АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ескерту. 1.Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет.

Прочитайте:
  1. Ескерту.
  2. Ескерту.
  3. Ескерту.
  4. Ескерту.
  5. Ескерту.
  6. Ескерту.
  7. Ескерту.
  8. Ескерту.

1. Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет.

2. 70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру.

3. 96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру.

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚЫША ҚАҒАЗЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу

Керекті құралдар:

· қыша қағазы

· суы бар лоток 40-450 С

· стерильді майы бар лоток 37-380 С

· жөргектер (жұқа және қалың)

· көрпе

· қолданылған заттарға арналған лоток

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

5. Баланы беліне дейін шешіндіру, тері қабаттарын тексеру.

6. Жұқа жөргекті орап жылы өсімдік майымен майлау.

7. Сығып алып тегіс жерге жаю.

8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып 5-10 сек суға салу.

9. Қыша қағаздарын жөргектің орта бөлігіне қышасын төмен қаратып салу – оң жақта 2-4, сол жақта 1- (саны кеуденің көлеміне байланысты), ортасында омыртқа үшін бос орын қалтыру керек.

10. Жөргектің үстіңгі және төменгі бөліктерін үстіге қарай бүктеп салу.

11. Жөргектің астыңғы жағын үстіне қарай аудару.

12. Баланы жөргекке, омыртқа тұсы бос жерге орналасытындай етіп, жатқызу.

13. Жөргектің бірінші оң жағын, одан соң сол жағын орау (қыша қағазы жүрек тұсында болмауы керек).

14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.

15. Қыша қағазын қызару айқын болғанға дейін ұстау.

16. Қыша қағаздарын шешу, қолданылған затқа арналған лотокка тастау.

17. Баланы жылылап орап 1 сағ төсекке жатқызу.

18. Қолды жуып, кептіру.

Ескерту. Қыша қағазадары дене температурасы 38°С жоғары болмағанда ғана қойылады.

МҰЗДЫ МҰЙЫҚ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАЛЫҚ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті құралдар: -мұзға араналған мұйық;

- су 14-16°С.;

- мұз кесектері;

- жөргектер – 3-4;

- ағаш балға;

- мұзы бар флакондар;

- сағат.

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу.

5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру.

6. Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару.

7. Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру.

8. Мұйықты жөргекке орау.

9. Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен баланың басының аралығында алақан өтетіндей болу қажет.

10. Мұзы бар флакондарды салфеткамен орау және ірі тамырлар маңына орналастыру.

11. 20-30 мин уақытқа қалдыру, 10-15 мин үзілістен кейін қайталап өткізуге болады.

12. Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет.

13. 20-30 минуттан кейін мұйықтарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.

Ескерту. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

СТОМАТИТТЕР КЕЗІНДЕ АУЫЗ ҚУЫСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: әр түрлі себептерден болатын ауыз қуысындағы қабыну процессі.

Керекті құралдар: -өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер);

- мақта, дәке салфеткалары;

- қолданылған заттарға арналған лоток;

- резеңке қолғап;

- шпатель.

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе дәке салфеткасын орап алып бір ұшын үлкен саусақпен бекітіп ұстау.

5. Сол қолдың үлкен саусағымен баланың иегін абайлап басып аузын ашу (керек жағдайда шпатель қолдану).

6. Мақтаны дайын ерітіндіге малып алып абайлап ауыз қуысын өңдеу.

1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит.

Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу қажет:

· 2% ас содасының ерітіндісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу;

· 20% бураның глицерин ерітіндісі;

· Саңырауқұлаққа қарсы препараттар: нистатин, леворин (ұсақтау және себу).


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 866 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)