АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Пик ауруы
Бұл ауру үдемелі амнезия, тотальды ақыл кемдігінің дамуымен сипатталады. Оның бастапқы даму сатыларында тұлғаның айқын өзгерістері байқалады, ол аспонтандылықпен және псевдопаралитикалық ауытқумен сипатталады. Аспонтандылық немқұрайдылықпен, бейғамдықпен, апатиямен көрінеді. Науқастар өздері бастап ештеңе жасамайды, ал бірақ ынталандырушы стимул болған жағдайда күрделі істерді де атқарады. Кейде бұл жағдай псевдопаралитикалық сипат алып, әуестіктер тежеусізденуі элементтерімен бейғам-эйфориялы көңіл-күймен көрініс береді. Науқастар өткен күн оқиғаларын, ағымдағы болып жатқан жайттарды естерінде сақтамайды, әдеттегіден тыс жағдайларда таныс адамдарын кездестіргенде танымай қалады. Науқас өз жағдайына сын көзбен қарамайды, бірақ өзінің дәрменсіздігіне көзі жеткенде күйінеді, реніш танытады. Бірақ мұндай реакция қысқа уақытты. Әдетте науқастар біркелкі, бейғам көңіл-күймен жүреді. Ойлаудың дөрекі бұзылыстары байқалады. Науқастар өз сөздеріндегі айқын қайшылықтарды байқамайды. Мысалы, науқастар өздерінің дәрменсіздігіне қарамастан әртүрлі жоспарлар құрады. Оқиғалардың мағыналық мәнін түсінбейді. Ойлаудың бұл дөрекі бұзылыстары психологиялық зерттеулерде жеңіл анықталады. Науқастар сюжетті көріністердің мәнін суреттеуге қабілетсіз және тек жеке компоненттерін атап шығады. Пик ауруымен науқастарға тұрақты симптомдар тән – науқас бір сөз айалымдарын қайталай береді. Аурудың даму дәрежесіне байланысты неврологиялық бұзылыстар да пайда болады: агнозия, сөйлеу бұзылысы, апраксия жән т.б.
Науқас С., 54 жаста. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесі аздап тұйықтау, әңгімеге үйір емес. Анасы үрейшіл, жанұя мүшелерінің денсаулығы үшін себепсіз мазасызданатын.
Науқас бала кезінде инфекциялық аурулармен ешбір асқынуларсыз ауырған. Дамуы жағынан құрдастарынан артта қалмаған. Өзі мінезі бойынша ашық емес, эгоист. Мектепте үздік оқыған. 9 –шы сыныптан кейін ФЗУ аяқтаған. Біраз уақыт кітапханашы болып жұмыс істеген, жолдамамен педагогикалық училещеге түскен. Бастауыш мектептерде мұғалім болып істеген. 21 жасында тұрмыс құрып, бір баласы бар. 49 жасында есте сақтау қабілетінің бұзылысы байқалады. Сабақ беру кезінде сасқалақтап, оқушыларының есімін ұмыта берген. Көп жыл бірге істеген қызметтестерінің де есімін шатастырған. Қоршаған ортаға немқұрайдылық арта түскен. Үйде барлық заттарын тығып, жасырып, біраз уақыт өткен соң оларды қайда тыққанын ұмытып, жақындарын ұрлыққа кінәлаған. Жолдасының қатты науқастануына байланысты жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Науқас жолдасының ауыр дертті күйін түсінбеген. Үйде майда-шүйдеге айқай шу шығарған, өзіне назар аудартқысы келген. Бұрынғысынша ақша, құжаттарды кітап, кілем арасына тығуды жалғастырған, есте сақтау қабілетінің төмендеуі өршіп, электроқұрылғылар, газды өшіруді ұмытып кететін болған. Көшеде бағдарлап жүре алмай, өзін-өзі күте алмаған. Психиатриялық ауруханаға жатқызылған.
Психикалық күйі: түскен кезде қай жыл, қай ай, қай күн екенін, қандай жыл мезгілі екенін айта алмады. Өзін «С.П. Боткин атындағы ауруханада» жатырмын деп есептейді. өзіндік тұлғасына бағдары аздап дұрыс. Көп ойланып өз туған жылын атады. «Асқазан бұзылысына» шағымданады. Ауру себебін көршілері заттарын иемдену үшін тамағына улы зат қосқаннан болды деп есептейді. Көңіл-күйі бейғам сипатта. Естің айқын бұзылысы байқалады. Сенгіш, аспонтанды. Жолға жиналу талпыныстарымен мазасыздық күйі бақыланады, олар үреймен және өнімділігі төмен конфабуляциялармен қатар жүреді. Осы сәтте жолдасын өлтіріп кетті деген сескеністі мәлімдейді. Дәрігерлерден шығу мерзімін нақтылап сұрайды. Өнімсіз іскерлік танытады: қағаздарын қалтасына жинайды, заттарын түйіндеп байлап, тумбочкадан алып, жастық астына тығып, сосын керісінше жасайды.
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2760 | Нарушение авторских прав
|