КОЛЛАПС
Коллапс -өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.
Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінуінің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.
Клиникасы:
· жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;
· тері қабатының бозаруы;
· суық жабысқақ тер;
· пульс жіп тәріздес жиі;
· қан қысымы төмен.
Шұғыл көмек
1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
2. Қысып тұрған киімдерін шешу.
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
4. Келесі препараттарды енгізу:
· мезатон- көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе,
· норадреналин - - 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе,
· адреналин - 0,1% ерітінді тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7 мл.
5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.
Қ Ұ С У
Себептері: 1. ұшыну;
2. улану;
3. ас қорыту жүйесінің аурулары;
4. ОЖЖ аурулары.
Шұғыл көмек
1. Баланың басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.
2. Қысып тұрған киімдерін шешу.
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.
5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді):
а) рег os - новокаин 0,25% - 1 шай қасық. – 1 дес.қас. - 1 ас қас., жасына сәйкес;
б) бұлшық етке - церукал - 1мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин - 0,1 мл/жасына;
в) қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/жасына.
6. Құсудан кейін: а) аузын қайнаған сумен шаю;
б) су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;
в) керек жағдайда – құсықты зертханаға зерттеуге жіберу.
7. Құсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу.
ДИАБЕТТІК (ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ) КОМА
Гипергликемиялық кома – қант сусамырының асқынуының ауыр түрі. Кома — гипергликемия негізінде, айқын ацидоз және кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдарының қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдайы.
Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргештірге реакция болмайды.
Себептері:
1) Емделмеген немесе анықталмаған қант сусамыры.
2) Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.
3) Диетаны бұзу – көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.
4) Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.
5) Жедел іріңді инфекциялар.
Симптомдары:
Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде – бастың ауырсынуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің жоғалуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бұл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық ет тонусы төмендеген, көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.
Шұғыл көмек:
1. Тез арада госпитализациялауға тырысу.
2. Ауруды жатқызу және жылыту
3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет:
а) көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозсы 0,1 Б/кг сағатына 150-300 мл NaCl изотониялық ерітіндісінде;
б) асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту);
в) қуыққа катетер қою;
г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау;
д) оксигенотерапия;
е) физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.
4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкозо-тұзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен емдеуден тұрады.
а) инфузиондық ерітінділер – Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі және т.б.;
б) инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1 Б/кг сағатына есебінен өткізіледі.
5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және көкөніс шырындары, құрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар қабылдауға болады. Екінші күні – ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.
ГИПОГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА
Гипокликемиялық кома – бұл бас ми клеткаларының глюкозаны сіңіру қаблетінің төмендеуіне және ми гипоксиясына әкелетін қандағы қант мөлшерінің күрт төмендеуі. Диабеттік комаға қарағанда жиі дамиды.
Себептері:
1) Инсулин дозасының артық болуы
2) Физикалық салмақтар
3) Инсулин енгізгеннен кейін тамақтанбау
4) Тамақ қабылдау ара қашытығының ұзаққа созылуы.
Симптомдары:
Кома тез дамиды. Өткір аштық сезімі, тершеңдік артады, шаршағыштық, аяқ-қолдарының дірілі. Ерін мен тілдің жансыздануы тән болады. Одан әрі ауру ашуланғыш, агрессивті, көз алдына елестеулер болуы мүмкін. Тершеңдік өте жоғары, сыртқы ортада бағыттылуының бұзылуы, көз қарашығының кеңеюі, құрысып-тырысу пайда болады, ауру есін жоғалтады. Қан қысымы қалыпты жағдайда.
Шұғыл көмек:
Команың ауырлығына байланысты:
1. Гипогликемияның бастапқы белгілері тәтті шай, бал, тосап, тоқаш қабылдаумен жойылады.
2. Ауыр жағдайда, есін жоғалтқанда – тез арада көк тамырға ағынды түрінде 20-30 мл - 20%-40% глюкоза ерітіндісі енгізледі.
3. Егер 10-15' кейін тиімділігі болмаса глюкоза енгізуді қайталау қажет.
4. Көк тамырға тамшылатып 5-10% глюкоза ерітіндісіне кокарбоксилаза қосып бала есін жиғанша және өздігінен тамақ қабылдау мүмкіншілігі пайда болғанға дейін қоюға болады.
5. Оксигенотерапия.
6. Ауыр жағдайда - тері астына 0,1 % адреналин ерітіндісі.
КҮН ӨТУ
Күн өту – күн сәулесінің қарқынды немесе ұзақ әсерінің себебінен дамитын жүйке жүйесінің және оның ұзыншақ мида орналасқан маңызды орталықтарының зақымдануы.
Көбіне күн өту ерте жастағы балалар бас киімсіз ашық күн сәулесінің астында жүргеннен болады.
Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, құлақтың шулауы, әлсіздік, лоқсу, құсу. Қалтырау болуы мүмкін, дене температурасы 400 С және одан да жоғары көтеріледі, мұрыннан қан кету. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.
ШҰҒЫЛ КӨМЕК
1. Баланы көлеңке жерге ауыстыру, шешіндіру
2. Суық су ішкізу
3. Басына суық компресс немесе мұз қою
4. Баланы төсекке жатқызу
5. Көп мөлшерде салқын сұйықтық беру
6. Дымқыл сүлгімен сүрту
7. Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу - жүрек-тамыр қызметінің бұзылуында
8. Керек жағдайда – жасанды дем беру
9. Ауыр жағдайда – госпитализациялау
ЖЫЛУ ӨТУ
Жылу өту – ағзаның жалпы қызып кетуне байланысты және жылу факторларының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу өту синдромының негізінде жылу жасау артып жылу бөлінудің азаюы жатады.
Себептері:
· ылғалдылығы жоғары ыстық бөлмеде болу
· ауаны нашар өткізетін қалың киім кию
· баланың жылу көзінің немесе пештің маңындағы төсекте жатуы
Белгілері: бастың ауруы және айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, құлақтың шулауы, лоқсу. Терісі қызарған, басында дымқыл, одан әрі құрғақтанады. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Дене температурасы 40-41 0 С көтеріледі, құрысу болады. Пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда – есінен тану.
Шұғыл көмек
1. Баланы салқын, желдетілетін бөлмеге ауыстыру.
2. Қысып тұрған және қалың киімнен босату.
3. Таза ауамен қамтамасыз ету.
4. Салқын су беру.
5. Басына суық компресс, ірі тамырларына мұзды мұйық қою.
6. t +18+200С салқын суға малынған жаймамен орау.
7. Тері астына – 1-2 мл 10% кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин ерітіндісін енгізу.
8. Инфузионды терапия – физиологиялық ерітінді + 5% глюкоза ерітіндісі.
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫ
Ара, сона, кене шағу.
Клиникасы жәндіктер шаққан кезде енетін улардың әсерінен дамитын улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады.
Жәндіктердің уына деген жеке бас сезімталдығының маңызы да зор.
Клиникасы:
Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстықтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарлауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауруы, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарлауы. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок.
Бұл жағдайлар шағудан кейін тек алғашқы минуттарда ғана емес, 30 мин немесе 2 сағат өткеннен кейін де байқалуы ықтимал.
Шұғыл көмек:
1. Шаққан орынды және тері қабатын түгелдей қарап шығу.
2. Баланы тыныштандыру.
3. Жарадан жәндіктің улы тілін пинцетпен немесе скальпельдің ұшымен алып тастау.
4. Кене шаққан жағдайда, ол жерді ең алдымен залалсыздандырады, одан кейін басымен қоса алып тастайды.
5. Жараны спиртпен өңдеу.
6. Жергілікті мұзды мұйық қолдану.
7. Шаққан жерге 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу-0,1-0,3 мл.
8. Қатты ауырсынуда шаққан жерге 1-2 мл 1% новокаин ерітіндісін немесе анальгетик ерітіндісін бұлшық етке енгізу.
9. Ауыз арқылы антигистаминді препарат беру – димедрол немесе пипольфен, немесе супрастин.
10. Шағу бірнеше рет болғанда аллергиялық диатезі бар балаларға – преднизалон 30-40 мг.
11. Бронхоспазм кезінде – көк тамырға тамшылатып 2,4% эуфиллин, физ.ерітіндіде.
12. Құрысу болса – седуксен – 0,3 мл/жасына.
13. Ауыр жағдайларда – аллергологиялық немесе токсикология бөліміне госпитализациялау
Мазмұны
1. Алғы сөз.
2. Алгоритмдермен жұмыс жасауға араналған әдістемелік ұсыныстар.
3. Жаңа туған нәрестенің күтімі:
· Дене салмағын өлшеу;
· Балалардың бой ұзындығын өлшеу;
· Бас және кеуде айналымын өлшеу;
· Ана төсімен тамақтандыру ережелері;
· Бақылаулы тамақтандыру;
· Нәрестенің алғашқы тазалығы;
· «Жылу тізбегінің» бөліктері (№498 бұйрық);
· Нәрестенің және ерте жастағы баланың таңертеңгілік тазалығы;
· Нәрестенің және ерте жастағы баланың жыныс мүшелерін жуу;
· Кіндік жарасын өңдеу;
· Гигиеналық ванна.
4. Шала туылған баланың күтімі:
· Жылытуға жылытқышты қолдану;
· Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру.
5. Нәрестелік кезеңнің аурулары:
· Гнейс екзінде бастың шашты бөлігін өңдеу;
· Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу.
6. Тыныс алу мүшелерінің аурулары:
· Дене температурасын өлшеу;
· Ауыз және мұрыннан жұғын алу;
· Антибиотиктерді еріту және енгізу;
· Құлаққа тамшы тамызу;
· Көзге тамшы тамызу;
· Мұрынға тамшы тамызу;
· Құлақ маңына жылыту компрессін қою;
· Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою;
· Мұздың көмегімен физикалық салқындату;
7. Ас қорыту мүшелерінің аурулары:
· Стоматиттер кезінде ауыз қуысын өңдеу;
· Асқазан шаю;
· Ауыз арқылы регидратация;
· Тазарту клизмасы;
· Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою;
· Нәжісті копрограммаға жинау;
· Энтеробиозға қырынды алу;
· Құрт жұмыртқаларына нәжісті жинау;
· Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау.
8. Зәр шығару мүшелерінің аурулары:
· Ерте жастағы балалардың зәрін жинау ерекшеліктері;
· Нечипоренко әдісі бойынша зәрді жинау;
· Зимницкий әдісі бойынша зәрді жинау.
9. Эндокринді жүйенің аурулары:
· Инсулин енгізу ережелері;
· Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі.
10. Иммунопрофилактика:
· Қауіпсіз иммуннопрофилактиканың қағидалары;
· БЦЖ вакцинасын енгізу;
· Манту сынағын қою.
11. Балаларда кездесетін шұғыл жағдайлар:
· Стенозды ларинготрахеит;
· Гипертермия;
· Құрысып тырысу;
· Ларингоспазм;
· Жасанды дем беру;
· Әр жастағы балаларға жүрекке тікелей емес массаж жасау;
· Мұрыннан қан кету;
· Метеоризм;
· Ішек токсикозы эксикозбен;
· Бронх демікпесінің ұстамасы;
· Естен тану;
· Коллапс;
· Құсу;
· Диабеттік кома;
· Гипогликемиялық кома;
· Күн өту;
· Ыстық өту;
· Жәндіктердің шағуы.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1587 | Нарушение авторских прав
|