ТЕСТІЛЕР
1. Тікелей өндірістік қатынас кезінде ұсыныс қысқарады делік, бұл мынадай жағдайға әкеледі:
а) өндірістегі өнім бағасы төмендейді
б) өндірістегі өнім бағасы өседі
с) өндірістегі өнімге сұраныс төмендейді
д) өндірісте ұсыныс артады
2. Жалпы экономикалық эффекті жетістігінің критериясы не болады?
а) өндірістің барлық ресурстарын пайдалану
б) барлық өндірілген өнімді сату
с) тұтынушылардың максималды пайдасын алуы
д) барлық жоғарғы көрсетілгендер дұрыс
3. Экономиканың эффектісі өндіріс графигінде көрсетіледі:
а) график ішінде орналасқан нүктемен
б) график сыртында орналасқан нүктемен
с) өндірілген өнім мүмкіндіктері шекарасында орналасқан нүктемен
д) экономиканың эффектілігі өндірілген өнім мүмкіндігіне еш қатысы жоқ
4. Өндірістік мүмкіндіктердің қисықтығы
а) бір өнімнің өндірістік көлемі екінші бір өндіріс көлемімен басқа да берілген ресурстар негізіне тәуелділігін көрсетеді
б) өндірістік өсім көлемінің өндірістік факторға тәуелділігін көрсетеді
с) өндірістік өнім көлемінің өндірілген субститут көлеміне тәуелді екендігін көрсетеді
д) дұрыс жауабы жоқ
5. Дұрыс жауапты таңдаңыз
а) барлық өндірістің тепе-теңдігі бір уақытта жалпы тұрақтылық деп аталады
б) барлық жалпылай тепе-теңдік анализі экономиканың әрбір бөлек бөлігімен бірігіп қолданылатынын көрсетеді
с) бөліктік тепе-теңдік анализі ғана қате болуы мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Нарықтық экономиканың шарттары мен пайда болу себептерінің мақсатын, оның функцияларын ашып көрсетіңіз. Негізгі жалпы тұрақтылық анализіне, өндірісте және айырбастаудағы эффектілігіне баса назар аударыңыз.
ТАҚЫРЫП 11. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Реферат тақырыптары: «Еңбек ресурсқа деген шекті шығын қисығы», «Еңбек қызметінің нарығындағы тепе-теңдік»
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Факторлар нарығын сипаттаңыз. Дайын өнім нарығымен оның қандай байланысы бар?
2. Өндіріс факторларының шекті табыстылығы деген не? Ол қалай есептеледі?
3. Факторлар нарықтарының қандай түрлері бар? Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес факторлар нарығындағы фирманың тепе-теңдігін сипаттаңыз.
4. Факторлардың ұзақ мерзімді нарығындағы фирма тепе-теңдігінің ерекшеліктері неден тұрады?
5. Өндіріс факторларына қатысты салалық сұраныстың қисық сызығын сипаттаңыз.
6. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарығына сипаттама беріңіз.
7. Монополиялық фактор нарығында тепе-теңдік қалай орнатылады?
ЕСЕПТЕР:
Есеп 1. Соңғы он жылдықта Еуропа мен Құрама Штаттардағы кәсіподақ лидерлері осы елдің фирмаларының шығындарын азайту үшін «шетелден жұмысшы күшін жалдауды» шағымданды. Фирмалардың неге осылайша әрекет жасайтынын көрсетіңіз.
Есеп 2. Аталмыш тенденцияға қарсы қандай экономикалық күштер әрекет жасай алады.
Есеп 3. Өндірісті шетелге ауыстыруға қандай салалар сіздің ойынызша ерекше қызығушылық тудырады?
ТЕСТІЛЕР:
1. Жұмысшы күшінің қосымша бірлігінен түсетін қосымша табыс – бұл:
A) Еңбек табыстылығы;
B) Пайдалылық;
C) Еңбектің қосымша табыстылығы;
D) Шекті шығындар;
E) Рентабельділік.
2. MRPL (Еңбектің шекті табыстылығы), қандай формула бойынша есептелінеді:
A) MPL/MR;
B) MPL+MR;
C) MRxMP;
D) MPLxMR;
E) MPL-MR.
3. Өндіріс факторлар санын және өнім шығару көлемін не үшін тербелейді:
A) Шекті табыс шекті шығындарға тең болуы үшін;
B) Шекті табыс шекті шығындардан аз болуы үшін;
C) Шекті табыс шекті шығындардан көп болуы үшін;
D) Шекті шығындар табыстан асып кетуі үшін;
E) Шекті табыс нөлге тең болуы үшін.
4.Еңбектің шекті табыстылығының өсуі кезінде еңбектің шекті табыстылық қисығы:
A) Өзінің қалпын өзгертпейді;
B) Оңға қарай жылжиды;
C) Солға қарай жылжиды;
D) Жоғарыға қарай жылжиды;
E) Төменге қарай жылжиды.
5. Еңбекке деген жиынтық нарығының сұраныс қисығын алу үшін не қажет:
A) Сала сұранысының қисықтарын қосу;
B) Әр фирмада оған деген сұранысын анықтау;
C) Алдымен әр фирмада оған деген сұранысын анықтау, содан кейін саланың сұраныс қисықтарын мүшелеп қосу;
D) Сала ұсыныстарының қисығын қосу;
E) Әр саладағы ұсыныс қисықтарын анықтау.
6. Сатып алынатын өндіріс факторының бірлігіне кететін фирманың үлестік шығыстары нені білдіреді:
A) Орташа шығындар қисығын;
B) Шекті шығындарды;
C) Орташа табыс қисығын;
D) Шекті өнімді;
E) Шекті шығындар қисығын.
7. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
A) Орташа шығындар;
B) Шекті шығындар;
C) Үлесті табыстар;
D) Тұрақты шығындар;
E) Ауыспалы шығындар.
8.Шекті табыс қисығы шекті шығындар қисығынан төмен жатса, онда:
A) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан төмен болады;
B) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан жоғары болады;
C) Пайда шығындарға тең болады;
D) Жиынтық табыстар шығындарға тең болады;
E) Пайда нөлге тең.
9. Пайданы максималдау қандай шарттарды талап етеді (ME -шекті табыстылық; MRP -шекті шығындар):
A) MY=MP;
B) ME<MRP;
C) ME>MRP;
D) ME=MRP;
E) ME>MP.
10.Өндіріс факторларына кеткен шығындармен және осы факторларды жалдау үшін қажетті минималды төлем арасындағы айырма – бұл:
A) Орташа табыс;
B) Шекті шығындар;
C) Шекті табыс;
D) Экономикалық рента;
E) Таза табыс.
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Семинар сабағында еңбек қызметінің жеке және нарықтық ұсынысын, еңбекақының өзгеруі кезіндегі табыстың өзгеру себептерін толығырақ талқылап, ерекше назар аударған жөн.
ТАҚЫРЫП 12-13. КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЖЕР НАРЫҒЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Реферат тақырыптары: «Капиталға деген шекті шығын қисығы»
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Қарыздық пайыздың ставкасы және қысқа мерзімдегі инвестицияларға сұранысқа анықтама беріңіз.
2. Қарыз капиталының ұсынысы деген не?
3. Капитал – тауарлар мен қызметті өндіруде ұзақ пайдаланылатын ресурстар дегенмен келісесіз бе?
4. Жер сұранысы мен ұсынысының ерекшеліктерін атаңыз.
5. Физикалық және адам капиталы сияқты капитал түрлеріне сипаттама беріңіз.
6. Жер өндіріс факторларының ерекшелігін атаңыз
7. Жер рентасы деген не?
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1004 | Нарушение авторских прав
|