АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

STATUS PRAESENS OBJECTIVUS

Прочитайте:
  1. Status localis
  2. Status localis
  3. Status localis
  4. Status localis .
  5. Status localis: при сжатии кисти – больно (для актера).
  6. STATUS OCULORUM
  7. Status praesens
  8. Status praesens
  9. Status praesens
  10. Status praesens

Anemnesis vitae

2-ші жүктіліктен туылған перзент.Озінін алдында ағасы бар. Балалық шағында ЖРВИ мен жиі ауырған. 15жылдан аса темекі шегеді,арасында ішімдік ішеді. Аллергоанамнез теріс, туберкулез және тағы басқа жұқпалы аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық белгілері жоқ. Қан құйылмаған. Әлеуметтік жағдайы жақсы.

 

 

STATUS PRAESENS OBJECTIVUS

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта

Ақыл-есі: анық

Бет әлпеті: Қалыпты

Дене бітімі: нормостеникалық

Бойы: 174

Салмағы: 80 кг

Дене қызуы: 36,7 с

Терісі: бозғылт, тургоры сақталған.

Тері асты шел қабаты: денесінде бір қалыпты таралған.

Лимфалық жүйесі: Үлкеймеген, пальпацияда ауру сезімсіз

Бұлшық ет жүйесі: Бұлшық ет қабаты жақсы дамыған

Сүйек жүйесі: Буындардың үйлесімі жақсы қозғалысы жақсы.

Басы: аномалиялық даму өзгерісі жоқ, бас сүйектері мен бет сүйектерінің көлемі сақталған

Мойын: мойын пішіні өзгеріссіз, қалқанша безі үлкеймеген.

 

Тыныс алу жүйесі

Тынысы еркін, мұрын арқылы. Бадамшалар ісінбеген. 500 метрге дейін жүргенде ентігеді. Жауырындар мен бұғаналарда көзге көрінетін өзгерістер жоқ. Кеуде қуысы қалыпты, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатыспайды. ТАЖ 18 рет минутына. Тынысы қалыпты, тыныс алу мен тыныс шығару бірдей.

Пальпацияда: кеуде қуысының серпімділігі қалыпты, тынысқа екі өкпе бірдей қатысады. Дауыс дірілі бірдей, күшеймеген.

Салыстырмалы перкуссияда: кеуденің симметриялы аймақтарындағы перкуторлы дыбыс бірдей.

Тапографиялық перкуссия:

1. Өкпе ұштарының биіктігі:

 

  Сол жақта Оң жақта
Алдынан Бұғана үстінен 4 см
Артынан 7 – ші мойын омыртқа өсіндісі деңгейінде

 

2.Крениг алаңы:

Оң және сол жақта - 5 см

 

 

3. Оң өкпенің төменгі шекаралары:

 

Төс маңы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның жоғарғы қыры
Бұғана ортаңғы сызығы бойымен 6 – шы қабырғаның төменгі қыры
Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы кабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7 – ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 10 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі.

 

 

4. Сол өкпенің төменгі шекаралары:

 

Алдыңғы қолтық асты сызығы 6 – шы қабырға аралық
Ортаңғы қолтық асты сызығы 7- ші қабырға
Артқы қолтық асты сызығы 8 – ші қабырға
Жауырын сызығы бойымен 9 – шы қабырға
Жота маңы сызығы бойымен 10 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісі деңгейінде

 

Аускультацияда өкпенің барлық аймағында везикулярлы тыныс естіледі. Бронхофония сақталған.

 

 

Жүрек-кан тамыр жүйесі

АҚҚ: 130/85 мм.сын.бағ. ЖСЖ 72 рет минутына

1. Жүрек тұсын қарау және пальпация:

а) жүрек аймағында дөңестік жоқ.

б) жүрек ұшының түрткісі анықталады

в) жүрек аймағында діріл байқалмайды.

 

2. Перкуссия:

 

Салыстырмалы тұйықтық шекаралары.

 

1. Оң шекарасы - оң – 4 – қабырға аралықта төстің оң қырынан 1,5 см сыртқа.

2. Жоғарғы - 3 – қабырға деңгейінде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында)

3. Сол шекарасы – сол – 5 қабырға аралықта сол бұғана ортаңғы сызығынан 1см сыртқа

 

 

Абсолюттік тұйықтық шекаралары.

 

1. Оң - төстің сол қыры 4 қабырға аралықта.

2. Сол - салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан 2 см ішке қарай 5 қабырға аралықта.

3. Жоғарғы – төстің сол қыры 4 қабырға.

 

3. Аускультация:

а) жүрек тондары – әлсіз, ырғақты,жүрек ұшында 1 ші тон жақсы естіледі. Патологиялық тон естілмейді.

б) Артериялық қысым – 130/85 мм с.б.б.

в) Ірі артериялардың аускультациясында шулар байқалмады.Пульс жоғарғы және төменгі аймақтарда пальпацияланады,және де самай және ұйқы артерияларында.

 

4. Шыбық артериясының пульсі:

 

а) екі қолда бірдей

б) ырғақты

в) жиілігі 82 рет/мин

г) кернеулігі қалыпты

д) қан тамыр қабырғасы серпімді.

 

 

Ас қорыту жүйесі

1. Ауыз қуысы:

Ұрттың, жұмсақ және қатты таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайлық доғашықтардың шырышты қабаты бозғылт қызыл, ылғалды, таза. Бадамша бездері таңдайлық доғаның артында, үлкеймеген. Қызыл иегі өзгеріссіз.Тіл көлемі қалыпты, таңқурай түстес, ақшыл түсті таңдақталған, тегістелген.

 

2. Құрсақты қарау:

Іші үлкеймеген, тыныс алуға қатысады, кіндік тартыңқы емес.

 

3. Құрсақ пальпациясы:

а) беткей – іші жұмсақ, ауру сезімінсіз.

б) терең – сигма тәріздес ішек сол мықын аймағында, цилиндр тәріздес, серпімділігі сақталған, беті тегіс, ені 1,5 см, қозғалысты, шұрылдамайды, ауру сезімінсіз. Соқыр ішек оң жақ мықын қыры мен кіндіктің 3/1 аралығына орналасқан, серпімді, қабырғасы тегіс, біркелкі, эластикалық, қозғалу қимылы жеткілікті; ауырсыну сезімінсіз, шұрылдамайды, диаметрі 4 см.

 

4. Бауыр перкуссиясы

Бауыр үлкеймеген, пульсациясы анықталмайды.

Төменгі шекарасы – қабырға доғасы бойында.

Өт қапшығы пальпация әдісімен анықталмайды.

Ұйқы безі пальпация әдісімен анықталмайды.

Курлов бойынша өлшемі:9-8-7 см

 

5. Көкбауыр перкуссиясы

Пальпация әдісімен анықталмайды.

 

Несеп-зәр шығару жүйесі

 

Соққылап ұру синдромы теріс. Зәр шығару еркін, ауру сезімінсіз, тәуліктік диурез қалыпты.

 

Жүйке жүйесі және психикалық жағдайы

 

Есі анық, сөзі өзгермеген. Сезгішітігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы қалыпты және жарыққа сезгіштігі сақталған.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 436 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)