ТЕСТІЛЕР. 1. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
1. Өндіріс факторының әр қосымша бірлікке кететін фирма шығыстары бұл:
А) Орташа шығындар;
Б) Шекті шығындар;
В) Үлесті табыстар;
Г) Тұрақты шығындар;
Д) Ауыспалы шығындар.
2.Шекті табыс қисығы шекті шығындар қисығынан төмен жатса, онда:
А) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан төмен болады;
Б) Өндіріс факторларынан қолданудан түсетін пайда шығындардан жоғары болады;
В) Пайда шығындарға тең болады;
Г) Жиынтық табыстар шығындарға тең болады;
Д) Пайда нөлге тең.
3. Пайданы максималдау қандай шарттарды талап етеді (ME -шекті табыстылық; MRP -шекті шығындар):
А) MY=MP;
Б) ME<MRP;
В) ME>MRP;
Г) ME=MRP;
Д) ME>MP.
4.Өндіріс факторларына кеткен шығындармен және осы факторларды жалдау үшін қажетті минималды төлем арасындағы айырма – бұл:
А) Орташа табыс;
Б) Шекті шығындар;
В) Шекті табыс;
Г) Экономикалық рента;
Д) Таза табыс.
Әдістемелік нұсқаулар: Дайындықты берілген әдебиеттермен танысқаннан кейін бастау керек. Семинар сабағында қарыздық пайыздың ставкасы және қысқа мерзімдегі инвестицияларға сұраныс, қарыз капиталының ұсынысы, капитал – тауарлар мен қызметті өндіруде ұзақ пайдаланылатын ресурстар, жер сұранысы мен ұсынысының ерекшеліктеріне назар аудару керек.
ТАҚЫРЫП 14. ИННОВАЦИЯ НАРЫҒЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Жеке пайдалар (шығындар) және сыртқы пайдалар (шығындар) деген не? Қоғамдық пайдалар (шығындар) қалай анықталады?
2. Жағымсыз сыртқы әсер деген не? Жағымды сыртқы әсер деген не? Олардың салдары қандай болады?
3. Коуз теоремасын анықтаңыз.
4. Меншік құқық нарығының құру механизмін және салдарын ашып көрсетіңіз.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1005 | Нарушение авторских прав
|