АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014 ж. 5 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

3) Транзитивтілік. Тұтынушы таңдауының теориясы тұтынушы талғамдарының белгілі бір үйлесімділігіне негізделеді.

4) Субституция. Тұтынушы А игілігінің белгілі бір мөлшерін тұтынудан бас тартады, егер оған А игілігінің орнын басатын – субститут В игілігі көбірек ұсынылса.

5) Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі. Кез-келген игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне тікелей байланысты.

Тұтынушының тәртібін анықтау үшін жалпы және шекті пайдалылық принципін қалай қолдануға болады? Біз білеміз, тұтынушы тұтынылатын игіліктің жалпы пайдалылығын өсіруге тырысады. Бірақ ол бұл мақсатқа қалай жетеді, егер ол сол тұтынатын игіліктің мөлшерінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығы төмендей берсе?

Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Айталық, тұтынушы үш игілікті тұтынады: А, В, С. Бұл игіліктердің шекті пайдалылықтары теңгемен есептегенде мынадай:

MUa = 100; MUb = 80; MUc = 45.

Бұл жағдайда жиынтық шекті пайдалылық мынаған тең болады:

100 + 80 + 45 = 225.

Бұл игіліктердің бағасы мынадай:

РА = 10; РВ = 4; РС = 3.

Енді әрбір игіліктің орташа өлшенген шекті пайдалылығын анықтаймыз (яғни, бір теңгеге шаққандағы шекті пайдалылықты анықтаймыз, MU/Р) және осы мәліметтерді кестеге енгізейік.

Шекті пайдалылық және игіліктердің бағасы кесте 3.1

Игіліктер Шекті пайдалылық Баға тг. Өлшенген шекті пайдалылық
  (MU) (P) (MU/P)
А      
В      
С      

Кестеден көріп отырғанымыздай, игіліктердің шекті пайдалылықтары бірдей емес. Бұл жерде ақшалай табыс тиімді түрде бөлінбеген, В игілігі пайдалылығы жоғары, ал А игілігінің пайдалылығы төмен болып тұр. Бұл жағдайда тұтынушы қандай тиімді шешім қабылдайды? Ол В игілігін тұтынуды арттырады және А игілігін тұтынуды қысқартады. А игілігін тұтынудың төмендеуінен 10 теңге үнемделеді. Осы сомаға В игілігінің 2,5 бірлігін тұтынуға болады, яғни В игілігінің пайдалылығы артады: 80 * 2,5 = 200 теңге. Осы сомадан 100 теңгені алып тастаймыз (А игілігінің бірлігін тұтынуды қысқартамыз), және біз жалпы пайдалылықтың 100 өскенін байқаймыз. (200 – 100 = 100). Нәтижесінде А игілігінің (MUa) шекті пайдалылығы өседі, ал В игілігінің (MUb) шекті пайдалылығы кемиді.

Тұтынушы өз табыстарын осылай әділетті бөле отырып, өзінің орташа алынған шекті пайдалылықтарын теңестіруге ұмтылады. Бұл жерде ол тепе-теңдік (максималды пайдалылыққа жету) жағдайға жетеді. Мұндай жағдай Госсеннің екінші заңына сәйкес келеді, оның мәні мынада: барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады. Игіліктерді сатып алуға кеткен шығындарды әділетті түрде қайта бөлу нәтижесінде төмендегі кестеге мынадай мәліметтер жазуға болады:

Тұтынушы тепе-теңдігінің жағдайы (кардиналистік теория бойынша) кесте 3.2

Игіліктер Шекті пайдалылық Баға тг. Өлшенген шекті пайдалылық
  (MU1) (P) (MU/P)
А      
В      
С      

Бұл жағдайда үш игілікті тұтыну кезінде олардың жиынтық шекті пайдалылығы MU мынадай болады: 150 + 60 + 45 = 255. Көріп отырғанымыздай, MU1 >MU. Экономистердің айтуынша, мынадай шарт орындалғанда ғана тұтынушы тепе-теңдік жағдайға жетеді:

MUА/PА = MUВ/PВ= MUС/PС … = MUn/Pn = λ,

мұндағы λ – ақшаның шекті пайдалылығы

Тұтынушы таңдауы – бұл шектеулі ресурстар (ақшалай табыс) жағдайында ұтымды тұтынушының максималды пайдалылықты таңдауы.

Пайдалылықты максималдау ережесі бірнеше қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Егер,

MU1/P1 = MU2/P2 = …= MUn/Pn, болса, онда

MU1/MU2 = P1/P2; …MU1/MUn = P1/Pn және т.с.с.

Сәйкесінше, кез келген игіліктің шекті пайдалылығының арасындағы арақатынас оның бағаларының арақатынасына тең, яғни

MU1: MU2: …: MUn = P1: P2: … Pn.

өлшенген шекті пайдалылықты мына формуламен анықталады:

MU1/P1 = MU2/P2 = … = MUn/Pn = λ,

мұндағы λ – ақшаның шекті пайдалылығы.

Сонымен, ақша бірліктерінің шекті пайдалылықтары оларды қолданудың әртүрлі варианттарында тең болып келеді. Оның жалпы түрін былай көрсетуге болады:

MUi =Piλ.

Тұтыну сұранысының ерекшеліктері. Ұтымды тұтынушының таңдау принциптерімен қатар оның талғамы мен ұнамдылықтарымен анықталатын ерекшеліктері де бар.

Американдық экономист Х. Лейбенстайн тауарға деген сұраныстың екі түрін бөліп көрсетеді: функционалды және функционалды емес.

Функционалды сұраныс - экономикалық игіліктің (тауардың немесе қызметтің) өзіне тән тұтыну қасиеттері бар факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі.

Функционалды емес сұраныс – экономикалық игілікке тән қасиеттерге байланысты емес факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі болып табылады. Х. Лейбенстайн бұл сұраныстың түрін тағы да бірнеше түрге бөледі (сурет 3.4):

1) Көпшілікке ілесу әсері. Тұтынушы басқаларынан қалып қоймауға тырысып, солар сатып алған тауарды бұларда сатып алуға тырысады. Ол басқа тұтынушылардың ойы мен сөзіне байланысты болады.

 

 

ТҰТЫНУ СҰРАНЫСЫ

 

 


Функционалды Функционалды емес

 


 

Тиімсіз Әлеуметтік Спекулятивті

 

 

Көпшілікке

ілесу әсеру Өзін-өзі жоғары ұстау

(Сноб) әсері Веблен әсері

 

Сурет 3.4 Тұтыну сұранысының классификациясы

(Х. Лейбенстайн бойынша)

Көпшілікке ілесу әсері – тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері, яғни «елдің бәрінде бар, менде де болу керек» деген ұғым сән талабына сәйкес болуға ұмтылу және басқадай әсерлер жекелеген тұтынушылардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерін ескеру ойыншықтар мен киім сататын фирмалардың маркетингтік қызметтері мен жарнамаларында маңызды рөл атқарады. Көпшілікке ілесу әсері нарықтық сұраныстың бағаға икемдірек болуын көрсетеді және ол фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы өсе бастайды. Мысалы, электронды пошта, ұялы телефондар, интернет жүйесі сияқты ақпарат көздері бар жүйелер бір адамда ғана болса, олардың құндылығы төмен болар еді, ал егер осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өссе, онда олардың пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы үшін арта түседі.

2) Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері. Бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте қымбат және арнайы тапсырыспен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына жатады. Осы тауарларды тұтынатын тұтынушылардың саны аз болған сайын олардың пайдалылықтары мен құндылықтары өседі де сұраныс мөлшері көбейеді және керісінше болады. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Көптеген фирмалар арнайы жарнама мен маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін туғызуға тырысады.

3) Веблен әсері – тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері.

4) Спекулятивті сұраныс қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады.

5) Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс – бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады.

Талғамсыздық қисығы. Субъективтік пайдалылықты абсолюттік шаманың көмегімен өлшеудің теориялық алғышарттары әрі қарай қарай дами алмады, сондықтан оның орнына бірқатар ғалымдар абсолюттік шаманы салыстырмалы шамаға ауыстыруды ұсынды және тұтынушының мінез-құлқын тауардың ұнамдылығын анықтау және саралау тұрғысынан сипаттауды алға қойды. Осындай ұсыныстар 19-шы ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қабылдана бастады.

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Ф. Эджуорт, В. Парето, И. Фишер, Дж. Хикс, Р. Аллен болды. Бұл экономистер субъективті пайдалылықты абсолюттік шаманың (кардиналистік теория) көмегімен емес салыстырмалы шаманың көмегімен өлшеуге болатынын ашты, яғни тұтынушылардың белгілі бір тауарға деген ұнамдылықтарын немесе тұтынылатын игіліктің пайдалылық дәрежесін өлшеуге тырысты (ординалистік, немесе реттік пайдалылық теориясы).

Бұл жерде тұтынушыға тек тұтынылатын екі игіліктің жиынтығы арасында ғана таңдау жасаса болғаны. Тұтынушының ұнамдылығы барлық игіліктерге қатысты болу керек, бірақ бізге қарапайым болу үшін екі ғана қарастырамыз.

Ординалистік тұжырымдамаға сәйкес, пайдалылықты зерттеудің негізгі құралдары болып талғамсыздық қисықтары мен картасы және бюджет сызығы табылады. Тұтынушының тәртібін талдаудың негізінде оның тепе-теңдік шарты анықталады.

Талғамсыздық қисығы (бұл қисықтың авторы, ағылшын экономисі Ф. Эджуорт, 1881 ж.) – бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтығын көрсететін қисық. Мысалы, Х игілігі - сүт, ал У игілігі – нан болып табылады. Айталық, тұтынушыға бәрібір: 3 кесек нан жеп 1 стакан сүт ішеме (R11 нүктесі), әлде 1 кесек нан жеп 3 стакан сүт іше ме (R12 нүктесі) (сурет 3.5).

Ал екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасы деп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді (сурет 3.6).

Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар:

1. Тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады.

2. Талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздің анықтамамызға қайшы болып келеді.

Y

 


K’

 

 

R’1

T1

 

R’2

T2

 

0 H1 H2 L’ X

 

Сурет 3.5 Талғамсыздық қисығы

Y

 

 

 


 

U4

U3

U2

U1

0 X

Сурет 3.6 Талғамсыздық қисықтарыың картасы

3. Талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық немесе пайдалылық әкеледі.

4. Талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтардың бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардың жалпы пайдалылықтары өзгермейді.

5. Талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.

Кардиналистік бағыт талғамсыздық қисықтарының формасын шекті пайдалылықтың төмендеуімен түсіндіреді, ординалистік бағыт – алмастырудың шекті нормасымен түсіндіреді.

Алмастыру зонасы (субституциялар) – бір игілікті екінші бір игілікпен тиімді түрде алмастыруға болатын талғамсыздық қисықтарының учаскесі (сурет 3.7).

Алмастырудың шекті нормасы (marginal rate of substitution - MRS) – өзара алмастырылу қасиетіне ие екі игіліктің шекті пайдалылықтарының арақатынасы және ол тұтынушының бір игіліктің қосымша (шекті) бір бірлігін тұтынуды арттыруы (азайтуы) үшін екінші игілікті тұтынудың қанша (шекті) бірлігінен бас тартуға болатындығын немесе азайта (арттыра) алатынын көрсетеді.

Егер абсцисса осіне Х игілігінің мөлшерін орналастырсақ, ал ордината осіне У игілігінің мөлшерін орналастырамыз, онда ΔУ/ΔХ немесе dy/dx қатынасы Х игілігін У игілігіне алмастырудың шекті нормасын (немесе субституциясын) сипаттайды (сурет 3.8).

MRSxy = - Δy/Δx,

немесе

MRSxy = - dy/dx,

мұндағы MRSxy – Х тауарын У тауарына алмастырудың шекті нормасы.

Y

 

Субституция зонасы

N R

 

 

S

M

 

 


0 Т Н Х

Сурет 3.7 Алмастыру зонасы (субституциялар)

 

Y

 

 

у I

Δy

II

y – Δy

 

Δx

 


0 x x + Δx X

Сурет 3.8 Алмастырудың шекті нормасы

Талғамсыздық қисықтары тұтынушының ұнамдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жерде екі маңызды ұғым: тауарлардың бағасы мен тұтынушылардың табыстары есепке алынбайды.

Талғамсыздық қисықтары тек бір игіліктің екіншісіне алмастырылу мүмкіндіктерін ғана көрсетеді. Бірақ бұл қисықтар тұтынушының қандай нақты тауарлар жиынтығы аса тиімді деп санайтынын көрсетпейді. Бұл ақпаратты бізге бюджет шектеулілігі (бағалар мен шығындар сызығы) анықтайды.

Бюджет шектеулілігі дегеніміз – бұл тұтынушының дәл қазіргі уақытта берілген табыс деңгейінде және белгілі бір бағамен сатып ала алатын игіліктерінің барлық нұсқаларының жиынтығы. Бюджет шектеулілігі қолда бар нақты ақшаға қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын және жалпы жұмсалатын шығынның табысқа тең болу керектігін көрсетеді. Тұтынушының табысы азайса бюджет сызығы параллельді түрде солға, ал табыс көбейсе сызық параллельді түрде оңға жылжиды.

Бюджет сызығы дегеніміз – бұл берілген табыс мөлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын көрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.

Егер I – тұтынушының табысы, Px- X тауарының бағасы, Py – У тауарының бағасы болса, онда X және Y тауарлары сатып алынған игіліктер санын құрайды, онда бюджет шектеулілігінің теңдеуін мынадай формуламен жазуға болады:

I = Px X + PY Y немесе, Y = I/Py – Px /Py × X

мұндағы – Px/Py – бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті, бұл сызықтың абсцисса осіне көлбеулігін өлшейді.

X = 0 болғанда, У = I/Py, яғни тұтынушының барлық табысы У игілігіне жұмсалады. Оның мөлшерін табысты осы игіліктің бағасына бөлу арқылы есептейміз. Y = 0 болғанда, X = I/Px, яғни біз тұтынушы сатып алатын Х игілігінің мөлшерінің анықтаймыз (сурет 3.9).

Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы) деп атаймыз. Бұл нүктеде тұтынушы өзінің қажеттілігін толық қанағаттандырады

 

 


Y

I / Py

 

 

- Px/Py

0 I / Px X

Сурет 3.9 Бюджет шектеулілігі

Сурет 3.10-да көрсетілгендей, бірнеше талғамсыздық қисықтары - U1, U2, U3 берілген. U1 қисығы бюджет сызығымен қиылысады, сондықтан бұл тұтынушы үшін тиімсіз.

Y

N C

 

 


D

U3

U2

U1

- Px/Py

0 М X

Сурет 3.10 Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (ординалистік теория бойынша)

Ал U2 қисығы бюджет сызығын D нүктесінде жанап өтеді. Бұл нүкте тұтынушының тепе-теңдік жағдайын көрсетеді.

Сонымен, тұтынушының тепе-теңдігі дегеніміз – бұл тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын және әл-ауқаттылығын максималдай алатын нүктесі немесе шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі.

 

Тақырып 4. Өндіріс теориясы.

Мақсаты: нарықтағы өндірушілердің мінез-құлқын және іс-әрекеттерін талдай отырып осылардың өндіретін өнімдерінің тиімді көлемін анықтау, және де ұсыныс тарапынан болатын өндірушілердің қабылдайтын шешімдерін зерттеу арқылы микроэкономикалық талдауды әріқарай жалғастыру. Ол үшін дәріс жоспарында мына сұрақтар қарастырылу қажет.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Өндіріс және технология. Өндірістік функция. Изокванталар.

2. Қысқа мерзімдегі өндіріс. Қайтарымның кемімелі заңы.

3. Айнымалы фактордан тәуелді өнім қисығы. Ұзақ мерзімдегі өндірісті талдау.

4. Өндіріс факторларының алмастырылуы. Масштаб тиімділігі.

Негізгі түсініктер: өндіріс; өндірістік функция; технология; өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы; жалпы өнім; орташа өнім; шекті өнім; изокванталар; технологиялық алмастырудың шекті нормасы; масштаб тиімділігі (өндіріс ауқымы); өндіріс ауқымының тұрақты қайтарымы; өндіріс ауқымының өспелі қайтарымы; өндіріс ауқымының кемімелі қайтарымы; өсу траекториясы; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Бұл тақырыпта біз ұсыныс қатынастары тарапынан болатын өндірушілердің нарықтағы мінез – құлықтары мен олардың экономикалық шешім қабылдау заңдылықтарын қарастырамыз. Жалпы нарықта тұтынушылардың сатып алатын кез келген тауарлары мен қызметтерінің саны мен сапасы оларды өндіруге жұмсалатын сол өндіріс үрдісіндегі ресурстардың немесе факторлардың саны мен сапасына және қолданылатын технологияға байланысты және тәуелді болып келеді. Сол себепті өндірістік ресурстар мен солар арқылы өндірілетін тауарлар мен қызметтердің арасындағы байланысты талдай отырып қана біз нарықтағы өндіруші субъектілердің дербес әрекеттерін түсіне аламыз.

Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс факторлары (экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде: 1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде; 2) капитал өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде; 3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде; 4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады. Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады. Ал технология дегеніміз бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері. Сол бір өнімнің түрі әртүрлі технологиялық әдіспен өндіріле алады. Өз кезегінде технология дамыған сайын өндіріс факторларын аса тиімді түрде қолдануды қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді анықтауға мүмкіндік туады. Бір технологиялық әдісті қолдану аясында ресурстардың көлемі мен шығарылатын өнім көлемі арасында әрқашанда тұрақты байланыс болады. Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды.

Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады: Q = f (L, K, N, M), мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі; L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.

Берілген технология бойынша өндірістік функцияның бірқатар қасиеттері болады, олар өндіріс көлемі мен қолданылатын факторлардың саны арасындағы арақатынасты анықтайды. Өндірістің әр түрі үшін өндірістік функция да әртүрлі болып табылады, бірақ оларға тән ортақ жалпы қасиеттері бар. Сонымен, өндірістік функцияның негізгі қасиеттері мыналар болып табылады:


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1644 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.025 сек.)