АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ескерту.

Прочитайте:
  1. Ескерту.
  2. Ескерту.
  3. Ескерту.
  4. Ескерту.
  5. Ескерту.
  6. Ескерту.
  7. Ескерту.
  8. Ескерту.

1. Таңертеңгілік тазалығын өткізу алдында бланың нәжісін, дене температурасын және дене салмағын тексеру қажет.

2. Керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажет.

3. Таңертеңгілік тазалықтың жыныс мүшелерін жуу және кіндік қалдығын өңдеу элементтерімен жеке танысыңыз.

 

НӘРЕСТЕНІҢ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІН ЖУУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: 1) Дене тазалығын сақтау

2) Баланың «таза болу» қажеттілігін қанағаттандыру

Керекті құралдар: 1)ағынды су t°+37°+38°С

2) дәке салфеткалары

3) жұмсақ жөргек немесе сүлгі

4) стерильді өсімдік майы (немесе присыпка)

5) таза киім

6) резеңке қолғап, дезерітінді

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Ағынды судың температурасының реттеп алу (орындаушы өзінің білегіне тексереді).

4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

5. Баланың кірленген киімдерін шешіп кір киімг арналған қапқа салу.

6. Баланы сол қолдың білегіне және алақанына салу, баланың басы орындаушының сол білек буынында болуы қажет.

7. Дәке салфеткасымен ағынды судың астында жыныс жолдарын жуу. Қыз балаларды – тек алдынан артқа және жоғарыдан төмен бағытта жуу қажет.

8. Баланы дезерітіндімен өңделген үстелдің үстіне жатқызып жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғату.

9. Тері қыртыстарын қайнатылған өсімдік майымен сылау.

10. Балаға таза киім кигізу.

11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

 

КІНДІК ЖАРАСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· «ашық» кіндік жарасы.

 

Керекті құралдар:

· стерильді мақта таяқшалары - 3;

· қайнаған су

· стерильді пипетка;

· жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ;

· резеңке қолғап;

· қолданылған заттарға арналған лоток;

· дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

5. Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу

6. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

7. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы қайнаған су тамызу.

8. Жібіген қабыршықтарды стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай).

9. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

10. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу.

11. Жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту.

12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

 

Ескерту! Дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады.

 

 

ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННАНЫ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· дене гигиенасын сақтау;

· баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру;

· таза жүру әдетін қалыптастыру;

· баланы шынықтыру.

 

Керекті құралдар:

· шомылдыруға арналған ванна;

· ваннаға арналған жөргек;

· түкті қолғап;

· жылы су (37-380 С), 2-3 айлық балаларға – қайнаған су;

· бала сабыны, дәке салфетка, 5% калий перманганат ерітіндісі;

· стерильді өсімдік майы немесе бала ұнтағы;

· су термометрі;

· су температурасы 1-20 С төмен шайындыруға арналған суы бар ыдыс;

· жөргектейтін үстелдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киіждер;

· үлкен жұмасқ сүлгі;

· резеңке қолғап;

· дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

· кір киімдерге арналған қап.

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

4. Ваннаның ішін дезерітіндімен өңдеу.

5. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю.

6. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу, су термометрін салу.

8. Ваннаның ½ немесе 1/3 бөлігіне дейін су толтыру, температурасы 37-380 С.

9. Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды ыдысқа толтырып алу.

10. Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағын сумен жуу).

11. Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу.

12. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу.

13. Баланы абайлап суға салу (бірінші – аяғы мен жамбасы, одан кейін денесінің жоғары бөлігін). Су деңгейі баланың тек емшек тұсында болуы қажет, төстің үстіңгі бөлігі ашық қалады.

14. Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғары бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алу.

15. «Қолғапты» киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) – мойын – дене – аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу).

16. Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуу.

17. Қолғапты шешіп баланы судың үстіне көтеріп ұстау. Баланың бетін төмен қаратып жатқызу. Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындыру.

18. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызу, абайлап құрғата сүрту.

19. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеу.

20. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

21. Жөргектейтін үстелдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу.

22. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю.

23. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту.

24. Қолғапты шешу, қолды жуып, кептіру.

Ескерту. 1. Гигиеналық ваннаны 2 адам өткізген дұрыс.

2. Бөлме температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +22+24°С, шала туылған балалар үшін - +23+25°С.

3. Сүлгі мен баланың киімдері алдын ала жылытылып қойылады.

4. Судың температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +37+38°С, шала туылған балалар үшін +38+39°С.

5. Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет.

6. Баланы тамақтандырудың алдында шомылдыру қажет.

7. Ваннадағы судың t° тек су термометрінің көмегімен анықталады.

8. Үй жағдайында резеңке қолғап киюдің және ваннаны дезерітіндімен өңдеудің қажеті жоқ.

 

БАЛАНЫ ЖЫЛЫТУҒА ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ АЛГОРИТМІ

Мақсаты: шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету

 

Керекті құралдар:

· Резеңке жылтқыштар – 3;

· Температурасы 55-650С су;

· Жөргектер – 3;

· Термометр;

· Көрпеше немесе қалың жөргек.

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

4. Жылытқышты температурасы 55-650С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтыру.

5. Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, аузын мықтап жабу.

6. Жылытқыштың аузын төмен қаратып, аузының толық жабылғанын тексеру.

7. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындау.

8. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.

9. Жөргектелген баладан 2 см қашықтықта жылытқыштарды қою:

а) табанының жанына; б) екеуін – денесінің екі жағына.

10. Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы ауа температурасы 28-300С кем болмау керек), астына термометрді салу.

11. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен.

12. Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу, құрғатып сүртіп қорапшаға салу

13. Жылытқыштардан суды төгу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен залалсыздандыру.

14. Қолды жуу, құрғату.

 

БАЛАНЫ ЗОНД АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ АЛГОРИТМІ

Мақсаты: сору және жұту рефлекстерінің төмен немесе жоқ болған жағдайында балаға қажетті тамақ мөлшерін қамтамасыз ету.

 

Керекті құралдар:

· Резеңке қолғап

· Бас орамал, маска

· 37-380С дейін жылытылған бір реттік тамақ көлемі

· Стерильді асқазан катетрі

· Қысқыш

· Құралдарға арналған лоток

· Электроотсос немесе резеңке груша

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Баланың басын жоғарлатып бір жақ қырына жатқызу, бұл қалыпты валик арқылы бекіту. Ауыз қуысындағы шырышты сорып алу (груша немесе электросорғышпен).

5. Катетрді құлақ ұшынан мұрын ұшына дейін және мұрын ұшынан төс сүйегінің семсер тәріздес өскініне дейін өлшеп алып белгілеу.

6. Зондқа шприці жалғап, ауа жіберу арқылы оның өткізгіштігін тексеру.

7. Шприцтің поршенін алып тастап шприцті сол қолға алып, жабық жағын жоғары қаратып жалғанған катетрді сол қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарының арасынан өткізіп ұстау. Шприцтің 1/3 бөлігін сүтпен толтыру.

8. Зондтың жабық жағын оң қолға алып, абайлап төмен түсіріп сүтпен толтыру (зондтың жабық жағының маңайындағы тесіктен сүттің алғашқы тамшысы пайда болғанға дейін). Зондты алғашқы қалпына келтіру (зондты сүтпен толтыру кезінде зонд үнемі жоғарыға көтеріліп тұруын қадағалау керек).

9. Катетерді шприц жақтан 5-8 см қашықтықта қысқышпен қысу. Қысқыштың сақинасын сол қолдың үлкен саусағына орналастыру. Жабық жағынан 7-8 см қашықтықта оң қолмен зондты ұстау, сүтке малу.

10. Астыңғы мұрын жолы арқылы мұрынға немесе тілдің ортаңғы сызығы арқылы ауызға зонды енгізу (зондты енгізу кезінде күш салмау керек және қадағалау қажет: ентігу немесе көгеру жоқ па).

11. Шприцке сүтті қосу. Шприцті көтеріп, катетрден қысқышты шешу және жайлап, шприцтің биіктігін қадағалай отырып сүтті баланың асқазанына жіберу. Сүт шприцтің ауыздығына жеткенде қысқышты қайтадан салу.

12. Ауыз қуысынан 2-3 см қашықтықта катетрді оң қолдың 1-ші және 2-ші саусақтарымен қысып тез қимылмен оны салфетка арқылы алып тастау.

13. Бас жағын жоғары көтеріп баланы төсекке оң жақ қырына жатқызу.

14. Қолданылған барлық инструменттерді дез.ертіндіге салу.

15. Қолғапты шешіп қорапқа тастау. Қолды жуып кептіру.


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1237 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.012 сек.)