АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ескерту. Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады:

Прочитайте:
  1. Ескерту.
  2. Ескерту.
  3. Ескерту.
  4. Ескерту.
  5. Ескерту.
  6. Ескерту.
  7. Ескерту.
  8. Ескерту.

Тазарту клизмасына арналған судың мөлшері баланың жасына сәйкес алынады:

· нәрестелерге – 25-30 мл;

· емшек жасындағы балалар – 50-150 мл;

· 1-3 жас -150-250 мл

 

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ЖЕЛ ШЫҒАРҒЫШ ТҮТІКШЕ ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: тоқ ішекке ауаның жиналуы

Керекті құралдар:

· вазелин майы

· резеңке қолғап, алжапқыш

· клеенка, жөргек

· сүлгі

· жел шығарғыш түтікше (№1 - 6)

· суы бар ыдыс.

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию.

4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу.

5. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын шпательдің көмегімен вазелин майымен майлау.

6. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).

7. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.

8. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстау. Ақырындап, күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжыту: 1-2 см кіндікке қарай, одан әрі омыртқа жотасының бойымен 6-8 см тереңдікке.

9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салу.

10. Баланың ішін сағат тілінің бағыты бойынша айналдыра сипалау.

11. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастау.

12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу.

13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру.

14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу.

15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту. Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі баланың жасына байланысты болады (жаңа туған нәрестелерде 6-8 см).

КОПРОГРАММАҒА НӘЖІСТІ ЖИНАУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: ащы және тоқ ішектердің қызметінің бұзылуын анықтау үшін нәжісті макроскопиялық және микроскопиялық зерттеу; асқазан асты безінің қызметін анықтау

Керекті құралдар:

· таза құрғақ шыны ыдыс

· таза ағаш шпатель

· резеңке қолғап

· горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

5. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу.

Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 15-20 гр -1 ж бала; 100-200 гр - үлкен балада.

6. Шпательді дезерітіндіге салу.

7. Жолдама толтыру.

8. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

9. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

10. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

11. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.

 

ЭНТЕРОБИОЗҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

Керекті құралдар:

· 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі

· таза ағаш шпатель

· резеңке қолғап

· заттық және жабынды шыны

· крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама

 

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Баланы бір қырына аяқтарын ішіне қарай тартып жатқызу.

5. Шпательдің ұшын 50%глицеринге немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісіне малу.

6. Заттық шыныға 1 тамшы 50% глицерин тамызу.

7. Сол қолмен баланың жамбастарын ашып, анус маңындағы қыртыстардан және тік ішектің төменгі бөлігінен шпательмен қырна алу, одан әрі пациент өзіне ыңғайлы жағдайда жатуына болады.

8. Шпательдің қырна алынған ұшын заттық шыныдағы глицерин тамшысының үстіне салу, жапқыш шынымен жабу.

9. Шыныларды крафт-қағазға орап, резеңкемен бекіту.

10. Жолдама жазып материалды зертханаға 1 сағ көлемінде жеткізу.

11. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

12. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту. Пациентке (ата-анасына) тексеріске таңертеңгі уақытта үлкен дәретке отыру алдында келу қажеттігін ескерту қажет.

НӘЖІСТІ ҚҰРТ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫНА ЖИНАУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу

Керекті құралдар:

· таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс

· таза ағаш шпатель

· резеңке қолғап

· горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

4. Резеңке қолғап кию.

5. Нәжісті таза шайылған горшокка тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

6. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 5-10 гр (шпательді дезерітндіге салу).

7. Жолдама толтырып материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

8. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

10. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.

 

НӘЖІСТІ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ЖИНАУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: жедел асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырған балалардың тоқ ішегіндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сипатын анықтау және одан әрі тиімді ем тағайындау.

Керекті құралдар:

· таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс

· таза ағаш шпатель

· консерванты және сым ілгегі бар стерильді пробирка

· резеңке қолғап

· горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Нәжісті таза шайылған горшокка тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

5. Жаңа бөлінген нәжісті таза стерильді шпательмен (2-3 гр) соңғы порцияның бірнеше жерінен жинау. Жинау барысында шырыш, іріңді, фибринді жабындыларды алуға тырысу қажет, бірақ қан араласқан бөліктері жиналмайды. Таза шыны ыдысқа салу (шпательді дезерітндіге салу).

6. Жолдама толтырыу.

7. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

8. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

10. Қолды жуу, кептіру.

 

Ескерту. Нәжіс жаңа бөлінген болу қажет.

 

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗӘРІН АНАЛИЗГЕ ЖИНАУ


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 970 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)