Максимально 100 баллов
№
| Навык
| Балл
| 1.
| Эффективная самопрезентация
|
| 2.
| Открытая поза, демонстрация на невербальном уровне дружеского настроя
|
| 3.
| Соблюдение темпа беседы, внимательное восприятие
|
| 4.
| Уверенность
|
| 5.
| Осознанное восприятие
|
| 6.
| Умение видеть проблему с точки зрения собеседника (пациента)
|
|
| Формирование способов убеждения
|
| 8.
| Ведение групповой дискуссии, дебатов
|
| 9.
| Оперирование терминами на латинском языке в профессиональной сфере (понимание и высказывание на латинском языке специальных понятий, терминов)
|
| 10.
| Обратная связь
|
|
| Итого:
|
|
СӨЖ (максималды 100 балл) бағалау парағы
Дәстүрлі баға
| Критериясы
| Балл
| «5»
| СӨЖ ның барлық талаптарды толық орындаған
| 90-100 б.
| «4»
| СӨЖ орындағанда аздаған қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған
| 75-89 б.
| «3»
| СӨЖ орындағанда біршама қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған
| 50-74 б.
| «2»
| СӨЖ орындағанда маңызды қателер жіберілген тапсырма орындалмаған, СӨЖ ның критериясына сәйкес емес
| 0 – 49 б.
|
I=R x 0,6 + E x 0,4, осында
I – қорытынды баға
R – жіберу рейтинг бағасы (60%)
Е – қорытынды тексеру бағасы (пән бойынша емтихан) – 40%
R= (t+r)/2, осында
t – ағымды бақылау
r – аралық бақылау
t – ПРорташа + СРСПорташа + СРСорташа
ПРорташа – практикалық сабақтың орташа бағасы
СОӨЖ орташа – СОӨЖ ның орташа бағасы
СӨЖ орташа – СӨЖ ның орташа бағасы
Студент емтиханға жіберіледі, егер жіберілу R 50 баллға тең немесе жоғары болса.
Пәннің балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалау
Әріп жүйесі бойынша баға
| Сандық
эквивалент
| Проценттік бағалау
| Дәстүрлі жүйе бойынша
баға
| А
| 4,0
| 95-100
|
ҮЗДІК
| А-
| 3,67
| 90-94
| В+
| 3,33
| 85-89
|
ЖАҚСЫ
| В
| 3,0
| 80-84
| В-
| 2,67
| 75-79
| С+
| 2,33
| 70-74
| ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
| С
| 2,0
| 65-69
| С-
| 1,67
| 60-64
| D+
| 1,33
| 55-59
| D
| 1,0
| 50-54
| F
|
| 0-49
| ҚАНАҒАТТАНҒЫСЫЗ
| Емтихан – 1 кезең 50 тесттік сұрақ 2 баллдан
2 кезең: практикалық дағды: рецепт жазып оны талдау, бірреттік мөлшерін есептеу, рецептті түзету, синонимдері, өзара әсерлесу
Ескерту: студент семестрде максималды баллды жинақтау барысында барлық баллы 50% төмен болмаған жағыдайда қорытынды (емтиханға) жіберіледі
26.08.2006 ж. 5.03.06-2006 ҚР МЖБС негізінде білімді бағалау критерийлері «Қазақстан республикасындағы білім жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау»
1. Білім, білу, дағдылар және компетенциялар, бақылаудың барлық түрлері бойынша оқылатын, онда баға пропорциональды қатынастан тұратын бальды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықталады.
2. «Үздік» бағасы А бағасына, сандық эквивалент 4,0 және пайыздық құрамы 95-100% және А-, сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық құрамы 90-94% сәйкес келеді.
Аталған баға, егер оқушы бағдарламалық материалды меңгергенін көрсетсе және ешқандай қате жібермесе, бақылауларды және лабораторлық жұмыстарды дұрыс орындаса және олар бойынша есепті тапсырса, бұл кезде ерекше ойлауды көрсетсе, өз уақытында және ешқандай қатесіз қорытынды сабақты және үй тапсырмасын тапсырса, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқығанда өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетінше бағдарламалық материалды жүйелі жинақтай білгенде қойылады.
3. «Жақсы» бағасы В+, сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық құрамы 85-89 % сәйкес келеді; В сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық құрамы 80-84% және В -, сандық эквивалент 2,67 және пайыздық құрамы 75-79% сәйкес келеді.
Бағдарламалық материалды студент 75% кем емес және жауап беру кезінде дөрекі қателер жібермеген жағдайда, лабораторлық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындағанда және оларды ескертусіз тапсырған кезде, дұрыс орындағанда және қорытынды сабақты және үй тапсырмасын уақытында, ескертусіз тапсырғанда, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиетті қолданғанда, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқанда, студенттің өзімен түзетілген аздаған нақты емес және біршама қателер жібергенде, бағдарламалық материалды оқытушының көмегімен жүйеге келтіргенде.
4. «Қанағаттанарлық» С+ бағаға сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%; С, сандық эквивалент 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%; С-, сандық эквивалент 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%; Д+, сандық эквивалент 1,33 және пайыздық құрамы 55-59%; және Д, сандық эквивалент 1,0 және пайыздық құрамы 50-54% сәйкес келеді.
Аталған баға, егер студент оқу материалын 50% кем емес меңгергенде, бақылау жұмысын орындағанда, үй тапсырмасын оқытушының көмегіне сүйене отырып орындағанда, қорытынды сабақ тапсыру кезінде біршама қателер жіберген кезде, зерттеу жұмысында белсенділік көрсетпегенде, оқытушы нұсқаған оқу әдебиетімен ғана шектелгенде, материалды жүйелендіру кезінде үлкен қиыншылқтарды сезінген кезде қойылады.
5. «Қанағаттанарлық емес» бағасы F, сандық эквиваленті 0 және пайыздық құрамы 0-49% сәйкес келеді.
Аталған баға, егер студент бағдарламма бойынша негізгі материалда білмеген жағдайда, бағдарламаның жартысынан көбін меңгермегенде, жауаптарында қателеді көп жібергенде, аралық және қорытынды бақылау қалпында қарастырылған бөлек тапсырмаларды орындамағанда, бағдарлама бойынша қарастырылған негізгі әдебиетпен жұмыс жасамаған кезде қойылады.
МАМАНДЫҚ: ФАРМАЦИЯ
КАФЕДРА: ФАРМАКОЛОГИЯ
1.3.ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
3 КУРС
ПӘН: Фармакология
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Кафедраның ПОҚ
2013 ж.
Кафедра мәжілісінде бекітілген
№ _________хаттама “____” ____________2013ж.
Бекітілген
каф. мең., профессор Г.М.Пичхадзе
Кредит № 1
№1 Дәріс
1. Тақырыбы: «Фармакология ғылыми пән және оқыту құралы ретінде. Фармакологияның фармация және медициналық-биологиялық пәндермен байланысы. Даму тарихы, жетістіктері мен болашағы»
2. Мақсаты: дәрігерлерді дайындаудың жалпы жүйесінде фармакологияның маңызы мен алатын орнын, сонымен қатар оның даму тарихын, жетістіктері мен болашағын анықтау. Әртүрлі аурулар кезінде препараттарға рационалды таңдау жүргізу үшін дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтары туралы ақпаратты студенттердің меңгеруі.
3. Дәрістің тезисі:
Фармакология - (pharmaсon – дәрі, белсенді бастама және logos – сөз, оқу) тірі ағзаларда дәрілік зат ретінде қолданылатын химиялық қосылыстардың өзара әсерлесуі және жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестіру туралы ғылым.
Фармакологияның 2 даму кезеңі:
1. Эмпирикалық - ерте уақыттан XVIII ғасырға дейін;
2. Ғылыми-эксперименталды –XVIII ғасырдың соңынан осы уақытқа дейінгі кезең.
Жаңа дәрілік заттарды іздеудің жаңа бағыттары:
1. Препараттарды химиялық синтездеу:
А. Эмпирикалық жол; 1) кездейсоқ табу; 2) «скриннинг»;
Б. Бағытталған синтез, 1) биогенді заттарды шығару, 2) антиметаболиттер алу, 3) биологиялық белсенділігі белгілі қосындыларды модификациялау, 4) ағзада заттардың химиялық өзгеріске ұшырауына негізделген синтез;
В. Квантты-механикалық жолмен есептеу көмегімен жаңа дәрілік заттарды компьютерлік моделдеу.
2. Дәрілік заттарды өсімдік шикізаттарынан алу және индивидуалды заттарды бөліп алу: 1) жануар тектес, 2) өсімдік тектес, 3) минералдардан.
3. Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің тіршілік өнімдері болып табылатын өнімдерден дәрілік заттарды бөліп алу.
4. Биотехнология (жасушалық және гендік инженерия).
4. Көрнекі материалдары: мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1.Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – 4 – б.
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- 12-25 б.
Қосымша:
Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1206 б.
Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.
Мирошниченко И.И. Основы фармакокинетики. – М.: ГЭОТАР. –Мед. 2002. –192 б.
Каркищенко Н.Н., Хоронько В.В., Сергеева С.А., Каркищенко В.Н. Фармакокинетика.-Ростов-на-Дону: Феникс, 2001. –384 б.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Фармакология мазмұны
2. Фармакологияның негізгі міндеттері
3. Фармакологияның даму сатылары
4. Фармакология қандай ғылымдармен байланысты?
5. Жаңа дәрілік заттарды іздеудің негізгі бағыттары
№2 дәріс
1.Тақырыбы: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы және фармакодинамикасы»
2.Мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайларда препараттарды тиімді таңдау үшін студенттермен дәрілік заттардың фармакодинамикасының және фармакокинетикасының ерекшелігін меңгеру
3.Дәрістің тезисі:
Жалпы фармакология екі бөлімнен тұрады: фармакокинетика және фармакодинамика.
Фармакокинетика дәрілік заттардың енгізілу жолдары, сіңуі, ағзада таралуы, метаболизмі және шығуы жөнінде фармакологияның бөлімі.
Фармакодинамика дәрілік заттардың биологиялық әсері, олардың әсер ету орны және механизмі жөнінде фармакологияның бөлімі:
Дәрілік заттарды енгізу жолдары: 1. Энтеральды – АІЖ арқылы: пероральды (per OSS), сублингвальды (тіл астына), ұртқа (трансбуккальды), тік ішекке (per rectym), 12 елі ішекке (per duodenum); 2. Парентеральды – АІЖ – тыс: А) егу (инъекциялық), Б) инъекциялық емес: теріге және шырышты қабатқа жағу, тыныс жолына бүрку, электрофорез т.с.
Сіңудің негізгі механизмі: а)жәй диффузия: пассивті диффузия, сүзілу; б) жеңілдетілген диффузия, в) белсенді тасымалдау, г) пиноцитоз.
Дәрілік заттар 2 жолмен өзгеріске ұшырайды: метаболикалық трансформация және конъюгация.
Негізгі шығу жолы (экскреция) – несеппен және өтпен (нәжіспен).
Дәрілік заттар үшін нысаналар – рецепторлар, иондық каналдар, ферменттер, тасымалдаушы жүйелер, гендер.
Ішкі белсенділігінің айқындығына байланысты дәрілік заттар бөлінеді: агонисттер, антагонисттер және агонисттер-антагонисттер.
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және жанама; жалпы және таңдамалы; негізгі және жағымсыз; қайтымды және қайтымсыз; емдік және уытты әсерлер және т.б.
Фармакокинетика және фармакодинамикаға әсер ететін факторлар:
дәрілік заттардың қасиетімен және олардың қолданылу ерекшеліктерімен негізделген факторлар;
ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен және функционалдық жағдайымен (негізделген ішкі факторлар) факторлар
сыртқы ортаның әсер етуінен болатын факторлар.
Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде келесі құбылыстар дамиды: кумуляция (материалдық, функционалдық), сенсибилизация, бейімделу, құштарлық, дәріге тәуелділік (психикалық, физикалық).
Жұптастырып қолданғанда дамиды: дәрілік заттардың фармакологиялық және фармацевтикалық әрекеттесуі.
Қажетсіз әсерлері: жанама әсерлері: аллергиялық емес және аллергиялық: уытты әсер, арнайы және уытты әсерлері (эмбриотоксикалық, фетотоксикалық, мутагендік, тератогендік және канцерогендік әсер); генетикалық ерекшеліктеріне байланысты (идиосинкразия және т.б.).
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5.Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7-31.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1206 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
3. Филимонова А.А., Зиганшин А.У., Зиганшина Л.Е. Особенности метаболизма разных лекарственных средств с участием изоферментов цитохрома Р-450. Обзор лит-ры. Эксп. и клин. фармакология. 2007, №3, Б. 69-77.
4. Кржечковская В.В., Вахтангишвилли Р.Ш. Фармакодинамика, фармакокинетика с основами общей фармакологии. Ростов-на Дону, 2007, 160 б.
5. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
6. Пирузян А.Л. Фармакогеномика: путь к индивидуализированной терапии. Обзор лит-ры. Эксп. и клин. фармакология. 2005, №5. -Б. 59-67
7. Справочник практического врача.// Под ред. А.И.Воробьева. Изд. 9-е. –Москва «Оникс 21 век», «Мир и образование». -2003
8. Мирошниченко И.И. Основы фармакокинетики. – М.: ГЭОТАР. –Мед. 2002. –192 с.
9. Каркищенко Н.Н., Хоронько В.В., Сергеева С.А., Каркищенко В.Н. Фармакокинетика.-Ростов-на-Дону: Феникс, 2001. –384 б.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Дәрілік заттардың енгізу жолдары.
2. Негізгі әсер механизмдері, таралуы, метаболизм және дәрілік заттардың шығарылуы.
3. Дәрілі заттардың әселері.
4. Дәрілік заттарға әсер ететін факторлар. Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Фармакокинетика үрдісін математикалық моделдеу.
5. Дәрілік заттардың әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және тікелей емес; жалпы және таңдамалы; негізгі және жанама; қайтымды және қайтымсыз, емдік және уытты.
6. Жұптастырып қолданған дәрілік заттардың әсері. Дәрілік заттардың фармакологиялық және фармацевтикалық өзара әсерлері.
7. Дәрілік заттардың жағымсыз әсер ету түрлері.
№3 дәріс
1. Тақырыбы: «Дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері»
2. Мақсаты: студенттерде дәрілік заттармен улануды емдеудің жалпы принциптері түсініктерін қалыптастыру
3. Дәріс тезистері:
Улану – бұл адам ағзасына химиялық заттардың уытты мөлшерінің түсуі нәтижесінде (соның ішінде дәрілік заттардың) адам өміріне қауіпті патологиялық үрдістің дамуы.
Улану көріністеріне байланысты науқасқа сәйкес шаралар жүргізіледі. Жеңіл және жеңілдеу жағдайларда ағзадан уытты заттты шығару жеткілікті болып табылады. Ауыр жағдайларда пациент токсикологиялық орталыққа немесе профилді емдеу мекемесінің жансақтау және анестезиология бөліміне жеткізілуі қажет.
Улануды емдеуде келесі жалпы заңдылықтарды сақтау қажет:
1. Уытты заттың ағазаға түскен жерден қанға сіңуін тежеу
2. Қанға түскен уытты заттың концентрацияын азайту және ағзадан шығару
Уытты затты ағзадан шығару үшін қолданылады: а) форсирленген диурез; б) перитонеалды диализ в) плазмаферез; г) гемодиализ және г е м осорбция (жасанды бүйрек); д) қ а н д ы а л м а с т ы р у; е) гипербариялық оксигенация.
3. Уытты заттың қанға сіңірілуін жою
Антидоттың көмегімен залалсыздандыру – химиялық заттармен улануды арнайы ем қолдану арқылы емдеу.
А)Уытты заттарды байланыстыратын және ағзадан шығуына ықпал ететін антидоттар
Б)Фармакологиялық антидоттар. Бұл топтың әсер механизмі – конкурентті антагонизм. 4. Өмірге қажетті қызметті қалпына келтіру – симптоматикалық және патогенетикалық заттар.
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. Б. 396-400.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 552-558.
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1200 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.
3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Учеб. / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. – 2-е изд., испр. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.
4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – Б. 846-848
5. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.
6. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.
7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.
6.Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Дәрілік заттармен жедел уланудың принциптері
2. Детоксикация әдістері
3. Антидоттың түрлер
№ 4 дәріс
1. Тақырыбы: «Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар»
2. Мақсаты: Студенттердіафферентті иннервацияға әсер ететін заттардың жіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
ОЖЖ әртүрлі бөлімдеріне қозудың берілуі нейротропты заттар арқылы іске асады, сонымен қатар перифериялық иннервацияның афферентті (сезгіштік) және эфферентті (атқарушы) жолдарынада.
Нейротропты заттар 2 топқа бөлінеді:
1) жүйке жүйесінің шеткі бөліміне әсер ететін нейротропты заттар: а) афферентнтті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар; б) эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар;
2) ОЖЖ қызметін реттейтін нейротропты заттар.
Жүйке жүйесінің перифериялық бөліміне әсер ететін заттар 2 топшаға бөлінеді: А. афферентті нерв ұштары аймағында сезімталдықты төмендететін заттар: а) жергілікті анестетиктер, б) қармаушы, в)қаптаушы, г)сорып алушы заттар; Б. Афферентті нерв ұштары аймағында сезімталдықты -жоғарлататын заттар: а) тітіркендіргіш заттар
а) Жергілікті анестетиктер – жүйке талшықтарынан қозудын берілуін уақытша және қайтымды тежейді.
Химиялық құрылысы бойынша жергілікті анестетиктер 2 топқа бөлінеді: 1) күрделі эфирлер (эстерлер) ароматикалық қышқылдар: новокаин (прокаин), дикаин (тетракаин), анестезин, кокаин; 2) орын ауыстырған амидтер аминқышқылдары: лидокаин (ксикаин), тримекаин, пиромекаин, бупивакаин (маркаин), артикаин (ультракаин).
Белсенділігі бойынша: 1. Белсенділігі жоғары: кокаин, дикаин, бупивакаин. 2. Белсенділігі орташа: лидокаин, тримекаин, пиромекаин, артикаин. 3. Белсенділігі төмен: новокаин, анестезин.
Әсер ұзақтығы бойынша: 1. Әсер етуі ұзақ: бупивакаин. 2. Ұзақтығы орташа: лидокаин, тримекаин, пиромекаин, артикаин. 3. Әсер етуі қысқа: новокаин, кокаин, дикаин, анестезин
Уыттығы бойынша: 1. Уыттығы төмен: новокаин, анестезин. 2. Уыттығы орташа: лидокаин, тримекаин, артикаин, пиромекаин, бупивакаин. 3. Уыттығы жоғары: кокаин, дикаин
Клиникада қолданылуы бойынша жернілікті анестетиктер бөлінеді: 1.Буткейлік анестезияда қолданылатын заттар: кокаин, дикаин, анестезин, пиромекаин, бупивакаин. 2. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын заттар: новокаин, тримекаин, бупивакаин, артикаин. 3. Жұлындық анестезияда қолданылатын заттар: бупивакаин. 4. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын затқа: лидокаин.
Қармаушы заттар (грек тілінен - phlogizo -жанамын) жергілікті әсері бар қабынуға қарсы немесе антифлогистикалық әсері бар препараттаріа жатады. Терінің және шырышты қабаттардың қабыну ауруларында қолданылады.
Шығу тегі бойынша 2 топқа бөлінеді:
1) органикалық (өсімдік текті)- танин, танальбин, емен қабығының қайнатпасы, настои травы зверобоя, листьев шалфея, цветков ромашки, плодов черники и др.;
2) органикалық емес (ауыр металлдардың тұздары) –висмуттың негізгі нитраты, қорғасын ацетаты, алюминий-калий ашудасы, мырыш тотығы, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, күміс нитраты.
Қаптаушы заттар шығу тегі бойынша 2 топқа бөлінеді:
1) органикалық емес қаптаушы заттарға (алюминидің гидрат тотығы, трисиликат магниі); 2) органикалық қаптаушы заттарға (картоптың, жүгерінің, бидайдың қоймалжынының шырышы, зығыр дәнінің, күріштің шырышы, клубней алтейного корня, кисели).
Фармакологиялық әсерлері: а) қабынуға қарсы; б) ішті тыйдыратын (диареяға қарсы); в) жартылай сорып алушы.
Сорып алушы заттар – жұқа ұнтақ тәрізді инертті заттар, үлкен адсорбциялық бетімен, суда ерімейді және тіндерді тітіркендірмейді. Негізгі әсерлері: а) сорып алушы; б) детоксикациялық; в) ауру сезімді басатын; г) қабынуға қарсы. Классикалық сорып алушы заттарға тальк, ақ саз, алюминий гидрототығы,белсендірілген көмір, карболен.
Тітіркендіргіш заттар – қыша қағазы, камфора, терпен майы тазартылған (скипидар), ментол, аммиак ерітіндісі, тері және шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарын ынталанды. Аландатушы әсер көрсетеді – соның нәтижесінде ауру сезімі басылады, трофикалық әсер – патологиялық үрдіске ұшыраған тіндердің және мүшелердің қоректенуі жақсарады.
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. С. 396-400.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 552-558.
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1200 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.
3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Учеб. / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. – 2-е изд., испр. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.
4. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – б. 846-848
5. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.
6. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.
7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.
6.Бақылау сұрақтары:(кері байланыс):
1. Жергілікті анестетиктер – күрделі эфирлер қышқылдары
2. Жергілікті анестетиктер –орын алмасқан амидтер
3. Тітіркендіргіш заттар, негізгі әсерлері, қолдануға көрсеткіштері
4. Қармаушы заттар – жіктелуі
5. Қармаушы заттардың негізгі әсерлері.
6. Ауыр металлдардың тұздарымен уланғанда көмек көрсету шаралары
7. Қаптаушы заттар, негізгі әсерлері.
8. Сорып алушы заттар – қолдануға көрсеткіштері
№ 5 дәріс
1 .Тақырыбы: «Холинергиялық заттар»
2.Мақсаты: Студенттерді холинергиялық заттардыңжіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Холинергиялық заттар – холинергиялық синапста импульстардың берілуіне әсер ететін дәрілік заттар. Холинергиялық синапстың медиаторы ацетилхолин болып табылады.
М - Н холинорецепторларға әсер ететін заттарға жатады: 1. М-, Н-холиномиметиктер; 2. М-, Н-холиноблокаторлар 3. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін антихолинэстеразалық заттар (ФОҚ) – армин.
Ацетилхолин, карбохолин негізінен глаукоманы емдеу үшін қолданылады. Антихолинэстеразалық заттар вегетативті және қозғалыс иннервацияны белсендіреді. Негізгі қолданылуы миастенияда, парез, параличтерде, ішек және қуық атониясында, глаукомада, антидеполяризациялаушы кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде, М-холиноблокаторлармен уланғанда. Армин препраты – тек глаукоманы емдеу үшін. Антагонистері – М-холиноблокаторлар, холинэстеразаның реактиваторлары. Циклодол паркинсонға қарсы зат ретінде қолданылады.
М-холинорецепторларға әсер ететін заттар жіктеледі: 1.М-холиномиметиктер; 2. М-холиноблокаторлар. М-холиномиметиктер парасимпатикалық жүйкелердің белсенуін имитациялайды. Негізгі қолданылуы – глаукома, ішек және қуық атониясы. Антагонистері – М-холиноблокаторлар. М-холиноблокаторлар – холинергиялық (парасимпатикалық) иннервацияның ішкі ағзаларға әсерін тежейді. Офтальмологиялық практикада қолданылады (көз түбін зерттеуінде қарашықты кеңейту, көзілдірік таңдағанда, аккомодацияның параличі), ас қорыту (гиперсаливация, асқазанның ойық жарасы), трахеобронхиалды (наркоздың алдында премедикация) бездердің секрециясын төмендету үшін, бронхоспазмды алдын алу және жою үшін, жүрекке вагустық әсерін азайту үшін, іш қуысының ағзаларының тегіс салалы бұлшық еттердің спазмында. Мөлшерден тыс қолданғанда – қайтымды әсерлі антихолинэстеразалық заттар енгізіледі.
Н-холинорецепторларға әсер ететін заттарға Н-холиномиметиктер мен Н-холиноблокаторлар жатады. Н-холиномиметиктер симпатоадреналды жүйені белсендіреді, тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы ынталандырады. Осымен олардың негізгі қолданылуы түсіндіріледі. Н-холиноблокаторлар ганлиоблокаторларға және шеткі әсерлі миорелаксантарға бөлінеді. Ганглиоблокаторлар симпатикалық, сонымен қатар парасимпатикалық вегетативті ганглийлерде импульстардың өтуін тежейді. Негізгі қолданылуы – гипертониялық криз, басқарылатын гипотония, ми ісінуі, артериялық қысымының жоғарылауына байланысты өкпе ісінуі. Шеткі әсерлі миорелаксанттар жүйке–бұлшық еттік берілуін таңдамалы тежейді және барлық қаңқа бұлшық еттерді, соның ішінде тыныс бұлшық еттерін, босансытады. Негізгі қолданылуы хирургиялық операция кезінде, буынды орнына салғанда, сүйек сынықтардың репозициясында және т.б. Мөлшерден тыс қолданғанда: антидеполяризациялаушы миорелаксанттарды – қайтымды әсер ететін антихолинэстеразалық заттар, деполяризациялаушы миорелоксанттарды – жаңа цитратталған қан және электролиттік балансты коррекциялау.
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006 - Б. 100-132.
4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.Б.33-47
5. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б. 98-128.
Қосымша:
1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. – 1206 б.
2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.- 704 б.
4. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.
5. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. – 926 б.
7. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.
6. Бақылау сұрақтар:
1. Антихолинэстеразалық заттар. Қайтымды және қайтымсыз әсер ететін препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Антагонистер.
2. М-холиномиметиктер. Препарат. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.
3. М-холиноблокаторлар. Препараттар. Қолданылуы, жанама әсерлер. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.
4. Н- холиномимектиктердің негізгі қолдануға көрсеткіштері.
5. Шеткі әсерлі миорелаксанттардың әсер етуінің ерекшеліктері. Мөлшерден тыс қолданғанда көмек шаралары.
Кредит № 2
№ 1 дәріс
1.Тақырыбы: «Адренергиялық заттар»
2.Мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайларда препараттарды тиімді таңдау үшін адренергиялық заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері бойынша түсініктерді қалыптастыру
3.Дәріс тезистері:
Адренергиялық синапстар ОЖЖ, сонымен қатар постганглионарлық симпатикалық талшықтармен иннервацияланатын шеткі тіндерде орналасады. Бұл синапстарда қозудың берілуі норадреналин медиаторының көмегімен жүзеге асады.
Адренергиялық синапсқа ынталандырғыш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреномиметиктер (адренорецепторларды тікелей ынталандыратын заттар) және 2) симпатомиметиктер (симпатикалық нерв ұштарынан норадреналиннің бөлінуін ынталандыратын заттар).
Практикалық маңызды әсерлеріне қан тамырларын тарылту, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, миокардтың жиырылғыштығын жоғарылату, жүрек тоқтап қалғанда қызметін қалпына келтіру, бронхоспазмды тоқтату немесе жою, сонымен қатар, жүктілік кезінде және босану барысында жатырдың жиырылғыштық белсенділігін төмендету жатады.
Симпатомиметиктер қан тамырларының тонусын жоғарлату, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсарту, бронхоспазмды тоқтату және алдын алу үшін қолданылады.
Адренергиялық синапсқа тежегіш әсер ететін заттар 2 топқа бөлінеді: 1) адреноблокаторлар (адренорецепторларды тежейді) және 2) симпатолитиктер (симпатикалық жүйке ұшынан норадреналиннің бөлінуін тежейді). Адреноблокаторлардың негізгі әсерлеріне артериалдық қысымды төмендету, жүректің жұмысын және стенокардияда миокардтың өттегіне қажеттілігін төмендету, тахиаритмия және экстрасистолияда жүректің жиырылу ритімін қалпына келтіру, көз ішілік қысымды төмендету жатады. Симпатолитиктер гипертониялық ауруды жүйелік емдеу үшін қолданылады.
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд, испр., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.- 752 б.
3. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание девятое –М.: ГЭОТАР Медиа, 2006. Б.133 -159
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. Б.128-155
5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. Б.48-68
Қосымша:
1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.
2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.
3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.
4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.
5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.
6. Федюкович Н.И. Фармакология. Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей. Р. – Д., 2001.- 147 б.
7. Лужников Е.А., Костомарова Л.Г. Острые отравления: Руководство для врачей. 2-е изд., переработанное и дополненное. –М.: Медицина, 2000. – 434 б.
8. Майский В.В.. Фармакология с общей рецептурой. Учебное пособие для медицинских училищ. М., 2004.- 256 б.
9. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – Б.326-355
№ 2 дәріс
1. Тақырыбы: «ОЖЖ әсер ететін заттар. Ұйықтатқыш заттар. Тырысуға қарсы, эпилепсияға қарсы заттар»
2. Мақсаты: студенттерді ұйықтатқыш, тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы ерешеліктерімен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
Ұйқы адам өмірінде маңызды орын алады. Қазіргі кездегі өмір салтының ерекшелігі, жиі стресстік жағдайлар, психикалық жұмыстың деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар, соматикалық және психикалық аурулардың нәтижесінде ұйқының бұзылыстары ұйқыны реттеуді қажет етеді.
Ұйқы бұзылыстарының түріне байланысты әртүрлі ұйықтатқыш заттар қолданылады. Қалғудың бұзылыстарында әсер ету ұзақтығы қысқа ұйықтатқыш заттар қолданылады. Ұзақ уақыт әсер ететін ұйықтатқыш заттар ұйқының тереңдігі мен ұзақтығы бұзылғанда қолданылады.
ОЖЖ аурулары ішінде кең тарағандарына эпилепсия жатады. Эпилепсиямен барлық жастағы адамдар ауырады, соның ішінде кішкентай балаларда кең тараған. Эпилепияны негізінен эпилепсияға қарсы заттармен емдейді. Олардың тағайындау ерекшелігі – ұзақ және үзіліссіз емдеу.
Фармакотерапиялық принцип бойынша эпилепсияға қарсы заттар тырысумен жүретін және тырысусыз жүретін түрлерінде қолданылатын болып табылады. Үлкен тырысу ұстамалары, эпилепсияның кіші ұстамалары, миоклонус- эпилепсия, фокальный (парциалды) эпилепсия және т.б. түрлерін анықтайды. Эпилепсияның әрбір түрі арнайы эпилепсияға қарсы заттармен жүргізіледі.
Практикалық маңызды препараттар қатарына тырысумен жүретін ауруларды емдеу үшін қолданылатын препараттар да жатады.
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы.
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750
3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 б.
4. Маркова И.В. Неженцев Н.В. Фармакология. С-П.: Сотис, 1994.-б.451
Қосымша:
1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 15-е изд., перераб., испр. и доп. – М.: ООО «Издательство Новая Волна», 2007. – 1200 б
2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров / Венгеровский А.И. – издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература» 2006.- 704 б.
3.Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2 – 669 б.
4.Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782
5.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000.
6.Бороян Р.Г. Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422 б.
7.Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 1999. - б 517
8.Базисная и клиническая фармакология / Под ред. Катцунга. – С-П.: Невский Диалект 1998, т. 1-2. – 609 б. (т.1)
6.Бақылау сұрақтары:
1.Ұйқы құрылысы қандай?
2.Бензодиазепиндер тобына жататын ұйықтатқыш заттардың механизмі қандай?
3.Барбитураттарды қайталап қолданғанда қандай құбылыс дамиды?
4.Тырысуды басу үшін тырысуға қарсы заттар қолданылады?
5.Үлкен тырысу ұстамаларының, кіші тырысу ұстамаларының алдын алу үшін қанай препараттар қолданылады?
№ 3 дәріс
1.Тақырыбы: «Анальгетиктер»
2.Мақсаты: Студенттерді орталықтан және перифериялық әсер ететін наркотикалық аналгетиктердіңжіктелуімен, әсер ету механизмдерімен және препараттардың сипаттамасымен таныстыру.
3. Дәрістің тезистері:
Ауру сезімін басатын заттар резорбтивті әсер еткенде ауру сезімін таңдамалы тежейді. Сезімталдықтың басқа түрлеріне әсер етпейді. Ауру сезімін басатын заттар әртүрлі себептерден пайда болған ауру сезімін жою және алдын алу үшін қолданылады: жарақаттардың салдарынан, сонымен қатар операциялық, ішкі ағзалар ауруларының, жүйке жүйенің шеткі және орталық құрылыстар бұзылыстарының салдарынан пайда болған. Ауру сезімін басатын заттар орталыққа және шетке әсер ететін заттарға бөлінеді.
Орталықтан әсер ететін әсер ететін ауру сезімін басатын заттар
I. Опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер
Опиоидты (көбінесе мю-) рецепторлардың агонистері: Морфин, Промедол,
Агонисттер- антагонисттер және опиоидты рецепторларлың жартылай агонистері: Бупренорфин, Буторфанол
II. Анальгетикалық белсенділігі бар опиоидты емес препараттар
Опиоидты (наркотикалық емес) анальгетиктер, көбінесе ОЖЖ циклооксигеназа-3 (ЦОГ-3) ингибиторлары (парааминофенол туындылары) - Парацетамол
Әсерінде анальгетикалық компоненті бар әртүрлі фармакологиялық топтардың препараттары
Натрий каналдарының тежегіштері (эпилепсияға қарсы заттар) - Карбамазепин
Моноаминдердің нейроналды ұсталуының ингибиторлары (антидепрессанттар) - Амитриптилин Адреномиметики - Клофелин
Наркозға арналған заттар – Азоттың шала тотығы
III.Әсер механизмі аралас анальгетиктер (опиоидты + опиоидты емес)
Трамадол
Шетке айрықша әсер ететін ауру сезімін басатын заттар
Ацетилсацлицил қышқылы, Метамизол (анальгин), Кеторолак
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – с. 750
3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- С. 26 – 80.
4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С. 7-31.
Қосымша:
1. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2005. – 601 с. (т.1).
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.
4. Лишманов Ю.Б., Маслов Л.Н., Соленкова Н.В. Взаимодействие μ-опиоидных рецепторов с ионными каналами и G-белками. Обзор лит-ры. Эксп. и клин. фармакология. 2006, №2, С.62-74.
5. Справочник врача общей практики. – М., 2002, т. 1-2.
6. Кудьярова Г.М. и др. Опийная наркомания. Алматы, 2002.
7. Шалов К.С. Новое в законодательстве РК в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекрусоров. Фармация Казахстана. 2002, № 8.
8. Зайцев А.А. и др. Клинико-фармакологический подход к выбору безрецептурного анальгетика. Терапевтический архив, 2002, № 11.
9. Петров В.И., Онищенко Н.В. Современные направления исследований и клинического применения глутаматергических средств. Экспер. и клин. фармакология. 2002, № 4.
10. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – С.415-437
11. Маслов Л.Н. и др. Опиоидные рецепторы. Состояние проблемы и перспективы. Экспер. и клин. фармакология. 2002, № 2.
12. Азизова С.С. Фармакология. Учебник. – Ташкент, 2002.
6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1. Наркотикалық анальгетиктердің қолдануға көрсетілулері.
2. Наркотикалық анальгетиктер қандай жанама әсерлер шақыру мүмкін?
3. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда қандай шаралар қолданады?
№ 4 дәріс
1. Тақырыбы: «Психотропты заттар. ОЖЖ тежейтін заттар. Антипсихотикалық, анксиолитикалық заттар»
2. Мақсаты: студенттерді ОЖЖ тежейтін заттардың, атап айтқанда антипсихотикалық, анксиолитикалыық заттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және сипаттасымен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
ОЖЖ әсер ететін заттар 2 бөлінеді: тежегіш және ынталандырғыш әсер көрсететін заттар. Өз кезегінде әрбір топ препараттары жалпы және таңдамалы әсер ететін заттар болып 2 бөлінеді.
Психотропты заттарға адамның психикалық қызметіне әсер ететін және психикалық қызметтің бұзылыстарында қолданылатын заттар жатады.
Олар келесі топтарға бөлінеді:
1. Нейролептиктер (антипсихотикалық заттар)
2. Транквилизаторлар (анксиолитикалық заттар)
3. Тыныштандырғыш заттар
4. Антидепрессанттар
5. Литий тұздары (нормомиметикалық заттар)
6. Психостимуляторлар
7. Ноотропты заттар
Нейролептиктер – психозға қарсы әсер көрсететін, яғни психоздың негізгі симптомдарын жоятын дәрілік заттар.
Химииялық құрылысы бойынша нейролептиктер келесі топтарға бөлінеді:
1. Фенотиазин туындысы - хлорпромазин (аминазин), трифлуоперазин (трифтазин), этаперазин.
2. Тиоксантен туындысы - Хлорпротиксен
3. Бутирофенон туындысы - Галоперидол, Дроперидол
4. Бензамидтер - Сульпирид.
5. Дибензодиазепин туындысы - Клозапин
6. Рисперидон
Қорқыныш, үрей сезімін және басқа да теріс эмоцияларды басатын дәрілік заттарды транквилизаторлар деп атайды. Нейролептиктерден ерекшелігі транквилизаторларға антипсихотикалық қасиет тән емес, вегетативтік жүйке жүйесіне әсер етпейді, экстрапирамидалық бұзылыстар шақырмайды. Транквилизаторлар негізінен невротикалық және неврозтектес жағдайларда қолданылады.
Транквилизаторларға келесі топтардың препараттары жатады:
1. Бензодиазепиндік рецепторлардың агонисттері (фаназепам, диазепам, хлордиазепоксид, мезапам)
2. Серотониндік рецепторлардың агонисттері (буспирон)
3. Әртүрлі заттар (мебикар)
4. Бензодиазепиндердің фармакологиялық әсерлері: анксиолитикалық, тыныштандырғыш, ұйықтатқыш, қаңқа бұлшық етін босаңсытатын, тырысуға қарсы
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – Б. 7-31.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.
Қосымша:
1. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2005. – 601 б. (т.1).
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
4. Справочник врача общей практики. – М., 2002, т. 1-2.
5. Шалов К.С. Новое в законодательстве РК в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекрусоров. Фармация Казахстана. 2002, № 8.
6. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – Б.415-437
7. Маслов Л.Н. и др. Опиоидные рецепторы. Состояние проблемы и перспективы. Экспер. и клин. фармакология. 2002, № 2.
8. Азизова С.С. Фармакология. Учебник. – Ташкент, 2002.
6.Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Типтік нейролептиктерді атаңыз.
2. Күндізгі транквилизаторлардың ерекшелігі қандай?
3. Нейролептиктердің негізгі жанама әсерлері қандай?
4. Тыныштандырғыш заттардың әсер механизмі.
№5 дәріс
1.Тақырыбы: "ОЖЖ ынталандыратын заттар (психостимуляторлар және
аналептиктер)"
2.Мақсаты: студенттерді ОЖЖ ынталандыратын заттардың, атап айтқанда психостимуляторлар мен аналептиктердің жіктелуімен, әсер механизмімен және сипаттасымен таныстыру
3.Дәріс тезистері:
Психостимуляторлар физикалық және психикалық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатыды, көңіл күйге әсері төмен. Сергектікті, зейін қоюды, жылдамдық реакциясын жоғарылатыды.
Фенилалкиламиндер - амфетамин (фенамин); метилксантиндер - кофеин, кофеин-бензоат натрий; сиднонимин туындылары - мезокарб (сиднокарб); пиперидин туындылары – пиридрол, меридил.
Негізінен психикалық қызметті ынталандыру үшін, шаршауда, сақинада, гипотензияда қолданылады. Амфетаминге, кофеинге дәріге тәуелділік дамуы мүмкін.
Аналептиктер – ОЖЖ ынталандыратын заттар. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарды ынталандырады.
1.Аналептиктер: алкилденген амид қышқылы - никетамид (кордиамин); бициклдық кетондар – камфора, сульфокамфокаин; глютаримидтер – бемегрид.
2.Аналептиктер: а) тікелей әсер ететін: - бемегрид, этимизол және т.б.; б) рефлекторлы әсер ететін: цититон және т.б. в) аралас әсер ететін және т.б.
Наркозға арналған заттармен, наркотикалық типтес ұйықтатқыш заттармен, этил спиртімен уланғанда, әр түрлі себепті тыныстың бұзылыстарында, мысалы, жаңа туған баланың асфиксиясында қолданылады. Кордиамин және камфора жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында да қолданылады
4. Көрнекі материалдар: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрадан алады)
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.
2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. – б. 750
3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. –Б. 7-31.
4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- Б. 26 – 80.
Қосымша:
1. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М., 2000.
2. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2005. – 601 б. (т.1).
3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров / Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.
4. Справочник врача общей практики. – М., 2002, т. 1-2.
5. Шалов К.С. Новое в законодательстве РК в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекрусоров. Фармация Казахстана. 2002, № 8.
6. Виноградов В.М., Каткова Е.Б., Мухин Е.А.. Фармакология с рецептурой. Учебник для медицинских и фармацевтических училищ и колледжей. С.- П., 2002. – Б.415-437
7. Маслов Л.Н. и др. Опиоидные рецепторы. Состояние проблемы и перспективы. Экспер. и клин. фармакология. 2002, № 2.
8. Азизова С.С. Фармакология. Учебник. -Ташкент, 2002.
Кредит № 3
№1 Дәріс
1. Тақырыбы: «Антидепрессанттар және ноотропты заттар»
2. Мақсаты: Антидепрессанттар және ноотропты заттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және препараттардың салыстырмалы сипаттамасымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Антидепрессанттар -психикалық бұзылыстар кезінде деприссивті жағдайды төмендететін психотропты заттар.
Тыныштандырғыш әсері бар антидепресанттарды тимолептиктер деп атайды (грек тілінен - thymos - жан; leptos – жұқа, нәзік), ал ынтандырғыш - тиморетик деп атайды (грек. - ereto – тітіркендіру).
Антидепрессанттардың жіктелуі
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1553 | Нарушение авторских прав
|