АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014 ж. 8 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде жетілген бәсекелестік фирманың ұсынысы Қысқа мерзім кезеңіндегі жетілген бәсекелестік фирма

Кез-келген фирманың мақсаты – пайда табу. Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық: П = ТR – ТС

Жетілген бәсекелестік фирманың мақсаты тұрақты баға деңгейінде көп пайда алуға немесе мейілінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өнім көлемін таңдап алу. Қысқа мерзім кезеңінде фирмалардың өндіріс қуаты тұрақты, өндіріс көлемін тек өзгермелі факторларды пайдалану арқылы өзгертуге болады. Енді жетілген бәсекелестік фирманың нарықта қалыптасқан баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды қолданып қысқа мерзім кезеңінде өнім өндіру көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын зерттейміз. Ол үшін өндіріс стратегиясын таңдаудың төрт жағдайын қарастырамыз.

1. Фирманың пайданы мейілінше арттыру жағдайы.

Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары: Р > АС min Бұл жағдайда фирма экономикалық пайда табады. Пайданы мейілінше арттыру үшін өндіруші шекті табыс шекті шығыннан артық немесе екеуі теңескенге дейін (MR=МС) өндірісін жалғастыра береді. Басқаша айтқанда фирма баға шекті шығыннан жоғары немесе оған теңескенге дейін Р=МС өнім өндіреді, өйткені Р = МR. Сондықтан өндіруші әрбір қосымша өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырып отырады. Р = МС шарты орындалғанда фирма ең көп пайда алады. Яғни бұл ереже жетілген бәсекелестік фирманың пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізетін жағдай болып табылады.

2. Фирманың зиянын мейілінше азайту жағдайы.

Өнім бағасы жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа өзгермелі шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары: АVCmin < P < Acmin Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзім кезеңінде қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Мұнда барлық мәселе зиян мөлшеріне байланысты. Егер фирма өндірісті тоқтататын болса, онда ол тұрақты шығындарға тең зиян шегеді Ү=FC, мұндағы Y- зиян көлемі. Бірақ ол орташа өзгермелі шығындарды (АVC) толық өтеп, тек тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін жабатын жалпы табыс алады, сондықтан өндірісін жалғастыра береді. Өйткені бұл жағдайда фирма өндірісін тоқтатқан кезге қарағанда аз зиян шегеді.

3. Фирманың қарапайым пайда алу жағдайы.

Қысқа мерзім кезеңінде бәсекелестік фирмаға ең жоғарғы экономикалық пайда әкелетін өнім көлемін анықтаудың алғышарты: MC=MR=P>AC Фирманың өніміне баға әр түрлі себептермен арзандауы мүмкін. Нарықтағы баға ең төменгі орташа шығынның деңгейіне дейін төмендеді делік. P=Acmin Бұл жағдайда экономикалық пайда 0-ге тең. Бірақ бәсекеші фирма қарапайым пайда алады. Себебі, пайданы мейлінше өсіретін өнім көлемін нарықтағы бағамен сату фирмаға табыс әкеле отырып, экономикалық шығынды қайтаруға мүмкіндік береді. Жетілген бәсекелестік фирма тепе – тең жағдайда болады. Оның алғышарты: MC=MR=P=AСmin Сонымен, мейлінше жоғарғы пайда алу мүмкіншілігі нарықтағы бағаға байланысты екенін көруге болады. Ал бағаның өзгерісі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін байланысты болады. Егер фирма тепе – тең өнім көлемін қысқартса немесе өсірсе, қарапайым пайдадан айырылады және зиян шегеді.

4. Жетілген бәсекеші фирманың қызметін тоқтатуы.

Баға ең төменгі орташа шығындар деңгейінен аз: Р <АVCmin Бұл жағдайда фирма өзінің өзгермелі шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындар құнынан да көп зиян шегеді, яғни зиян барлық шығындар шамасына ТС-ға тең болады. Сондықтан фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн.

Қысқа мерзім кезеңіндегі бәсекелес фирманың және саланың ұсыныс қисығы

Қысқа мерзімдегі бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы баға мен ұсынылған тауар көлемі арасындағы тура байланысты көрсетеді. Бәсекелес фирма пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеретін өнім көлемін шекті шығын бағаға теңескенге дейін өсіреді. Сондықтан шекті шығын қисығы баға мен ұсыныс арасындағы байланысты сипаттайды. Бірақ нарықтағы баға бәсекелес фирманың ең төменгі орташа өзгермелі шығынынан жоғары болуы керек. Сонда ғана фирма зиянын азайта отырып, жұмысын жалғастырады. Егер баға ең төменгі орташа өзгермелі шығыннан төмен болса (P<AVC min), фирма жабылады. Сонымен, бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы – AVC қисығының ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан MC қисығының кесідісі. Бәсекелес нарықтағы ұсыныс – саладағы барлық фирмалардың әрбір мүмкін бағамен өндіріп, ұсынатын өнімдері көлемінің қосындысы. Біртекті өнім өндіретін бәсекелес фирмалардың шекті шығындарының қисықтары бірдей. Нарықтық ұсыныс қисығы- нарықта жұмыс істейтін барлық фирмалардың жеке шекті шығындары қисықтарының көлденең жиынтығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар: саладағы фирмалардың саны; фирмалардың орташа көлемі; өзгермелі ресурстардың бағасы; салада қолданатын технология. Бұл факторлардың әсерінен МС қисығы жоғары немесе төмен жылжиды.

Ұзақ мерзім кезеңіндегі фирма және ұсыныс

Ұзақ мерзімде бәсекелес фирманың барлық шығындары өзгермелі болады. Егер нарықта экономикалық пайда алу мүмкіншілігі болса, фирмалар жаңа кәсіпорындар сала бастайды, бұрынғы кәсіпорындардың көлемін ұлғайтады және нарыққа жаңа фирмалар кіреді. Егер салада тек қана қарапайым пайда алатын мүмкіншілік болса, нарықтағы фирмалардың саны өзгермейді. Себебі фирмалардың салаға кіруге немесе шығуға ынталары болмайды. Егер салада қарапайым пайда алу мүмкіншілігі болмаса, көптеген фирмалар жабылады немесе нарықтан шығып экономикалық пайда әкелетін салаларды іздейді. Бәсекелес нарықтағы ұзақ мерзімдегі тепе-теңдікті былай сипаттауға болады: Саладағы барлық фирмалар пайдаларын мейлінше өсіреді. Барлық фирмалар қарапайым экономикалық пайда алатын болғандықтан, ешкімнің нарықтан шығуға немесе кіруге ынтасы болмайды. Нарықтағы баға ең төменгі ұзақ мерзімдегі орташа шығынға тең болады. Нарықтағы тауардың бағасы саладағы ұсыныс мөлшерін сұраныс мөлшеріне теңестіреді. Ұзақ мерзімдегі бәсекелестік фирманың ұсынысы сол фирма жұмыс істейтін саладағы сұраныстың өзгерісіне байланысты қалыптасады. Сонымен саланың ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығы тепе-тең жағдайдағы ұсынылған өнімдер мен бағаның арасындағы байланысты көрсетеді. Ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығының кез келген нүктесінде LRMC=P=LRACmin теңдігі орындалады.

Жетілген бәсекелестік фирманың тиімділігі Тұтынушының ұтысы (ТҰ) – тауарға төлеуге даяр ең ең жоғарғы баға мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық. Сұраныс қисығының теріс көлбеу орналасуы баға төмендеген сайын сатып алатын тауар санының көбейетінін көрсетеді.

Тұтынушының жалпы ұтысы - сатып алатын тауарлар үшін төлегісі келетін баға мен сол тауарларды сатып алуға жұмсалған нақты шығын арасындағы айырмашылық (29-сурет). Мысалы, тұтынушы тауарды өте жоғары бағалайды. Оның тауар үшін төлеуге дайын бағасы Pm-ге тең. Нарықтағы сұраныспен ұсынысқа байланысты қалыптасқан тепе-тең баға Р1. Тауарды жоғары бағалайтын тұтынушылар нарықтағы тепе-тең бағадан ұтыс алады. Сұраныс қисығы мен нарықтағы тепе-тең бағаның арасындағы Р1PmЕ үшбұрышының ауданы тұтынушылар ұтысының көлемін көрсетеді.

29 - сурет. Тұтынушы мен өндірушінің ұтысы

Өндірушінің ұтысы (ӨҰ)- өнімнің ең төменгі бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмашылық. Ең төменгі баға тауарды өндіруге жұмсалған шекті шығынға тең. Егер нарықтық баға шекті шығыннан жоғары болса өндірушінің пайдасы өседі. Тепе-теңдік жағдайда өндірушінің ұтысы 0 тең болады. Себебі баға шекті шығынға тең. Өндірушінің ұтысын экономикалық рента деп те атайды. Өндірушінің жалпы ұтысы - сатылған өнімнен түскен табыс пен осы өнімді өндіруге қажетті ең аз шығын арасындағы айырмашылық. Суреттегі АР1Е үшбұрышының ауданы өндірушінің ұтысын көрсетеді. Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстары жалпы қоғамның әл-ауқатын сипаттайды. Сондықтан мемлекеттің экономикалық саясаты, тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарына әсер ету арқылы қоғамның әл-ауқатын да өзгертеді.

 

Тақырып 8. МОНОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: монополиялық бәсеке нарығын талдау арқылы олардың ерекше белгілерін айқындау, жетілмеген бәсеке концепциясын әріқарай қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

Дәріс сабағының жоспары:

1. Монополистік бәсеке нарығының моделі және оның сипаттамалары.

2. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирманың баға мен өнім көлемін белгілеуі. Ұзақ мерзімдік тепе-теңдік.

3. Бағалық емес бәсеке. Жарнама және экономикалық тиімділік.

Негізгі түсініктер: монополиялық бәсеке; өнімді ерекшелендіру; тауарлар тобы; қуат артықшылығы; сату шығындары; жарнама; бағалық бәсеке; бағалық емес бәсеке; т.б.

Тақырыптың мазмұны.

Монополия – өндірісті, сауданы және қызметтердің басқа да түрлерін жүргізу үшін жеке тұлғаға, белгілі бір адамдар тобына немесе мемлекетке берілетін ерекше құқық.

Басқаша сөзбен айтсақ, монополия – бұл «жалғыз сатушының нарығы».

Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдалана отырып, тауардың бағасын бәсекелес фирманың бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.

Таза монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:

1. «Фирма» және «сала» түсініктері түйіседі.

2. Сатып алушыларда тауарды таңдауда мүмкіндіктері болмайды.

3. Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып, бағаны кез келген бағытта өзгертеді және басқара алады.

4. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның өніміне деген сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды.

5. Таза монополия бәсекелестіктен биік кедергілермен (тосқауылдармен) қорғалады.

Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Американдық экономист Джо Бейн алғаш рет өзінің зерттеулерінде фирманың салаға немесе нарыққа кіруіндегі тосқауылдардың орын алуын қарастырған болатын. Егер салаға кіру тосқауылдары неғұрлым жоғары болса, онда монополиялық пайда соғұрлым тұрақты сипатта болады. Салаға кіру тосқауылдарының түрлері көп жағдайда мынадай болуы мүмкін:

· өндіріс ауқымының (масштаб тиімділігінің) болуы немесе ірі өндірістің басымдылығы (тосқауылдың аса көп тараған түрі);

· құқықтық шектеулердің болуы: патенттер, лицензиялар, авторлық құқықтар, халықаралық саудадағы тарифтер мен квоталар;

· салаға кірудегі жоғары шығындар – экономикалық шектеулердің болуы. Бірқатар салаларда (мысалы, авиациялық өнеркәсіпте) өндіріспен айналысу өте қымбатқа түсуі мүмкін;

· қажетті шикізат көзіне және ерекше ресурстың түріне деген бақылаудың орын алуы;

· жарнама және өнімнің дифференциациялануы;

· ірі көліктік шығындардың орын алуы;

· бәсекенің әділетсіз жүргізілуі және мафиялық құрылымдардың физикалық қысым көрсетулері; т.б.

Немесе монополия жағдайында басқаша қарапайым түрде барлық кедергілер былайша екіге ғана бөлінеді:

1. Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау).

2. Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайды.

Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.

Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни, монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері болады:

1. Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.

2. Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргенне гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.

3. Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Жәй монополия жағдайында тауардың қосымша 1 бірлігінен түсетін түсім (MR) оның бағасынан төмен (бірінші бірлігінен басқасы) болады: MR < P. MR қисығы графикте сұраныс қисығынан төмен орналасады (Сурет 7.1).

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, сұраныстың бағалық икемділігі, жалпы түсімі (TR) және шекті түсімі (MR) көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс болады.

Сұраныс икемді болғанда MR-дің шамасы оң сан болады да, жалпы түсім өседі. Сұраныс икемсіз болса, онда MR < 0 және TR азаяды. Ал сұраныс икемділігі 1-ге тең болса, онда MR = 0, ал TR – ең жоғары мәніне жетеді. Монополист өнімді сұраныстың икемді болатын бөлігінде ғана шығарады.

Енді таза монополисттің қысқа мерзімдегі өз пайдасын ең жоғарғы деңгейге қалай жеткізетінін қарастырсақ. Монополист тауар бірлігінің бәріне бірдей баға белгілейтін болғандықтан тауардың бағасы монополисттің орташа түсімін (AR) көрсетеді. Демек монополиялық фирманың тауарына деген сұраныс қисығы оның орташа түсімінің де қисығы болып табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын сипаттайды:

P = P (Q).

 

P

MR E > 1

 

E = 1

 


E < 1

MR D

Q

TR

MR > 0 MR < 0

max

 

 


 

Q

Сурет 7.1 Монополия кезіндегі жалпы түсім, шекті түсім және сұраныстың бағалық икемділігі

Монополист-өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:

π = TR – TC = P (Q) . Q – TC (Q).

Ал пайданы барынша көбейту (максималдау) шарты мына формуламен анықталады:

dπ / dQ = dTR / dQ – dTC / dQ = MR – MC = 0

немесе

MR = MC.

Бұдан өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана монополисттің пайдасы ең көп мөлшерде болатынын көреміз.

Төмендегі суреттен көріп отырғанымыз: белгіленетін баға (Pm) оңтайлы өнім көлеміне сәйкес келеді және ол әрқашанда шекті шығыннан (МС) жоғары болады (Сурет 7.2).

 


P MC

 


Pm

 

D

A

 

 

Qm MR Q

 

Сурет 7.2 Монополистің оңтайлы өнім көлемі мен бағаны белгілеуі

Бұдан: MC = MR < P – таза монополистің қысқа мерзімдегі (SR) тепе-теңдігінің шарты.

Монополиялық пайданы анықтау үшін баға (Pm) мен орташа шығындардың (ATC) арақатынастарын білу қажет:

· егер Pm > ATC болса, онда монополист пайдаға ие болады: π = (P – ATC) . Q және оны мейлінше арттырады;

· егер AVC < P < ATC болса, онда монополист шығынға ұшырайды, бірақ оны мейлінше азайта отырып өндірісті жалғастырады;

· егер P = ATC болса, онда монополист экономикалық шығындарын түгелімен өтейді, бірақ экономикалық пайдасы 0-ге тең болады.

Ал енді біз таза монополистің ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігін қарастырамыз. Монополияланған нарық кезінде фирманың өзі саланы құрайды және оған басқа фирмалардың кіруіне жол жоқ, себебі олар кедергілер көмегімен қорғалады. Бұл, әрине монополия жаңа зауыттар енгізе алмайды деген мағына емес. Салынатын зауыттар монополист-фирманың бір бөлігі (бөлімшесі) болады, сондықтан олар да осы фирманың пайдасын арттырады.

Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды көлемін

LRMC = MR болғанда анықтайды. Мұндағы LRMC – монополистің ұзақ мерзімдегі шекті шығындары; MR – монополистің шекті түсім.

Ұзақ мерзімде монополист-фирма өзі бақылап отырған өндіріс саласына басқа фирмалардың кіруіне мүмкіндік бермеген жағдайда ғана тепе-теңдікті ұстап тұра алады. Салаға кіруге тосқауыл қою арқылы таза монополия ұзақ уақыт мерзімінде де экономикалық пайда алуға қабілетті болады. Таза монополияның ұсыныс қисығы болмайды, себебі ол Qm өнім көлеміне сәйкес бағаны өзі тағайындайды. Монополистің өнім көлемі (Qm) туралы шешімін сұраныс қисығынан бөліп қарастыруға болмайды.

Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискриминация жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әртүрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сата алады. Кезінде ағылшындық экономист, неоклассикалық теорияның көрнекті өкілдерінің бірі Артур Пигу өткен ғасырдың 30-шы жылдары алғаш рет «бағалық дискриминация» ұғымын микроэкономикалық теория ғылымына енгізген болатын, сонымен қатар, ол бағалық дискриминацияның негізгі үш түрін (немесе дәрежесін) бөліп көрсеткен: 1) бірінші дәрежелі (жетілген) бағалық дискриминация; 2) екінші дәрежелі бағалық дискриминация; 3) үшінші дәрежелі бағалық дискриминация.

Сонымен, бағалық дискриминация дегеніміз бұл монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.

Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:

1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.

2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.

Егер фирма әрбір сатып алушының тауар үшін қандай деңгейдегі жоғары баға төлеуге дайын екенін білсе, онда бірінші дәрежелі (жетілген) бағалық дискриминация орын алады.

P P

 

 


Pm

I II I МС

 

 


D, MR

MR

Qm´ QQm´´ Q

Сурет 7.3 a Монобағалық саясат Сурет 7.3 ә Бағалық дикриминация саясаты

Бағалық дискриминацияның салдары:

1) өнім көбірек өндіріледі;

2) тұтынушының ұтымы есебінен сатушының пайдасы жоғарылайды;

3) қоғамның әл-ауқаты жоғарылайды, себебі тауарға тұтынушылардың көпшілігінің қолы жететін болады.

Бағалық дискриминацияға графиктік тұрғыдан талдау жүргізуге болады (МС – const деп есептейік).

7.3 a – суретінен көріп отырғанымыз: монополистің пайдасы І тіктөртбұрыштың ауданына тең; штрихталған үшбұрыш – бұл тұтынушының ұтымы; ІІ үшбұрышының ауданы – бұл монополия бағасының салдарынан болатын қоғамның қайтарылмайтын шығындары (залалдары).

Бағалық дискриминация саясатына көшу MR = P екенін білдіреді, ал MR графигі сұраныс графигімен дәлме-дәл келеді. Тұтынушы ұтымы түгелімен сатушыға түсіп, оның пайдасын жоғарылатады (7.3 ә – суретіндегі І үшбұрышының ауданы). Сату нарықтарының кеңеюіне (Qm´´ > Qm´) байланысты қоғамның қайтарылмайтын шығындары да жойылады.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 4400 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.021 сек.)