АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014 ж. 4 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі: EDx,y = DQy% / DРx%,

мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQy% - Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DРx% - X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі. Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін бірі алмыстырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егерде, фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді). Осы сұраныстың қиылысқан икемділігінің үш түрлі мәнін төмендегі график арқылы да сипаттауға болады (сурет 2.17):

Рх Рх Рх

 

EDx,y >0 EDx,y <0 EDx,y=0

 

 

 

Qy Qy Qy

а) ә) б)

Сурет 2.17 Сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәндері

3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі: EDI = DQ% / DI%, мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DI% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (EDI >1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (EDI <1) болып табылады. Мысалы, біріншіен, табыс өскенде кәдімгі (қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң тәуелділікпен сипатталады. Яғни, уақыт өткен сайын табыстың өсуіне қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. Сондықтан кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1 (сурет 2.18 a). Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: EDI =0 (сурет 2.18 ә). Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі (сурет 2.18 б). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен (оң) болып келеді: EDI >1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді (сурет 2.18 в). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші (теріс) болып келеді: EDI <0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы көрсете аламыз (сурет 2.18).

I I I I

а) ә) б) в)

0< EDI <1 EDI =0 EDI >1 EDI <0

 

Q Q Q Q

Сурет 2.18 Сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәндері:

а) бірден кіші; ә) нөлге тең; б) бірден үлкен; в) теріс

Икемділік теориясын, әсіресе, сұраныс икемділігі ерекшеліктерінің мәнін түсінудің зор практикалық маңызы бар. Осыны зерттей отырып, өндірушілер баға белгілеуде, тұтынушыларға баға саясатын жүргізуде, сондай-ақ, мемлекеттің экономикалық реттеу үрдісінде жанама салықтар мөлшерлемесін тағайындауда және нарықтың қатысушылары арасында салық ауыртпашылықтарын бөлу мақсатында қолдана алады.

Сонымен біз сұраныс икемділігінің негізгі түрлерін қарастырғаннан кейін ұсыныс икемділігін талдауға кірісеміз. Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі: ESP = DQ% / DP%, мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігінің коэффициенті әдетте оң сан болып келеді, өйткені өндірушілер ұсыныс заңына сүйене отырып аса жоғары бағамен сату көлемін арттыруға ынталы болады. Ұсыныс икемділігінің бұл түріне әсер ететін негізгі фактор – ол уақыт. Уақыт туралы мәселе жоғарыда айтылған болатын. Осыған байланысты уақыттың үш түрі бөліп көрсетіледі: 1) ағымдық кезең (өте қысқа мерзім) – өндірушінің бағаның өзгеруіне әлі бейімделе алмайтынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс өте икемсіз болып табылады, сондықтан сұраныстың өсуі (кемуі) бағаны жоғарылатады (кемітеді), бірақ ұсыныс көлемі әлі өзгермейді (жоғарыда көрсетілген 2.6 a суретін қараңыз); 2) қысқа мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде, бірақ толық емес дәрежеде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға икемді бола бастайды, сұраныстың өзгеруіне байланысты баға өзгереді, сол секілді ұсыныс көлемі де өзгере бастайды, өйткені фирмалар сұранысқа байланысты өндірістің бірқатар факторларын өзгертіп үлгереді (жоғарыда көрсетілген 2.6 ә суретін қараңыз); 3) ұзақ мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне толығымен және жеткілікті түрде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға өте икемді болып табылады, сұраныстың өсуіне байланысты ұсыныс көлемі маңызды түрде артады, бірақ енді бағалар өзгермей тұрақты күйінде қалады (жоғарыда көрсетілген 2.6 б суретін қараңыз).

Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар: 1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1), ал ұсыныс қисығы аса жатыңқы болып келеді (сурет 2.19 а); 2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1), ал ұсыныс қисығы аса тіктеу болып келеді (сурет 2.19 ә); 3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ESP=1), ал ұсыныс қисығы кәдімгі оң көлбеулі болып келеді (сурет 2.19 б);

Р a) P ә) P б) P в) P г)

ESP>1 S ESP<1 S ESP=1 S EPS = 0 S

P2 P2 P2 EPS = ¥ P2

P1 P1 PE S

P1 P1

 

Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q QE Q а) икемді ұсыныс ә) икемсіз ұсыныс б) бірлік икемді в) өте икемді г) өте икемсіз

ұсыныс ұсыныс ұсыныс

Сурет 2.19 Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің түрлері

4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = ¥, ал ұсыныс қисығы көлденең сызық болып келеді (сурет 2.19 в);

5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0, ал ұсыныс қисығы тік сызық болып келеді (сурет 2.19 г).

Жоғарыда атап өткендей, икемділіктің теориясын практикада қолданудың маңызы өте зор, осы арқылы мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаттарын анықтау болады. Бұл мемлекеттің салық саясатын жүргізуі арқылы салық ауыртпашылығын тұтынушылар мен фирмаларға бөлу мысалында анық көрінеді. Сосын біз осы салынған салықты тұтынушылар мен фирмалардың қайсысының нақты төлейтіндігін анықтай аламыз. Мысалы, айталық нарықтағы тауардың тепе-теңдік бағасы 1 теңгеге тең және мемлекет өндірушіге, яғни әр өнім бірлігіне 50 тиын мөлшерінде салықтың белгілі бір (тіркелген) сомасын енгізеді, осының салдарынан салынған салық мөлшерінде ұсыныс қисығы солға жоғарыға жылжиды және бұл жерде өндірушілер бағаны арттыруы тиіс. Егер бағаның өсуі салықтың мөлшерімен сәйкес келсе, онда өндірушілер салық төлеуді толығымен тұтынушыларға жүктейді деген сөз (бұл тек сұраныстың нөлдік икемділігі жағдайында ғана болуы мүмкін). Төмендегі суреттерде көрсетілгендей, сатушылар мен сатып алушылардың арасында салық ауыртпашылығының нақты өзара бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады (сурет 2.20 a және 2.20 ә).

Р a) P ә)

S2

S2 S1

1,35 E2

cалық S1 1,15 E2

1,00 E1

1,00 E1

0,85 0,65 салық D

D

 

0 Q 0 Q

 

Сурет 2.20 Икемділік және салық ауыртпашылығын бөлу

Икемсіз сұраныс пен икемді ұсыныс кезінде (сурет 2.20a) баға едәуір өседі және салықтың басым бөлігін тұтынушы төлейді (біздің мысалымызда салықтың жалпы сомасының 35 тиынын сатып алушы нақты төлейді, ал тек 15 тиынын ғана өндіруші төлейді). Ал икемді сұраныс және икемсіз ұсыныс кезінде (сурет 2.20ә) бағаның өсуінен тұтынушылар сол тауарды сатып алуды едәуір қысқартып өз сұраныстарын сол тауарды алмастыратын субституттарға ауыстыра бастайды, және өндірушілер енді салық төлеудің ауыртпалышығын тұтынушыларға аудара алмайды (біздің мысалымызда баға тек 15 тиынға өседі, салықтың қалған сомасын сатушы өзі төлейді).

ТАҚЫРЫП 3. Тұтынушылар әрекетінің теориясы

Мақсаты: Бұл тақырыптағы негізгі үш мәселе – пайдалылық, баға және табыс – тұтынушы теориясының негізгі мазмұнын құрайды және бізге осы мәселелердің мәні мен мазмұнын, өзара байланысы мен маңыздылығын анықтауымыз керек.

Дәріс жоспары:

1. Тұтынушы талғамы және пайдалылық. Пайдалылықтың концепциялары. Шекті пайдалылық теориясы.

2. Талғамсыздық қисығы және оның картасы. Пайдалылық функциясы. Бюджет шектеулігі және бюджет сызығы.

3. Тұтынушының әл-ауқаты және экономикалық саясат. Тұтынушының тепе-теңдігі.

Негізгі түсініктер: бюджет қисығы; бюджет шектеулілігі; пайдалылық; пайдалылық функциясы; шекті пайдалылықтың төмендеу заңы; су мен алмаздың парадоксы; Госсен заңдары; тұтынушы таңдауы; алмастырудың шекті нормасы; талғамсыздық қисықтары; Энгель қисығы; т.б.

Тақырыптың мазмұны. Микроэкономикалық теорияда тауарлар мен қызметтерге әрдайым сұраныс білдіруші – ол тұтынушы.

Тұтынушы дегеніміз – бұл соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.

Тұтынушының талғамы – жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі факторларының бірі. Тұтынушы таңдауындағы игілік деп біз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез келген объектісін айтамыз. Әдетте, ереже бойынша игіліктер белгілі бір жиынтықпен тұтынылады. Сонда, игіліктер жиынтығы дегеніміз – белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір мөлшерде тұтынылатын нақты игіліктер түрінің жиынтығы.

Әрбір тұтынушының алдында мынадай үш сұрақ тұрады:

1) Не сатып алу керек?

2) Қанша тұрады?

3) Тауар сатып алуға ақша жете ме?

Бірінші сұраққа жауап беру үшін - игіліктің пайдалылығын білу қажет, екінші сұраққа жауап үшін – бағаны зерттеу қажет, ал үшінші сұраққа жауап беру үшін – тұтынушының табысын анықтау қажет. Осы үш проблема – пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы тәртібі теориясының негізін құрайды.

Тұтынушы тауарды оның пайдалылығы үшін тұтынады, яғни тауардың қасиеті тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Пайдалылықты бағалау тұтыну процесінің бірқатар заңдылықтарымен байланысты.

Біріншіден, адамдардың қажеттіліктері біртіндеп қанағаттандырылады, яғни игіліктің қолданылу деңгейіне байланысты қанағаттандырылады. Жалпы пайдалылық бұл жерде өседі. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы (total utility) – TU, (сурет 3.1а) – бұл тұтынылатын игіліктің барлық көлемінің жиынтық пайдалылығы.

Екіншіден, тұтыну мөлшеріне байланысты игілікті тұтынудың интенсивтілігі немесе мөлшерінің өсуі төмендей береді. Сәйкесінше, игіліктің әрбір қосымша пайдалылығы тұтынушы үшін төмендей береді. Мысалы, қатты шөлдеп тұрған адамға бірінші стакан судың пайдалылығы өте жоғары болады, содан кейін шөлді басу мөлшеріне байланысты әрбір қосымша стакан судың пайдалылығы алғашқыларына қарағанда біртіндеп төмендей береді. Тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы – шекті пайдалылық (marginal utility) – MU, (сурет 3.1ә) деп аталады. Тұтынылатын игіліктің санының өсуіне байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу тенденциясын біз шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деп атаймыз.

 


TU max MU

 

 


0 A B Q 0 A B Q

a) ә)

Сурет 3.1 Жалпы (а) және шекті (ә) пайдалылық

Табыстар мен бағалардың тұтынушының таңдауына тікелей әсер етуі оның сұранысын анықтайды, ал осыған сәйкес қажеттіліктердің қанағаттандырылу мүмкіндігі немесе сол игіліктің максималды пайдалылығы анықталады. Яғни, пайдалылық пен сұраныс арасында байланыс бар екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Шекті пайдалылықты ақша бірлігімен есептесек, онда біз тұтынылатын тауар мөлшері мен оның шекті пайдалылығы (тауардың бағасы) арасындағы кері байланыстың бар екенін байқаймыз. Осыған байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу заңы сұраныс заңына айнала алады, ал тұтынылатын тауардың көлемі мен шекті пайдалылығы туралы мәліметтер негізінде теріс көлбеулі сұраныс қисығын сызуға болады.

Сонымен, игіліктің пайдалылығы дегеніміз – бұл экономикалық игіліктің адамдардың бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. 19-шы ғасырда австриялық мектеп өкілдерінің зерттеулері нәтижесінде мынадай заңдылық пайда болды: тұтынылатын игіліктің мөлшеріне қарай тұтынушы үшін пайдалылығы төмендей беретіндігі анықталды. Тұтынылатын игіліктің мөлшері үздіксіз өскен сайын оның жалпы пайдалылығы да өседі, бірақ оның шекті пайдалылығы төмендей береді. Егер игіліктің әріқарай тұтынылуы тұтынушыға зиян әкелсе, онда сол игіліктің жалпы пайдалылығы төмендейді, яғни әрбір қосымша тұтынылған игіліктің саны өскен оның біз үшін пайдалылығы төмендей береді. Осыған орай, тұтынушы үшін игіліктің бағасы оның жалпы пайдалылығымен емес шекті пайдалылығымен - анықталады.

Шындығына келсек, пайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс экономисі және математигі Герман Госсен 1854 жылы ашқан. Бірақ сол уақытта бұл теорияға ешкім көңіл аудармады. Содан кейін 1878 жылы ғана бұл ғалым өлгеннен кейін оның «Адамдық қарым-қатынас заңдарының дамуы» атты еңбегінің бір данасы табылып 1889 жылы және 1927 жылы қайта өңделіп жарыққа шығады. Г. Госсеннің бұл еңбегінің нәтижелері негізінде австриялық мектептің экономистері ғылымға Госсеннің бірінші және екінші заңдары деген ұғымдарды енгізді. Госсеннің бірінші заңы: игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі. Австриялық экономистердің өз жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.

Пайдалылық функциясы. Австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Ф. Визер белгілі бір игіліктің әр қосымша тұтынылу мөлшерінің пайдалылығы үшін төмендейтіні туралы заңдылықты айқындады (сурет 3.2).

 


TU

 

 

 


0 q1 q2 q3 qn

Сурет 3.2 Игіліктің жалпы пайдалылығының оның санына тәуелділігі

Пайдалылық функциясы дегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті пайдалылығының бірдей дәрежеде көрінуі.

Пайдалылық функциясы – игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция: MU = d(TU)/dQ

Бірақ 18-ші ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады.

«Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге арзан, ал адамға қажеті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»

Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі – керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы – жоғары. Ал бұл жерде осы игіліктердің бағалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады.

 

 

Тұтынушының ұтымы

Р Р S

Тұтынушының ұтымы

S

P2

 

D

Р1 D Жалпы шығындар

Жалпы шығындар

0 Q1 Q 0 Q2 Q

Сурет 3.3 Су мен алмаздың парадоксы

Тұтынушы таңдауының негізгі постулаттары (Кардиналистік теория). Тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді: 1) тұтынушының ақшалай табысы әрқашанда шектеулі; 2) бағалар тұтынылатын игіліктердің көлеміне байланысты емес; 3) барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдерінің шекті пайдалылығын жақсы түсінеді; 4) тұтынушылар өздерінің жалпы пайдалылықтарын максималдауға ұмтылады.

Тұтынушы таңдауының теориясы келесі қағидаларға (постулаттар) сүйенеді:

1) Тұтыну түрлерінің алуан түрлілігі. Әрбір тұтынушы көптеген жекелеген игіліктердің түрлерін тұтынуды қалайды.

2) Тойымсыздық. Тұтынушы кез-келген тауар мен қызметтің үлкен көлемін тұтынуға ұмтылады. Барлық экономикалық игіліктердің шекті пайдалылығы әрқашанда оң мәнге ие.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1860 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.017 сек.)