Кіріспе
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы неоклассикалық бағыттағы экономикалық зерттеулер Дж.М. Кейнстің қосқан үлесіне байланысты алға жылжыды. Оның ұлттық шаруашылықты талдауы нарықтық экономиканың атқарымдылық сипатын кеңейтіп, экономикалық теорияның жаңа бөлімдері – микроэкономика және макроэкономиканың қалыптасуына ұласты.
Микроэкономика дара экономикалық субъектілердің мақсаттары мен жабдықтарын зерттеп, олардың бірлескен шаруашылық әрекеттерінің өзара байланыстағы механизмдерін және жеке экономикалық субъектілердің үйлесімділігін қарастырады.
Экономикада қазіргі уақытта бұл үйлесімділік микроэкономиканың зерттеу пәні болатын нарықтық бағаны тағайындау механизмі арқылы жүзеге асырылады.
«Микроэкономика» курсын меңгеру студенттерге экономиканың бастапқы звеносы - өндірушілер мен тұтынушылардың (үй шаруашылығы мен фирмалар) қоғамдық шаруашылықтағы экономикалық жағдайларын, құбылыстарын меңгеріп, бағалауға мүмкіндік береді.
1-тақырып. Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі.
Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық талдаудың принциптері. Ресурстар шектеулігі және балама таңдаулар мәселесі. Экономикадағы технологиялық таңдау. Өндірістік мүмкіндіктер шегі. Экономикалық үрдіске қатынасушыларының рационалды әрекеттері. Микроэкономикалық талдау әдістері.
2-тақырып. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі.
Нарықтық экономикалық жүйе. Нарықтық экономикадағы негізгі мәселелер шешімі. Нарықтық негізгі субъектілері. Нарық жүйесінің қызмет ету тетігі. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші факторлар, сұраныс функциясы. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Сұраныстың бағалық және табыстық икемділігі. Ұсыныстың бағалық икемділігі.
3-тақырып. Тұтынушылар әрекетінің теориясы.
Тұтынушылардың нарықтық сұранысын қалыптастыру үрдісі. Тұтынушы қалауы. Тұтынушы таңдауы. Пайдалылық түсінігі. Пайдалылықты бағалаудың сандық (кардиналистік) және ординалистік (тәртіптік) ыңғайлары. Пайдалылық функциясы. Шекті пайдалылықтың азаю заңы. Тұтынушы жинағы. Талғамсыздық қисығы. Талғамсыздық қисықтарының картасы. Бюджет шектеулігі. Тұтынушының теңдестік жағдайы. «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы. Тұтынушы артықшылығы.
4-тақырып. Өндіріс теориясы.
Өндірістік үрдіс. Өндіріс факторларына сұраныс. Өндірістің тұрақты және айнымалы факторлары. Өндірістік функция. Шекті өнімділіктің азаю заңы. Айнымалы өндіріс факторының жиынтық, орташа және шекті өнімдері. Орташа және шекті өнімдердің арақатынасы. Техникалық ауыстырудың шекті нормасы. Изокванта. Изокванталар картасы.
5-тақырып. Өндірістік шығындар.
Өндіріс шығындары: тұрақты және айнымалы, жалпы, орташа және шекті. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар. Жалпы және орташа, шекті табыс. Пайда. Ең төменгі шығындар ережесі. Пайданы максималдау ережесі. Изокоста. Өндірушінің қысқа және ұзақ мерзімдердегі тепе-теңдіктері. Ауқымдылық есебінен үнемдеу және даму жолдары.
6-тақырып. Капитал концентрациясы және нарықтық билік.
Нарықтық биліктің мәні, көздері және маңыздылығы. Нарықтық билік деңгейін бағалау. Нарықтық биліктің көрсеткіштері. Лернер индексі. Херфиндаль-Хиршман индексі. Тобин индексі. Бейне индексі.
7-тақырып. Жетілген бәсекелестік жағдайы.
Жетілген бәсекелстік фирманың белгілері. Жетілген бәсекелестік фирманың өніміне сұраныстың ерекшеліктері. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде жетілген бәсекелестік фирманың ұсынысы. Жетілген бәсекелестік фирманың тиімділігі.
8-тақырып. Монополия жағдайындағы фирманың әрекеті.
Монополияның түрлері және экономикалық табиғаты. Монополия жағдайында өнім өндіруің оптималды көлемі. Монополиялық пайда. Сұраныс икемділігі. Қысқа және ұзақ мерзімді уақыттардағы монополистік ұсыныс. Монополиялық нарықтық экономикалық салдары. Табиғи монополияларды реттеу.
9-тақырып. Олигополия жағдайындағы фирманың әрекеті.
Олигополияның мәні, себептері және нысандары. Олигополияның шешім қабылдауы. Суизи моделі. Сынған олигополиялық сұраныстың қисығы. Сандық олигополияның Курно, Чемберлин, Штакельберг үлгілері. Олигополияның Бертран және Эджуорт бойынша бағалық үлгілері.
10-тақырып. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті.
Монополистік бәсекенің ерекшеліктері. Өнімді дифференциялау. Фирманың қысқа және ұзақ мерзімдердегі тепе-теңдігі. Монополиялық бәсеке нарығындағы тиімділік мәселесі. Бағалық дискриминация.
11-тақырып. Еңбек нарығы.
Еңбек ұсынысы. Еңбекке сұраныс. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. Еңбек бағасы. Еңбек нарығының түрлері. Жалақы деңгейіне кәсіподақтың әсері. Ең төменгі жалақы. Еңбек нарығын реттеу.
12-тақырып. Капитал нарығы.
Капитал және оның нысандары. Инвестициялау. Қысқа мерзімдік инвестициялар. Инвестициялардың оңтайлы көлемі. Ұзақ мерзімдік инвестициялар. Капитал қойылымдарының шеткі өнімділігі. Инвестицияларды есептеудегі дисконттық құн. Инвестицияға сұраныс. Несиелік капиталдардың ұсынысы. Ссуда пайызының атаулы және нақты мөлшерлемесі.
13-тақырып. Жер нарығы.
Жердің өндірістік фактор ретіндегі ерекшеліктері. Жер ұсынысы. Ауыл шаруашылығына бейімделген және бейімделген жерге сұраныс. Жер нарығындағы тепе-теңдік. Жер рентасы. Абсолюттік және дифференциалдық рента. Жердің бағасы. Жал ақысы. Нарықтардың даралай және жалпы тепе-теңдігі.
14-тақырып. Инновация нарығы.
Инновация түсінігі және жіктелуі. Инновациялық ұйымдардың түрлері және құрылымы. Инновациялық ұйымның патенттік-лицензиялық қызметі. Бәсекелестік нарықтағы инновациялар. Монополия жағдайында және бәсеке жағдайында инновацияларға ынталандыру. Инновациялық өнімнің бағасы. Электрондық нарық.
15-тақырып. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.
«Нарық сәтсіздіктері»: монополия, айқындалмаған ақпарат, сыртқы әсерлер, қоғамдық игіліктер. Нарықтық белгісіздік және тәуекел. Ақпараттың асимметриялығы және оны төмендету тәсілдері. Сыртқы әсерлердің табиғаты. Көрініс нысандары салдары және реттелуі. Қоғамдық игіліктің мәні және белгілері. Қоғамдық игіліктерге сұраныс. Таза қоғамдық игіліктердің тиімді көлемі. Қоғамдық игіліктерді жеткізудің нарықтық механизмі. Қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етуде мемлекеттің қатысуының нысандары. Нарықты монополизациялаудың экономикалық салдары. Монополиялар қызметін реттеу.
Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
1. «Микроэкономика» пәні және оның әдістері.
2. Нарықтық экономика жүйесінің қызмет атқару тетігі: сұраныс және ұсыныс заңдары, олардың өзара әсерлесуі.
3. Тұтынушының әрекеті және тепе-теңдік теориясы.
4. Жеке қайта өндіру теориясы: өндірістік функция, изокоста, изокванта.
5. Өндіріс шығындары, табыстар мен пайдалар.
6. Нарықтық билік – мәні, қайнар көздері, көрсеткіштері, индекстері.
7. Жетілген бәсеке нарығындағы фирманың сұранысы мен ұсынысы.
8. Монополия және монополиялық нарық.
9. Олигополия – мәні, туындау себептері, түрлері, үлгілері.
10. Қысқа және ұзақ мерзімдердегі монополиялық бәсекелес фирмалар тепе-теңдігі.
11. Еңбек нарығын реттеу.
12. Инвестиция нарығындағы сұраныс пен ұсыныс.
13. Жер нарығын қалыптастыру ерекшеліктері.
14. Инновациялық нарық құрылымы және жіктелуі.
15.Нарықты монополизациялаудың экономикалық салдары және нарықты мемлекеттік реттеу.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Н.Қ. Мамыров, Қ.С. Есенғалиева, М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика, Алматы, «Экономика», ҚазЭУ, 2000 ж.
2. Б.М. Мухамедиев. Микроэкономика, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
3. Ю.В. Тарануха. Микроэкономика [текст]: Оқулық, 2006.
4. Ю.В. Тарануха. Микроэкономика: тесты, графики, упражнения, задачи. - 2006. – 208 б.
5. Л.С. Тарасевич. Микроэкономика [текст]: Оқулық, 1996. – 382 б.
6. Р. Пиндайк, Д. Рубинфельд. Микроэкономика. М.: Дело, 2001 ж. – 808 б.
7. Н.М. Розанова. Микроэкономика фирмы. [текст]: учебное пособие. 2007. – 383 б.
8. Х. Вэриан. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход. М.: ЮНИТИ, 1997.
9. В.М. Гальперин, С.М. Игнатьев, В.И. Моргунов. Микроэкономика. Т 1, 2, С.-П.: Экономическая школа, 2002.
10. Р.М. Нуреев. Курс микроэкономики. М.: НОРМА, 2001.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
11. Микроэкономика, Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С.-П.: Литера плюс, 1994.
12. Стрелец И.А. Сетевая экономика – М.:Эксмо, 2006
13. Самуэньсон П. Экономика Т 1,2 М.:Финансы и статистика, 1992
14. Симкина Л., Корнейчук Б. Микроэкономика С.-П.:Питер, 2002
15. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика М.: Дело, 2001
16. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. Т 1,2 М.:Финансы и статистика, 1992
«Қаржы академиясы»
Акционерлік қоғамы
| Сапа менеджмент жүйесі
Құжатталған процедура
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
| СМЖ ҚА ПП 21-10-2014
Күні 11.08.2014 ж.
165 беттен 14 беті
| Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«Қаржы академиясы» АҚ
«Бекітілді»
ОӘК мәжілісінде
Жоғары білім беру факультеті Төрайымы____________Рахимова Г.А.
«_____» __________________2014ж.
СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
5В050600-Экономика; 5В050700-Менеджмент; 5В050800-Есеп және аудит; 5В050900-Қаржы мамандықтары үшін
(шифры, мамандық атауы)
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2139 | Нарушение авторских прав
|