Ескерту. 1. Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет.
1. Шаюға арналған судың температурасы +20+22°С болу қажет.
2. Керек жағдайда ауыз кергіш қолданылады.
3. Шаюға арналған судың мөлшері бала жасына сәйкес алынады:
· 1 жасқа дейін – 100 мл/кг;
· 1 жастан жоғары – 1 литр/жасына
АУЫЗ АРҚЫЛЫ РЕГИДРАТАЦИЯ ӨТКІЗУ АЛГОРИТМІ
Мақсаты: эксикозды жою және оның қайталануының алдын алу
Керекті құралдар: - глюкозо – тұзды ерітінді (регидрон, глюкосолан)
- 1 литр бөлме температурасындағы қайнаған су
- өлшегіш стақан
- кесе және шай қасық
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті құралдарды дайындау.
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.
4. Біріншілік регидратацияны өткізуге арналған ерітіндінің мөлшерін есептеу.
5. Құрғақ препараттың керекті мөлшерін анықтау және қайнаған судың қажетті мөлшерінде еріту.
6. Өлшегіш стақанмен дайын ерітіндінің есептелген мөлшерін алу және дайындалған ыдысқа құю. Балаға немесе анасына ішуге беру.
7. Ерітіндіні эксикоздың дәрежесіне байланысты шай қасықпен 4-6 сағат көлемінде балаға ішкізу.
8. Сұйықтықты жоғалтудың есебін жалғастыру.
9. 4 (немесе 6) сағаттан кейін баланың жағдайын бағалау (тері, шырышты қабаттары, еңбегі). Егер:
· эксикоздың дәрежесі артса – сұйықтықты көк тамыр арқылы енгізуге көшу;
· эксикоздың дәрежесі төмендесе, бірақ сақталған болса – 1 сатыны қайталау;
· эксикоз жоқ болған жағдайда – қолдау сатысына көшу.
10. Қолдау сатысын құсу және нәжістің сұйылуы тоқталғанға дейін өткізу.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 725 | Нарушение авторских прав
|