| ТЕСТІЛЕР. 1. Өндіріс функциясы деп нені айтамыз:1. Өндіріс функциясы деп нені айтамыз: а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы байланысты; ә) өндіріс факторларының белгілі бір қүрамын пайдаланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемін; б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс; в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес. 2. Өндіріс факторлары дегеніміз: а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар, құрал-жабдықтар және еңбек күштері; ә) өндірісте алынатын дайын өнім көлемі; б) а және ә пункттері; в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс. 3. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз: а) негізгі өндірістік қорлардың болатын уақыт аралығы; ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен заттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы; б) негізгі өндірістік қорлардын, көлемдері айнымалы болатын уақыт аралығы; в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да дұрыс емес. 4. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолданылатын: а) факторлардың бәрі де түрақты болады; ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады; б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады; в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс. 5. Экономикалық шығындар құрамына: а) айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ кәдімгі пайда да қосылады; ә) айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды; б) айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар ескерілмейді; в) айқын және айқын емес шығындар қосылмайды. 6. Ұзақ уақыт мерзімінде: а) барлық шығындар айнымалы болады; ә) барлық шығындар тұрақты болады; б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі; в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі. 7. Қысқа мерзім аралығында: а) барлық шығындар айнымалы болады; ә) барлық шығындар тұрақты болады; б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі; в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі. 8.Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды: а) Δ MC; ә) VC-FC; б) FC+VC+MC; в) FC+VC; г) (FC+VC)/Q. 9. Орташа жалпы шығындар дегеніміз: а) тұрақты және айнымалы шығындар; ә) тұрақты шығындар; б) айнымалы шығындар; в) шекті шығындар. 
 Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1173 | Нарушение авторских прав 
 
 
 
 
 |