АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014 ж. 1 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

 

«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «_ 28 _»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «__ 02 __»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)
   
   

6 ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

(дәрістер тезистері, иллюстративтік және таратпа материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)

Тақырып 1. Микроэкономиканың пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі

Мақсаты: жалпы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде курстың пәні мен құрылымын ашу, сатушылар мен сатып алушылар, үй шаруашылығы мен фирмалар сияқты микроэкономика субъектілерінің экономикалық қарым-қатынастар жүйесін ғылыми талдау және оның әдістемесін ашу. Микроэкономиканың басты пәні – нарық және нарықтық механизм, сонымен қатар оның құрамдас бөліктері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке. Олардың мәнін қоғамдағы экономикалық жүйелердің ерекшеліктеріне байланысты ашу.

Дәріс жоспары:

1. Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі.

2. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы мен негізгі зерттеу әдістері.

3. Микроэкономиканың базалық түсініктері: қажеттіліктер, ресурстар, технологиялар, игіліктер. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар.

4. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні.

Негізгі түсініктер: экономикалық теория; микроэкономика; макроэкономика; сиректілік; өндірістік мүмкіндіктер қисығы; баламалы шығындар; ұтымдылық; экономикалық таңдау мәселесі; үнемдеу мәселесі; қажеттіліктер; ресурстар; технологиялар; игіліктер; шекті талдау; функционалдық талдау; экономикалық модельдер; позитивті микроэкономика; нормативті микроэкономика; микроэкономикадағы шеңберлі айналым моделі; экономикалық жүйе; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Микроэкономикалық теорияның зерттейтін негізгі проблемаларын қарастыру үшін ең алдымен экономикалық теория ғылымына қысқаша шолу жасауымыз қажет. Өйткені экономикалық теория екі негізгі бөлімге – микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Экономикалық теория дегеніміз – бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Міне осы анықтамадан байқап отырғанымыздай, экономикалық теорияға екі негізгі проблема тән және ол соларды шешумен айналысады, яғни олар – 1) ресурстардың шектеулілігі және 2) адамдардың шексіз қажеттіліктері. Міне осы іргелі проблемалар микроэкономикаға да, макроэкономикаға да ортақ болып табылады, бірақ олар әртүрлі деңгейде шешіліп, әр қырынан зерттеледі. Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы, микроэкономиканы – «бір тал ағаш» десек, онда макроэкономиканы – «біртұтас орман» деп қарастырсақ болады.

Микроэкономикалық теория макроэкономикалық саясатты жүзеге асырудың негізін құрайды. Ал макроэкономикалық саясат болса өз кезегінде мемлекетпен анықталады, ол жекелеген нарықтар мен салалар үшін нақты мақсаттарды белгілейді және осы мақсаттардың жүзеге асырылуында нарықтар мен салаларды реттеудің нақты құралдарын қолданады.

Микроэкономикада да, макроэкономикада да зерттеудің сол бір ғана құралдары қолданылады, бірақ ол ғылымдардың әрқайсысы экономикалық құбылыстар мен үрдістерді әртүрлі көзқарастарда зерттейді. Макроэкономика елдің экономикасын тұтастай зерттейді, ал микроэкономика қоғамдық өнімнің құрамы мен бөлінісін қарастырады. Экономикалық білім алу үшін экономикалық теорияның осы екі бөлімі бірдей дәрежеде құнды болып табылады.

Микроэкономика жекелеген игіліктердің бағаларын, яғни салыстырмалы бағаларды зерттейді, ал макроэкономика болса бағалардың абсолютті деңгейін зерттейді.

Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.

Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.

Микроэкономика – бұл шешімдер қабылдау ғылымы.

Микроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:

- белгілі бір игіліктердің бағасы, олардың көлемі және тұтынылуы;

- жекелеген нарықтардың жағдайы;

- альтернативтік (балама) мақсаттарға байланысты ресурстарды тиімді бөлу.

Микроэкономиканың зерттеу пәні болып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар, экономикалық таңдау жағдайында жекелеген экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешімдер қабылдауы табылады.

Микроэкономиканың негіздерін австриялық (маржинализм бағытының) мектептің негізгі өкілдері К. Менгер, Ф. Визер, Э. Бем-Баверк және неоклассикалық теорияның негізгі өкілдері А. Маршалл, А. Пигу, сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. Хикс, американдық экономист Дж. Б. Кларк, итальяндық экономист В. Парето, швейцар экономисі Л. Вальрас және басқа да экономистер қалады және қалыптастырды.

Микроэкономикалық талдаудың қазіргі уақытта зерттеу объектісі кеңейе түсті.

Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұладамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері болып жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы да табылады.

Микроэкономиканың әдісі. Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез-құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті және нормативті микроэкономика болып бөлінеді.

Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.

Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады. Тағы бір мысал: «Барлық жерде бірдей көлемде оқудың төлемақысы көбейсе, абитуриенттер саны азаяды» деген тұжырымды позитивті талдау сипаттаса, ал нормативті талдау осы жағдайға мынадай тұжырым жасайды: «Университеттерде білім алушы студенттер санының көп болуы үшін оқудың төлемақысын қысқарту керек». Бір сөзбен айқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл тұжырымды нормативті микроэкономикаға жатқызамыз. Экономистер арасындағы көптеген нақты келіспеушіліктер талқылауға негізделген нормативті әдіспен, саясатпен байланысты. Экономистер экономикалық модельдер мен теорияларды, олардың құрамдас элементтерін қалыптастыруға тырысады. Ең көп келіспеушіліктер біздің қоғамның қандай болуы керектігі жайлы әртүрлі көзқарастар мен баламалы талқылаулар төңірегінде туындайды. Баламалы талқылаулар мен нормативті тұжырымдар экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысында пайда болады.

Микроэкономиканың позитивті және нормативті деп бөлінуі микроэкономикалық теория методологиясының бастапқы буыны және алғышарты болып табылады.

Позитивті микроэкономикалық теорияның нақты іс-әрекеттілігін зерттеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:

1. Шекті талдау, немесе маржиналды талдау, бұл талдау экономикалық әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъектілер тек қана жалпы түсім пен жалпы шығындарды салыстырып қана қоймайды, сонымен қатар өнім өндіруді көбейткен кездегі шекті (қосымша) түсім мен шекті (қосымша) шығындарды да салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті пайда оң мәнге ие болады, сондықтанда өз пайдасын мейлінше арттыруды көздейтін экономикалық субъект мұнымен тоқталмайды, ол жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Сөйтіп ұтымды субъект өз мақсатына жетеді.

2. Функционалды талдау, бұл әдіс зерттеудің мынадай жолын ұсынады: алдымен құбылыстың тұрпаттық сипаты анықталады, содан кейін осы құбылыстың сипатына әсер ететін факторлар айқындалады. Соңында алдын-ала анықталған құбылыстың сипаты мен оған әсер еткен факторлардың арасындағы өзара байланыс – функция анықталады. Бұл шама (функция) өзгермелі болып табылады, яғни оған әсер еткен басқа факторларға байланысты ол өз мәнін өзгертеді. Мысалы, егер у х-тің функциясы болып табылса, онда ол былай жазылады: у = f (x), мұнда у – х-тің функциясы болса, ал х – функцияның агрументі болады.

3. Теорияның тексерушілік әдісі, бұл жағдайда теорияның тәжірибеде тікелей немесе жанама түрде іске асып мойындалуы қажет деген тұжырым айтылады. Егер теория нақты фактілермен келіспесе, онда ол теория жақсартылады, немесе жоққа шығарады және жаңасын жасайды. Позитивистер – субъективтік бағалауларды жоққа шығара отырып экономикада не және қалай орын алуы керек деген сұрақтарды түсіндіру қажет деп санайды.

Нормативтік микроэкономикалық бағытты жақтаушылар экономикалық құбылыстар мен үрдістерді модельдеуді кеңінен қолданады, яғни танып білу объектілерін зерттеу тікелей емес жанама түрде модельдер арқылы жүзеге асыру қолданылады. Сондықтанда микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған талдау ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір үзіндісін қарапайым түрде көрсету. Бұл жерде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін оның кейбір бөліктері модельде қарастырылмайды. Модельдер ауызша, график түрінде және символикалық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әртүрлі модельдерден тұрады және олар көбінесе ауызша болады. Бірақ теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекті (графиктік) және қысқаша, түсінікті болады.

Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әртүрлі құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады. Бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау барысында зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар деп атайды. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құрудың нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогендік айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.

Кез келген экономикалық модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес келуін анықтаған кезде экономикалық әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп санауымыз қажет. Бұл шартты әріқарай зерттеу барысында қолданамыз (басқа көрсеткіштерді тұрақты деп қарастырғанда).

Модельдеу – экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі. Микроэкономикада модельдердің екі түрі қолданылады: оңтайландыру және тепе-теңдікке келтіру. Жеке экономикалық агенттердің әрекеттерін зерттегенде оңтайландыру модельдері қолданылады. Сондықтан негізгі түсініктер шекті сипатта болады: шекті пайдалылық, шекті өнім, шекті шығындар, шекті түсім және басқа да маржинализмнің әдістемелері қолданылады. Модельдердің екінші түрі – экономикалық агенттердің арасындағы өзара қатынастарды зерттеуде қолданылатын нарықтық тепе-теңдік модельдері. Егер өзара әрекетке түсетін күштер балансталған болса және осы балансты бұзатын ішкі импульстер болмаса, онда жүйе тепе-теңдік жағдайында тұр деп есептелінеді.

Микроэкономикадағы субъектілердің негізгі экономикалық қызметтері үнемі өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сол себепті олар қажеттіліктер, ресурстар, технология, игіліктер және олардың пайдаланылуы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты және осындай компоненттерден құралады, оны төмендегідей сызбадан көруге болады:

қажеттіліктер
ресурстар
технология
игіліктер
пайдаланылуы

 

 


Микроэкономиканың осы аталған базалық түсініктері мынадай негізгі экономикалық үш сұрақтың шешімін табу үшін қолданылады, яғни олар:

Не өндіреміз?

Қалай өндіреміз?

Кім үшін өндіреміз?

Не өндіреміз? – бұл қажеттіліктер бойынша берілген экономикалық жүйеде, белгілі бір уақыт кезеңінде және қандай мөлшерде мүмкін болатын тауар немесе қызмет түрінің қайсысы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе. Бұл сұрақ «қажеттіліктер» деген компонент арқылы өз шешімін таба алады.

Қалай өндіреміз? – бұл өндірілуі мүмкін тауардың немесе қызмет түрінің таңдап алынған нұсқалары ресурстардың қандай қисынымен және қандай технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе. Бұл сұрақ «ресурстар» мен «технология» деген компоненттер арқылы шешіледі.

Кім үшін өндіреміз? – бұл таңдап алынған тауар немесе қызмет кімге арналып шығарылады, олар қалай бөлінеді және оны кім сатып алуы тиіс деген экономикалық мәселе. Бұл сұрақ «игіліктер» және олардың «пайдаланылуы» сияқты компоненттермен шешіледі.

Осындай үш экономикалық сұрақтың туындауы әрдайым қажеттіліктердің шексіздігімен және экономикалық ресурстардың шектеулілігімен тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан да аталған проблемалар кез келген экономикалық жүйеге тән құбылыстар болып табылады.

Енді аталған негізгі ұғымдарға анықтама беруіміз қажет. Яғни микроэкономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.

Қажеттіліктер дегеніміз – бұл микроэкономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.

Игіліктер дегеніміз – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер дегеніміз – бұл экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету дегеніміз – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтанда жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.

Ресурстар дегеніміз – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтанда оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады. Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың шектеулілігі мәселесі орын алады. Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет.

Әр өндірістік ресурстың шегінің болуы және экономикалық мақсаттардың көп болуы – экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Экономикалық таңдау дегеніміз – бұл берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың аһуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді. Яғни, экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – бұл рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – бұл берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – бұл жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары. Баламалы шығындардың өндіріс шығындарынан айырмашылығын мына сызба арқылы түсіндіруге болады.

Таңдауға ие болмаған нұсқалардың ең жақсысы
Жүзеге асырылған ең жақсы мүмкіндік


Баламалы

шығындар

 

 


Өндіріс шығындары

Ресурстар

 

 


Баламалы шығындардың орын алуын мынадай мысалмен де нақты түсіндіруге болады. Айталық, Алматыдан Астанаға саяхатқа бару пойызбен 8 сағат және ұшақпен 3 сағат (аэропортқа бару уақытын есепке алғанда) уақытты қажет етеді. Пойызбен жүру ақысы 100 доллар, ал ұшақпен ұшу билеті 250 доллар. Саяхатқа үш адам аттанады: Қайрат, Қобыланды және Ерлан. Қайраттың бір сағаттық еңбек ақысы 20 доллар, Қобыландының бір сағаттық еңбек ақысы 30 доллар, ал Ерландікі – 50 долларға тең. Бұлар Астанаға көліктің қай түрімен барады? Көліктің қай түрімен барса да, оларға бұл жерде 100 доллар баламасыз шығын болып табылады, яғни одан кем жұмсауға болмайды. Сондықтан қосымша шығындар 250 – 100 = 150 долларға тең болады. Уақыттың баламасыз шығыны бұл жерде 3 сағатқа тең, яғни одан кем уақыт жұмсауға келмейді. Сондықтан қосымша уақыт шығындары 8 – 3 = 5 сағатқа тең болады. Бұл мысалдағы талдаудың мәні осы 150 доллар мен 5 сағат уақытты салыстыруға негізделеді. Қайрат осы 5 сағатта 100 доллар ғана табыс таба алады, оның альтернативті шығындары (100) авиабилет сатып алуға жұмсайтын қосымша шығындарымен (150) салыстырғанда аз болып тұр, сәйкесінше, оған пойызбен бару тиімдірек болып табылады. Қобыландының бір сағатта табатын табысы 30 долларға тең дедік. Ұшақпен ұшып барса 5 сағат уақытты үнемдей алады, онда ол осы үнемделген уақытта 150 доллар табыс таба алады, демек үнемделген уақыт авиабилет сатып алуға жұмсаған қосымша шығынды (150) толығымен өтей алады. Сондықтанда, ұтымды тәртіп тұрғысынан алып қарасақ, Қобыландыға пойызбен де, ұшақпен де аттанса да бәрібір. Ал Ерланға келетін болсақ, «уақыт – ақша» дегендей, ол 5 сағат уақыттың ішінде 250 доллар табыс таба алады, бұл авиабилетке жұмсайтын қосымша шығынынан (150) әлдеқайда көп. Сонымен, ұтымды шешім қабылдаудың нәтижесі: Қайрат пойызбен барады, Ерлан ұшақпен аттанады, ал Қобыландыға бәрібір.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1862 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)