Ескерту. 1. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).
1. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).
2. Керек жағдайда конъюнктиваның шырышты қабатын іріңді бөліністен тазартып алу қажет.
МҰРЫНҒА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші: мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуін алдын алу
Керекті құралдар:
· дәрі препараты
· қауіпсіз пипетка
· мақта шариктері
· қолданылған заттарға арналған лоток
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті құралдарды дайындау.
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).
5. Мұрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау.
6. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру.
7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру.
8. Дәріні пипеткаға сорып алу.
9. Төменгі мұрын жолына 3-4 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек.
10. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу.
11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.
12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.
13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.
Ескерту. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).
ҚҰЛАҚ МАҢЫНА ЖЫЛЫТҚЫШ КОМПРЕССІН ҚОЮ АЛГОРИТМІ
Көрсеткіші: құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою
Керекті құралдар:
· араластырылған спирт - 450
· дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған)
· мақта, жалпақ бинт
· жылтыр қағаз
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті құралдарды дайындау.
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.
4. Салфетка мен жылтыр қағазда баланың құлағының көлеміне сәйкес тесу жасау.
5. Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу.
6. Салфетканы құлақ маңының терісіне салу.
7. Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан артық болу керек).
8. Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астыңғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет).
9. Компрессті теріге жанастырып мықтап бекіту.
10. Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге).
11. Компрессті шешу, теріні құрғатып сүрту, құрғақ орамалмен таңу.
12. Қолды жуып, кептіру.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 776 | Нарушение авторских прав
|