B. ревматоидты артрит
C. жүйелі қызыл жегі
D. Геберден түйіндерімен остеоартроз
E. құяң
107. Ревматоидтық артриттің дебютінде қандай буындардың зақымдануы бұл диагнозды жоққа шығарады:
A. алақанның шеткі фалангаралық буындары
B. білезік буындары
C. тізе буындары
D. алақанфаланг буындары
E. проксимальды фалангаралық буындар
108. 30 жастағы науқас 4 жыл бойы ревматоидтық артритпен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Қанында: НВ-85 г/л, лейк.- 3тыс., ЭТЖ-34мм/сағ., СРБ, Ваалер-Розе реакциясы 1:128. Науқастың диагнозы:
A. Фелти синдромы
B. жүйелік көрністермен созылмалы белсенді гепатит
C. ЖҚЖ
D. Остеоартроз
E. Стилл синдромы
109. 25 жастағы науқаста, инсоляция процедурасынан кейін қызба пайда болды, бетте эритема, лимфотүйіндерінің ұлғаюы, буындар және бұлшықеттердегі ауырғандық, анальгинді дәрілік көтере алмаушылық. 6 айдан кейін беттегі, аяқтағы ісікті байқады. Жалпы несеп анализінде: белок 1,5 г/л, лейкоциттер 8-10 көрі аймағында, көп мөлшердегі сілтілік эритроциттер көру аймағында, цилиндрлер 5-6 көру аймағына дейін. Сіздің диагнозыңыз:
A. люпус – нефрит
B. бүйрек туберкулезі
C. бүйрек амилоидозы
D. созылмалы гломерулонефрит
E. созылмалы пиелонефрит
110. Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба қандай ауруға тән:
A. ревматоидтық артрит
B. Крон ауруы
C. түйінді периартериит
D. жүйелі қызыл жегі
E. созылмалы гломерулонефрит
111. 27 жастағы әйел. Жарты жыл ішінде, бір немесе бірнеше саусақтарының қысқа уақытты бозаруына көңіл аударады, соңғы ай ішінде – алақан-фалангалы және білезік буындарындағы үнемі болатын ауырғандыққа шағымданды. Жүрген кезде пайда болатын ентікпе және жүректің шалыс соғуы байқалады. Қарағанда: саусақ сыртындағы тері, қол саусақтары, иықтарында, маңдайында, кеудесі – тығыз, жылтыр, қыртыстанбайды; алақан-фалангалы және білезік буындары ісіктің салдарынан айқын дефигурацияланған, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия; өкпенің төменгі бөлігінде – аздаған мөлшерде крепитацияланған сырылдар. Қандай алғашқы диагнозыңыз ең негізді:
A. жүйелі склеродермия
B. дерматомиозит
C. жүйелі қызыл жегі
D. жедел ревматикалық қызба
E. остеоартроз
112. Н. деген 45 - жастағы науқас, сол жақ тізесі және өкшесіндегі ауыру сезім және ісінуге шағымданады. Анамнезінен шамамен бір ай бұрын дизентериямен емделген. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының және оң өкше аймағының пішіні өзгерген, гиперемиясы. Өкпесінде везикулалық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, пульс- мин. 84 рет, іші жұмсақ, ауырмайды. Қанда: эр-4,2 млн., лей-11 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?
A. жедел ревматикалық қызба
Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 622 | Нарушение авторских прав
|