Астана-2014 ж. 3 страница
1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын PmaxEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (PE) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (Pmax) төмен екендігін көрсетіп тұр.
2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын PminEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Сәйкесінше, 0PEEQE ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0PminEQE тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады.
Нарықтың даму шеңберінде сатушылар мен сатып алушылар өзара бейімделу үстінде болады. Бұл жерде бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар қажетті ақпараттармен тез алмасуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, нарықтағы бағалар нарықтық тепе-теңдікті үнемі ауытқытып отырады. Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады (сурет 2.9). Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P1 > PE және QS > QD болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалытасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P2 > PE және QD > QS болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады.
Р
Рmax Тұтынушының ұтымы
S
PE Е Өндіріс шығындары
Pmin
D
0 QE Q
Өндірушінің ұтымы
Сурет 2.8 Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы және өндіріс шығындары
Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.
Р D S
артықшылық
P1 A B
PE Е
P2
C F
0 тапшылық
QE Q
Сурет 2.9 Нарықтық тепе – теңдік және одан ауытқу (артықшылық пен тапшылық)
Біз енді білеміз, кез келген тауар нарығында икемді бағалардың көмегімен өзгеріп отыратын сұранысқа ұсыныстың тұрақты түрде бейімделіп отыруы жүріп отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ, бара бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Классикалық мектептің өкілдері, жоғарыда атап өткендей, сұраныстың пен ұсыныстың өзара бағалық және көлемдік жағынан бейімделуі арқылы нарықтық тепе-теңдіктің үнемі қалпына келіп отыруын бақылай отырып мынадай тұжырымға келген: нарық – бұл жоғалған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіріп отыруға қабілеті бар өзін өзі реттейтін жүйе. Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.
Вальрас бойынша тепе – теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі (сурет 2.10a). Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады. Егер P1 бағасы кезінде Q2 – Q1 аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанша дейін баға РЕ бағасына қарай көтеріле береді. Ал егер P2 бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде артықшылықтың жойылуына алып келеді. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі: QD (P) = QS (P)
Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады (сурет 2.10ә). Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын алады. Егер Q1 көлемі кезінде P2 сұраныс бағасы P1 ұсыныс бағасынан артық болса, онда сатушылар артық пайда алуға ие бола отырып ұсыныс көлемін арттыруға ынталы болады. Нәтижесінде Q1 ұсыныс көлемі QE ұсыныс көлеміне дейін ұлғайып баға PE бағасына дейін төмендейді де нарықтық тепе-теңдік орнайды. Және керісінше, егер Q2 көлемі кезінде P3 сұраныс бағасы P2 ұсыныс бағасынан төмен болса, онда сатушылар ұсыныс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Сөйтіп сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңесуі арқылы Маршалл бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:
PD (Q) = PS (Q)
P
ұсыныс артықшылығы P D S
P2 S P2
A L E
PE
PE E P3
K B P1
P1 D
сұраныс артықшылығы
0 Q1 QE Q2 Q 0 Q1 QE Q2 Q
а) Вальрас бойынша ә) Маршалл бойынша
Сурет 2.10 Нарықтық тепе – теңдіктің қалыптасу тұжырымдары
Нарықтық экономиканың дамымаған жағдайында ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болады (сурет 2.11a), ал сәйкесінше, ұсыныс көлемі де сұраныс көлемінен артық болуы мүмкін (сурет 2.11ә). Бірінші жағдайда, сатып алушылардың белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алу үшін төлей алатын максималды сұраныс бағасы сатушылардың ұсына алатын минималды бағасынан төмен болып тұрғанын байқаймыз, олай болса бұл берілген тауар немесе қызмет үшін әлі нарық қалыптаспаған: сатып алушылар осы тауарға сұраныс білдіруге әлі де болса сондай қабілетті немесе ауқатты емес. Ал екінші жағдайда, сұраныстың максималды көлемі ұсыныстың минималды көлемінен төмен болып тұр. Сұраныс көлемінің сондай төмен болуынан өндірушілерге берілген тауардың көлемін сату тиімсіз болып табылады. Яғни, графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдіктің дәстүрлі моделінен тыс нөлдік бағалар немесе нөлдік көлемдер кезінде туындайтын ең шеткі (сирек кездесетін) тепе-теңдіктің моделі де болатынын айтуға болады. Бұл модель нарықтық емес жағдайларды сипаттайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықта қалыптасатын жағдайлардың бәрі сұраныс пен ұсыныс функцияларының сипатына қарай өзгеріп отырады. Кез келген қалыпты тауарлар нарықтарындағы тепе-теңдік сұраныс заңы мен ұсыныс заңы бойынша қалыптасып тепе-теңдіктің бірдейлігі орын алады.
Р P
S D S
PS
PD
D
0 Q 0 QD QS Q
a) РS > PD ә) QS > QD
Сурет 2.11 Нарықтың ең шеткі (сирек) тепе-теңдіктері
Нарықтың тепе-теңдіктің бір болуы (бірдейлігі) немесе дербестілігі деп отырғанымыз ол белгілі бір уақыт мезетінде кез келген қалыпты тауар үшін «баға - көлем» үйлесімінде жалғыз ғана тепе-теңдіктің орнауын қамтамасыз ететін нарықтың қабілеттілігі. Бірақ сұраныс пен ұсыныс функциялары «ереже бойынша жүрмейтін» ерекше тауарлар да болады. Мұндай жағдайда нарықтың талабы әрқашанда орындала бермейді. Себебі кей жағдайларда нарықтық тепе-теңдікке мүлдем қол жеткізілмеуі мүмкін. Мына бір жағдайда, төмендегі графиктерде көріп отырғанымыздай, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының сызықтары бірдей бағытта – оң көлбеулікте (сурет 2.12 a және ә) немесе теріс көлбеулікте (сурет 2.12 б) болуы мүмкін. Мұнда а) суретіндегі графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдікке қол жеткізілмесе де бәрібір кездейсоқ келісімдер орын ала алады, ал ә) және б) суреттеріндегі графиктерде келісім-шарттар мүлдем орын алмайды, өйткені нарыққа қатысушылардың мүдделері әртүрлі мақсаттарға бағытталған деп айтса да болады.
Р Р Р
а) ә) б)
D S
S D
S
D
Q Q Q
Сурет 2.12 Нарықтық тепе-теңдіктің қол жеткізілмеушілігі
Мынадай жағдайларда, егер сұраныс немесе ұсыныс белгілі бір аралықта (учаскеде) көлбеулігін өзгертсе, онда тепе-теңдік нүктелерінің көптігі немесе сұраныс пен ұсыныстың қиылысуында нарықтық тепе-теңдіктің бірнеше нүктелері орын алуы мүмкін. Мұндайда нарықтық тепе-теңдіктің көптілік (бірнешелік) жағдайы орындалады, сонымен қатар, бір нарықта бірнеше тепе-теңдік жағдайлар да орын алады. Оны төмендегі графиктерден көруге болады (сурет 2.13 а, ә және б). Мұндағы а) суретіндегі графикте тепе-теңдіктің жалғыз еместігі (екі жерден) ұсыныс қисығының оң көлбеулігінің теріс көлбеулікке өзгеруімен шартталады, бұл еңбек нарығының мысалы бола алады, еңбектің бағасы (жалақы мөлшерлемесі) белгілі деңгейіне жетткеннен кейін еңбекке деген ынта төмендеп еңбек ұсынысы азаяды, ал нәтижесінде екі тепе-теңдік пайда болады: P1; Q1 және P1; Q2. Келесі ә) және б) суреттеріндегі графикте сұраныс пен ұсыныс сызықтары бағаның немесе көлемнің белгілі бір интервалында бір біріне жанасады, нәтижесінде нарықтық тепе-теңдіктің көптеген нүктелері пайда болады. Бұл жағдай бағалардың Р1 және P2 аралығында өзгергенде көлемнің QE деңгейінде тұрақты болып қалатынын, және керісінше, көлемдердің Q1 және Q2 аралығында өзгергенде бағаның PE деңгейінде тұрақты болып қалатынын көрсетеді.
Р Р Р
a) ә) б)
D S
P2 P2 РЕ
P1 P1
S D S D
Q2 Q1 Q QЕ Q Q1 Q2 Q
Сурет 2.13 Нарықтық тепе-теңдіктің біреместілігі а) және нүктелік көптілігі ә) және б)
Классикалық теория нарықтық тепе – теңдіктің тұрақтылығы туралы болжамға сүйене отырып, нарықтың өздігінен тепе-теңдік қалпына қайтып келе алу қабілеттілігін растайды.
Р A) Р нарықтық бағаның динамикасы
S=f(Pt-1)
Р1 P1
PE PE
D=f(Pt)
P2 P2
D1=f(Pt)
Q1 QE Q1 Q T
Р Ә) Р
S=f(Pt-1) нарықтық бағаның динамикасы
P1 P1
D=f(Pt)
PE PE
P2 P2
D1=f(Pt)
QE Q1 Q Т
Р Б) Р
S=f(t-1) нарықтық бағаның динамикасы
P0 P0
PE PE
P1 P1
D=f(Pt)
D1=f(Pt)
QE Q0 Q T
Сурет 2.14 «Өрмекші торы тәріздес» модельдегі а) бірқалыпты, ә) тұрақты (кемімелі) және б) тұрақсыз (өспелі) нарықтық тепе-теңдіктер және нарықтық бағаның динамикасы
Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің ішкі механизмдері арқылы осы қызметін атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал атқара алмаса тұрақсыз болғаны. Бұл сұрақтарға нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық моделі – «өрмекші торы тәріздес» модельдің көмегімен жауап беруге болады.
«Өрмекші торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін қарапайым динамикалық модель, ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің қалыптасуында бағалық немесе циклдік толқулар орын алады (сурет 2. 14 а, ә және б).
Осы көрсетіліп отырған графикке сәйкес, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының көлбеулігі бірдей болса, онда нарықтық баға тепе-теңдік бағаның айналасында бірқалыпты түрде ауытқып отырады (сурет 2.14 a). Егер ұсыныс қисық сызығының көлбеулігі сұраныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарық тепе-теңдікке келе бастайды (сурет 2.14 ә). Ал егер сұраныс қисық сызығының көлбеулігі ұсыныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарықтың тепе-теңдіктен ауытуы артады, және нарық мүлдем бұзылады да «катастрофа» деген модель пайда болады (сурет 2.14 б).
Сонымен, «өрмекші торы тәріздес» модель арқылы сұраныс пен ұсыныстың (көлбеуліктерінің) бағаның өзгеруіне қарай бейімделу сезімталдығына байланысты нарықтық тепе-теңдіктің және бағалық толқудың бірқалыпты, тұрақты және тұрақсыз деген түрлерін бөліп көрсетуге болады
Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадй формуламен беріледі: EDP = DQ% / DР%,
мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар: 1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = ¥.
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің осы 5 түрін төмендегі графиктер арқылы сипаттауға болады (сурет 2.15 а, ә, б, в, г).
Р Р Р
P1 P1
Р1
P2 D P2 P2
D D
Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q
а) икемді сұраныс ә) икемсіз сұраныс б) бірлік икемді сұраныс
Р P D
D P2
Р1 P1
Q Q
в) өте икемді сұраныс г) өте икемсіз сұраныс
Сурет 2.15 Сұраныстың баға бойынша икемділігінің түрлері
Жалпы басқаша түрде, сұраныстың бағалық икемділігі бойынша түрлерін немесе қасиеттерін мына төмендегі график арқылы да түсіндіруге болады (сурет 2.16). Бұл жерде сұраныстың бағалық икемділігінің мәндері сұраныс қисық сызығының бойындағы кез келген нүктелерде әртүрлі бола алады. Икемділік нөл (D1 нүктесінен) мәнінен шексіздік (D2 нүктесіне) мәніне дейін өзгереді.
P
D2 E = ¥
E>1
E=1
E<1
E=0
D1 Q
Сурет 2.16 Сұраныстың бағалық икемділігінің қасиеттері
Бағалық икемділік пен жалпы түсім арасында өзара байланыс болады (сурет 2.17). Жалпы түсім сатылған өнім көлемі мен оның бағасының көбейтіндісіне тең:
Р
Бағалық икемділік
Q
PQ max
Q
Сурет 2.16 Бағалық икемділік және жалпы түсім
TR = PQ, мұнда TR-жалпы түсім (табыс); Р-баға; Q-көлем.
Егер сұраныс баға бойынша икемді болса (ЕPD>1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді арттырады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемді болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді қысқартады. Ал егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса (ЕPD<1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді қысқартады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді арттырады. Икемді және икемсіз сұраныс жағдайында тауар бағасының жалпы түсімге әсер етуін мына кесте арқылы көруге болады.
Кесте 2.1
Баға бойынша сұраныс икемділігі және жалпы түсім
Баға бойынша сұраныс икемділігінің мәндері
| Бағаның өзгеруінің жалпы түсімге (TR) әсері
| Бағаның өсуі (Р)
| Бағаның төмендеуі (Р)
| ЕPD>1
ЕPD=1
ЕPD<1
| TR TR
TR – const
TR TR
| Сұраныстың бағалық икемділігіне бірнеше маңызды факторлар әсер етеді: 1) нарықта алмастырушы тауарлардың болуы, субститут - тауарлар көп болған сайын ол тауарға сұраныс икемдірек болады; 2) тұтынушы бюджетіндегі тауардың үлес салмағы (ол үлес салмақ үлкен болған сайын сұраныстың бағалық икемділігі де жоғары болады); 3) табыс деңгейі; 4) тауардың сапасы: бұл жерде берілген тауардың қымбат бағалы тауар (әдетте, мұндай тауарларға деген сұраныс икемді болады) немесе бірінші қажеттіліктегі тауар (ал мұндай тауарлардың көпшілігіне сұраныс икемсіз болады) болып табылуы, мысалы, нан, тұз, киім, аяқ киім, электроэнергия, т.б. сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарларға деген сұраныс икемсіз болып табылады, ал автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника, асыл тастар, т.б. сияқты қымбат бағалы тауарларға деген сұраныс икемді болып табылады; 5) тауар қорының мөлшері: тауардың сақталған қоры көп болса, онда сол тауарға деген сұраныс икемді болып табылады; 6) тұтынушының күтімі, егер қысқа мерзімде элекроэнергияны тұтыну икемсіз болса, онда ол ұзақ мерзімде айтарлықтай икемді болуы мүмкін, яғни қысқа мерзімде біз электроэнергияны қажет ететін қолымыздағы электроприборлардан (тоңазытқыштан, басқа да энергияны қажет ететін техникалардан) бас тарта алмаймыз, бірақ уақыт өте келе энергияға баға өсе беретін болса, онда энергияны аз қажет ететін приборларды немесе тұрмыстық техникаларды тұтынуға көше бастаймыз.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1412 | Нарушение авторских прав
|