АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014 ж. 9 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

Бағалық дискриминация әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда да монополист өзінің тауарына деген сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Бағалық дискриминация көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.

Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.

Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.

Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.

Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.

Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

1. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады: IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP. мұндағы, Pm – монополиялық баға, МС – шекті шығын, EdP – сұраныстың бағалық икемділігі.

Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға көлемі шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығында (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды. Лернер индексінің осы келтірілген формуламен есептеу шекті шығындарды есептеу қиындығына байланысты оңай емес. Сондықтанда шекті шығындардың орнына орташа шығындар көрсеткіші пайдаланылады: IL = (Pm – AC) / Pm; IL = (Pm – AC) . Q / (P. Q) = π / TR.

Егер алымы мен бөлімін көбейтсек, онда алымында пайда, бөлімінде жалпы түсім көрінеді. Осылайша Лернерге сәйкес үлкен көлемдегі пайда – фирманың монополиялық билігінің белгісі. Индекс фирманың монополиялық нақты жағдайын сипаттайды.

2. Монополиялық биліктің индексі (М) – бағаның ұзақ мерзімдегі орташа шығындардан асып түсу деңгейін көрсетеді: (LRAC): M = (P – LRAC) / P.

3. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады: IHH = S2 1 + S2 2 +... + S2 n, мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы. IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал IHH 100-ге тең болады.

Монополиялық биліктің негізгі факторлары:

1. Фирманың нарықтық ұсыныстағы үлесі.

2. Монополиялық билігі бар фирманың шығаратын тауарларының жақсы алмастырушыларының (субститутарының) болмауы.

3. Нарықтық сұраныстың икемділігі. Фирма тауарларының сұраныс икемділігі неғұрлым төмен болған сайын, осы фирманың нарықтағы монополиялық билігі соғұрлым күшті болады.

Монополиялық биліктің әлеуметтік бағасы – бұл монополиялық биліктің салдарынан қоғамның шегетін зияндары немесе шығындары. Кезінде американдық экономист А. Харбергер 1954 жылы алғаш рет монополияның қоғамға тигізетін зиянын (монополиялық биліктің әсерінен қоғамның зардап шегетінін) анықтап, оның сандық мәнін бағалап көрсеткен болатын. Харбергердің ұсынған теориясын басқаша, «қоғамның өлі шығындары» («мертвый груз») деп атайды.

Енді таза монополия мен жетілген бәсеке нарықтарынағы тауарды ұсыну көлемі мен оның бағасын график түрінде салыстырып көрейік. Ал басқа шарттардың бәрін тұрақты деп санайық.

Жетілген бәсеке нарығында P = MC (сурет 7.4 а). Штрихталған үшбұрыш А – тұтынушының ұтымы. В үшбұрышы – сатушы ұтымы.

Таза монополия нарығында P > MC (сурет 7.4 ә), тұтынушы ұтымының бөлігі азаяды, ал сатушының ұтымы көбейеді. «D» мен «МС» графиктерінің арасындағы штрихталған үшбұрыш қайтарылмайтын қоғамдық зиянды көрсетеді.

Осы айтылғанның өзі монополиялық нарықтың тиімсіздігін көрсетеді.

Таза монополияның жағымсыз салдарлары:

1. Qm < Qk – өнім көлемін азырақ өндіреді.

2. Pm > Pk – бағаны жоғары белгілейді.

3. Тұтынушыларға монополистермен қарым-қатынасқа түсу экономикалық тұрғыдан пайдасыз. «Х – тиімсіздік» мәселесі орын алады.

4. Монополиялық билік ҒТП-ті тежеу мен өндірісті бюрократизациялаудың тенденциясын қалыптастырады.

5. Монополияның іс-әрекеті табысқа дифференциация жасауды күшейтеді, ал бұдан әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін.

6. Монополия салаға кіруге тосқауылды сақтап тұру үшін көп шығындар жұмсайды.

 

 

Р МС

а)

 


A Е

Рk

B

D=AR

Qk Q

 

ә) MC

Pm A E

 

 


B D=AR

 

Qm MR Q

Сурет 7.4 Монополиялық биліктің салдары

Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:

1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.

2. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей және жанама).

Табиғи монополияларды реттеудің моделін график арқылы сипаттауға болады (сурет 7.5).

 

P

C MC

E

Pm F

P1 R AC

P2

 

 

MR D

Qm Q1 Q2 Q

Сурет 7.5 Монополияны реттеу

Тұрақты шығындардың көп болуына байланысты D қисығы орташа шығындар қисығын осы шығындардың төмендеуі кезіндегі нүктеде қиып өтеді. Қызметі мемлекет тарапынан реттелмейтін монополист Qm өнімінің көлемін таңдап, Pm бағасын белгілер еді. Бұл жағдайда ол штрихталған тіктөртбұрышқа тең болатын экономикалық пайда алар еді.

Жетілген бәсеке жағдайында P = МС шарты орындалатыны белгілі; мұндай баға (P2) қоғам тұрғысынан оңтайлы, себебі ресурстарды тиімді бөлуді көбірек қамтамасыз етеді. Егер мемлекет осы бағаны монополистің тауарына белгілесе, фирма шығынға ұшырайды. Реттеуші агенттіктер фирмаға шын мәніндегі пайдасын алатындай орташа шығындар деңгейіндегі Р1 бағаны белгілейді. Мұндай баға оңтайлы жағдаймен (Q1 < Q2) салыстырғанда өнім көлемінің Q1 қысқаруына алып келсе де, тұтынушылар тауарларды реттелмейтін табиғи монополия (Q1 > Qm) жағдайымен салыстырғанда көбірек алады.

3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды. Басқаша сөзбен айтқанда, монополистік бәсеке – тәжірибе жүзінде аса жиі кездесетін, «ұқсас еместілердің бірлігі» деген атқа ие нарықтық құрылымның жетілмеген түрі. Монополиялық бәсеке нарығының моделін алғаш рет ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ағылшын экономисі Эдвард Чемберлин (1899-1967) мен американдық экономист Джоан Робинсон (1903-1983) жасап, микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену (дифференциациялану) деңгейі. Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – бұл фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады. Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі сипаты бойынша қарастыруға болады:

1. Монополиялық сипаттары бойынша: - кемімелі сұраныс қисығы; - бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.

2. Бәсекелестік сипаттары бойынша: - нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу; - іс-әрекеттері басқа фирмалаға тәуелді емес; - өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.

Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін. Қысқа мерзімде монополиялық бәсеке нарығындағы әрбір фирма таза монополияға ұқсас болады. Алдымен, ол MR = MC жағдайына сәйкес өнім көлемін анықтайды, ал одан кейін осы өнім көлеміне сәйкес келетін бағаны (Р) белгілеу үшін сұраныс қисығын пайдаланады. Бұл уақытта фирманың пайда алуы немесе зиян шегуі баға (Р) мен орташа жалпы шығындардың (АТС) арақатынасына байланысты болады. Дегенмен, монополиялық бәсеке жағдайында экономикалық пайда пен зиян көп тұрақтамайды.

Ұзақ уақыт мерзімінде пайда бәсекелестерді салаға кіруге ынталандырады, ал зияндар – шығып кетуге себеп болады. Фирмалардың көшу процестері экономикалық пайда 0-ге тең болғанға дейін жалғаса береді. Бұл жағдай жетілген бәсекеге ұқсас: пайда да, зиян да жоқ.

 


P МС

пайда

 


 

 

P* А АТС

 

 


D

 


Q* MR Q

Сурет 8.1 Монополиялық бәсекенің

қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі

 

 


P MC

SRAC

 

A LRAC

P*

 

D

 

Q* MR Q

Сурет 8.2 Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік

А нүктесі – ұзақ мезімдегі тепе-теңдік нүктесі, мұнда пайда 0-ге тең болады. D қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығындар (LRAC) қисығына жанама болып келеді. Фирмалар бұл жағдайда тек қалыпты (нөлдік) ғана пайда алады.

Монополиялық бәсеке жағдайындағы фирма өндірістің тиімді ауқымымынан төмен деңгейдегі өнім өндіреді. Өндірістің тиімді ауқымы – орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейіне (LRACmin) сәйкес келетін өнім шығару көлемі болады.

Фирма өнім көлемін (Q) жоғарылатып, ал орташа жалпы шығындарды (АТС) төмендете алатын мүмкіндігі болғандықтан, оның өндірістік қуатының артықшылығы (∆Q) болатынын көреміз.

∆Q = өндірістің тиімді ауқымы – нақты өнім шығару көлемі.

Қуат артықшылығының болуы: тұтынушылар үшін тауарлар ең жоғары деңгейде шығарылмайтынын және баға да ең төменгі деңгейде болмайтынын көрсетеді. Бұл монополиялық бәсекенің жетілген бәсекеге қарағанда тиімділігі төмен нарық құрылымы екенін көрсетеді. P* > MC болғандықтан кейбір тұтынушылар тауарларды алудан тартынады, осылайша монополиялық баға қалыптастырудың салдарынан қайтарылмайтын қоғамдық шығындар туындайды.

 

 


P

LRMC

 


 

Pm

LRAC min LRAC

 

 

D

MR

Qm Q1 Q

 

Сурет 8.3 Өндірістік қуат артықшылығы

Монополиялық бәсеке кезіндегі экономикалық тиімсіздік саладағы артық өндірістік қуаттардың болуымен байланысты сипатталады.

 

Тақырып 9. Олигополия ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: олигополия нарығын және оның модельдерін талдау арқылы оның ерекше белгілерін айқындау, жетілмеген бәсеке концепциясын толығымен қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін мына сұрақтарға жауап іздеу керек:

Дәріс сабағының жоспары:

1. Олигополистік бәсеке нарығының сипаттамалары

2. Олигополияның негізгі модельдері: Курно - дуополия моделі. Бағалық қақтығыс. Сұраныстың сынған қисығы» моделі. Картельдік келісім. Бағадағы жетекшілік моделі. Бағаны тежеу тәжірибесі. «Шығындар плюс» принципі бойынша бағаны қалыптастыру моделі, т.б.

Негізгі түсініктер: олигополия; табиғи олигополия; дуополия; Курно моделі; Бертран моделі; Нэш теңдігі; баға қақтығысы; ойын теориясы; ұтыс матрицасы; максимина стратегиясы; картель; баға көшбасшысы; ішінара монополия; нарыққа кіруді шектейтін баға; сынған сұраныс қисығы; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Олигополия – нарықтық құрылымның бір түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, электроника, кеме және ұшақ жасау өнеркәсібі және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады.

Басқаша айтқанда, олигополия – бұл «өзара әрекет етуші сатушылар» нарығын сипаттайтын жетілмеген бәсеке нарығының бір түрі. Олигополиялық нарықтардағы фирмалардың іс-әрекеті соғыстағы әскердің тәртібіне ұқсайды. Фирмалар – қарсыластар, олжасы пайда болып табылады. Ал олардың қаруы ретінде бағаға бақылау жасау, жарнама және шығарылым көлемін қарастыруға болады.

«Олигополия» деген терминді алғаш рет ағылшын гуманисті және мемлекет қайраткері Томас Мор өзінің «Утопия» атты еңбегінде 1516 жылы қолданды.

Олигополия нарығы моделінің түрлері:

1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.

2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:

1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.

2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.

3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.

4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.

5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.

Жалпы өзара байланыстың салдары:

1) сұранысты бағалау қиындығы;

2) шекті түсімді анықтауға болмайды;

3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.

Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-әрекет модельдеріне бөлінеді.

Кооперативтік емес іс-әрекет кезінде әрбір сатушы баға мен өнім шығару көлемін анықтау мәселесін өз бетінше шешеді. Кооперативтік іс-әрекет – фирмалардың осы сұрақтарды бірігіп шешуін білдіреді.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1975 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.016 сек.)