АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ІШЕК ТОКСИКОЗЫ ЭКСИКОЗБЕН

Прочитайте:
  1. Аспергиллотоксикозы.
  2. Вопрос: Грибковые кишечные инфекции- микотоксикозы.
  3. Вопрос: Грибковые кишечные инфекции- микотоксикозы.
  4. Занятия 7. Ранние токсикозы. Гипертензии, связанные с беременностью. Принципы неотложной терапии при преэклампсии и эклампсии
  5. Клавицепстоксикозы
  6. Микотоксикозы
  7. Микотоксикозы
  8. Микотоксикозы. Характеристика, причины возникновения. меры профилактики
  9. Пищевые микробные отравления: микотоксикозы

Жедел ішек инфекциялары – негізгі клиникалық белгілері диарея және құсу болатын аурулар тобы. Ағзаның сусыздануына (эксикоз) және токсикозға әкеледі.

Жедел ішек инфекцияларының негізгі синдромдары:

І улану синдромы:

- дене t° жоғарлауы

- нашар сезіну, әлсіздік, бәсеңдік

- тері қабаты боз-сұр түсті, кейде мәрмәр суретті

- тәбетінің төмендеуі кейде анорексияға дейін.

II— асқазан – ішек жолдарының зақымдану синдромы –«жергілікті синдром»:

- лоқсу, құсу

- іштің ауырсынуы, тенезмдер

- ішектің құрылдауы, метеоризм

- диарея (патологиялық қоспалары бар жиі нәжістің бөлінуі).

III — эксикоз синдромы (сусыздану):

- тері және шырышты қабаттарының құрғауы

- салмақ жоғалту

- серпінділіктің, тургордың төмендеуі

- ерте жастағы балаларда – үлкен еңбектің ішке түсуі

- бет пішінінің өзгеруі

- көз жанарының төмендеуі

- олигурия.

Эксикоздың 3 дәрежесі анықталады:

1 дәреже – дене салмағының жетіспеушілігі 5% дейін, шөлдеу, аузының құрғауы, мазасыздық.

2 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 7% дейін, шөлдеу, тері және шырышты қабаттарының құрғауы, дене t ° жоғарлауы, олигурия.

3 дәреже - дене салмағының жетіспеушілігі 10% және жоғары. Терісінің, шырышты қабаттарының күрт құрғауы, есінің адасуы, сандырақтау, елестеулер, перифериялық қан айналымының бұзылуы, анурия.

Жедел көмек алгоритмі

1) Эксикоздың 1 және 2 дәрежесінде — ауыз арқылы регидратация (жоғарыдан қара).

2) Ауыр жағдайларда ауыз арқылы регидратация өткізу мүмкіндігі болмаса қарқынды түрде парентеральді сұйықтық енгізу.

Ауыз арқылы берілетін сұйықтық мөлшерін ескере отырып енгізілетін сұйықтық мөлшері:

эксикоз 1 дәреже — 150 мл/кг тәулігіне;

эксикоз ІІдәреже — 170 мл/кг тәулігіне;

эксикоз ІІІ дәреже - 180 мл/кг тәулігіне.

3) Алғашқы 4 сағатта тәуліктік мөлшердің 1/2 енгізеді, одан әрі тәулік бойы бір қалыпта – глюкоза ерітіндісі; Рингер ерітіндісі; реополиглюкин; сода ерітіндісі; плазма және т.б.

4) Ерітінділерді тамшы түрінде көк тамырға - 28-30 тамшы 1 минутта.

5) Глюкоза және тұзды ерітінділер қарым қатынасы:

а) изотониялық эксикозда -1:1

б) сужетіспеушілік эксикозда - 2:1
в) тұзжетіспеушілік эксикозда - 1:2

6) Диурезді қадағалау.

7) Көп қайталап құсуда – асқазан шаю.

8) Ішек ауруының этиологиялық емі.

 

 

БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ҰСТАМАСЫ

Клиникасы: - бұл жедел демігу ұстамасы. Бала ыңғайлы жағдай іздейді- алдыға қарай еңкейіп отырады, шынтағымен тізелерін тірейді, аузымен ауаны аулайды. Беті бозарған, көгілдір тартқан, суық тер басады. Дем алысы ысқырық тәрісдес, сырылы алыстан естіледі. Тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қосылады, дем шығару қиындалады – экспираторлы ентігу. Қақырық қиын бөлінеді, созылмалы, қою, Аускультация: құрғақ ысқырық тәріздес сырылдар, көп мөлшерде.

Шұғыл көмек

1. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу, қысып тұрған киімнен босату.

2. Тыныштық жағдай жасау.

3. Таза ауа жіберу және оттегі беру.

4. Алдандыру шараларын өткізу – қолдарына және аяқтарына ыстық ванналар жасау. t +40+42 0 С.

5. Ингаяция түрінде: сальбутамол (1-2 дем алу), немесе беротек, немесе астмопент, немесе алупент және т.б. Ингаляциялар тәулігіне 3-4 рет.

6. Тиімді болмаса: тері астына 0,1% адреналин, 15 мин кейін 5% эфедрин ерітінділері (жасына сәйкес дозада).

7. Тиімді болмаса: көк тамырға- 2,4% эуфиллин – тамшылатып – 1 мл/жасына, 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

8. Ауыр жағдайда – гормон – преднизалон 1-2 мг/кг тәулігіне.

9. Антигистаминдер – тавегил, супрастин және т.б.

10. Муколитиктер – ацетилсистеин, бромгексин

 

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 776 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)