АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Курно моделі.

Прочитайте:
  1. Модели, основанные на некооперативной стратегии. Модель Курно

P Х фирмасы

 


MC

 

 


P0

P1

 

P2 D­0

MR0

D1

MR1

MR2 D2

Q2 Q1 Q0 Q

Сурет 9.1 Курно моделі

 

Qx Х

 

 


А

Q*x

У

Q*у Qy

Сурет 9.2 Курно тепе-теңдігі

Олигополия нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастаймыз. Екі олигополистің іс-әрекетін зерттейтін модельді алғашқы рет 1838 жылы француз математигі және экономисі Огюстен Курно (1801 - 1877) ұсынды. Екі фирма іс-әрекет жүргізетін олигополия – дуополия, ал модель – Курно дуополиясы деп аталады. Нарықтағы модель бойынша – екі фирма (дуополия) Х және У өзара бәсекелес, біртектес өнім өндіреді және баға мен өнім көлемі туралы шешімдерді өз бетінше қабылдайды (кооперативтік емес іс-әрекет). Бұл кезде тек өндіріс шығындары мен сұраныс қана емес, сонымен қатар бәсекелестің ұсынысы да ескеріліп отырады. Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде өз бәсекелесінің өндіріс көлемін тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың іс-әрекеті, өзара қатынасы баға тұрақты болған кезде өндіріс көлемінтаңдау арқылы жүзеге асырылады.

Егер У фирмасы сату көлемін кеңейте бастаса, онда Х фирмасы сұраныстың белгілі бір бөлігінен айырылып қалады. Бұл Dx қисығының солға қарай жылжуына әкеледі. Нәтижесінде Х фирмасының пайдасын мейлінше арттыратын өнім көлемі (Q0 Q1 Q2) және соған сәйкес баға да өзгереді.

Х фирмасының өндіру көлемі У фирмасының өндіру көлеміне тәуелді, яғни Qx (Qy). Графиктегі Х қисығы – осы фирманың реакция қисығы деп аталады. Осындай графикті У фирмасы үшін де салуға болады. (Qу (Qх)).

Курно тепе-теңдігі – А нүктесінде фирмалардың болжамдары олардың нақты іс-әрекеттерімен дәлме-дәл түседі, ал Q*x және Q*у – оңтайлы өнім көлемдері.

Курно дуополиясы – бұл екі бәсекелес фирманың іс-әрекетін талдайтын модель және осы модель бойынша бір фирма өнім көлемін көбейту арқылы екінші фирманы біртіндеп нарықтан ығыстырады.

Дегенмен, егер Х фирмасы белсенді ұстаным көрсетіп, У фирмасын өз нарығына жібермейтін болса, онда бағалық қақтығыс басталып кетуі мүмкін.

Бағалық қақтығыс (баға соғысы) – олигополиялық нарықтан өз бәсекелесін ығыстыру мақсатында бағаны тізбектеп төмендету циклі. Ол баға ең төменгі деңгейіне жеткенге дейін (P = AC = MC) жалғаса береді. Бағалық қақтығыс нәтижесінде өнім көлемі q3 баға P3 деңгейіне жетеді, фирмалар жетілген бәсеке жағдайындағы тәрізді болып, экономикалық пайда ала алмайды.

Е нүктесі – Бертран тепе-теңдігі деп аталады.

 


Р

 

P1

 

P2

E

P3 AC = MC

 

 

 


Q q1 q2 q3 Q

Сурет 9.3 Бертран тепе-теңдігі

Тұтқындар дилеммасы моделі. Бұл модель олигополиялық фирмалардың іс-әрекетін ойындар теориясы тұрғысынан қарастырады, яғни қатысушылардың ықтималдық жағдайлардағы іс-әрекетін математикалық тәсілдермен зерттейді.

Олигополия кезінде фирма бағалық стратегияны анықтағанда бәсекелесінің стратегиясына тәуелді болатын өзінің ықтимал пайдалары мен зияндарын бағалайды.

А және В фирмалары үшін оқиғалардың ықтимал нұсқалары нәтижелер (ұтыс) матрицасында келтірілген:

 

Кесте 9.4 Нәтижелер (ұтыс) матрицасы

  А фирмасының бағалық стратегиясы   В фирмасының жауап ретіндегі реакциясы
  бағаны төмендету   бағаны өзгеріссіз қалдыру
  бағаны төмендету     π - азаяды     π - азаяды π - азаяды     π - көбейеді
  бағаны өзгеріссіз қалдыру   π - көбейеді     π - азаяды π - өзгермейді     π - өзгермейді

Баға туралы мәселелерді шеше отырып А және В фирмалары кооперативтік емес ойын жүргізеді, яғни өз бәсекелесінің іс-әрекетін ескере отырып олардың әрқайсысы өз бетінше бағаны анықтайды.

Мүмкіндіктерінің ішінен ең нашарынан сақтану үшін, А және В фирмалары өз бағаларын бір мезгілде төмендетеді, бұл кезде пайданың белгілі бір бөлігінен айырылады (ең төменгі зияндар стратегиясы – сол жақтағы бұрышта).

Бұл стратегия бір-біріне сенбейтін тұтқындар іс-әрекетіне ұқсайды.

«Сұраныстың сынған қисығы» моделі. Бұл модельді басқаша Суизи моделі деп те атайды. 1939 жылы американдық экономис Пол Суизи (1910 - 2004) олигополия нарығында шығындардың өзгеруіне қарамастан бағаның жиі тұрақтанатынын зерттеп түсіндірген. Суизи моделінде олигополистердің тауарлары бір-бірін айырбастай алады, бірақ олар Курно және Бертран модельдеріндегі сияқты абсолютті бірдей болмайды.

Суизи барлық фирма бірдей баға белгілейді деп болжап, модельдегі бағаның қатаңдығын түсіндіреді. Олигополистің сұраныс қисығының формасы осы фирманың іс-әрекетін оның бақталастарының қалай сезінетініне байланысты болады. Егер фирма бағаны көтерсе, оның өніміне сұраныс икемді болады, себебі бәсекелестер оған жауап ретінде бағаны көтермейді (D2). Ал егер фирма өз бағасын төмендетсе, онда сұраныс икемсіз болады, себебі бәсекелестер де бағаны төмендетуі мүмкін (D1). Осының нәтижесінде – фирманың сұраныс қисығы сынық түрінде болады (D2 P D1).

 


Р

МС

 

D2 Р

D2

А

D1

 

 


B

 

MR1 MR2 Q

Сурет 9.5 «Сұраныстың сынған қисығы» моделі

Р – бекітілген баға. Егер фирма бағаны жоғарылатса, онда сұраныс D­2-нің бойына жетеді. Егер фирма бағаны төмендетсе, онда сұраныс өзгермейді.

MR қисығында вертикальді айырма болады А – В. MR шамасындағы айырмаға байланысты өнім көлемі шекті шығындар өзгергенде (МС) де тауардың бағасына әсер ете алмайды. Экономистер бұл модельде көп түсініксіз сұрақтар бар деген тұжырым жасады. Біріншіден, олигополия нарығында баға тұрақтылығы басқа нарық құрылымдарындағы сияқты көп тұрақтанбайды,ол әрдайым өзгеріп отырады. Екіншіден, модельде олигополиялық баға қалыптасуының принципі түсіндірілмейді, (неліктен Р бағасы белгіленеді, одан басқа баға неге қойылмайды) сондықтан фирмалар неге осы бағаны таңдаған деген сияқты сұрақтар туындайды. Картельдік келісім моделі. Жасырын (құпия) келісім – картельдердің қалыптасуына жетелейтін олигополиялық фирмалардың кооперативтік (біріккен) іс-әрекеттері. Ал картель дегеніміз – бұл біртұтас монополия болу үшін өнім шығару көлемі мен тауардың бағасы жайындағы шешімдер бойынша бір ымыраға келуші фирмалар тобы.

Бірыңғай баға белгілеу (ортақ баға принципі бойынша) – картельдің барлық мүшелерінің түсімдерін жоғарылатады, бірақ бағаның жоғарылауы міндетті түрде сату көлемінің төмендеуімен қатар жүреді.

Осы бітімде әрбір фирма өз пайдасын мейлінше арттыру мақсатымен құпия түрде бағаны төмендетіп, келісімді жиі бұзады. Бұл картельді күйретеді. Сондықтанда картельдік келісімдердің тәжірибе жүзінде көп жағдайда қалыптасуы қиынға соғады және ол бәсекені шектейтін болғандықтан заңға қайшы келеді. Жасырын келісім жасауға келісімдер: Сұраныс пен шығындардың айырмашылықтары; Саладағы фирмалардың саны; Іскерлік белсенділіктің кенеттен төмендеуі; Салаға басқа фирмалардың кіру мүмкіндіктері; Бағалық дискриминация принципі бойынша бағаны жасырын төмендетуге негізделген алдампаздық.

 


P MC

 

 


PM

 

E

PK

D

 

MR

 


QM QK Q* Q

Сурет 9.6 Картельдік келісім

Бағадағы жетекшілік моделі. Бағадағы жетекшілік (үнсіз бітім) – бұл өз өнімдерінің бағасы туралы олигополистер арасындағы келісім. Мұның мағынасы мынаны білдіреді:

 


P MC

 

 


PL

 

DN

 

DL

 

MRL

 


qL qF qD Q

Сурет 9.7 Баға белгілеудегі жетекшілік (лидерлік)

Саладағы фирмалар бір компания – көшбасшының қойған бағасына сүйеніп, сол бағдарға ілеседі. Әдетте көшбашы ретінде өз саласы аумағында ең ірі деп саналатын фирма шығады. Бағадағы жетекшілік моделін ішінара (жартылай) монополия деп те атайды. Яғни, ішінара (жартылай) монополия дегеніміз – бұл жетекші фирманың өзінің жетегіндегі фирмаларға қарағанда шекті табыс пен шекті шығынның теңесуі принципін негізге ала отырып монополиялық бағаны тағайындай алуы. Ал басқа соның жетегінде жүрген фирмалар жетекші фирманың белгілеген монополиялық бағасын «берілген» деп қабылдап, нарықтық сұраныс туралы ақпаратқа толық ие сол лидер-фирманың іс-әрекетін мойындауына тура келеді.

Көшбасшының (жетекшінің) бағаны түзетудегі тәсілі:

1. Бағаны түзету сирек болады және шығындардың біршама өзгеруіне байланысты ғана жүргізіледі.

2. Жақында бағаны қайта қарау болатыны туралы алдын ала бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлар беріліп отырады.

3. Баға жетекшісінің ең жоғарғы деңгейдегі бағаны таңдауы міндетті емес.

Бағаны тежеу тәжірибесі моделі. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруіне кедергі түрінде ең төменгі деңгейдегі баға белгілеу тәжірибесі. Осы кезде фирмалар бақталас-фирманы салаға жібермеу үшін ағымдағы пайдаларынан уақытша бас тартады. Мұндай тәжірибенің механизмі – фирмалар әлеуетті бәсекелестерінің ең төменгі деңгейдегі орташа шығындарын бағалап, содан кейін бағаны осы деңгейден төмен қылып белгілейді.

«Шығындар плюс» принципі бойынша бағаны қалыптастыру моделі. Бұл модельде бағаны қалыптастыру үрдісі былай орындалады: олигополист алғашқыда өнімнің белгілі бір жоспарлы деңгейіне сәйкес келетін орташа өзгермелі шығындарын (AVC) бағалайды, ал содан кейін оған анықталған пайда пайызының мөлшерінде «үстеме» қосады: P = AVC + «үстеме». «Үстеме» AFC-ті жауып, қалыпты пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. «Шығындар плюс» моделін басқаша, «костплас» моделі деп те атайды.

 

Тақырып 10. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ

Мақсаты: Монополистік бәсекенің ерекшеліктері, өнімді дифференциялау, фирманың қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі, монополиялық бәсеке нарығындағы тиімділік мәселесі және бағалық дискримирнация туралы түсінік беру. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастыруымыз керек.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Монополистік бәсекенің ерекшеліктері

2. Өнімді дифференциялау

3. Фирманың қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі

4. Монополиялық бәсеке нарығындағы тиімділік мәселесі

5. Бағалық дискримирнация.

Негізгі түсініктер: монополистік бәсеке; өнімді дифференциялау; фирманың қысқа және ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігі, монополиялық бәсеке нарығындағы тиімділік мәселесі және бағалық дискримирнация т.б.

Тақырыптың мазмұны. Монополистік бәсекенің ерекшеліктері Монополиялық бәсекелес (monopolistic competition) нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар әрекет етеді. Ол фирмалардың арасында сыбайлас келісімдердің болуы мүмкін емес, сондықтан әр фирма өзі тәуекел етіп, өздігінен бағалық саясат жүргізеді. Көбінесе бұл нарықта ұсақ фирмалар қызмет етеді. Ірі фирма болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді. Бұл салаға кіру оңай, бірақ кедергілер жоқ деп айтуға болмайды. Кедергілер ретінде өнімге берілетін патенттерді, лицензиялар (рұқсат қағаздар) мен сауда маркаларын алуға болады. Алайда оның таза монополиядан айырмашылығы, берілетін патенттер мен лицензиялар ауыстырушы тауарларға берілетіндіктен ерекше сипатта болмайды.

Өнімді дифференциялау Монополиялық бәсекеші фирмалар көбінесе ауыстырушы тауарлар ұсынады. Сондықтан өндірілетін тауарлар дифференциалданады, яғни тауарлар өзіндік қасиеттеріне қарай ерекшеленеді. Тауарлардың ерекшеленуі тек сапа жағынан емес, сондай-ақ тауарларға қосымша өзгешелік беру арқылы да жүзеге асырылады.

Фирманың қысқа және ұзақ мерзімдердегі тепе-теңдігі Қысқа мерзім кезеңінде монополиялық бәсекелес фирма пайда табуы да, зиян шегуі де мүмкін. Сұраныс қисығы теріс көлбеу болғандықтан монополялық бәсекеші фирма сұраныстың икемділігіне байланысты өнім көлемін өзгерте отырып, баға белгілейді немесе бағаны өзгерте отырып, мейлінше көп пайда әкелетін өнім көлемін анықтайды. Монополиялық бәсеке нарығында пайданы мейлінше жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемі MR = MC теңдігімен анықталады. Егер фирма өнімінің бағасы орташа шығыннан жоғары (MR = MC) < P > ACmin болса, ол қысқа мерзімде экономикалық пайда алады. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі 34-суретте көрсетілген.

34- сурет. Қысқа мерзім кезеңіндегі монополиялық фирманың теңдігі

MR мен MC –ның қиылысу нүктесінде фирма Qm көлемін өндіреді. Егер осы баға таза бәсеке жағдайында қалыптасса, онда фирма Qс көлемін өндірген болар еді.

Ұзақ мерзімде нарықтағы фирмалар жаңа кәсіпорындар салу арқылы өнім көлемін өсіре алады. Экономикалық пайда нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне себеп болады. Нарыққа кіруге ешқандай кедергі болмағандықтан, ұзақ мерзімде экономикалық пайда жойылады да монополиялық бәсеке нарығы таза бәсеке нарығына ауысады. Осы өзгерістер сұраныс пен шекті табыс қисықтарын экономикалық пайда жойылғанша төмен жылжытады. Нарықта ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік орнайды. Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайында сұраныс қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығын қисығына жанама болып сызылады. Сұраныстың төмендеуінен фирма MR = LRMC теңдігімен анықталынатын өнім көлемін (Qm) сату үшін бағаны (Pm) ұзақ мерзімдегі орташа шығын (LRAC) деңгейінде белгілейді. А нүктесінде экономикалық пайда нольге тең.

Егер нарықтағы сұраныс одан әрі төмендесе, фирмалар зиян шегеді және нарықтан шығуға тура келеді. Ал нарықта қалған фирмалардың өніміне сұраныс қисығы мен шекті табыс қисықтары жоғары қарай жылжи бастайды. Себебі нарықтағы тауар санының кемуі нарықта қалған фирмалардың бағалары мен шекті табыстарын өсіреді. Сұраныс пен шекті табыстың қисықтары нарықта қайтадан жаңа теңдік орнағанша жоғары қарай жылжиды.

Бағалық дискриминация Сұраныс икемділігі төмендеген сайын монополистін бағаны көтеруге мүмкіндігі болады. Соған байланысты монополист фирмаға өзінің нарығын бөлген тиімді, яғни сатып алушылардың әр түрлі тобына сапасы да, шығындар деңгейі де бірдей тауарларды әр түрлі бағамен сату. Мұны бағалық дискриминация (price discrimination) деп атайды. Мұндағы «дискриминация» біреудің құқығын шектеу емес, бөлу деген мағынаны білдіреді. Нарықты екіге бөледі: арзан нарық - төмен бағамен көп өнім сатады, қымбат нарық - жоғары бағамен аз өнім сатады. Бұл жағдай моноплисттің пайдасын молайтуға мүмкіндік тудырады Бағалық дискриминация мына жағдайларға байланысты:

1) Тауардын және қызметтін сапасына.

2) Тұтыну көлеміне (көтерме сауда, женілдіктер).

3) Тұтынушы табысына.

4) Сатып алу кезеңіне (түнде және күндіз, демалыс және жәй күндер, уақыт мерзімі).

Бағалық дискриминация әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда монополист өзінің тауарының сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Бағалық дискриминация көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.

Монопсония - жалғыз сатып алушы. Оның тауарды төмен бағамен сатып алуға толық мүмкіндігі бар. Монопсонисттің мысалы ретінде шағын аудандағы жалғыз ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорынды алуға болады. Ол кәсіпорынның ауылшаруашылық өнімдеріне төмен баға орнатуға толықтай мүмкіндігі бар.

 

Тақырып 11. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

Мақсаты: Еңбек ұсынысы. Еңбекке сұраныс. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. Еңбек бағасы. Еңбек нарығының түрлері. Жалақы деңгейіне кәсіподақтың әсері. Ең төменгі жалақы. Еңбек нарығын реттеу тақырыптарын жан-жақты талдау болып табылады. Ол үшін төмендегі сұрақтарды қарастырумыз керек.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Еңбек ұсынысы.

2. Еңбекке сұраныс.

3. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

4. Еңбек бағасы.

5. Еңбек нарығының түрлері

Негізгі түсініктер: еңбек ұсынысы, еңбекке сұраныс, еңбек нарығындағы тепе-теңдік, еңбек бағасы, еңбек нарығының түрлері, жалақы деңгейіне кәсіподақтың әсері, ең төменгі жалақы, еңбек нарығын реттеу т.б.

Тақырыптың мазмұны. Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығы Ресурстардың жетілген бәсекелі нарығының ерекшеліктері:

1. Сатып алатын ресурстардың бағасы нарықтағы бәсекенің дәрежесіне байланысты болады. Жетілген бәсекелі ресурстардың нарығында сатып алушылар олардың бағасына әсер ете алмайды. Ресурстардың бағалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты қалыптасады.

2. Көптеген фирмалар біркелкі ресурстарды сатып алу үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Ресурстарды ұсынушылардың да саны өте көп болады;

3. Әрбір сатып алушы нарықта ұсынылған ресурстардың қызметінің аз ғана бөлігін сатып ала алады. Сол сияқты әрбір сатушының да ұсынысы нарықтық ұсыныстың аз ғана бөлігін құрайды. Сондықтан олар сұраныс пен ұсыныстың көлемін өзгерте отырып нарықтағы ресурстардың бағасын өзгерте алмайды;

4. Ресурстардың жетілген бәсекелі нарығына кіруге немесе шығуға шектеулер қойылмаған. Ресурстардың иелері нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты өзінің иелігіндегі ресурстарды әр түрлі бағыттарға, бір саладан екінші салаға немесе бір аймақтан екінші аймаққа тез ауыстыра алады.

Пайдасын көтерем деген фирма еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіргенде, шекті шығын мен шекті табысты салыстыру принципіне сүйенеді. Фирма қосымша өнім көлемін өсіру үшін қосымша еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіреді. Бірақ бұл сұраныстың мөлшері, қосымша еңбек ресурстарының көмегімен өндірілетін қосымша өнім мен оны сатқаннан түсетін қосымша табыстың мөлшеріне байланысты болады.

Еңбектің шекті өнімін сатқаннан түсетін табысты еңбектің шекті табысы (МRPL) немесе ақшалай шекті өнім дейміз. Еңбектің шекті өнімінен түскен табысты анықтау үшін еңбектің шекті өнімін қосымша өндірілген өнімнен түскен табысқа көбейту керек:

MRPL = (MPL) (MR),

мұндағы MR - өнімді сатқаннан түскен шекті табыс, MPl- еңбектің шекті өнімі. (Қосымша еңбек бірлігінің көмегімен өндірілген қосымша өнім).

Еңбектің шекті өнімі қосымша еңбек бірлігінің көмегімен өндірілген қосымша өнім: MPL=ΔQ/ΔL.

Шекті табыс фирманың қосымша өнімді сатқаннан түскен қосымша табыс: MR=ΔTR/ ΔQ.

Олай болса, еңбектің шекті өнімнің табысы:

MRPL = (ΔQ/ΔL) (ΔTR/ ΔQ) = ΔTR/ ΔL.

Бұл теңдік әрбір сатып алынған еңбек бірлігі өзгергендегі жалпы табыстың өзгерісін көрсетеді.

Дайын өнімдердің жетілген бәсекелі нарығында шекті табыс өнімнің бағасына тең (MR=P). Яғни, еңбектің шекті өнімінен түскен қосымша табыс (MRPL) сатылатын шекті өнімнің құнына (VMPL) тең;

MRPL =VMPL, мұндағы VMPL= MPL. P

Қосымша еңбекті жалдауға шыққан қосымша шығынды еңбектің шекті шығыны (МІС) дейді. Еңбектің бәсекелес нарығында қосымша еңбектің қосымша шығыны бір күндегі еңбекақыға тең (МІС =W). Еңбектің шекті өнімнен түскен шекті табыс еңбекақыдан жоғары болса (MRPL>W=MIC), қосымша жұмысқа қабылданған жұмыскер фирманың табысын өсіреді. Табыс еңбекке шыққан шығыннан артық болады. Демек, еңбектің қызметіне сұраныс VMPL =MRPL = W= MICтеңдігіне дейін өседі.

Еңбекке салалық сұраныс - әрбір мүмкін баға деңгейінде жеке фирмалардың еңбекке сұраныстарының жиынтығы. Басқа факторлар өзгермей, нарықтағы еңбекақы төмендесе, еңбекке салалық сұраныс өседі. Нарықта ұсынатын тауар саны көбейеді де, ол тауардың бағасының төмендеуіне әкеледі. Бағаның төмендеуі қосымша еңбек өнімінің шекті табысын азайтады. Ол MRPL қисығын төмен солға жылжытады. Одан еңбекке салалық сұраныстың қысқарғанын көреміз. Сонымен, еңбекақының төмендеуі өнім көлемі мен оның бағасына әсер ету арқылы саладағы еңбекке сұраныстың төмендеуіне ықпал етеді.

Еңбекке сұраныстың еңбекақыға икемділігі – еңбекақының әрбір пайыздық өзгерісіне байланысты еңбекке сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі. Оның коэффициентін былай анықтайды: EL= (ΔL/L)/(ΔW/W, мұндағы L – еңбектің сағатпен өлшенетін саны, W – саладағы еңбекақының нарықтық ставкасы.

Еңбекке нарықтық сұраныс - кез келген баға деңгейіндегі барлық салалардың еңбекке сұраныстарының жиынтығы. Нарықтық сұраныстың мөлшерін анықтау үшін аймақтағы барлық салалардың әр түрлі баға деңгейінде білдіретін салалық сұраныстарының мөлшерін қосамыз.

Сатушылар немесе сатып алушылар нарықтағы ресурстардың (еңбектің) бағасына әсер ете алатын болса, ондай нарықты жетілмеген бәсекелі нарық дейді. Ресурстарға сұраныс дайын өнімдердің сұранысты болғандықтан, ресурстар нарығы тауар нарығымен байланысты талданады. Бұл тақырыпта еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығындағы тепе – тең еңбекақы ставкасының қалыптасу механизмдері мен жұмысбастылық мәселелері қарастырылады.

Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.

Дайын өнімдер нарығында қызмет істейтін фирма монополист болса, оның нарықтағы ұсынысы бәсекелі фирманың ұсынысына қарағанда аз, ал өнімнің бағасы жоғары болады. Дайын өнімдерді аз ұсынатын монополист фирма еңбекке де сұранысты аз білдіреді. Монополист фирманың шекті табысы өнімнің бағасынан төмен болады (MR<P). Демек еңбектің шекті өнімінен түскен шекті табыс сол шекті өнімнің құнынан төмен:

MRPL< VMPL.

Монополист фирма қосымша жұмыс күшін жалдау туралы шешім қабылдағанда шекті өнімнің құны емес, қосымша қолданған жұмыс күшінің жалпы табыстағы үлесін ескереді. Яғни, ионополист фирманың жұмыс күшіне сұранысы еңбектің шекті өнімінен түскен шекті табыс, сол қосымша еңбекті жалдауға шыққан шығынға (W- еңбекақы) теңескенге дейін білдіріледі MRPL = W, мұндағы W- нарықтағы күнделікті еңбекақының ставкасы.

Еңбек нарығындағы барлық жұмыс күшін сатып алатын бір ғана фирманы монопсонист дейді. Таза монопсонист еңбек нарығында сирек кездескенмен, кіші қалаларда барлық жұмыскерлерді немесе олардың басым көпшілігін жұмысқа қабылдайтын жалғыз фирма болуы мүмкін.

Монопсонист фирмалардың еңбек нарығындағы сұранысы еңбекақының деңгейіне әсер етеді. Сондықтан монопсонист еңбектің қызметіне сұранысын өзгерте отырып, еңбекақының деңгейіне әсер етеді. Монопсонист нарықтағы биілігінің мәні осында.

Монопсонист фирма нарықтағы барлық жұмыс күшін жалдайтын болғандықтан, ол қосымша жұмыс күшін өзіне тарту үшін еңбекақыны өсіреді. Сондықтан монопсонист нарығындағы еңбек ұсынысының қисығы төменнен жоғары көтерілетін сызық.

Инвестиция – капитал қорларын құру және оны толтыру үрдісі; берілген жылда өндіріске жаңа капиталдың құйылуы. Өндірістік үрдісте капитал қорларының «тозуы» орын алады. Айналмалы капитал (материалдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар) өндірістік үрдісте қолданылады және қысқарып отырады, ал негізгі капитал (ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) физикалық немесе моральдік жағынан тозады және ауыстырылып отырады. Негізгі капиталдың физикалық тұрғыдан тозу қарқынын физикалық тозу деп атайды.

Инвестициялау мәселелерін шешуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты кеткен шығындар мен жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстарды салыстыру қажет. Егер жоба үшін несие қаражаттары алынатын болса, онда өзін-өзі өтеудің ішкі нормасы (r) және несие пайызы (i) салыстырылады. Инвестициядан түсетін пайда ең жоғарғы деңгейге жетеді, егер: r = i, мұндағы r – өзін-өзі өтеудің ішкі нормасы; i – қарыз (несие) пайызы. Мысал келтірейік.

Кесте 11.1

Саны Өзін-өзі өтеудің шекті нормасы, % Несие пайызының мөлшерлемесі, % Инвестицияның шекті таза өзін-өзі өтеуі, %
       
       
       
       
      -2

 

Өнім шығару көлемі өскенде өзін-өзі өтеудің ішкі нормасы 12-ден 3%-ға дейін төмендейді. Инвестициядан түсетін пайда 900 бірлік өнім шығарғанда ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Өзін-өзі өтеудің шекті нормасы шығарылатын өнім көлемінің санына тәуелді және өндіріс ауқымы өскенде азаяды. Бұл көрсеткіш инвестицияға деген сұранысты анықтайды. Несие пайызының мөлшерлемесі өнім шығару көлеміне тәуелді емес (сурет 11.2).

 

i, r

 


12 Инвестицияға сұраныс

 

 


5 i = 5

 

3

 


0 300 1200 1500 Q

 

Сурет 11.2 Өзін-өтеудің шекті нормасы мен несие пайызының мөлшерлемесі арасындағы өзара байланыс

Инвестициядан (капитал салымдарынан) түсетін пайданы есептеу үшін төмендегілер қажет:

- капиталдың пайдалы қызмет етуінің мерзімін анықтау;

- табыстың жыл сайынғы үстемесін есептеу.

Төмендегідей белгілеулер енгіземіз:

I – инвестициялардың шекті құны;

R – жыл сайынғы табыстың өсуіне инвестицияның шекті салымы.

Капитал салымдарының құны тең болады:

1-ші жылы: R1 = I (1 + r)

2-ші жылы: R2 = I (1 + r) . (1 + r)

Бір жылдық инвестицияның құны тең болады: I = R1 / (1 + r)

Екі жылдық инвестицияның құны тең болады: I = R2 / (1 + r)2

Бұдан инвестицияның n жылдағы құны төмендегідей болады: I = R1 / (1 + r) + R2 / (1 + r)2 +... + Rn / (1 + r)n

Мысал: Күрделі салымдардың шекті құны 200 млн. теңге, өзін-өзі өтеудің ішкі мөлшері – 20%. Онда табыстың бірінші жылы көбеюіне салынатын шекті салым: I = R1 / (1 + r) = 200 . (1 + 0,2) = 240 млн. теңге болады. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 5% болса, онда таза өтімділік: r – i = 20 – 5 = 15%.

Дисконтталған құн. Адамдар қаражат жинауға бейімді болады, бірақ олар бұл кезде ағымдағы тұтынуды келешектегімен салыстырады. Бүгінгі жинақтаған теңгенің болашақтағы бағасын анықтайық. Егер біз бүгін 1 теңге қор жинасақ, онда пайыздық мөлшерлемесі i болғанда бір жылдан кейін:

1 теңге × (1 + i) аламыз.

Сонымен бүгінгі 1 теңге оның бір жылдан кейінгі құнымен салыстырғанда аз болады, оның құны: 1 теңге / (1 + i). Ал 2 жылдан кейін алынатын теңгенің бүгінгі құны: 1 теңге / (1 + i)2 болады.

Белгілі бір уақыттан кейін төленетін 1 теңгенің бүгінгі құны ағымдағы келтірілген дисконтталған құн (Present Discount Value - PDV) деп аталады және ол төмендегі формуламен анықталады: PDV = 1 / (1 + i)n

Бұл формуладан ағымдағы дисконтталған құн пайыздық мөлшерлемеге тәуелді екенін көреміз. Пайыздық мөлшерлеме жоғарылаған сайын, ағымдағы дисконтталған құн төмендейді.

Инвестициялар туралы шешім қабылдағанда таза дисконтталған құн көрсеткіші анықталады (Net Present Value - NDV): NDV = π1 / (1 + r) + π2 / (1 + r)2 +... + πn / (1 + r)n – I

мұндағы I – инвестицияла;

πn – n жылғы алынатын пайда;

i – дисконт мөлшері.

Дисконт мөлшері (i) пайыздық мөлшерлеме немесе басқа да мөлшерлеме болуы мүмкін. Таза дисконтталған құнның (net present value) шамасы 0-ден көп болуы керек (NDV > 0), яғни инвестициядан күтілетін жоспарлы пайда осы жобаға салынған инвестиция шамасынан көп болуы керек екенін білдіреді.

Белгілі бір жобаны инвестициялаумен байланысты жұмсалған шығындардан осы инвестициядан күтілетін түсімдер көп болған кезде ғана инвестициялау тиімді болады.

 

Тақырып 12. КАПИТАЛ НАРЫҒЫ

Мақсаты: Бұл тақырыптағы негізгі мақсатымыз Капитал және оның нысандары. Инвестициялау. Қысқа мерзімдік инвестициялар. Инвестициялардың оңтайлы көлемі. Ұзақ мерзімдік инвестициялар. Капитал қойылымдарының шеткі өнімділігі. Инвестицияларды есептеудегі дисконттық құн. Инвестицияға сұраныс. Несиелік капиталдардың ұсынысы. Ссуда пайызының атаулы және нақты мөлшерлемесі сияқты мәселелерді талқылау.

Дәріс жоспары:

1. Капитал және оның нысандары.

2. Инвестициялау.

3. Қысқа мерзімдік инвестициялар.

4. Инвестицияларды есептеудегі дисконттық құн.

Негізгі түсініктер: Капитал және оның нысандары. Инвестициялау. Қысқа мерзімдік инвестициялар. Инвестициялардың оңтайлы көлемі. Ұзақ мерзімдік инвестициялар. Капитал қойылымдарының шеткі өнімділігі. Инвестицияларды есептеудегі дисконттық құн. Инвестицияға сұраныс. Несиелік капиталдардың ұсынысы. Ссуда пайызының атаулы және нақты мөлшерлемесі т.б.

Тақырыптың мазмұны. Бұған дейінгі тақырыптарда экономикалық субъектілердің іс-әрекеттері нарықтардың бір-бірінен тәуелсіздігі тұрғысынан қарастырылды. Бұл жағдайда олардың қабылдайтын шешімдері автономды әрекет етуші нарықтардың нәтижелері болып табылады, ал олардың тепе-теңдік жағдайлары тек оған әсер ететін факторлардың әсерінен жүзеге асырылады. Бұл жағдайдағы тепе-теңдік мәселелері бір ғана тауардың немесе саланың, яғни жеке тепе-теңдік тұрғысынан қарастырылады.

Жеке тепе-теңдік – бұл жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, ол осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және бұл жерде сол субъектілердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге деген ынталары болмайды.

Жеке нарықтық тепе-теңдік нарықтық экономиканың әрекет ету сипаты туралы шектеулі ғана түсінік береді, яғни өзінің табиғаты бойынша толық емес болып табылады. Біріншіден, ол нарықтардың арасындағы өзара байланыстарды және олардан туындайтын салдарларды сипаттамайды. Екіншіден, бұл жерде кез-келген нарыққа тән кері байланыс есепке алынбайды. Үшіншіден, жеке тепе-теңдік нарық субъектілерінің бір уақытта қабылдайтын шешімдерінің көптүрлілігін есепке алмайды.

Бірақ, микроэкономикада жалпы тепе-теңдік деген ұғым бар, яғни барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы деп түсіндіріледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік моделінің көмегімен нарықтық жүйедегі барлық нарықтардың өзара байланыстылығы мен әрекеттілігі зерттеледі. Нарықтар вертикалды түрде байланысуы мүмкін, яғни бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, сондай-ақ нарықтар горизонталды түрде байланысуы мүмкін, егер бір саланың өнімі басқа саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері байланыс әсері деп атайды. Кері байланыс әсері дегеніміз бұл жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен ұсыныстың) өзгеруі басқа бір нарықтағы тепе-теңдікті бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді. Осыған байланысты, бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі екінші бір нарықтағы баға мен өндіріс көлеміне әсер етуі және ол жағдайдың керісінше орын алуы мүмкін. Сондықтанда жеке тепе-теңдік негізінде алынған талдау нәтижелері өзгерістер туралы жеткілікті түрде сипаттама бере алмайды. Яғни, экономикалық іс-әрекеттердің заңдылықтарын зерттеудің аса жоғарғы дәрежесі ретінде жалпы нарықтық тепе-теңдіктің шартын анықтау, яғни нарықтардың барлық жиынтықтарын тепе-теңдік жағдайға келтіру механизмін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Микроэкономикада барлық тауарлық нарықтар бір жағынан, ресурстар нарығымен байланысты, ал екінші жағынан, ресурстардың көмегімен өндірілген игіліктерге деген сұраныспен байланысты. Шындығында, еңбек нарығы мен төлем қабілеттілігі бар сұраныс тауарлар мен қызметтер нарығын байланыстырады: егер бір тауарға сұраныс өссе, онда басқа бір тауарға деген сұраныс қысқаруы мүмкін. Бұл ресурстар нарығына да байланысты, әсіресе, бұл құбылыс әртүрлі мамандықтар бойынша сипатталатын еңбек нарығына тән. Жалпы тепе-теңдік моделінің көмегімен жекелеген нарықтардың бір-біріне қалай әсер ететіндігі туралы қарастыруға болады.

Жеке төрт нарықты алып қарастырайық: технологиялық жағынан бір-біріне байланыссыз екі салалық нарық, мысалы, тұрғын үй нарығы мен автомобильдер нарығы, сондай-ақ, еңбек нарығының екі түрі – құрылысшылар нарығы мен автомобиль құрастырушылар нарығы. Барлық нарықтар тепе-теңдік жағдайда деп ұйғарамыз.

Айталық, экономикада құрылыс қарқыны басталды: тұрғын үйге сұраныс күрт өсті, бұл құрылысты арттырады және құрылысшыларға деген сұранысты да арттырады. Тұрғын үй нарығындағы сұраныстың артуы мен бағаның өсуі автомобиль нарығындағы сұранысты төмендетеді. Бұның салдарынан, автомобиль құрастырушылардың еңбегіне деген сұранысты төмендетеді, яғни олар енді біртіндеп жалақысы өскен құрылысшылар нарығына ағыла бастайды. Сонымен, қарастырып отырған нарықтарда келесідей параметрлер орын алады. Тұрғын үй құрылысы нарығында сұраныс өсті және бағалар да өсті. Осыған байланысты еңбек нарығының сегментіне, яғни құрылысшыларға сұраныс та, жалақы да өсті. Ал автомобиль нарығында сұраныс төмендейді және жалақының да төмендеуі байқалады.

Бағаның өсуінен құрылыс фирмаларының ұсынысы кеңейеді. Жұмыс уақытының артуынан және басқа салалардан жұмысшылардың келуі есебінен құрылысшылардың еңбегіне де ұсыныс өседі. Ал автомобиль нарығында баға төмендегендіктен өндірушілер өндіріс көлемін қысқартады. Міне бұл нарықтарда осындай жаңа тепе-теңдіктің параметрлері орнайды. Бұл жағдай құрылыс қызметі нарығындағы өскен ұсыныс өзінің сұранысын толық қанағаттандырғанша, және баға тепе-теңдіктен төмендегенше дейін жалғаса береді. Керісінше, енді автомобиль нарығындағы төмендеген ұсыныс пен төмен бағалар келесі жаңа кезеңде сұранысты арттырады және сәйкесінше, автокөліктің бағасын өсіреді. Сондай-ақ, автомобиль құрастырушы мамандарға деген сұраныс та арта бастайды. Нәтижесінде қарастырылып отырған нарықтар қайтадан бастапқы тепе-теңдік жағдайға қайтып келеді. Сұраныс, баға және ұсыныс жалпы тепе-теңдіктің жаңа параметрлері орнағанша дейін кері бағытта өзгере береді.

Сонымен біз трансакциондық шығындар орын алмаған кездегі жетілген бәсеке жағдайындағы жалпы тепе-теңдік орнауын қарастырдық. Бірақ, нақты өмірде нарықтың тұрақтылығын ұстап тұру қиын немесе мүмкін емес. Жалпы тепе-теңдіктің қарастыратын басты мәселесі мынада, яғни бәсекелі экономикалық жүйе барлық ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете ала ма, сонымен қатар әрбір субъект өзінің экономикалық мақсаттарына жете ала ма деген мәселелерді қарастырады. Бұл идеяны, яғни жалпы тепе-теңдік теориясын алғаш рет швейцар экономисі Леон Вальрас (1834 - 1910) ашқан. Ол өзінің белгілі «аукционист моделі» арқылы жалпы тепе-теңдікті белгілі бір қағидаларға сүйене отырып сипаттайды. Оның моделі тепе-теңдікке жету механизмін трансакциондық шығындардың қатысынсыз сипаттайды, бұл модельде уақыт факторы ескерілмейді, яғни нарықтық келісімдер бірден немесе қас-қағым сәтте тек дайын тауарларға жасалады. «Аукционист» Адам Смиттің «көрінбейтін қол» моделі сияқты толық нарықтық ақпаратқа ие бола отырып, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыратын бағалар жиынтығын іздейді. «Аукционист» - бұл нарықты тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі. Л. Вальрастың «аукционист» моделі де, А. Смиттің «көрінбейтін қол» әрекеті де (бұл 1776 жылы пайда болған идея) нарықты жалпы тепе-теңдікке бағыттайтын күш ретінде сипатталады. Бұл итермелеуші күш – пайдаға ұмтылу, әрбір жеке кәсіпкерді өз пайдасын максималдауға мәжбүрлейтін бәсекелік күрес деген сөз. Бәсекелі өндіріс нәтижесінде кәсіпкерлер барлық қоғамның мүдделері үшін әрекет етеді. Бірақ, бұл ресурстарды тиімді қолдану кезінде ғана болуы мүмкін. Ресурстарды тиімді қолдану деп біз сол ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету дегенді түсінеміз, немесе, басқаша сөзбен айтқанда, ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау деген сөз. Тиімді өндірістің шарты болып ресурстарды тиімді бөлу табылады. Сәйкесінше, бәсеке ресурстарды тиімді бөлудің табиғи стимулы және ұйымдастырушысы болып табылады.

Адам Смиттің идеяларын әріқарай өңдеген итальяндық экономист Вильфредо Парето (1848 - 1923) болды. Ол ресурстарды тиімді бөлудің критерийін анықтады: нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінеді деп санады. Мұндай тиімді бөлуді Парето – тиімді бөлу деп атайды. Сонымен, нарық тиімділігінің критерийі Парето – тиімділік болып табылады.

Парето бойынша ресурстарды бөлудің тиімділігі қоғамдық пайдалылықты максималдауға тырысатынын айтқан маңызды, бұл аса маңызды критерий болып табылады.

Бірақ қоғамның әл-ауқаттылығы қалай максималды деңгейге жетеді? Бұл әл-ауқаттылық экономикасының неоклассикалық теориясының басты сұрақтарының бірі. Әл-ауқаттылық экономикасы теориясының пәні экономикалық оптимум моделін жасау және экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы арақатынастың мәселелерін шешу болып табылады. Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдаудың мүмкіндіктерін зерттеуде «Эджуорт қорабы» деген модель (сурет 12.1) қарастырылады. Бұл модель екі субъектінің пайдалылықтарын сипаттайтын диаграмма болып табылады және ол экономикалық игіліктердің тиімді бөліну шартын анықтауға көмектеседі, яғни экономикалық игіліктерді өзара айырбастау кезінде субъектілердің пайдалылығы максималды деңгейге жетеді деп тұжырымдалады.

 

 

Салтанаттың наны

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0С

6

E 1

5

2

 

4 C 3

 

 

Болаттың Салтанаттың

шоколады шоколады

3 UБ3 4

D B

2 UБ1 5

UС3 А

1 UС1 6

0Б 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Болаттың наны

Сурет 12.1. «Эджуорт қорабы»: айырбас тиімділігі

Екі қоғамдық топты сипаттайтын Болат пен Салтанат деген екі тұтынушының арасындағы екі тауармен айырбас жүргізу моделін мысал ретінде қарастырайық. Суретте бір – біріне қарап тұрған координаттардың екі жүйесі көрсетілген, олардың осьтері тіктөртбұрышты құрайды. Тіктөртбұрыштың оң жақ жоғарғы бұрышы – Ос координат жүйесінің басы, бұл жүйеде Салтанаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Тіктөртбұрыштың сол жақ төменгі бұрышы – Об координата жүйесінің басы, бұл жүйеде Болаттың талғамсыздық қисықтарының картасы орналасқан. Горизонталды осьте А тауары (нан) және вертикалды осьте Б тауары (шоколад) көрсетілген, сәйкесінше, А тауарының саны 10 дана және Б тауарының саны 6 дана болсын. Айталық, бастапқыда игіліктер А нүктесі арқылы бөлінеді, яғни Болатта 7 дана нан және 1 дана шоколад бар (сондықтан ол наннан гөрі шоколадты жоғары бағалайды). Дәл сол нүктеде, Салтанаттың қолында 3 дана нан және 5 дана шоколад бар (оның қолында шоколад көп, сондықтан ол Болатқа қарағанда нанды жоғары бағалайды). Бұл нүктеде тұтынушылардың алмастырудың шекті нормалары (MRS) сәйкес келмейді. MRSС = 3, MRSБ = ½, бұл өзара пайдалы келісімдер жасауға мүмкіндік береді. UС1 және UБ1 талғамсыздық қисықтары А нүктесінде қиылысады. Бұл нүкте өзара пайдалы келісімдер ауданы (суреттің боялған бөлігі) болып табылады. Бірақ, әрбір өзара пайдалы келісімдер кезінде игіліктер тиімді түрде бөліне бермейді. Мысалы, В нүктесінде де келісім өзара пайдалы болып табылады (Болат қосымша бір шоколадқа ие болады, ал Салтанат өзіне қажет қосымша нанға ие болады). Бірақ, талғамсыздық қисықтары бұл нүктеде де қиылысады, алмастырудың шекті нормалары (MRS) тең емес. Игіліктерді тиімді бөлудің шарты айырбасқа қатысушылардың MRS теңдігі болып табылады, нәтижесінде контрагенттердің әл-ауқатын олардың біреуінің жағдайын төмендетпей жақсартуға болмайды, яғни игіліктерді Парето – тиімді бөлу шарты орындалу қажет. Ол тиімді бөлу шартын суреттегі С, D және E нүктелері сипаттайды, бұл нүктелерде талғамсыздық қисықтары бір-бірімен жанасады және олардың көлбеулері бірдей. Сәйкесінше, MRSС = MRSБ. Бұл ереже көптеген тауарлармен алмасушы көптеген тұтынушыларға тән: айырбасқа қатысушы тұтынушылардың тауарлардың кез-келген жұптарының MRS – тері бірдей, яғни тең болғанда ғана ресурстар немесе игіліктер тиімді бөлінеді. Сонымен, айырбасқа қатысушы барлық субъектілердің біруақытта тепе-теңдік жағдайға келуі тиімді келісім – шарт жасаумен сипатталады:

MRSС шок., нан = (Р шок. / Р нан) = MRSБ шок., нан.

Бұл формула бәсекелі нарықтарда тепе-теңдікке жету шартын сипаттайды. Бәсекелі тепе-теңдікті экономисттер Вальрас тепе-теңдігі деп атайды. Бәсекелі тепе-теңдіктің негізінде бәсекелі механизм жағдайында барлық нарықтардағы сұраныс пен ұсынысты теңестіретін бағалар жиынтығын орнату жатады.

Жоғарыдағы суретке оралсақ, Ос - дан Об нүктесіне дейін өтетін қисық Салтанат пен Болаттың алмастырудың шекті нормалары бір-біріне тең талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелерін қосады. Барлық тиімді келісімдер жасауды сипаттайтын қисықты, яғни игіліктерді тиімді бөлудің барлық жағдайларын көрсететін қисықты келісімдер жасау қисығы деп атайды. Дәл сол келісімдер жасау қисығы екі субъектінің арасындағы игіліктердің Парето – тиімді бөлуінің графикалық сипаттамасы ретінде қарастырылады.

Сурет 12.2 – де координат басынан дөңес орналасқан келісімдер жасау қисығы көрсетілген. Ол «Эджуорт қорабындағы» (сурет 12.1) талғамсыздық қисықтарының барлық жанасу нүктелері арқылы өтетін (С, D, Е нүктелері) өзімізге белгілі қисықты көрсетеді.

 

Салтанаттың

пайдалылығы

 

 

U2 D

 

U1 С

 

Е

 

 


0 U2 U1 Болаттың пайдалылығы

Сурет 12.2 Қол жетімді (мүмкін) пайдалылық қисығы

Бұл қисықтың кез-келген нүктесі қоғамда игіліктерді бөлудің максималды пайдалылығын арттыратын Парето бойынша тиімділікті сипаттайды. Басқаша айтқанда, бұл қоғам үшін қол жетімді пайдалылық қисығы. Айталық, барлық қоғам Салтанат пен Болат деген екі тұтынушыдан құралады. 3 нүктесінен 4 нүктесіне жылжыған кезде қоғамның бір тобы үшін, яғни Болат үшін игіліктердің пайдалылығы төмендейді. Керісінше, қоғамның басқа бір тобы үшін, яғни Салтанат үшін пайдалылық артады. Бірақ қол жетімді пайдалылық қисығының қандай нүктесінде қоғамның әл-ауқаттылығы максималды деңгейге жетеді? Парето бойынша тиімділік қоғам үшін әл-ауқаттылықты тиімді бөлу туралы сұраққа жауап бере алмайды.

Енді 12.3 – суретіне назар аударайық.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 3022 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.056 сек.)