АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014ж.

«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «_ 28 _»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «__ 02 __»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _____________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)

12 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдары (жазбаша бақылау тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, өзін-өзі дайындау үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)

12.1 ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУҒА ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

1.Микроэкономика пәні нені оқытады:

a. оңтайлы экономикалық шешімдерді

b. баға белгілеуді

c. ресурстарды тиімді орналастыруды

d. жоғарыда айтылғандардың бәрін

2.Микроэкономика макроэкономикаға қарағанда мынаны оқытады:

a. жеке тұтынушылықтың іс-әрекетін

b. бір аумақтың экономикасын

c. қысқа уаұыт аралығындағы экономиакалық құбылысты

d. әрбір экономикалық көрсеткіштің өзгеруін

3.Төмендегілердің қайсысы микроэкономикалық үлгі болмайды:

a. фирманың моделі

b. инфляцияның үлгісі

c. тұтынушылардың үлгісі

d. нарықтың тепе-теңдік үлгісі

4.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы экономикалық үлгі болады:

a. жұмыссыздықтың өсуі инфляцияның төмендеуіне ыөпал етеді

b. реформаның нәтижесінде, Қазақстан тұрғындары жинақтарынан айырылады

c. жұмыссыздықтың өсуі өндірістің төмендеуіне байланысты емес

d. Қазақстандағы ақша өлшемі – теңге

5.Білім алудың баламалық шығындарына төмендегілердің қайсысы кірмейді:

a. сенің университетте оқымай, жұмыс істегенде алатын еңбек ақың

b. оқулықтар алуға кететін ақша

c. тамаққа кететін ақша

d. оқуға төленетін ақша

6.Егер мемлекет барлық сатушыларға тауарларды арзан бағамен сатуды міндеттесе, онда бұл балама шығындардың мөлшерінің аз болуына әкеліп соқтырады:

a. барлық уақытта

b. кейбір жағдайларда

c. ешқашан

d. осы талап орындалса

7.Егер адам сағатына 120-140 теңге жалақы алатын жұмыс табатын болса, онда оның баламалық шығыны неге тең:

a. 120 теңгеге

b. 130 теңгеге

c. 140 теңгеге

d. 150 теңгеге

8.Шекті шығындарды және шекті пайданы ескере отырып ұтымды экономикалық талдау төмендегіні болжайжды:

a. шекті шығындар шекті пайдадан көп

b. шекті шығын шекті пайдаға тең

c. шекті шығын шекті пайдадан аз

d. бұндай жағдайда таңдауды қоя тұру керек

9.Айналым үлгісінде:

a. кәсіпкер әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды

b. үй шаруашылықтары әрдайым ақшаға тауарды айырбастайды

c. үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сатушы болады, ал тауар нарығында сатып алушы болады

d. кәсіпкер тауар нарығында сатып алушы және ресурстар нарығында сатушы болады

10.Қандай тұжырым позитивті болады:

a. егер май өндірісі қысқарса, онда зеңбірек өндірісі ұлғаяды

b. май өндірісі зеңбірек өндірісіне қарағанда жоғары болуы керек

c. май өндірісі мен зеңбірек өндірісі мемлекет қажеттілігіне сәйкес болуы керек

d. май өндірісі мен зеңбрек өндірісі экономикалық субъектілердің сұранысына сәйкес болуы керек

11.Микроэкономикадағы «шекті» термині келесіні білдіреді:

a. экономикалық шамалардың аздаған өзгерісі

b. экономикалық шамалардың шегаралық өзгерісі

c. экономикалық шамалардың қосымша өзгерісі

d. экономикалық шамалардың өте көп өзгерісі

12. «Шеңберлік ағын» моделінің құрамына төмендегілердің қайсысы кіреді:

a. тауар-ақша ағындары

b. игіліктер, қызметтер және өндіріс факторларының нарықтары

c. баға қалыптасуы

d. a және b жауаптары дұрыс

13. «Сиректік» категориясы нені зерттейді:

a. сапа жоғарылығын

b. шектеулікті

c. еңбек сыйымдылығын

d. капитал сыйымдылығын

14.Экономикалық субъектінің шешімі оңтайлы болады, егер:

a. шекті шығындар шекті түсімнен көп болса

b. шекті шығындар шекті түсімге тең болса

c. шекті шығындар шекті түсімнен аз болса

d. жоғары түсім кезінде шығындар өте аз болса

15.Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы нені білдіреді:

a. екі өндіріс факторының арасындағы өзара тәуелділікті

b. берілген ресурстар кезіндегі екі игілікті өндірудің ең жоғары көлемі

c. өндірістік қуаттар мен өнім шығару арасындағы ара-қатынасты

d. ресурстардың көлемі өзгергендегі қосымша өнім шығаруды

16.Еңбек өнімділігі жоғарылаған кезде өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы өзгермеуі мүмкін, егер:

a. қолданылатын капитал көлемі жоғарыласа

b. еңбексыйымды технологиядан капиталсыйымды технологияға қарай құрылымдық жылжу болса

c. жұмысшылар саны азаятын болса

d. еңбек қысқаратын болса

17.Айналым шеңбері моделіне нарықтың қандай екі түрі кіреді:

a. нақты жіне ақша

b. игіліктер мен факторлар

c. капитал мен еңбек

d. тауарлар мен қызметтер

18.Жаңа кітапхананың балама шығындары бұл:

a. оның қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу

b. болашақта тағы бір кітапхана салудың құны

c. тұрғындардың интеллектуалды деңгейін жоғарылату

d. кітапхана салу үшін өндірістен бастартуға мәжбүр болған басқа игіліктердің бағасы

19.Сиректік мәселесін шешуге болады, егер:

a. энергияның таусылмайтын жаңа қайнар көздері ашылса

b. адамдар ынтымақтастық үшін бәсекелестіктен бас тартатын болса

c. барлық елдерде постиндустриялды қоғамға айналса

d. жоғарыда айтылғандардың бәріде дұрыс емес

20.Экономикалық проблемалардың болуын қандай екі негізгі себептен түсіндіруге болады:

a. адам қажеттіліктерінің шексіздігі мен ресурстардың шектеулілігі

b. қоршаған ортаның ластануы және трансұлттық корпорациялардың болуы

c. инфляция мен жұмыссыздықтың болуы

d. мемлекеттің экономикаға ықпалы және жер бетіндегі адамдар санының өсуі

21.Ақшаны экономикалық ресурстарға жатқызуға бола ма:

a. болады, егер олар күрделі ресурстарды сатып алуға жұмсалатын болса

b. болады, егер оларды тек қана еңбек қызметтерін өтеуге қолданатын болса

c. болады, егер ақша банкідегі депозитке салыған болса

d. болмайды, себебі ақша қаржы құралдарына жатады

22.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:

  1. кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алуы үшін төлей алатын бағасы
  2. тұтынушының белгілі бір уақыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының мөлшері
  3. берілген нарықтағы заттардың көлемі
  4. жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

23.Сұраныс функциясы дегеніміз:

  1. заттың бағасы мен оның көлемі арасындағы қатынас
  2. заттың бағасы мен табыстың арасындағы өзара байланыс
  3. заттың көлемі мен өндірістік факторларының арасындағы қатынас

24.Жалпы жағдайдағы сұраныс функциясы дегеніміз:

  1. сұраныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы қатынас
  2. сұраныс көлемі мен шығындардың арасындағы байланыс
  3. сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы өзара байланыс
  4. жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс емес

25.Сұраныс факторларына жататындар:

  1. берілген тауардың бағасы
  2. берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы
  3. салық және дотация
  4. табыс көлемі
  5. а,ә және в пункттері

26.Сұраныс қисығының бойымен жылжып отыру төменгі тұжырымдардың қайсысын сипатттайды:

  1. тұтынушының табысы өзгеруіне байланысты сұраныс көлемінің өзгеруі
  2. бағаның әр түрлі деңгейіне сәйкес сұраныс көлемінің өзгеруі
  3. жоғарыда айтылғандардың екеуінде

27.Сұраныс заңы бойынша:

  1. тауарға деген сұраныс ұсынысқа тәуелді
  2. тауардың бағасы арзандаған сайын осы тауарға деген тұтынушылардың сатып алу ынтасы арта түседі
  3. тауардың бағасы тұтынушылардың табысына байланысты
  4. жоғарыда айтылғандардың біреуі де дұрыс емес

28.Қой етінің қымбаттауы сиыр етіне деген сұранысты өсіреді. Соның салдарынан:

a. сиыр еті мен қой етіне деген сұраныс қисықтары өзгереді

b. тек сиыр етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

c. тек қой етіне деген сұраныс қисығы өзгереді

29.Қара бидай ұнының бағасы төмендеген жағдайда:

a. ақ бидайға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды

b. ақ бидайға деген сұраныс қисығы солға жылжиды

c. ақ бидайдың теңдестік бағасы жоғарылайды

d. жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы орындалмайды

30.Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:

a. бұл тауарға деген сұраныс қисығы солға жылжиды

b. аудио және видео тауарларын сату көлемі азаяды

c. бұл тауарға деген сұраныс азаяды

d. жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

31.Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады?

a. белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы

b. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы

c. кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы

d. жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

32.Нарықтық сұранысқа төмендегі көрсеткіштердің қайсысы әсер етпейді

a. тұтынушылардың табысы

b. алмастыратын тауарлардың бағасы

c. ресурстар бағасы

d. сатып алушылар саны

33.Ұсыныс дегеніміз:

a. сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатуға қабілеті жететін заттарының көлемі

b. тұтынушылардың белгілі бір уаұыт аралығында берілген бағамен сатып алғысы келетін заттарының көлемі

c. нарықтағы теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемі

d. жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

34.Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:

a. сатылатын заттың бағасы мен шығындардың

b. заттың сатылатын көлемі мен оның бағасының

c. технология түрі мен шығындардың

35.Жалпы ұсыныс функциясы:

a. сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы қатынасты

b. ұсыныс көлемі мен табыстың арасындағы байланысты

c. ұсыныс көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы тәуелділікті көрсетеді

36.Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:

a. сатылатын заттың бағасы

b. өндіріс факторларының бағасы

c. табыс көлемі

d. салық мөлшері

e. технология дәрежесі

37.Ұсыныс заңы бойынша:

a. тауарға деген сұраныс ұсынысқа тәуелді

b. тауардың бағасы арзан болған сайын оны өндірушілер көп шығарғысы келеді

c. тауардың бағасы қымбаттаған сайын оны өндірушілер көп шығарғысы келеді

d. тауарды өндіру оның бағасына байланысты емес

38.Студенттер асханасында бәліш 1 теңге 50 тиыннан сатылатын. Осы асханада пайдаланылатын самсаның бағасы 25%-ға көтерілсе, онда:

a. бәліштің бағасы төмендейді

b. сатылатын самсаның көлемі көбейеді

c. сатылатын бәліштің көлемі азаяды

d. сатылатын бәліштің көлемі көбейеді

39. тауарын өндіруге пайдаланатын материалдардың бағасы қымбаттады деп жорамалдайық, онда соның салдарынан осы тауарға деген:

a. сұраныс қисығы жоғары (оңға) жылжиды

b. ұсыныс қисығы жоғары (солға) жылжиды

c. сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы жоғары жылжиды

d. ұсыныс қисығы төмен (оңға) жылжиды

40. Маркетологтар сіз басқаратын өдірістің шикізатының

болашақта бағасы өсетінін хабарлайды. Сіз менеджер

болғандықтан мынадай шешім қабылдайсыз:

a. Өндірілетін өнімнің көлемін арттырасыз;

b. Ештеңені өзгертпеуге тырысасыз;

c. Өндірілетін өнімнің көлемін азайтасыз;

41. Жетік технологияны өндірісте пайдалану:

a. Сұраныс қисығын жоғары оңға жылжытады;

b. Сұраныс қисығын төмен солға жылжытады;

c. Ұсыныс қисығын төмен оңға жылжытады;

d. Ұсыныс қисығын жоғары солға жылжытады;

42. Нарықтағы ұсынысты анықтау үшін:

a. Белгілі бір ұсыныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосамыз;

b. Кез келген өндірушінің ең көп ұсыныс көлемін табамыз;

c. Белгілі бір бағаға сәйкес келетін жеке ұсыныстардың көлемін қосамыз;

d. Теңдестік бағаға сәйкес келетін ұсыныс көлемін табамыз;

43. Нарықтағы ортада үш өндіруші бар делік. Егер картоптың бағасы 5 теңге болған уақытта олардың жеке ұсыныстары мынадай: A=400кг, В=320 кг, C=180кг болса, онда жалпы нарықтық ұсыныс төмегндегінің қайсысы:

a. 400 кг

b. 320 кг

c. 900 кг

44. Нарықтағы теңдестік баға дегеніміз:

a. Кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;

b. Нарықтағы ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемін теңдестіретін баға;

c. Өкімент тарапынан белгіленетін баға;

d. Жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес;

45. Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болуы үшін:

a. Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет;

b. Тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет;

c. Тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан төмен болуы қажет;

d. Тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет;

46. Жаңғаққа деген ұсыныс пен сұраныс бір мезгілде өсетін болса теңдестік баға:

a. Өседі;

b. Өзгермейді;

c. Кемиді;

d. Деректер жеткіліксіз;

47. Сұраныс Qd=20-P пен Qs=10=P ұсыныс фукциялары берілген. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?

a. P=10; Q=12;

b. P=5; Q=15;

c. P=7; Q=15;

48. Егер тауардың бағасы қымбаттаса, онда:

a. Тұтынушының теңдестік жағдайы өзгереді;

b. Алмастырушы тауарға деген сұраныс кемиді;

c. Толқтырушы тауарға деген сұраныс қисығы өседі;

d. Әдетте тауардың сұраныс көлемі артады;

49. Сүттің теңдестік бағасы Р о деп жорамалдайық. Егер укімет бағаны 2Р о белгілесе, онда:

a. Сүт ұсыныс азаяды;

b. Сүт артықшылығы болады;

c. Ұсыныс қисығы оңға жылжиды;

d. Жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы дұрыс емес.

50. Егер Х затына деген сұраныс пен ұсыныстың екеүі де өсетін болса, онда:

a. Осы заттың теңдестік бағасы мен теңдестік көлемі өседі;

b. Бағаның қалай болары белгісіз, бірақ заттың теңдестік көлемі өседі;

c. Заттың теңдестік бағасы өсіп, жалпы табыс өседі;

 

12.2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

БІРІНШІ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1.Ресурстардың шеутеулігі және таңдау қажет проблемалары

2.Нарық қоғамдық механизм ретінде игіліктерді өз еркімен айырбастау жолымен бөлу

3.Айналым моделі

4.Сұраныс пен ұсыныстың моделі

5.Бағалы емес факторларға әсері

6.Нарықтық тепе-теңдік

7.Нарықтық тепе-теңдікті тұрақтандырудағы бағаның рөлі

8.Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіндегі нарыққа әсері

9.Баға сұранысының икемділігі

10. Баға бойынша сұраныс икемділігін пайдалану жолындағы тұтынушы шығындарын талдау

11. Табыс бойынша сұраныс икемділігі

12. Тауардың бірінші қажеттіліктері, қалыпты тауарлар, төменгі сапалы тауарлар

13. Сұраныстың тоғыспалы икемділігі

14. Өзара орналасу және өзара толықтыру тауарлар

15. Баға ұсынысның икемділігі

16. Заң сферасында бекітілген салықтың қызметі және экономика сферасындағы салық қызметі

17. Монополияның мәні және көрсеткіштері

18. бағалқ дискриминацияның дәрежелері

19. Монополияның жалпы шығындары

20. Монополияның экономикалық шығындары

21. Табиғи монополия

22. Монополиялық бәсеке, пайдасы және зардаптары

23. Монополиялық бәсекенің белгілері

24. Олигополиялық нарық қызметі

25. Тұтынушылар мен сатушылардың салықтарын бөлудегі икемділіктің рөлі

26. Бәсекенің нормативтік талдауы

27. Тұтынушының артықшылықтары және өзгеріссіз қисықтар.

28. Толық және транзиттік аксиомасы

29. Орналастырудың шекті нормасы

30. Өзгеріссіз қисықтардың экономикалық түсінікке кіруі

31. Тұтынушының бюджеттік шектеуі

32. Бюджеттік түзудің ойысы

33. Тауарлардың бағасы немесе тұтынушылардың табыс өзгергендегі бюджеттік түзудің өзгері жағдайы.Бюджеттік шектеудің түрлері

34. Тұтынушынығ тепе-теңдігі. Ішкі және бұрыштық шешімдер

35. Шарттардың тепе-теңдігі

36. Тең пайдалылықтың принципі

37. «Табыс-тұтыну» қисығы

38. «Тұтыну баға» қисығы және сұраныс қисығын тұрғызу

39. Тиімді орналастыру және тиімді табыс

40. Гиффен тауары

ЕКІНШІ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылық

2. Еңбек ұсынысы

3. Бюджеттік шектеу және «табыс-демалыс» моделіндегі өзгеріссіз қисықтар

4. «Табыс-демалыс» моделі үшін салыстымалы статика

5. Еңбектің қисық ұсынысы

6. Капитал ұсынысы

7. Уақыт аралық бюджеттік шектеу және уақыт аралық артықшылықтар

8. Адам капиталындағы инвестициялар

9. Тәуекелділікті өлшеу (Лотерея)

10. Портфельдік таңдай моделі және тәуекелділікті минимизациялау тапсырмасы

11. Белгісіздік шартындағы тұтынушының тәртібі

12. Тәуекелділікке бейімділік

13. Өндіріс, өндіріс факторлары

14. Өндірістік функциялар арқылы өндірісті сипаттау

15. Изокванта

16. Технологияны орналастыру нормасы

17. Кобба-Дугластың функциясы

18. Өндіріс факторларын қайтары жоқтығының заңы

19. Тиімді масштаб

20. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

21. Ресуртың альтернативтік құны. Жүктелген шығындар

22. Жүктелген шығындар

23. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары

24. Орташа және шекті шығындары арасындағы байланыс. Қисық орташа шығының формасы

25. Ұзақ мерзімдегі шығындар

26. Изокоста

27. Жалпы шығындарды минимизациялау

28. Тепе-теңдіктің шарты

29. Масштаб әсері

30. Өндірістің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шығындар

12.3 ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН СҰРАҚТАР

1. Микроэкономиканың пәні және әдісі

2. Оңтайлы және тепе-теңдік моделдер

3. Ресурстардың шеутеулігі және таңдау қажет проблемалары

4. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

5. Өндіріс факторларына сұраныс

6. Нарық қоғамдық механизм ретінде игіліктерді өз еркімен айырбастау жолымен бөлу

7. Тұтынушының артықшылығы және өзгеріссіз қисықтар. Толық аксиомасы және транзивтілік

8. Ресурстың альтернативтік құны. Жүктелген шығындар

9. Жиынтық және шекті ішкі шығындар

10. Ұзақ және қысқа мерзімдегі монополиялық бәсеке. Тепе-теңдік

11. Эджворт диаграммасы

12. Шекті қоғамдық пайда

13. Баға сұраныс икемділігі. Баға бойынша сұраныс икемділігін пайдалану жолымен тұтынушының шығындарын талдау

14. Нақты бәсекенің шарттары

15. «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель қисығы. Бұл қисықтардың формасы қалыпты және төменгі сапалы тауарлары үшін, тауардың бірінші қажеттілігі.

16. «Тұтыну баға» қисығы және сұраныс қисығыны тұрғызу

17. Табыс бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныс пен ұсынысқа бағалы емес факторлардың әсері

18. Тәуекелділікті өлшеу (Лотерея)

19. Экономикалық сфераның салыққа әсері

20. Масштабтың тиімділігі

21. Бюджеттік шектеу және «табыс-демалыс» моделіндегі өзгеріссіз қисықтар. Тепе-тендік

22. Олигополдық нарық

23. Өндіріс, өндіріс факторлары, технология. Өндірістік функция арқылы өндірісті сипаттау

24. Меншікті және қоғамдық игілік

25. Тұтынушының бюджеттік шектеуі. Бюджеттік түзудің иілімі

26. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары

27. Баға дискриминациясы

28. Капитал ұсынысы. Уақыт аралық бюджеттік шектеу және уақыт аралық артықшылықтар

29. Қысқа мерзімдегі өндірістік таңдау

30. Белгісіздік жағдайындағы тұтынушының тәртібі

31. Саясат шешімдерді қабылдау принциптері

32. Жалпы тепе-теңдікті талдау. Таза айырбас экономикадағы тепе-теңдік

33. Монополияның негізгі моделі. Монополистің пайда максимицазиясының тәртібі

34. Айналым моделі. Сұраныс пен ұсыныстың моделі. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылық

35. Орналастырудың шекті нормасы. Өзгеріссіз қисықты экономикалық түсінікке кіргізу

36. Еңбек ұсынысы. Еңбек ұсыныс қисығы

37. Тауардың бірінші қажетіліктері, қалыпты тауарлар, төменгі сапалы тауарлар

38. Мемлекеттің рөлі: салықтар мен субсидияларды түзету

39. Қисық келісім шарттар

40. Сұраныстың тоғыспалы икемділігі

41. Нарықтық тепе-теңдік. Нарықты тепе-теңдікті тұрақтандырудағы бағаның рөлі

42. Заң сферасында бекітілген салықтың қызметі. Пайда: экономикалық және қалыпты, бухгалтерлік

43. Ұсыныстың баға икемділігі

44. Орташа және шекті шығындардың арасындағы байланыс. Қисық орташа шығынның формасы

45. Тұтынушылар мен сатып алушылар салықтарын бөлудегі икемділіктің рөлі

46. Орташа табыс және шекті табыс

47. Фирманың стратегиялық тәртібі. Дуополия. Курно моделі

48. Өндіріс тиімділігі. Ресурстарды тиімді бөлу

49. Коуза теоремасы және оның маңызы

50. Монополдық биліктің көрсеткіші

51. Парето бойынша тиімділік

52. Трансформацияның шекті нормасы

53. Қоршаған ортаны қорғаудағы бақылау

54. Өндіріс

55. Изокоста. Жалпы шығындарды минимализациялау

56. Екі жақтылық монополия

57. Саясатты институттар арқылы таза қоғамдық игіліктер ұсынысы

58. Жағымсыз ішкі әсерлер

59. Жағымды ішкі әсерлер

60. Ішкі әсерлерді интернализациялау

61. Ішкі әсерлер. Салықтар мен субсидияларға түзетулер енгізу

62. Өндірістегі қысқа және ұзақ мерзімдердегі шығындар

63. Портфельдік таңдаудың моделі және тәуелділікті минимизациялау тапсырмасы

64. Әл-ауқат экономикадағы негізгі теорема

65. Қоғамдық игілікті тұтынудың оңтайлы деңгейі

66. Кепілдеме және кепілге алу рөлі. Моральдық жүктеме

67. Сынық қисық сұраныс

68. Шекті қоғамдық шығындар

69. Ресурстың шекті табысы

70. Игіліктің бәсекеге қабілеттілігі емес және сатылмайтындығы

71. Нарықтық сигналдар. Ассиметриялық ақпараттың маңызы

72. Олигополияның бәсеке мен монополиямен салыстырмасы.

73. Игіліктің шекті пайдалылығы және игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығы

74. Еңбек нарығындағы ассиметриялық ақпарат

75. Кобба-Дугластың функциясы

76. Сапаның белгісіздігі

77. Ұзақ мерзімдегі шығындар

78. Изокванта. Технологияны орналастыру нормасы

79. Адам капиталындағы инвестиция. Табиғи монополия

80. Картельдің пайда болуы және тұрақсыздығы

81. Пайданы максимилизациялау тәртібі немесе бәсеке нарығындағы фирманың жоғалту минимизациясы

82. Монополияны мемлекетттік реттеуі

83. Бертрана бойынша дуополияның моделі

84. Масштабтан экономиясы

85. Тұтынушының тепе-теңдігі. Тең пайдалылықтың принципі

86. Орналастыру әсері және табыстың әсері. Гиффен тауары

87. Еңбекке сұраныстың ұзақ мерзімді қисығы. Еңбекке нарықтық және салалық сұранысы

88. Факторды қайтару заңның жоқтығы

89. Нарықты саралау. Монополияның нормативтік талдауы

90. Қоғамдық игіліктердің жіктелуі

 

12.4 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

1. Микроэкономиканың пәні және әдіснамалық рөлі

2. Микроэкономикалық теорияның қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерi

3. Микроэкономиканың нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi

4. Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық ой-пікірлердің маңызы

5. Неоклассикалық теорияның микроэкономиканы жеке ғылым ретінде қалыптастыруындағы рөлі

6. Экономикалық ресурстар және оларды оңтайлы қолданудың мәселелері

7. Адам Смит және оның «көрінбейтін қол» қағидасы

8. Альфред Маршалл және оның еңбектері

9. Леон Вальрас және оның теориялары

10. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері

11. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары

12. Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері

13. Дж.М. Кларк және факторлардың шекті өнімділік теориясы

14. Кобба-Дуглас моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері

15. Нобель сыйлығының лауреаты В.В. Леонтьев және оның «шығындар-шығарылым» моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері

16. Қазақстандық ірі фирмалардың өндіріс ауқымының тиімділігіне талдау жасау (нақты бір фирманың мысалында)

17. Фирманың өндірістік тиімділігі және техникалық прогресс

18. Отандық фирмалардың дамуы және оларға әсер ететін техникалық прогресстің ерекшеліктері

19. Нобель сыйлығының лауреаты Р. Коуз және оның теориялары

20. Фирманың өндіріс шығындары мен пайдасына талдау жүргізу

21. Қазақстандағы экономикалық салалар және нарықтық құрылымдар

22. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы бәсеке және оның түрлері

23. Қазақстандағы жетілген бәсекелес нарықтар және олардың тиімділігі

24. Жетілмеген бәсеке және оның шарттары

25. Бағалық дискриминация және оның түрлері

26. Қазақстандағы монополист – фирмалар және олардың әрекеттері

27. Қазақстандағы табиғи монополиялар және олардың ерекшеліктері

28. Қазақстандағы антимонополиялық саясат

29. Жарнама және оның түрлері

30. Э. Чемберлин және монополистік бәсеке теориясы

31. Дж. Робинсон және монополистік бәсеке теориясы

32. О. Курно және дуополия теориясы

33. ОПЭК – халықаралық мұнай картелі

34. Олигополия қазақстандық нарықтарды дамытудың әдісі ретінде

35. Жалақы және оның түрлері

36. Кәсіподақтар және олардың әрекеттері

37. ҚР Еңбек нарығының дамуы

38. Қазақстанда еңбек нарығын реттеу мәселелері

39. Жеке нарықтық тепе-теңдік және оның үлгілері

40. Л. Вальрастың «аукционист» моделі

41. Қоғамдағы әл-ауқаттылықты арттырудың жолдары

42. Нарықтағы әділеттілік пен тәртіпті орнатудың жолдары

43. Әл – ауқаттылық экономикасы және оның негізгі сипаттамалары

44. Жалпы тепе-теңдіктің орнау механизмін түсіну үшін мысалдар келтіру

45. Нарықтық белгісіздік және оның туындау себептері

46. Тәуекел: пайда болу себептері, түрлері, азайту жолдары

47. Нарықтық механизмнің кемшіліктері мен артықшылықтары

48. Сақтандыру және оның нарықтағы рөлі

49. Нарық фиаскосын реттеудегі мемлекеттің рөлі

50. Ақпарат асимметриясын төмендетудің тиімді жолдары

51. Спекуляция және оның экономикадағы рөлі

52. Коуз теоремасы және оның тәжірибелік маңызы мен орындалуы

53. Отандық экологиялық мәселелердің микроэкономикалық жақтары

54. Өндіріс және қоршаған орта

55. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеудің отандық тәжірибесі

56. Отандық нарықтар фиаскосы және оның себептері

57. Отандық экономикадағы мемлекеттің рөліне баға беру

58. Қазақстандағы демократия және қоғамдық таңдау

59. Бюрократия экономикасы және мемлекеттің сәтсіздіктері. Отандық коррупция

60. Саясат және саяси бәсекелестік

«Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамы Сапа менеджмент жүйесі Құжатталған процедура Пәннің оқу-әдістемелік кешені СМЖ ҚА ПП 21-10-2014 Күні 11.08.2014 ж. 165 беттен 160 беті

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Кафедра «Экономика және менеджмент»

(кафедра атауы)

ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Тақырып № 1-15

Сағат саны:


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2572 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.075 сек.)