АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ТЕСТІЛЕР. 1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:

Прочитайте:
  1. ТЕСТІЛЕР
  2. ТЕСТІЛЕР
  3. ТЕСТІЛЕР
  4. ТЕСТІЛЕР
  5. ТЕСТІЛЕР

1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:

а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды

б) саланы тастап кете алмайды

в) өндіріс көлемін өзгертеді

г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес

д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған

2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?

а) конгломераттық

б) көлденең

в) тік

г) бұл қосылу емес

3. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол...

а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін

б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі

в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады

г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін

д) барлық жауаптар дұрыс

4. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер...

а) орташа шығындар түссе (төмендесе)

б) жарнама шығындары өссе

в) шекті табыс шекті шығындардан асса

г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе

д) орташа шығындар бағамен теңелсе

Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында монополиялық биліктің мәні және көрсеткіштері, ұзақ мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік, бағалық дискриминация дәрежелері, монополия түрлерінің алуандығы және салаға кіруге қарсы тосқауылдар, сұраныстың бағалық икемділігі және монополиялық тепе-теңдік сияқты сұрақтарды талқылап, ерекше назар аудару қажет.

 

ТАҚЫРЫП 8. МОНОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ

1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3.Тест сұрақтарына жауап беру

4.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:

1. Монополиялық бәсекелестік нарығын сипаттаңыз.

2. Монополистік бәсекелестік жағдайларда қысқа мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді? Сондағы үдерістердің қайсысы нағыз бәсекелестікпен, қайсысы – монополиямен бірдей?

3. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалай белгіленеді?

4. Монополиялық бәсекелестіктің шығындары қандай, олар немен себептеледі?

ЖАТТЫҒУЛАР ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕР

1. Әр түрлі өнімді шығаратын көптеген шағын фирмалар сәйкес...

а) олигополияға

б) монополистік бәсекелестікке

в) нағыз бәсекелестікке

г) монополияға

д) таза бәсекелестікке

2. Монополиялық бәсекелес жағдайындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік деген, ол...

а) Р = LRACmin

б) Р = МС

в) фирмалар экономикалық табыс алмайтындығы

г) өндірісте барлық ресурстардың пайдаланылатындығы

3. Монополиялық бәсекелес нарықтың мысалын келтіріңіз. Егер нағыз бәсекелестік нарығы болса, онда қандай өзгерістер болуы мүмкін? Осы мысалдың негізінде монополия бәсекелестігінің жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіріңіз.

4. Фирма монополиялық бәсекелес болып табылады. Оның шекті табысының функциясы: MR = 10 – 2q; ұзақ мерзімді шығындардың өсетін бөлігі: MC = 2q – 2. егер LRACmin = 6, фирманың өндірістік қуаттарының артығы қандай болады?

Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында монополиялық бәсеке және оны сипаттайтын белгілер, қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке, монополиялық бәсекенің пайдасы және зардаптарын талқылап, қосымша конспектілеу.

 

ТАҚЫРЫП 9. ОЛИГОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ

1. Сұрақтарды ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру

3. Сөздік тапсырмаларды орындау

4. Тест сұрақтарына жауап беру

5. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:

1. Ресурстардың өсуін шектеу критериі болып не табылады?

2. Өндірістік баға нарығының тепе - теңдігін қандай шарт қамтамасыз етеді?

3. Неліктен еңбектің ұсыныс қисығы төмендейді?

4. Қандай факторлар қаржы капиталының ұсынуын көрсетеді?

5. Адам капиталының түсінігіне анықтама беріңіз.

6. Уақыт аралық бюджеттің шектілігі мен уақытаралық мәнін түсіндіріңіз.

7. Уақыт қалауындағы шекті мөлшер дегеніміз не?

8. Егер ссудалық пайыздың нарық ставкасы 6% болса, жобалау шектісі қандай болады?


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1157 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)