Белоктар мен майлар
Белокты тағамға кариесопротективтті рөлді жатқызады. Бірінші кезекте бұны сілекейдің белок құрамының сапасының оңды әсерімен байланыстырады: ірімшік, фасоль, жұмыртқа, сүт пен жаңғақтарды қабылдағаннан кейін сілекейдің потенциалы 1,0- 1,7 –ге дейін жоғарылайды, бұл қанттардың ауыз қуысының сұйықтығына негативті әсерін компенсациялау үшін мүмкіндік туғызады (олар минерализациялайтын потенциалды 0,0-0,4 –ке дейін төмендетеді). Сілекей мен қақта белоктардың еруі, оларды рН-тың қалпына келуіне әкелетін сілтілі өнімдермен (мочевина, аммиак) және беткей–белсенді қасиетті көрсететін креатининмен қанықтырады. Осыдан басқа, тағамға белоктарды үнемі қосу, ауыз қуысы сұйықтығында иммуноглобулин мен лизоцимнің жоғары концентрациясын ұстануға мүмкіндік көрсетеді.
Майлар тіс жегісіне қарсы қорғанышты қалыптастырады, бұл қысқа уақыт шамасында ауыз қуысында болуы нәтижесінде тіс жұғындыларының түзілуіне кедергі жасайтын гидрофобты қаптама ретінде рөлді атқарады.
Стоматологиялық қабылдауда тамақтану туралы кеңестер
Диетологиялық кеңестер - көп уақыт пен психологиялық жағынан күшті талап ететін ауқымды жұмыс, бірақ барлық жағдайда да айқын нәтижені көрсете бермейді. Тағамдық әдеттерді бұзу - адамға өзіне физикалық және психикалық қолайлы деңгейді қамтамасыз ететін, жүріс-тұрыс стереотипін құрайтын, асыл психологиялық сфераға күшпен кіру болып табылады. Бұл стереотип стоматологтың бөлмесінен тыс жерде қалыптасады және сондықтан бақылауынсыз жүреді.
Скандинавиялық мемлекеттердің қорытындысы бойынша ерте жаста тіс жегісін диетикалық алдын-алудың ең тиімді нұсқаларына үш кеңестен тұратын жиынтық жатады, олырдың біріншісіне алты айлығындағы балалардың ата-аналары үшін, келесілер - бір және екі жастағы балалардың ата-аналары үшін ұйымдастырылады. Осындай ерте кеңестерді жүргізу диеталық бақылауы жоқ балалар тобымен салыстырғанда, 60-85% жегінің редукциясына әкеледі, ал ол кезде балаларға екі жасқа дейін кеңестерді кейінге қалдыру - тек 30%-ке редукция байқалады.
Жоғары жастағы науқастарға диеталық кеңестерді беру қызығушылық танытқан адамдар үшін тиімді болып келеді, бірақ олардың тістерін сілекей де, гигиенаны сақтау да, фторидтерді қолдану да тіс жегісінен қорғай алмайды.
Тамақтанудың рационы мен режимін анықтау науқастар мен ата-аналарды сұрастыру барысында жүргізеді. Алты айлықтан бастап, екі жасқа дейінгі жастағы балалардың тамақтану рационын талқылағанда, жасына сәйкес педиатрлардың ұсынымдарына тірелу керек. Осы кезде стоматолог басты көңілді, анасына баланың жиі бөлшектенген тамақты қабылдаудан бас тарту, баланың шектеусіз жемістерді қабылдаудан, күні бойы шайнайтын тәтті тағамдардан, түнгі уақытта емшектен қоректендіруден (өте маңызды!), тәтті шайлардан және бөтелкеден компот беруден бас тарту сияқты ерте жастағы тіс жегісінің дамуына негізгі жағдайларды болдыртпау маңыздылығын түсіндіруіне бөледі.
Балалардың диеталық әдеттерін талқылау үшін сұрақтар деңгейінде өтетін қарапайым сұхбаттасу түрінде өтеді: «Сен кәмпиттерді жақсы көресін бе?», «Сен сүтті немесе коланы көбірек жақсы көресін бе?» Бірақ әдетте бұндай сұрақтарға жауаптар нақты болмайды. Ең нәтижелі нақты қойған сұрақтар болып келеді. «Сен шайды қантпен немесе қантсыз ішесің бе?», «Сен шайды күніне неше рет ішесің?», «Сен бүгін (кеше) неше рет шай іштің?», «Сен бүгін мектепте үзілісте не жедің?», «Түскі ас пен кешкі ас арасында сен тамақ ауыз тиесін бе?; Бүгін не ауыз тидің?», «Кеше кешке тісті тазартқаннан кейін не істедің?», «Анаң ұйықтар алдында саған тәтті тағамдар береді ме?». Балалар ата-аналарымен, жасөспірімдермен және ересек науқастармен сөйлегенде бірегей күшпен өнімдердің атаулары мен оларды қолдану уақытын атап көрсетумен күні бойының тамақтануы туралы есебін құру ұсынылады. Мұндай есептер науқастың тағамдық әдеттері туралы тек жалпы мағлұмат береді, өйткені талқыланатын күн мағлұматы үнемі қайталанбауы мүмкін. Одан да нақты мәліметті алу үшін 3-7 күннің тамақтануы туралы мағлұматы керек, яғни үйдің тағамдық күнделігі:
Тағамды қабылдау
| Тағам уақыты
| Тағамдар
| Саны
| Таңғы ас
| 7.00
| Батон
Май
Қайнатпа
Шай
Қант
| 1 тілім
1 шай қасық
2 шай қасық
1 стакан
2 шай қасық
| Тістерге күтім
| -
|
|
| Арасында тағамдану
| 10.00
| Шоколадка
| 0.5 плиткалар
| Тістерге күтім
| -
|
|
| Түскі ас
| 15.00
| Борщ
Ботқа
Котлета
Нан
Компот
Алма
| 1 тарелка
1тарелка
1 дана
2 бөлігі
1 стакан
1 дана
| Тістерге күтім
| -
|
|
| және т.б.
|
|
|
|
Келесі келгенде дәрігермен науқас бірге күнделікті бағалап, қызыл түспен көмірсутек құрамды тағамдарды бөледі. Сөйлесудің психологиялық маңызды болуы үшін науқасқа кестеге келесі мәліметтерді кіргізуді сұраймыз.
Көмісутекті тамақ
| Қабылдау уақыты
| Қабылдау саны
| Бірінші күні
| Екінші күні
| Сусындар
| Негізгі тамақпен бірге
| ххх
| Хххх
| Арасында тағамдану ретінде
| х
| -
| Қатты тағам
| Негізгі тамақпен бірге
| хх
| Ххххх
| Арасында тағамдану ретінде
| ххх
| Ххх
|
Жүргізілген талдау негізінде науқастың рационына үйлесімді гигиеналық жүктемесін талқылайды (әрбір тамақ жеген сайын тістерді тазартумен қатар жүреді ме), тістердің саулығын сақтау үшін түзілген тұжырымдама маңыздылығы туралы нәтижелер жасайды. Содан кейін осыған негізделіп, қоректену рационы мен тәртібін дұрыстау нұсқалары ғылыми дәлелі ұсынылады.
Тәтті тағамдардың кариесогенді әсерін төмендету тәсілдері мен әдістері
Қант ауыстырғыштар
Кариесогендіктің туғыздыратын алғашқы және негізгі өнім қант болғандықтан, 1970 жылдан бастап, стоматологтар мен диетологтардың, аспазханашылар мен химиктердің күші адамды тәтті қуаныштардан айырмай, тістердің саулығына қауіп дәрежесін төмендетуге бағытталды.
Тәтті дәм адамды қантқа тартады, сондықтан қант ауыстырғыштарды құрастырғанда басты қасиетіне (токсикологиялық қауіпсіздіктен кейін және төмен ацидогенділік), тілдің саңырауқұлақ тәрізді емізікшелермен байланысып, эфференті жолдары арқылы реакцияның өтуі нәтижесінде орталық жүйке жүйесіне тәтті тағам туралы мәлімет түсуі жатады. Осындай әсерлер жиынтығына көмірсутектерден биохимиялық ерекшеленетін, яғни аспазханалық-технологиялық және физиологиляық жағынан қантты ауыстыра алмайтын заттар ие. Өйткені тағамдық технологияларда қант әр түрлі тәсілдерде қажетті:
· тағамның кейбір қажетті құрам бөліктерінің жағымсыз дәмдерін білдіртпес үшін (мысалы, маринадта қышқыл дәмін);
· әр түрлі дәмдерді қосып біртұтас дәмді құруға (майонезде);
· тағамның текстурасы мен тығыздығының сараптамасы үшін («ауызда еру» әсерін жасау);
· бір ингредиенттердің басқа тағамда еруі үшін (майда ұнның);
· тағам көлемін үлкейту үшін (безе);
· тағамға арнайы карамельді түс пен аромат беру үшін және т.б.,
бұл қантқа адекватты ауыстыруға қиындықтар туғызып, одан толығымен бас тартуға мүмкіндік бермейді.
Физиология жағынан қарастырғанда, қант энергия тасымалдаушысы қызметін атқарады, сондықтан қант ауыстырғыштар калориялығына қарай жіктеледі.
Синтетикалық калориялы қант ауыстырғыштар
Бұл топқа полиолдар - көп атомды спирттер жатады: ксилитол (ксилит), сорбитол (сорбит), маннитол (маннит). Полиолдар қанттағыдай калорияны береді. Егер қантты бірлікке алсақ, сорбиттің тәттілігі 0,5, ал маннитол 0,6, ксилит- 1,0- 1,5 құрайды. Полиолдың физикалық қасиеттері қанттың қасиеттерімен ұқсас, сондықтан мұндай қант ауыстырғыштары бар тағамдар қарапайым қанттан аз ерекшеленеді.
Ксилит – бес атомды спирт - өсімдік (саңырауқұлақ, жеміс-жидек, жаңғақ, ағаш) және жануар (адам ағзасында 5-тен 15 г-ға дейін түзіледі) тіндерінің табиғатта кеңінен таралған құрам бөлігі. Қайын ағашынан өндірістік жолмен алынатын ксилит, иісі жоқ ақ ұнтақ болып келеді. Ксилиттің тәттілігі мен калориялығы қантқа ұқсас, бірақ бағасы 10 есе қымбат. Ксилитті ішке қолданғанда өт айдайтын, іш өткізетін (тіпті осмотикалық диареяға әкелетін) қасиеті бар. Ксилит фенилкетонурия кезінде қарсы көрсетілген. Ксилиттің метаболизм өнімдері оксалаттар болып табылады.
Ксилиттің тіс жегісіне қарсы мүмкіншіліктері оның сілекей айдағыш әсерімен байланысты. Ксилитті қолданғаннан кейін сілекей бөліну жылдамдығы жоғарылайды, сілекей тұтқырлығы төмендейді, буферлі сыйымдылығы мен рН мәні жоғарылайды, ауыз қуысында кальций мөлшерінің көбеюі, стрептококктардың пеликулаға жабысуын болдыртпайтын сілкей протеазалардың белсенділігін жоғарлатады.
Сорбит алғаш рет 1872 жылы глюкозадан өндірілді. Гигроскопиялық қасиетінен сорбит сұйықтық болып келеді. Тіс қағының сорбитолы стрептококктың оксиредуктазасымен фруктозаға дейін ферменттеліп, кейін қышқылға айналады. Сондықтан оны қолданған кезде қақтағы рН өзгермей, бірақ 30 минуттан кейін рН-5,7 –ге дейін жетеді. Шайнау сағыздары мен ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамындағы сорбиттің алдын-алу қасиеті ксилитке қарағанда тиімсіз болып келеді.
Маннит - манноза қантынан өндірілетін полиол, ауыз қуысының микрофлорасымен аз мөлшерде ферменттелуі мүмкін, сондықтан тіс сықпалары өндірісінде тәттеуіштер ретінде қолданылуы мүмкін.
Синтетикалық калориялы емес қант ауыстырғыштар
Осы топқа әр түрлі химиялық сипаттамасы бар, төмен фармакологиялық белсенді болып келетін және қанттан қарқынды тәттілігі 30-100 000 есе көп натрий сахарині, натрий цикламаты, аспартам заттары жатады. Қарқынды тәттеуіштерді өндіру күрделі және қымбат болып келеді, бірақ қажетті дәмге жету үшін, осы заттың аз мөлшері «қантсыз тәттілерді» дайындауда экономикалық пайдалы. 1974 жылы тәттеуіштер дәрілерді, сусындарды, тәттілерді, шайнау сағыздарын өндіруде қолданылған. Осылайша, аспартам рН-3,9-4,3 кезінде белсенді, сондықтан кока-кола өндірісіне үйлесімді; сахарин мен аспартам «тәтті» дәмді қанттан гөрі 10 есе ұзағырақ сақтайды, Бұл заттар диабетпен ауыратын адамдар үшін ұсынылады, өйткені бұл кезде инсулин қатыспайды және семірген адамдарға, тамақ калориясының төмендеуі әдеттегі рационның өзгермеуімен сипатталады.
Бірақ қарқынды қант ауыстырғыштарды кеңінен қолдану олардың онкогенді және тератогенді потенциалдың болынан шектеледі. Осыған байланысты, қарқынды тәттеуіштерді қолдану 16 жасқа толмаған және жүкті, репродуктивті жастағы әйелдерге ұсынбаған жөн. Аспартамды қолдану (L, A-аспартил мен фенилаланиннің метильді эфирі) фенилкетонуриямен ауыратын адамдарға қарсы көрсетілген. Қалған адамдарға тәттеуіштерді қолданудың тәуліктік шектеуі анықталған: сахарин үшін - дене массасына 2,5мг/кг, цикламат үшін - 11,0 мг/кг, аспартам үшін – 40 мг/кг.
Тәттеуіштер ретінде ауыз қуысы гигиенасының заттары құрамында сахаринді, аспартам және цикламатты «жергілікті» оральды қолдану мақсаты бұл заттардың қышқылдарды түзумен микробты қақпен ыдырай алмайтындығымен байланысты, ал кейбір мәліметтер бойынша сілекейдің бөлінісін көбейту арқылы тіс жегісіне қарсы әсерді қамтамасыз етеді.
Фторид пен кальцийі бар қант
Соңғы уақыттарда тәтті ұнататын адамдарға ыңғайлы - қанттың фторидтермен бірге болуы. Басты мақсаты, қант қақ микроағзаларымен өңделгеннен кейін еріту әсерін бастағанда, бұл белсенді реминерализациялайтын агенттің қажетті аймақта болуын қамтамасыз етуге негізделеді. Ауыз қуысын 10% сахароза ерітіндісімен жүйелі түрде шайған кезде рН-тың критикалық төмендеуіне қарамастан эмаль сау күйінде қалады. Кальций препаратардың қантқа қосылу пайдасы біршама екендігі анықталды, қарапайым тәттілерді кальций лактаты бар тәттілерге ауыстырғанда тіс жегісінің өсуін 43-87 %-ға төмендетеді.
Көмірсутекті тағамдарды, тамақтану рационы мен тәртібін таңдауды бақылау мүмкіншіліктері
Тамақтану үшін өнімдерді таңдау әртүрлі факторлар әсерінен адаммен жүзеге асады. Бұл үрдісте басты рөлді қандайда бір тамақтың қол жетімділігін анықтайтын экономикалық және әлеуметтік жағдайлар атқарады. Әрбір адам өз ағзасының физиологиялық қажеттілігіне, денсаулық жағдайына, гастрономикалық құмарлығына тіреліп ақырғы таңдауды жасайды. Қазіргі заманғы диеталық ұсынымдар бойынша адамның энергетикалық және пластикалық қажеттіліктері туралы ғылыми мәліметтерге негізделеді, сонымен қатар диетотәуелді ауруларды (жүрек-қан тамыр, эндокринді, кейбір онкологиялық және т.б.) алдын-алуға бағытталған болып келеді. Ересек адамның рационына дәнді тағамдар (нан, ботқа, тәулікке 6-11 қабылдаулар), көкөністер (3-5 қабылдаулар), жемістер (2-4 қабылдаулар) және жануар текті өнімдер (сүт, йогурт, ірімшік-2-3 қабылдаулар; ет, балық, жұмыртқа -2-3 қабылдау) (сур. 5.18) кіреді. Барлық аталған өнімдерді 3 немесе 4 тамақ қабылдауына реттеген жөн (таңғы ас, түскі ас, бесіндік, кешкі ас), тәтті өнімдерді осылардың біреуіне қосып, жүрек жалғауларды азайту керек.
Сур. 5.18. Тағамдық пирамида (ДДҰ, 2002 ж.).
Тіс жегісін алдын-алу жағынан қарастырғанда қажетті тағам тізімі ішінен «пайдалылар» қатарына барлығы кіре бермейді: жасыл көкөністер, ет мен сүт төмен кариесогенді потенциал болса, онда крахмалды көкөністерде, нанда, макарон мен ботқалар кариесогенді болып саналмайды. Тістерді сақтау мақсатымен өмірге қажетті көмірсутекті тағамнан бас тарту мүмкін емес, ал олардың тұтынуын шектеу соматикалық денсаулыққа зиян келтіріп (әсіресе, жүкті әйелдерге, балаларға), стоматологиялық мәселелерді шешпеуі мүмкін.
Тәттілерден бас тарту немесе оларды тұтынуды шектеу денсаулыққа әкелмейді, бірақ кейбір адамдарға ғана. Сондықтан стоматологтың диетологиялық міндеттеріне 2-3 аз көмірсутекті арасында тағамдану бар 3-4 ретті тамақтанудан тұратын ауыз қуысында тамақтың ұзақтығының қысқаруын реттейтін саналы тамақтану режимін насихаттаумен шектелу болып табылады.
Қант құрамды тәттілерді тұтынуға қатысты ұсынылады:
· толығымен тісті тазарту жүретін негізгі тамақтанудың аяғында тәтті десерттерді қабылдауды шектеу;
· арасында тағамдану санын күніне 2 ретке дейін шектеу;
· арасында тағамданусыз болмаған жағдайда (асқорыту жолының аурулары, қлоайсыз жұмыстар кезінде), тәтті жемісті жүрек жалғауларды сілтіліге ауысытру: ірімшік, сүт, салат, орамжапырақ, жаңғақтар және т.б.;
· ұйықтар алдында тістерді кешкі тазартудан кейін тәттілерді жемеу және ішпеу;
· соктар мен қышқылды тәтті газдалған сусындарды түтікше арқылы ішу;
· арасында тағамданулардан кейін ауызды сілтілі ерітінділермен шаю (сумен емес)
· қантсыз сағызды шайнау;
Тамақтану тәртібін психологиялық жағынан негативті емес (ұйықтар алдында тәтті жеме!), позитивті көзқараспен (кешкі астан кейін өзіннің тәттіңді жеп, бірден тіс тазартуға бар) түзету керек. Балалар кейін ештеңені айырматынын біле тұра, дәрігерді қызықпен тыңдайды.
Науқас қызығушылық танытса, дәрігер тамақтану өнімдерін және оларды қолдану режмін таңдаудан жеке ұсынымдар құруы мүмкін. Мысалы, кішкентай балдардың анасына баланың адекватты жасына сәйкес печеньенің орнына ірімшік немесе тәтті емес йогурт, жемістер, компоттар сияқты қабылдауға болатын нақты тағамдар тізімін алуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, науқастар қызығушылық таныттырмайтын жаңа мәілметтерді сирек қабылдайды, жиі жалпы ұсынымдарға емес, нақты тағайындауларға сүйенеді.
Диеталық консультациялардың «жалпы» деңгейі коммунальды алдын-алу бағдарламаларының құрам бөлігі болып табылады. Ашылған диеталық консультациялар көп уақытты, стоматологиялық және психологиялық білімді, стоматологиялық қызметкер мен науқастың жеткілікті түрде мәдениеттілік деңгейін керек етеді, сондықтан тағамдық күнделіктер жеке қабылдауларда тартымды атрибут болып табылады.
Соңғы екі онжылдықтар бойы өнеркәсіпті мемлекеттерде тіс жегісі таралуы мен қарқындылығын эпидемиологиялық зерттеулер қант қабылдау деңгейі мен ЖПЖ арасындағы тікелей байланыстың жоғалуын анықтады. Бұл феномен дамыған мемлекеттерде жүйелі және жергілікті фторид препараттарын енгізумен маңызды болып келетін ауыз қуысы гигиенасына үлкен көңіл бөлумен түсіндіріледі. Сондықтан стоматологиялық диетологияда диетаны дұрыстау, тағамның кариесогенді әсерін болдыртпау бойынша адамның жүріс-тұрысын дұрыстауға біртіндеп ауысуға басым назар аударылады.
Көмірсутекті тағамды қабылдаудан кейін ауыз қуысына күтім жасау
Тағамдық өнімдерге кариесогенді әсерлерін төмендетудің оптималды тәсілі щетка, сықпа мен жіптер көмегімен тіс тазарту сияқты гигиеналық шараларды орындау болып табылады.
Тіс сықпаларында фторидтерді қолдану, көптеген зерттеушілер пікірі бойынша жалпы алғанда көмірсутектерге, әсіресе қанттарға қарсы популяциялық деңгейде әсер ететін негізгі қорғаныш болып табылады. Қант жүктемесі қаншалықты көп болса, эмальды сақтауға және қалпына келтіруге соншалықты көп фториді керек екен.
Тәтті тағамды қабылдағаннан кейін ауыз қуысын қарапайым сумен шаю қышқыл және қақ түзу үрдістеріне әсер етпейді. Тістерге 1-2% сода ерітіндісін немесе 0,1% лимон қышқылы ерітіндісін қолдану тиімдірек болып келеді, бірақ бұл тіс тазартқаннан әлдеқайда тиімділігі жағынан төмен.
Тіс жұғындылары мен ауыз қуысы жағдайына біртұтас әсер ету үшін тағам мен ауыз қуысы өнімдері арасындағы жағдай шайнау сағыз болып келеді.
Шайнау үрдіс ретінде адамды әрқашан тартатын - өйткені психофизиологтар айтуынша, шайнау жиырылысты түсіріп, босаңсытып, оймен жиналуға көмектеседі.
Қанты бар шайнау сағыздарын қолдану ауыз қуысында екі қарама-қарсы құбылыстарды туындатады: қант қақтағы гликолиз үрдісін белсендіреді, ал шайнау сілекейдің бөлінуін ынталандырады. Бақылаулар бойынша, мұндай сағыздардың кариесогенді әсері қорғаныш әсерден басымырақ болады.
Қант ауыстырғыштары бар шайнау сағыздары ауыз қуысы рецепторларына механикалық және химиялық бірегей әсер ету арқылы сілекей бөлінудің жылдамдығының өсуін біршама жоғарылатады. Шайнау сағызына сілтілі (карбамид) немесе минералды қосылыстардың болуы (кальций мен фторидтің еріген тұздары) ауыз қуысы ортасына қолайлы әсер етеді. Сондықтан қант құрамды сағыздардан гөрі ксилиті немесе басқа да қант ауыстырғыштары бар мұндай сағыздар кариесогенді болмайды, кейбір деректер бойынша бұл тіптен сағыздың алдында қабылданған басқа тағамдармен байланысты қақта белсенетін қышқылдарды бейтараптай алады. Зерттеулер бойынша мұндай шайнау сағыздарын үш жыл бойы қолдану тіс жегісі редукциясының 8-11% қамтамасыз етеді.
Бірақ шайнау сағыздарын қолдану тістердің толықтай механикалық тазарылуын ауыстыра алмайды. Осыдан шайнау сағыздардың «жағымсыз әсерлерін» де естен шығармағпн жөн:
· шайнау асқазандағы сөл бөлінісін ынталандырады және қорытуға субстрат болғанда ғана, яғни тағамның біраз мөлшерін қабылдағаннан кейін ғана пайдалы болады;
· шайнау асқазандағы сөл бөлінісін күшейтеді, сілекей бездердің ұзақ жүктемесі салдарынан әлсіреу мен атрофияға әкелуі мүмкін;
· резинканы шайнаудың биомеханикасы тамақты қалыпты жағдайда шайнаудан ерекшеленеді, сондықтан сағызды шайнаған кезде шайнау бұлшықеттерге, самай-төменгі жақ буынына және периодонтқа таралатын жүктеме бұл тіндерде патологиялық өзгерістерді одан сайын нашарлатуы мүмкін.
Осылайша, қанты бар сағызды шайнау тістерге зиянды деп санаған жөн, ал қант ауыстырғышы бар сағыздарды сілекейі аз бөлінетін барлық адамдарға, тіс тазартуы қиындаған кезде тіс жегісі қарқындылығының жоғары деңгейі бар нашар шайнайтын адамдарға өз алдына гигиенаның бөгде заты және сілекей бөліністің стимуляторы ретінде ұсынған жөн. Шайнау сағыздың қауіпсіздігі мақсатында тамақтан кейін бірден және 10 минуттан ұзақ емес шайнаған жөн. Оларды 4 жасқа дейінгі балаларға (аспирация мен жұтып қалу мүмкін) және периодонтта патологиясы бар адамдарға ұсынбаған жөн. Шайнау сағызын таңдаған кезде қандай қантауыстырғышы бар (валды немесе қарқынды) екенін және балалар мен жүкті әйелдер үшін бұл өнімнің қаншалықты қолжетімді екенін білу керек.
5.3.5. Жұмсақ тіс жұғындыларын механикалық бақылау: ауыз қуысы гигиенасының бұйымдары мен заттары, гигиеналық оқыту.
Ауыз қуысы гигиенасының стратегиясы
Гигиена (грек сөзінен hygienas – сау) – денсаулықты қамтамасыз етумен байланысты фактілерді түсіндіретін және зерттейтін ғылым. Ауыз қуысының гигиенасы – тістер мен периодонт тіндеріне қауіпсіз деңгейге дейін тіс жұғындылары санының азаюын қамтамасыз ететін ғылым мен тәжірибе.
Тіс сауытының анатомиялық формасы және олардың тіс доғасында өзара орналасуы тағамды механикалық өңдеудің міндеттеріне сәйкес келеді. Дегенмен тағамдық талшықтар (майлы және ет) тістер арасында тұрып қалуы, ал жұмсарған тағам – жұмсақ тіс жұғындыларын қалыптастыруы мүмкін, бұл ыңғайсыздық тудырып, ауруларды тудырады. Тағам бөлшектерін алып тастау бойынша кейбір шараларды жануарлар жасады: үлкен балықтардың аузында тазартушы-балықтар қоректенеді, тістері тари құстары үшін тағам болып табылады – осылайша тістердің тазалануына септігін тигізетін табиғи симбиотикалық өзарақатынастар қалыптасады. Адам маймылдар тіс тазартқыш-таяқшаларымен өздеріне өзі көмектеседі. Ежелгі адам да тіс тазартқышпен амалдады, мәдениеттіліктің дамуына байланысты қатты талшықты тағам жұмсарған химиялық және термиялық аспаздық технологиялармен алмасты, бұл ауыз қуысының гигиеналық статусын өзгертті және тістерге күтім үшін
Ауыз қуысы гигиенасының стратегиясы тіс жұғындыларына физикалық және химиялық әсер етуге негізделеді:
а) олардың ішкі құрылымын бұзу үшін;
б) олардың субстратпен байланысын бұзу үшін (эмальмен, цементпен немесе жалаңаштанған түбірдің дентинімен, протезбен, ауыз қуысының жұмсақ тіндерімен);
в) ауыз қуысынан фрагменттелген тіс жұғындыларын алып тастау.
Әсер ету түрін және оның қарқындылығын таңдау тиімділік пен қауіпсіздіктің арасында компромисс сақталсын. Осылайша, егер тістерді тазалағанда үлкен күш жұмсалса, онда тістер жақсы тазартылады, бірақ бұл кезде эмаль, цемент, периодонт және т.б. зақымдалуы мүмкін, ал егер ысу күші аз болса – ол тісті жұғындылардан құтқармайды.
Тістерге гигиеналық күтім техникалық күрделі міндет болып табылады: тіс жұғындылары тікелей әсер етуге аз қолайлы, өйткені
· қисаюдың әр түрлі радиустарымен тістердің қисық сызықты, ойыс және дөңес беткейлерінде жатады (тіс доғасы, тістің әрбір беткейі);
· жіңішке ретенционды пунктерде жатады (эмальда тереңделулерде, проксимальды аралық кеңістіктерде);
· басқа мүшелер мен тіндерге тығыз жанасатын тістердің бөліктерін жабады (тіл, төменгі жақ тармағы және т.б.);
· тістердің беткейлері үлкен аумақты алады.
Сондықтан ауыз қуысы гигиенасының жақсы деңгейін қамтамасыз ету үшін гигиенаның әр түрлі заттары мен құралдарын қолданатын әр түрлі әдістердің тұтас арсеналы қажет.
Гигиенаның құралы деп тіс жұғындыларына механикалық әсер ететін қарапайым және күрделі (қолмен, механикалық, электрлік және т.б.) құрылғылар – щеткалар, жіптер, тіс тазартқыштар, ирригаторлар және т.б.
Гигиенаның заты деп сықпа тәрізді (сықпалар, гельдер) немесе сұйық (эликсирлер, шаюлар) препараттарды атайды, олар тіс жұғындыларына механикалық әсер етеді және жиі химиялық табиғатты алдын-алу қоспалары бар.
Ауырлық дәрежесіне байланысты гигиеналық процедуралар үй жағдайында науқаспен өздігінен (ауыз қуысының үй, жеке гигиенасы) немесе тек стоматологиялық кабинет жағдайында гигиенисттің, ассистенттің, стоматологтың күштерімен (ауыз қуысының кәсіби гигиенасы).
Өз бетімен тазарту
Қатты тағамды тістеу және шайнау кезінде ысу күштері тағаммен тікелей қатынасқа түсетін тістер мен тіс доғаларының бөліктерін тазартады. Мұндай тағамды белсенді шайнау кезінде күрек тістер мен ит тістердің кескіш жиектері, шайнау тістерінің төмпешіктері, сонымен қатар олардың дөңес беткейлері тазартылуы мүмкін. Дөңес (күрек тістерде оральды) беткейлері, сонымен қатар экватор мен қызылиек арасындағы бөліктер тазартушы ысуды сезінбейді, сондықтан тағамның ұсақ фрагменттерін тұндыру үшін болады, яғни тіс жұғындыларының қалыптасуына. Бұл үрдіске ауыз сұйықтығының токі, тіл, ұрт және ерін бұлшықеттерінің қозғалыстары сияқты табиғи тазартушы күштер. Дегенмен ретенционды пунктердің өз бетімен тазаруының әсері жоғары емес және сілекей бөлінудің жылдамдығына және ауыз сұйықтығының тұтқырлығына байланысты, ол сілекей бөліну жылдамдығы төмен және ауыз сұйықтығының тұтқырлығы жоғары болған сайын төмен. Сондықтан, тағамға көкөністер мен жемістерді, сілекей айдағыш азықтар (кептірілген нан, тағам) қолдану, резеңке шайнау – осының бәрі тістердің ретенционды пунктерін тіс жұғындылардан механикалық тазаруы проблемасын шешпейді.
Ысқылау
Минимальды абразивті әсер ететін жұмсақ заттарды қолдану арқылы тістерді механикалық тазарту. Гиппократ тісті жұмсақ теңіз губкасымен немесе балға батырылған жүннің шариктерімен ысқылауды ұсынады. Біздің уақытта сұқ саусаққа оралған дәкенің жолағы жиі әсерлер бола алады.
Тістерді ысқылу – салыстырмалы қауіпсіз манипуляция, сондықтан да ол бала өміріндегі бірінші оральді гигиеналық процедукра болып табылады. Ысқылау күрек тістер беткейлерін онша аз және көп те емес тазартуға мүмкіндік береді, алтыайлық балоны оның ауыз қуысындағы манипуляцияларға бейімдеуге көмектеседі және тіс щеткасын қолдануға ауысуын жеңілдетеді. Қолмен тісті ысқылағанда барлығы есем, тек қана шығыңқы беткейлер тазаратындығын есте ұстау керек: күрек тістер мен ит тістердің вестибулярлы беткейлері, төмпешіктер, уақытша молярлардың қызметтік зоналары, тұрақты молярлар мен премолярдың экваториальды зоналары. Бұл беткейлердің тазаруының сапасы қолдың қозғалыс күшіне және дәкенің сапасына (қаттылығы, тығыздығы, рельефі) байланысты. Баланың тістерін ысқылауды қызылиек тінін жарақаттап алмау үшін үнемі көзбен бақылап отырып жүргізу керек.
Шаю және оған арналған заттар
Шаю – ежелгі уақыттан гигиеналық және косметикалық мақсаттарда қолданылатын қарапайым гигиеналық процедура; ауыз қуысын шаюдың бірінші жазба ұсыныстары XVI ғасырға және Амбруаз Пареге жатады.
Шаю кезінде сұйықтықты ұрт және тіл бұлшықеттері көмегімен ауыз қуысы бойымен ауыстырады, сұйықтықты тістер арасына және осылайша бос жатқан тағам қалдықтарын және тіс қағының сыртқы қабаттарын ығыстырады. Шаюдың жоғары емес тазартушы механикалық әсері гигиеналық (шаюғыштар, дезодоранттар), сонымен қатар арнайы (бальзамдар, тонизаторлар және шөп қайнатпалары) мақсаттармен қолданылатын сұйық оральды заттардың химиялық белсенділігімен толықтырылады.
Ресми сұйық заттардың компоненттері су, ароматизаторлар, дәм қоспалары, бояғыштар, алкоголь, детергенттер және емдік-алдын-алу қоспалары болып табылады.
Ароматизаторлар (жалбыз майы, анис, корица, мирра, лаванда, шалфей, мускатты жаңғақ, эвкалипт, цитрус, тимол, қалампыр, тиіннің майлары, шырша экстракттар және т.б.) дәмдеуіштер (цикломат, сахарин) және бояғыштар (сары С1.19140; көкшіл С1.42051, с1.69800; жасыл С1.74260) бұл тұтынушы таңдаудағы негізгі критерииі болып табылатын буклетті құрайды.
Этил спирті шайғыштар көлемінің 6-27 % және эликсирлердің 30%-дан артық көлемін құрайды. Алкоголь препарат «формуласын» тұрақтандырады, оның дәмі мен исін ашады, ұзақ «дәмнен кейін» қамтамасыз етеді. Препараттардың құрамында алкогольдің болуы оларды балалардың, жүргізушілердің ауыз қуысы гигиенасы үшін қолдануды шектейді. Соңғы уақытта алкогольдің ауыз қуысының кілегей қабатына теріс әсеріне байланысты (қыздыру, дискомфорт, дегенеративті өзгерістер, плазморрия) (8% дейін) құрамында спирті аз немесе тіпті жоқ заттарды тұтынуды және өндіруді ұсынады.
Детергенттер – (сурфактон, беткей–белсенді заттар, ББЗ) беткей–белсенді қасиеттерге ие болатын химиялық заттардың ерекше тобы. Олар ауыз сұйықтығының және гигиеналық заттың керілуін азайтады, сөйтіп тіс беткейінде, ауыз қуысында заттың біркелкі таралуына көмектеседі. ББЗ көбік түзіп, тіс қалдықтарының жұмсақ құрылымын жұмсартады, оларды эмульгациялайды, бұл әрі қарай тіс щеткасымен тістің механикалық тзалауына көмектеседі. Одан басқа, ББЗ микробқа қарсы қасиет көрсетіп, қақтың ферменттерінің тобын бөгеді және сол арқылы олардың өсімін азайтады.
Гигиеналық заттардан біріншілік детергент сабын болды, бірақ оған тән сілтілік реакция және өткір, жағымсыз дәмі оны оральды гигиенадан ысырып тастады. Кокос жаңғағының майынан алынатын натрий лаурильсульфаты – табиғи детергент болып табылады: оңай жасырылатын дәмі бар, рН бейтарап мәнінде жұмыс жасайды. Оральды гигиеналық заттар құрамына кіретін синтетикалық ББЗ натрий диактисульфосукцинат, натрий лоурилсульфоацетат, натрий саркозинап N-лаурал, жасанды жасалған натрий лаурилсульфат, бетолен таурида май қышқылдарының натрий тұзы болып табылады. Олар рН өзгерісіне шыдайды (яғни сілтілі, нейтральді, тіпті қышқыл ортада да жұмыс жасайды), сілекейде және қатқыл суда тұнба түзбейді. Натрий додецилсульфат, цетавлан, натрий олеаты, цетилпиридин сирек қолданылады. Ауыз қуысы гигиеналық заттардағы ББЗ конценрациясы қатаң қадағаланады (оларды жұтуға болмайды), өйткені олар жоғары улы болғандықтан, тамырлар өткізгіштігін арттырып және ауыз қуысы кілегей қабығының дегенеративті өзгерістерін тудыруы мүмкін.
Сұйық гигиеналық заттарды тұрақтандыру үшін оларға буферлі компонеттер (фасфаттар), консерванттар–антисептиктер (метилпарабен, пропилпарабен, бензоаттар), тұтқыр заттар (глицерин) қосады.
Көптеген сұйық гигиеналық заттар алдын-алу әсерге ие болады: алдын-алу тіс жегісіне қарсы қоспалар арасында сұйық гигиеналық заттарға ең танымалысы антисептиктер (триклозан, хлоргексидин, фекол) және фторидтер.
Ауыз қуысын шаятын заттарға мынадай гигиеналық талаптар қойылады:
· микробты қақпен ферметтелетін көмірсудың болмауы;
· рН=3,0-9,0 деңгейіндегі қышқылдық;
· тірі ағзаларға тәжірибеде дәлелденген биологиялық қауіпсіздігі;
· 1 қорабында 300 мг артық емес фторидтің құрамында болуы;
Жұтуға болмайтын компонеттердің бар болуына байланысты сұйық гигиеналық заттар жұтуды өздері басқара алатын науқастарға – ересектер мен 6 жастан жоғары балаларға ұсынылады. Осы және басқа да сұйық гигиеналық заттармен ауыз қуысын шаюда қолдануда ұсынады;
· бұдан да тиімді әсер ету шаралары периодонт тіні үшін қауіпті болғанда (тромбацитопения, қызылиектің операциядан кейінгі жағдайында т.б) немесе техникалық жағынан мүмкіндік болмаған (дала жағдайында) жағдайларда ауыз қуысы күтімінің бір ғана гигиеналық әдісі ретінде;
· тіс жұғындыларын жұмсарту мақсатында ауыз қуысын біріншілік гигиеналық өңдеу үшін;
· ауыз қуысы туалетін аяқтауда – ауыз қуысы тіндерінде химиялық әсер ету үшін (эмаль беткейінің адгезивті қасиеттерінің модификациясы үшін, минерализацияны жоғарылату үшін, периодонт тіндері ауруларын алдын-алу үшін және т.б.)
Щетканың көмегімен тістерді тазарту
Қол және моторлы щетка құрылғысы
Қол тіс щеткасының көмегімен тістерді тазарту ауыз қуысының үй жеке гигиенасының негізгі әдісі болып табылады. Классикалық щеткада тазартушы әсерді қылдардың (талшықтардың) ұштары және бүйір беткейлері жүргізеді. Щетканың құрылымында басын, сабын және оларды байланыстыратын өзегін (мойнын) ажыратады (сур. 5.19).
Щетка басының өзекке өтетін «тұмсығы» және «өкшесі» бар. Щетканың басында шоғырға жиналған қылдар орналасқан, олар қатарлар түзеді. Негізгі жұмысшы беткей (жұмысшы алаң) қылдардың ұштарымен түзілген.
Қазіргі заманғы тіс щеткасы әр түрлі тілдерде мисвак, сивак немесе квесем деп аталатын ағаш шайнау таяқшасын санайды. Мисвак антисептикалық және дезодорирлеуші қасиеттерге ие ағаштың сау тіке бұтақтарынан (диаметрі 0,8-1,0 см) дайындалады. Таяқшаның бір ұшы талшықтан (шайнайды) және осындай «қыл» әрбір тісті тазалайды. Шайнау ағаштары Ежелгі Египет, Ежелгі Үнді мәдениетінде, араб елдерінде анықталған. Мисвак бүгін де он миллионнан аса адамдардың ауыз қуысы гигиенасы үшін қызмет етеді, зерттеулер көрсеткендей, оның алдын-алу әсері кәдімгі тіс щеткасынан жоғары.
өзек (мойын)
сабы басы
Сур. 5.19. Мануальды тіс щеткасының дизайн элементтері.
Дәстүрлі құрылымды тіс щеткасының пайда болуы туралы бірінші куәлік 1490 ж. жатады: Қытайда шошқа қылдары бар ағаш щеткаларын дайындады. XVI ғасырда щеткалар Европада және Ресейде пайда болды (тіс «сыпырғыш»). Щеткаларды шығару массалық масштабта XVIII Германияда, Англияда (1780 ж., W.Addis) басталды, 1857 ж. N.H.Wadsworth мануфактурасы ашылды – американ щеткаларының әкесі.
1954 ж. Басс тіс щеткасын сипаттайтын критерийлер тізімін ұсынды:
· тиімді, қауіпсіз, манипуляицяда ыңғайлы;
· ауыз қуысы мен тістердің жеке мөлшеріне әйкес келеді;
· тістерді тез тазартуға және ауыз қуысын таза ауамен толтыру мүмкіндік береді;
· ылғалға төзімді;
· мықтылық;
· қымбат емес.
Тіс щеткасын қолданудың негізгі міндеттері жұмсақ тіс жұғындыларының құрылымын бұзу және жақын беткейден олардың фрагменттерін ығыстыру болып табылады. Ол үшін щетканың жұмысшы алаңы ластанған беткейлерге жетуі қажет және қылдары оның тазаруына жеткілікті қолдан тіс беткейіне қысымды беруі қажет, бірақ тіндерді (қызылиек, цемент, эмаль) зақымдайтындай аса жоғары емес.
Тіс беткейлеріне щетканың талшықтарының мүмкіншіліктері басының мөлшеріне және формасына, оның сабына қатысты орналасуына, жұмысшы алаңның конфигурациясына және т.б. байланысты. Тазартылатын беткейге көрсетілген қысым физика заңдарына сәйкес күштен және аумақтан бөлек ретінде анықталады және сондықтан бірнеше факторларға байланысты:
· адам щеткасының сабы түсіретін күштің шамасына;
· бұл күшті оның әрбір берілу сатысында бағыты мен мөлшерін өзгертуден: қолдан→щетканың сабына→щетканың өзегіне→щетканың басына→қылдарына→тазартылатын беткейге;
· тазартылатын беткей алаңнан және қылдары байланысатын әрбір алаңнан.
Сондықтан щетканың қауіпсіздік және тиімділік дәрежесі (оның басқа да қасиеттері) щетканың әрбір құрылымды элементінің сипаттамасына байланысты.
Қыл
Қылдардың қысым күшін өзінің негізінен жұмыс беткейіне берілу қабілетін қаттылық (жұмсақтық) деп атайды. Қылдардың қаттылығы байланысты:
· қыл дайындалған материалдың қасиеттеріне;
· қылдың диаметріне (неғұрлым қалың болса, соғұрлым қатты);
· қылдың ұзындығына (неғұрлым қысқа болса, соғұрлым қатты).
Көп жағдайда тазартылатын беткеймен контакта болатын қыл алаңы қыл ұштарының формасына байланысты. Қылдардың ұштары цилиндрлі, пирамидалы және конусты түрде болса, жұмыс беткейі тек жазық беткей ғана емес, оның қабырғасы да, бөлетін жазықтар, немесе пирамиданың ұшы да (конус) болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс беткейінің алаңы минимальды, ал түсетін күш біркелкі және қауіпсіздеу таралады.
Қылдарды дайындауда қолданылатын 2 негізгі материалдың түрі белгілі: табиғи (шошқа шашы, жылқы, барсук, ешкі жүні) және синтетикалық (нейлон, полиэфирлер). Табиғи қыл – ылғалданғанда едәуір жұмсаратын эластикалық материал. Табиғи материалдан қылдың диаметрін таңдау мүмкін емес – қылдың қалыңдығы 0,05-тен 0,5 мм аралығында ол қай жануардың дене жамылғысы екеніне байланысты ауытқиды - сондықтан табиғи щетканың қаттылығын қатаң талап қою тәжірибеде мүмкін емес. Табиғи қыл кесу, шабумен өңделеді содан ұштан жазық (горизонтальды немесе диагональды) болады. Сонымен қатар қолданғаннан уақыт өте келе қылдар сынады, ол түрлі биіктіктегі шоғырларға қосымша «жарақаттаушы» пункттерді түзеді. Шошқа қылының сынғыштығы щеткамен тиімді жұмыстың уақыт ресурсын бес сағатпен шектейді. Бұдан басқа табиғи қылға мынадай санитарлық талаптар шығарылады: әрбір шаштың ішінде ашық канал бар, беткейінде – қабыршақтардан тұратын тұтас қаңқа, мұнда еш кедергісіз микроағзалар көбейеді және сақталуына мүмкіндік бар.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде табиғи қыл Европа мен АКШ өндірушілері үшін қымбат әрі қол жетпейтін зат болды, өйткені ертеде Қытай мен Сібірден импортталатын қыл әскерлік амуниция үшін қолданыла бастады. Базарды 1938 жылы щетканы дайындауда апробирленген синтетикалық нейлонды талшық жаулап алды.
Қазіргі заманғы синтетикалық талшықтарының басты қасеттерінің бірі – қаттылықтың бақыланатын дәрежесі. Талшықтың стандартты ұзындығында оның қаттылығы талшықтың қалыңдығына байланысты, бұл технологтың көзқарасы бойынша формаланған полимер массасын итеріп шығаратын саңылаулардың диаметрімен анықталады. Талшықтың стандартты диаметрі – 10,56 мм болатын, ересектер үшін щетканың полимер қылы қаттылығының келесі градиациясы қабылданған: өте жұмсақ, жұмсақ, орташа қаттылық, қатты, өте қатты (табл. 5.12)
Таблица 5.12
Полимерлі қылдың қаттылығы
Талшықтың диаметрі, мм
| Шартты номер
| Щетканың сипаттамасы
| 0,17-0,22
| 7, 8, 9
| Жұмсақ
| 0,23-0,32
| 10, 11, 12
| Орташа қаттылықта
| 0,33-0,34
| 13, 14
| Қатты
| 0,35
|
| Өте қатты
| Балалар үшін, яғни механикалық күшке шамалы төзімді тін болатындықтан тек жұмсақ қыл ұсынады. Балалардың щеткасының талшығы қысқа (7,6 мм) болғандықтан ересектердің жұмсақ щеткаларына (диаметрі – 0,12 мм) қарағанда кіші болғасын жұмсақ деп есептеледі.
Таблица 5.13
Щеткалар қаттылығының сипаттамасы
Сипаттамасы
| Қаттылық дәрежесі сН/мм2
| Қаттылық индексі
| Жұмсақ
| 6<
|
| Орташа қаттылықта
| 6-9
|
| Қатты
| >9
|
|
Щеткалар жиі 1987 ж қабылданған ISO 8627 стандартқа сәйкес қаттылық индексімен таңбаланады (табл. 5.13).
Нейлонды талшықты қолданудың алғашқы 10 жылдығында оны жарақаттануы осындай табиғи қылдан айырмашылығы болады, өйткені талшықтарды тапқан. 1950 жылдан бастап өндірушілер талшық ұштарын тегістеуге кірісе бастады. Сол заманғы талаптарға сай щетканың жұмысшы бөлігінің талшықтарының 75 % кем емес дөңгеленген болуы қажет болған. Бірақ бұл деңгейге барлық щеткалар сәйкес келе берген жоқ, әсіресе көп деңгейлі «ойылған» жұмыс беткейі бар щеткалар (зигзак тәрізді, толқынды және т.б.).
Табиғи қылдан айырмашылығы, полимерлі талшықтар суда тіпті де ісінбейді, гигиеналық өңдеуге жақсы көтереді, олардың сынғыштыққа беріктігі 10 есе жоғары. Полимерлі талшықтың басты қасиеті олардың деформацияға төзімділігі: талшықтың сапасы қаншалықты жоғары (және бағасы!), соншалықты талшықтар тазартудан кейін бастапқы қалпына оралады.
1990 жылдың ортасынан өндірушілер полимерлі талшықтың жұмыс беткейін тазартуға оның қаптал беткейлерін тарту арқылы ұлғайту шараларын қабылдаған: талшықтардың жұмыс алаңын 10 есе ұлғайтатын микротестуралары (эмаль релефін қайталайтын микробудырларымен) және твистері (жгутпен екі рет айналдырылған) талшықтар пайда болды.
1980 ж талшықтарды оларды өндіру барысында бояудың техникалық мүмкіндіктері қолданылады:
· щетканың эстетикалық тартымлылығын арттыру үшін;
· жұмыс «санатын» және ұсталып болғанын индикаторлау үшін (жасыл немесе көк түсті) тағамдық суда ерігіш бояғыштар біртіндеп талшықтардан жуылады және щетканың ауыстыру қажеттілігіне белгі береді
Дәстүрлі шошқалық немесе нейлонды талшықтардан басқа кішкене шашада каучукті элементтері бар тіс щеткалары өндіріледі, олар нейлонды шоғырлардың бір бөлігін орнына орналасады немесе барлық жұмыс алаңын толтырады. Каучукті элементтердің негізгі ролі – тіс беткейін тегістеу және қызылиектің массажы. Кейбір модельдердегі щетканың тазарту полировкалау қабілеті әрбір каучукті элементтің үшқатарлы цилиндр формасының болуымен ұлғаяды.
Полимерлі талшықты щетканың функциональдық қасиеттері әрбір бөлек талшықтың сапасына ғана емес, олардың ұйымдастыруларына да байланысты. Сонымен шоғыр қатты болған сайын оған талшықтардың сонша көп саны (25-тен 50-ге дейін түрлі өндірушілер) қосылған және шоғыр бекітілген «ұяның» диаметрі сонша кіші болады. Қатардағы шоғырлр қаншалықты қалың орналасса (кейде шоғырлар негізі көрінбейді), қаншалықты қатарлар тығыз орналасса, - соншалықты щетка қатты жуылуы қиын болады. Қаттылықтың шоғыр саны қатарларымен де тура байланысы бар: 2,3,4 және 5 шоғыр қатарлары бар, сонымен бірге қатарлар саны үзілісті (2 – «мұрнында» және 2 «табанында», 3-4 бастың ортаңғы бөлігінде) щеткалар бар.
1980 жылдың соңына дейін барлық щеткаларда олардың бекітілген беткейіне перпендикуляр, параллель орналасқан шоғырлар қатары бар жазық жұмы беткейі бар болды. Мұндай алаң щетканың барлық контакт жазақтығының өңделуші беткейге бірдей күш салуын қамтамасыз етті. Бірақ өңделетін беткейлер негізінде жазық емес қисық сызықты болған жағдайы, түрлі деңгелерде орналасқан беткейлердің бір уақытта өңделуін қамтамасыз ете алатын жұмысшы алаңның көптеген нұсқаларын жасауға әкелді.
Алдымен «ойыс» алаңы бар тіс қатарының вестибулярлы беткейіне «сәйкес келетін» щеткалар пайда болды. Кейін сыртқы қатарында иілген қалыптағы шоғырлары бар щеткалар шығарылды. Олар шайнау беткейлерімен ортаңғы (вертикальды) қатармен қозғалғанда тістің вестибулярлы немесе оральды беткейлерін өңдеуі немесе щетка вестибулярлы беткейде горизонтальды бағытта қозғалғанда қызылиекке массаж жасауы қажет (сур 5.20).
Сур. 5.20. Иілген қалыптағы шоғырлары бар щеткалар.
Көп деңгейлі щеткаларда жазық баста орналасатын түрлі биіктіктегі шоғырлар болды. Щетка басында біршама қатты талшықты «күштік» шығыңқы бірнеше шоғырлар тістердің дистальды беткейлерін тазартуға арналған. «Белсенді тереңделу», яғни қысқарған сондықтан қылдардың ортаңғы қатары біршама қатты бұл тістер беткейлеріне бекітілген ортодонтиялық доғаларды, брекеттерді тазалау үшін, сонымен қатар сыртқы қатарлар тістердің бос беткейін тазартады және қызылиекке массаж жасайды. Әртүрлі биіктікті көлденең қатарлардың кезектесіп тұруы тістердің дөңес және «ойыс» аймақтарының және тіс доғасының бір уақытта өңделуі үшін керек (қара сур. 5.21).
Сур. 5.21. Тіс щеткасының көп деңгейлі алаңы.
Бұдан басқа, кей жағдайларда щеткада – 1 шоғырдың талшықтары әртүрлі биіктікте болуы мүмкін, мұнда жұмыс алаңы зигзаг тәрізді және толқын тәрізді «қиылған», бұл әртүрлі биіктікті беткейлерді тазартуға проксимальдыаралық зоналарға қылдарды енгізу үшін қызылиек массажы үшін арналған (сур. 5.22).
«Жалқаулар үшін» басы бар щеткалар жасалған: щетканың жазық басында бекіген шоғырлардың биіктігі мен иілуі жұмысшы алаңына П–әрпі тәрізді орамалы етіп қосарлаған, сондықтан бір уақыт мезетінде қылдардың ұштары тістің шайнау, оральды және вестибулярлы беткейлеріне жанасып, осылайша щетканың горизонтальды бағытта орналасқанында бірден үш беткейді тазартады.
Сур. 5.22. Зигзаг тәрізді қиылған шоғырлары бар тіс щеткалары.
Щетканың басының конфигурациясы
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1277 | Нарушение авторских прав
|