Астана-2014 ж. 7 страница
Тақырып 5. Өндірістік шығындар
Мақсаты: нарықтағы фирмалардың максималды пайда табуы үшін жұмсайтын шығындарының мәнін анықтап, олардың қысқа және ұзақ мерзімдегі түрлерін талқылау, сонымен қатар, шығындарды минималдау арқылы өндірушінің тепе-теңдігі мәселелерін шешу. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.
Дәріс сабағының жоспары:
1. Өндіріс шығындарының табиғаты, олардың құрылымы мен түрлері.
2. Пайда және оның түрлері.
3. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.
4. Ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындарының динамикасы.
5. Өндіріс шығындарын барынша азайту. Изокосталар.
Негізгі түсініктер: өндіріс шығындары; экономикалық шығындар; бухгалтерлік шығындар; қайтарылмайтын шығындар; жалпы шығындар; орташа шығындар; шекті шығындар; тұрақты шығындар; өзгермелі шығындар; шығындар функциясы; орташа тұрақты шығындар; орташа өзгермелі шығындар; орташа жалпы шығындар; изокосталар; өндірушінің тепе-теңдігі; даму траекториясы; фирманың пайдасы; экономикалық пайда; бухгалтерлік пайда; қалыпты пайда; т.б.
Тақырыптың мазмұны. Бұл тақырыпта өндірушілердің нақты өнім көлемін өндіруге қажетті өндіріс шығындарының құрамын талдауды қарастырамыз. Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияның мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.
Өндіріс шығындары туралы мәселелер әлі күнге шейін әртүрлі экономикалық бағыттағы ғалым-экономистердің зерттеулеріндегі басты пән ретінде қарастырылып келеді. Бірақта, өндіріс шығындарының теориялық негіздерін К. Маркс өзінің «Капитал» деген басты еңбегінде аса толық қарастырып кетеді.
Шығындар дегеніміз – бұл игіліктерді өндіру үрдісінде тұтынылатын өндірістік ресурстар құнының ақшалай көрінісі; өнім өндіруге кететін жанды және заттандырылған өндіріс факторларының жиынтық жұмсалымдары. Өндіріс шығындары өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын өндірістік шығындар ретінде қарастырылады. Олар өндіруші үшін өнімнің нақты құнын сипаттайды, сатудың соңғы бағасы – ұсыныс бағасын анықтаудың негізгі базасы болып табылады. Өндіріс шығындарының шамасы тұтынылатын экономикалық ресурстардың бағасы мен олардың жалпы санының көбейтіндісі ретінде есептеледі. Қазіргі микроэкономикада өндіріс шығындарының түрлері әртүрлі әдістермен анықталады, оларды бірнеше критерийлері бойынша жіктеуге болады.
Сондықтанда, біздерге белгілі нақты жайт, ол кез келген тауар мен қызметті өндіру үрдісі өндірістік (экономикалық) ресурстар ретінде сипатталатын еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, ал осы өндірістік ресурстардың құны шығындармен анықталады. Өндірістік (экономикалық) ресурстардың шектеулілігімен байланысты оларды аса тиімді пайдаланудың мәселесі туындайды. Игіліктерді өндіруді жүзеге асырудың экономикалық жағынан аса тиімді әдісін қолдану өндіріс шығындарын минимизациялау мәселесін шешкенде ғана қол жеткізіледі.
Сонымен, өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.
Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:
Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.
Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.
Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:
π = TR – TC.
Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πбух. = TR – TCбух.
Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:
πэк. = TR – TCэк.
Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.
Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:
Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.
Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.
Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады (сурет 5.1).
Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:
1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q;
2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q;
3) орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.
Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.
C TC
VC
FC
FC
Q
Сурет 5.1 Фирманың қысқа мерзімдегі тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындары
Ал орташа және шекті шығындардың өзара байланысын мына график түрінде көрсетуге болады (сурет 5.3):
C C
а) ә)
AVC
AFC
Q Q
Сурет 5.2 Орташа тұрақты (а) және орташа өзгермелі (ә) шығындар
C MC
ATC
AVC
Q
Сурет 5.3 Орташа және шекті шығындар
Шекті шығындар (МС) орташа өзгермелі шығындар (AVC) мен орташа жалпы шығындардан (ATC) төмен болған уақытта, AVC пен AТC азаяды; егер MC > AVC және MC > ATC болса, онда орташа шығындар өседі; орташа жалпы және орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі (минимум) нүктелерінде MC = ATC = AVC болады. Фирма ұзақ мерзімді кезеңде өзінің барлық ресурстарын өзгерте алады, олай болса өндіріс факторларының барлығы да өзгермелі болып табылады. Әрбір фирманың мақсаты – орташа шығындарды (АТС) азайта отырып, өнім шығару көлемін (Q) арттыру болады. Ұзақ уақыт мерзіміндегі және қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар арасындағы өзара байланыстар төмендегі суретте берілген (сурет 5.4):
C LRMC
LRAC
ATC1 ATC2 ATC3
min min
min
Q* Q
Сурет 5.4 Ұзақ мерзім кезеңіндегі шығындар
Ұзақ уақыт мерзімінде орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.
- масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;
- масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;
- масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.
Шекті шығындардың ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа уақыт мерзіміндегі шекті шығындар қисықтарын жанап өтпейді. LRMC – бұл өндірушінің кәсіпорын ауқымының шамасын өзгерту мүмкіндігі болған жағдайдайындағы өндіріс шығындарын арттыруы:
- егер LRMC < LRAC болса, онда LRAC азаяды;
- егер LRMC > LRAC болса, онда LRAC көбейеді;
- егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.
Шығындар деңгейі туралы ақпараттар изокосталарды (тең шығындар сызықтарын) тұрғызуға мүмкіндік береді.
Изокоста (тең шығындар сызығы) – бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL – еңбектің бағасы; PK – капиталдың бағасы (сурет 5.5).
Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL / PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды: TC = PL . L + PK . K; K = TC / PK – (PL / PK) . L.
K
C0 C L
Сурет 5.5 Изокосталар
Берілген өнім көлемін өндіруді өндіріс факторларының қандай жиынтығы ең төменгі жалпы шығындармен (ТС) қамтамасыз ететінін анықтау үшін изокостаны пайдаланады.
K
M
E
N Q1
C1 C2 C3 L
Сурет 5.6 Өндірушінің тепе – теңдігі
Жоғарыдағы 5.6 суретінен көріп отырғанымыздай, өндірушінің тепе-теңдігі изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде (Е) орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады, яғни MRTSLK = -PL / PK немесе ∆K / ∆L = PL / PK. ∆K / ∆L = MPK / MPL болғандықтан оны былай жазуға да болады: MPL / MPK = PL / PK немесе MPL / PL = MPK / PK.
Бұл теңдестік – өндіріс факторларының 1 теңгеге шаққандағы шекті шығындары Е нүктесінде тең болуы керек екендігін білдіреді.
Тақырып 6. КАПИТАЛ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ БИЛІК
Мақсаты: нарықтық биліктің мәні, көздері, маңыздылығы және нарықтық билік деңгейін бағалау туралы. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.
Дәріс сабағының жоспары:
1. Нарық тық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы
2. Нарықтық билік деңгейін бағалау. Нарықтық биліктің көрсеткіштері
3. Лернер индексі
4. Херфиндаль-Хиршман индексі
5. Тобин индексі
6. Бейне индексі
Негізгі түсініктер: нарықтық билік
Тақырыптың мазмұны.
Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы Нарық құрылымын алдымен 3 фактор анықтайды:
1. Саладағы фирмалар саны және олардың ауқымы (көлемі).
2. Фирмалардың өндіретін тауарларының түрлері (біртектес немесе ерекшеленген).
3. Басқа фирмалардың салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері.
Осы факторларды ескере отырып нарық құрылымын негізгі 4 түрге бөліп көрсетуге болады:
· жетілген (таза) бәсеке;
· абсолютті (таза) монополия;
· монополистік бәсеке;
· олигополия.
Нарықтық билік деңгейін бағалау Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз
Нарықтық биліктің көрсеткіштері Фирма нарық құрылымының қай түрінде іс-әрекет жасаса да, ол өзі үшін екі маңызды сұрақтың шешімін табуы керек:
1. Салада қалу керек пе, әлде жұмысты тоқтатқан жөн бе?
2. Егер салада қалса, онда тауарлар мен қызметтерді қандай көлемде шығару керек?
TR < TC болғанда.
Бірінші сұрақ шығынға ұшырап тұрғанда фирмалар үшін көкейкесті мәселе болады. Бұндай фирма үшін ең басты мақсат – шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізу (минималдау).
Егер фирма жұмысын тоқтатса, онда оның шығындары тұрақты шығындарға (FC) тең болады. Сондықтан, егер (TR – TC) < FC болса, онда өндірісті жалғастырған жөн, себебі бұл жағдайда шығындарды ең аз жеткізуге болады. Ал, егер (TR – TC) > FC болса, онда өндірісті тоқтату тиімді.
Жабылу (банкроттық) тәртібі былай айтылады: егер тауарларды сатудан түскен түсім (TR) өзгермелі шығындарды (VC) өтей алмаса, онда фирма өз жұмысын тоқтатуы керек (TR<TC). Егер осы екі көрстекішті Q-ға бөлсек, онда жабылу тәртібінің басқа интерпретациясын аламыз:
TR / Q < VC / Q = P < AVC.
Пайдасын мейлінше арттыратын (TR>TC) фирма үшін өзекті мәселе екінші сұрақ – қанша өндіру керек?
Фирма өндірісті (Q) кеңейту үшін шекті шығынның (МС) өсуінен гөрі шекті түсім (MR) өсуінің тезірек болуын қамтамасыз етіп тұрғанға дейін өнім шығаруды көбейтеді. Ал MC = MR болғанда, фирма оңтайлы өнім көлемін шығаруға жетеді. Бұл – шектеулі шығарылым тәртібі.
Лернер индексі Монополиялық биліктің бір белгісіне бағаның шекті және орташа шығындардан жоғары болуы жатады. Бағаның шекті шығыннан қаншалықты жоғары екенін Лернер индексінің көмегімен, баға мен шекті шығынның айырмашылығын бағаға бөлу арқылы анықтайды: L=P-MC/P, мұндағы L - монополиялық биліктің индексі, Р - баға, МС - шекті шығын. Лернер индексінің мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады. Р мен МС арасындағы айырмашылық өскен сайын монополиялық билік те күшейе түседі.
Херфиндаль-Хиршман индексі. Фирманың нарықта сатылатын өнімдердегі пайыздық үлесі өскен сайын оның монополиялық билігінің дәрежесі де өседі. Бұл бағаны шекті шығыннан жоғары белгілеуге мүмкіншілік береді. Херфиндаль-Хиршман индексінің (Ihh) көмегімен нарықтағы шоғырлану дәрежесін анықтаймыз: Ihh=S12 + S22 + S32 + … + SN2,
мұндағы S1 - нарыққа ең көп өнім шығаратын фирманың үлесі, S2 -одан кейінгі фирманың үлесі. Егер салада 1 фирма болса онда S – 100 %, ал Н =10000 болады. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S – 1 %, Ihh =100 болады. Мысалы АҚШ-та сала ең жоғары монополияланған деп есептелінеді, егер Ihh=1800 жоғары болса. Бұл индекс монополияға қарсы саясатта қолданылады. Осы аталған белгілерге байланысты мемлекет монополиялық билікті әр түрлі механизмдердің көмегімен реттейді.
Тобин индексі Тобин коэффициенті фирманың нарықтық құнын (нарықтық бағаны оның акциясымен өлшегенде) оның активтерінің қалпына келтірілген құнымен байланыстырады: q=P/C
P – фирманың активтерінің нарықтық бағасы (негізінде акция курсына байланысты анықталады)
С – фирманың активтерінің қалпына келтіру құны, шығындар топтамасына тең,
фирма активтерін ағымды бағамен сатып алу үшін қажет
Егер фирма активін нарықтық қормен бағалау олардың қалпына келтіру құнынан асатын болса (Тобин коэффициентінің мағнасы 1 артық), бұл алынатын күтілетін жағымды экономикалық пайдаға бағалануы мүмкіндігінің куәсі ретінде. Тобин индексін фирма жағдайындағы ақпарат ретінде қолдану тиімді қаржылық нарық гипотезасында негізделінеді. Бұл көрсеткішті қолданудың артықшылығына, табыстылық мөлшерін бағалау мәселесінен және салалар үшін шекті шығындардан құтылуға көмектеседі. Көптеген зерттеулер q коэффициенті орташа біршама тұрақты, ал оның жоғары мағнасымен әдетте фирмалар өндірістің бірегей факторымен немесе бірегей тауарлар шығарады, яғни бұл фирмалар үшін монополиялық рентаның болу сипаты анықтады. Шағын q белгілерімен фирмалар бәсекелесті және реттемелі салаларда әрекет етеді.
Бейн индексі Бейн коэффициенті жеке инвестициялық капиталдың бір долларына экономикалық табысты көрсетеді: В=(πA-)/K
πA – бухгалтерлік табыс
πN – қалыпты табыс
Тауарлық нарықтағы бәсекелестік жағдайындағы және қаржылық нарық мөлшерінің экономикалық тиімділігі активтің әр түрлеріне бірдей (нөлдік) болуы тиіс. Егер табыстың мөлшері қандайда бір нарықта (қандайда бір активке) бәсекелес мөлшерден асып түссе, онда бұл инвестициялаудың түрі ерекше болады, және нарық еркін емес бәсекелі: инвестицияның қосымша табыстылығы ұзақ уақыттық мерзімде теңдесу себебі бар, ал бұл нақты нарықтық билікте бұндай фирманың болуы тұспалданады.
Тақырып 7. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫ
Мақсаты: Жетілген бәсекелестік фирманың белгілері мен өніміне сұраныстың ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:
Дәріс сабағының жоспары:
1. Жетілген бәсекелестік фирманың белгілері
2. Жетілген бәсекелестік фирманың өніміне сұраныстың ерекшеліктері
3. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде жетілген бәсекелестік фирманың ұсынысы
4. Жетілген бәсекелестік нарықтың тиісмділігі
Негізгі түсініктер: жетілген бәсеке;өнімге сұраныс, қысқа және ұзақ мерзім, фирманың ұсынысы, нарық тиімділігі т.б.
Тақырыптың мазмұны.
Жетілген бәсекелестік фирманың белгілеріЖетілген бәсеке нарығы – нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, саны өте көп шағын фирмалар әрекет ететін нарықтық құрылым. Оның ерекше белгілеріне мыналар жатады:
1. Өнімнің біртектілігі. Фирмалар бір – бірінен айырмашылығы жоқ өнімдер ұсынады, сондықтан өз бәсекелестерінің өнімін толықтай алмастыруға қабілетті.
2. Нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар әрекет етеді.
3. Сатушылар мен сатып алушылар «баға қабылдаушылар» болып табылады. Саны өте көп өндірушілердің жиынтық ұсыныстағы үлестері аз. Олар өнім көлемін өзгерту арқылы нарықта қалыптасқан бағаны өзгерте алмайды.
3. Нарықтағы жағдайлар туралы толық ақпараттың болуы. Өндірушілер мен сатушылар тауар, баға, технология және болашақ пайда туралы толық хабардар болады.
4. Салалық тосқауылдардың болмауы. Салаға немесе нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне немесе шығып кетуіне ешқандай кедергілер қойылмайды.
5. Фирмалардың тәуелсіздігі. Фирма шешім қабылдағанда басқа бәсекелестерінің іс-әрекетін ескермейді.
Жетілген бәсекелестік фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, оны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Сондықтан бәсекелестік фирма өнімнің кез келген көлемін нарықта қалыптасқан бағамен сатады. Осыған байланысты жеке өндірушінің сұраныс қисығы көлденең түзу сызық түрінде орналасады (27 «Ә»- сурет)
27-сурет. Жетілген бәсекелестік фирманың сұраныс қисығы
Жеке фирманың өніміне сұраныс пен нарықтық сұраныс қисығын ажырата білу керек. Салалық немесе нарықтық сұраныс қисығы теріс көлбеу орналасады, баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасды (27 «А»- сурет). Ал жеке фирма кез-келген өнім көлемін нарықта қалыптасқан бағамен сатады және жалпы нарықта қалыптасқан жағдайда оны өзгерте алмайды.
Жетілген бәсекелестік фирманың өніміне сұраныстың ерекшеліктері Өнімнің әрбір қосымша бірлігі тұрақты бағамен сатылады, сондықтан шекті табыс MR нарықтық бағаға тең болады (MR=Р). Ал шекті табыс (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығына (D) сәйкес келеді, өйткені Р=D. Бір дана өнімнен түсетін орташа табыс АR та бағаға тең болады АR=Р. Жалпы табыс (ТR) сатылатын тауар көлеміне байланысты өзгереді: ТR= QхР (28-сурет).
28-сурет. Жетілген бәсекеші фирманың сұраныс қисығы
Пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау үшін өндіруші шекті табысты шекті шығынмен салыстырады. Егер шекті табыс шекті шығыннан артық болса, қосымша сатылған өнім пайданы өсіреді. Қосымша өнім сатылғанда фирамның пайдасы шекті пайда мөлшеріне өседі. Шекті пайда шекті табыс пен шекті шығынның айырмашылығы: Шекті пайда = MR – MC Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса, қосымша сатылған өнім пайданы төмендетеді. Пайданы мейлінше арттыру үшін фирма өнім көлемін шекті табыс пен шекті шығын бір – біріне теңескенге дейін өсіреді. MR = MC Бұл ереже барлық нарықтық құрылымдарда қызмет істейтін фирмаларға ортақ.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1917 | Нарушение авторских прав
|