық аурулардың бастапқы сатысының психикалық бұзылыстары ғана бақыланғанда науқастар еңбекке қабiлетiн жоғалтпайды, өз мамандығы бойынша жеңілдеу жағдайда жұмысын жалғастыра алады, мұндай жағдайда оларға 3 топ мүгедектiктiгі тағайындалады.

Айқын ақыл кемдігі және қантамырлық психоздар орын алғанда еңбекке қабiлеттiлiк толық және тұрақты жоғалады.

Сот-психотерапиялық сараптама өткізгенде науқастардың қабiлеттiлiгiн бағалау келесідей: науқастар психоз және деменция жағдайында қабiлетсiз, психотикалық емес және айқын деменция белгілері болмаған жағдайда қабілеттілік күйі индивидуальды ретте шешіледі.

Тарау.

МИ IСIКТЕРI КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Жоғарыда сипатталған мидың органикалық зақымдануларынан кейінгі кезекте кең таралғаны ми iсіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар, Гентингтон хореясы және Паркинсон ауруы болып табылады.

Ми iсiктерi кезіндегі психикалық бұзылыстар көптеген факторларға тәуелді: iсiк сипаты, оның өсу жылдамдығына және орналасуына, жастық және конституциональды – генетикалық бейімділікке.

Ми iсiктерi кезіндегі психопатологиялық синдромдардың сырттай айқындылығы, олардың өткірлігі кейде ми ісігімен науқастардың психиатриялық ауруханаларға әртүрлi психоздар диагнозымен түсулеріне әкелiп соқтырады.

Ми ісiктері кезіндегi психикалық бұзылыстар жиі сана өзгерісімен сипатталады, ол обнибуляциядан есеңгіреу мен сопор жағдайына дейін болады. Осыған байланысты зейін белсенділігі, зейінді жинақтау және есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қарқыны баяулайды. Науқастар инициативасыз, болбыр әлсiз, астенизацияланған, апатиялы, болып жатқан жағдайларға немқұрайлы. Күшті бас ауырулары болуы мүмкін. Осы психикалық бұзылыстар бірқатар неврологиялық синдромдармен бірге жүреді: агнозиялық, апраксиялық, эпилептиформды және т.б.

Ми iсiктерi кезінде клиникалық психопатологиялық көрiнiстер жиі кездеседі, және олардың кейбiрi ісік ауруларына аса тән және диагностикалық маңызы бар, себебі олар ісіктік үрдіс диагнозын қою және топикасын анықтау үшін қосымша симптомдар болып табылады. Иіс, дәм сезу, көру және есту галлюцинациялары iсiктiң самай бөлiгiнде орналасуында байқалады; амнестикалық бұзылыстармен апатико-абулиялық синдром маңдай бөлiгiне тараған iсiктерге тән және т.с.с.

Ми iсiктерi кезінде психоздар сирек кездеседi, жиі олар эпизодты, қысқа уақытты және делириозды, аментивті немесе қарауытқан түрде сана күңгірттенуімен жүреді, кейде галлюцинаторлы-параноидты синдром дамиды. Жиі ағымы үдемелі амнестикалық және эпилептиформды синдромдар да бақыланады.

Ми iсiктерi кезіндегi психопатологиялық бұзылыстар патологиялық үрдіске (ісіктік) жауап ретіндегі жалпы милық реакция болып табылады және мидағы ісіктік үрдіске арнайы болып табылмайтын сана бұзылуларымен және басқа да синдромдармен көрінеді.

Ісiктерді ерте даму сатысында диагностикалау қиын және операцияға көрсеткіші жоғары. Психикалық бұзылыс ерте дамыған ми iсiгiмен сырқат науқастардың тең жартысы дерлік психиатриялық ауруханаларға түседі. Жиі ми iсiктерiнiң орнына ми қантамыр аурулары, сирек – мидың атрофиялық үрдістері диагнозы қойылады. Әсiресе кәрiлiк кезеңде диагноз қою қиын, себебі бұл жаста жалпымилық бұзылыстар және бас сүйек ішілік қысым жоғарылауы синдромдары айқын көрінбейді. Осындай жағдайларда симптоматиканың өсу қарқыны, соның ішінде неврологиялық бұзылыстармен бірге жүретін психотикалық симптомдардың өсу қарқыны ерекше маңызға ие болады, көз түбін зерттеу (іркіліс, көру алаңы өзгерген) және лабораториялық мәліметтері (жұлын сұйықтығын зерттеу, электроэнцефалография, бас сүйегiнiң ренгенографиясы, ангиография, пневмоэнцефалография, компьютерлiк томография) маңызды орын алады.

Ми iсiктерiнiң емi хирургиялық жолмен жүргізіледі. Симптоматикалық терапиясына дегидратациялық ем жатады. Бас миының басқа органикалық аурулары кезіндегі психоздардың емі тәрізді психикалық бұзылыстар транквилизаторлар және нейролептиктердің төмен дозасымен басылады.

Ми ісiктері кезіндегі психикалық бұзылыстардың болжамы iсiк үрдісінің болжамына толықтай тәуелді. Ми iсiгi алынуға келмейтін жағдайда болжам нашар.

Еңбектік сараптама жүргізгенде психикалық бұзылыстары айқын көрінетін науқастар еңбекке қабілеттілігі толық жойылған деп танылады. Осы жағдайларда ми iсiгiмен науқастар қабiлетсiз болып табылады. Сот-психиатриялық сараптама шешімі психикалық және неврологиялық бұзылыстардың айқындылық дәрежесіне байланысты болып табылады.

V Тармақ

ЭНДОГЕНДI ЖӘНЕ ЭНДОГЕНДI–ОРГАНИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР

Бұл топқа бізде бар мәліметтер психика бұзылысына алып келетін ағзадағы iшкi үрдістер патологиясын дәлелдеп тұрғанымен себебі әлі күнге дейін анықталмаған аурулар жатады. Бұл аурулар клиникалық көрiнiсi жағынан бiртекті. Олардың әрқайсысына тән клиникалық көріністерi болады. Сонымен қатар эндогендi аурулар осы аурулармен тұқым қуалау бейiмділігі бар адамдарда жиi кездеседi. Эндогендi аурулардың пайда болу қаупінің туыстық дәрежесіне байланыстылығы да анықталған. Эндогендi – органикалық аурулардың тұкымқуалаушылыққа бейімділігі толық анықталмаған. Бұл аурулар кәрiлiк және кәрілік алды кезеңде жиi кездеседi.

24 Тарау .


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1416 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)