АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Тіс жегісіне резистенттілік 2 страница
Жүйелі алдын-алу бағдарламаларының негізгі мақсатына орташа климаты мен [F]=1,0 мг/л құрамды суы бар аумақтардың тұрғындарына шамамен бейімделген оптимальды фтор жүктемесімен тұрғындарды қамтамасыз ету болып табылады. Фторидтер тірі ағзаға мөлшерге тәуелді позитивті және негативті әсерлерді тигізетіндіктен, жүйелі немесе жергілікті фтор алдын-алуының қолдануын насихаттайтын әрбір стоматолог өз науқасының табиғи және ятрогенді фтор жүктемесінің деңгейі туралы түсінігі болып, оны түзете алуы керек.
Фторидтердің тәуліктік түсу оптимумының шекаралары 1989 ж. АҚШ Ұлттық комитетінің зерттеулері бойынша ұсынылып, 1945 ж. Макклюрмен анықталған: ол орташа алғандағы еркек адам ағзасына фторид құрамының 1,5-тен 4,0–ке дейін мгF/тәул. болғанда, оның түсуі мен шығарылуы арасындағы тепе-теңдік бар екенін дәлелдеген. Соңғы уақытта нормативтер ретінде фторидтің түсуінің одан да «консервативті» деңгейлері ұсынылады: 1,45–тен ([F]=0,6 мг/л құрамды суы бар аумақтағы тұрғындардың фтор жүктемесіне сәйкес) 2,90 мгF/тәул. дейін (табиғи деңгейі суда [F]=2,0 мг/л болғанда). Марталер есептеуі бойынша қолжетімді тәуліктік фтор жүктеменің үлестік консервативті көрсеткіштері: 0,02-0,04 мгF/кг және 0,11-0,23 мгF/МДж. Әр түрлі жастағы және жыныстағы адамның қабылданған дене салмағы мен энергошығынын есепке алып, фторидтердің тәуліктік түсуі бойынша тиянақты ұсынымдар көрсетілген (табл. 5.18).
Таблица 5.18
Фторидтің тәуліктік түсуінің консервативті деңгейлері
Жасы
|
Жынысы
| Фторидтің түсу деңгейі (мг), пропорциональды:
| дене массасына
| Энергошығындарына
| төменгі
| Жоғарғы
| төменгі
| Жоғарғы
| 1 жасқа дейін
| е., ә.
| 0,16
| 0,33
| 0,30
| 0,78
| 1-3 жас
| е.,ә.
| 0,30
| 0,60
| 0,66
| 1,31
| 4-6 жас
| е., ә.
| 0,45
| 0,90
| 0,87
| 1,75
| 7-9 жас
| е., ә.
| 0,63
| 1,25
| 1,06
| 2,12
| 10-12 жас
| е.
| 0,82
| 1,65
| 1,25
| 2,51
| ә.
| 0,85
| 1,70
| 1,13
| 2,26
| 13-15 жас
| е.
| 1,14
| 2,29
| 1,39
| 2,78
| ә.
| 1,11
| 2,23
| 1,20
| 2,39
| 16-19 жас
| е.
| 1,40
| 2,81
| 1,47
| 2,95
| ә.
| 1,21
| 2,43
| 1,12
| 2,23
| Ересектер
| е.
| 1,45
| 2,90
| 1,45
| 2,90
| ә.
| 1,23
| 4,45
| 1,06
| 2,12
|
Фтор жүктеменің қауіпті және тәуекелді деңгейлері анықталған:
· 0,02 мгF/кг: осы деңгейдің көтерілуі кезінде тұрақты күрек тістердің сауыттық бөлігінің преэруптивті жетілуі кезеңінде, яғни 20-дан 26 айлық жасында балалардың жүктемесін бақылау үшін едәуір әсер ететін тістердің жеңіл флюорозының болу ықтималдығы пайда болады (Аксельссон);
· 0,1 мгF/кг – тәуліктік максимальды мүмкін фтор жүктеме;
· 0,2 мгF/кг- созылмалы тәуліктік токсикалық мөлшер;
· 5,0 мгF/кг және одан жоғары - жедел токсикалық мөлшер;
· 32,0 мгF/кг және одан жоғары – летальды мөлшер.
Адамның ақиқатты фтор жүктемесі екі тәсілдермен анықталуы мүмкін: 1) фторидтердің түсуі туралы мәліметтер негізінде; 2) фторидтерді жинау және бөлу көрсеткіштері бойынша.
Фторидтердің түсу деңгейін анықтау үшін барлық потенциалды көздер мен адаммен әрбір көздерді тұтыну деңгейі туралы мәліметтер болуы керек. Адамға табиғи көздер үшін су, тамақ және ауа болып табылады. Осы субстраттарда фторидтердің болуы көптеген табиғи және антропогенді факторлармен анықталады және сондықтан орны мен уақытына байланысты өзгереді.
Су, жер қыртысы мен ауа үшін фторидтердің негізгі көзіне литосфера болып табылады (сур. 5.33). Жердің тереңіне барған сайын фторидтердің концентрациясы литосфера қабаттарында жоғарылай түседі деген тұжырым бар. Сондықтан жанар тау текті жер қыртысында, сонымен қатар белсенді жанар таулы аймақтардағы су мен ауада фторидтің құрамы оптимальды деңгейді асады. Осы себеп бойынша судағы, терең артезианды ұңғымадағы (сонымен қатар бөтелкелі минералды суларда) фторидтердің құрамы беткей суларға қарағанда жоғары болып келеді 0,8-ден 10,0 мгF/кг және 0,1-0,3 мгF/кг.
Литосфера
Сур. 5.33. Адам үшін фтоидтердің көздері.
Бұрынғы тау жыныстары фторидтерге бай болып келеді және бұл тәжірибе жүзінде тасты көмірді отын ретінде қолданатын аумақтардағы тұрғындар үшін маңызды болып келеді: ауада фторидтер құрамы жоғары.
Фторидтердің құрамына ауа, су және жер қыртысы әсер етеді. Алюминий мен фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі фторидтерге бай кендерді өңдеумен байланысты, сондықтан осы зауыттарға жақын территориялар ауа мен жер қыртысында фтор құрамының көп мөлшері болады. Фторидтердің ажырамайтын қоспалары бар фосфорлы тыңайтқыштарды жүйелі қолдану жер қыртысында, әсіресе саз балшықта олардың құрамын жоғарылатады. Ауаны фторидтермен потенциалды ластайтын өндірістерге плавик қышқылы бар тазартылмаған өндірістік қалдықтары болатын әйнек зауыттарын жатқызады.
Өсімдіктер фторидтерді жер қыртысынана, судан, ауадан алады, сондықтан айналадағы ортада осы микроэлементтің құрамының индикаторы болып келеді. Өсімдіктердің жеуге келетін бөліктерінде фторидтің мүмкін болатын концентрация шамасы -2,5 мгF/кг. Біздің аумақта қоданылатын өсімдік текті тағамда фторид құрамы 0,4 мгF/кг- нан (көкөніс) 1,9 мгF/кг-ға дейін (ұн, жарма). Кейбір өсімдіктер әдеттегі жағдайда фторидтердің жоғары концентрациясын жинауға қабілетті: оларға құрғақ жапырақтарында 1000 мгF/кг болатын шай жатады (суда дайындалған шайда 0,5 мгF/кг-нан 4,0мгF/кг дейін болады).
Тағамдық тізбекті жануарлар аяқтайды. Жануар текті өнімдерде фторидтер құрамы аумақтың экологиялық ерекшеліктеріне, мал түліктің өсуіне, жемнің сипатына, сонымен қатар фторидтердің қандайда бір тіндерде жиналу қабілетіне байланысты, сондықтан ол сүтте 0,3 мгF/кг-нан шошқада 1,5 мгF/кг-ға дейін, балалар тамақтануында тауық пюресінде 5,0 мгF/кг жетеді, ал сүйектері толық алынбаған зауыттық жағдайда дайындалған түрінде 2,5 мгF/кг–ға тең. Теңіз балығындағы бұлшықет тінінде 4-6 мгF/кг, ал консерва мен шаян тәрізді панцирьлері немесе сүйектері алынбаған басқа да өнімдерде 12,5 мгF/кг–ге дейін жетеді.
Аумақтық көздерде фторидтердің құрамы мен оларды қолданудың дәстүрлі деңгейлерінде табиғи фтор жүктемені есептеуге болады. Ауадан фторидтердің түсуі біздің аумақта 0,1 мгF/кг–ден жоғарыламайды және маңызды болып келмейді. Беткей көздерден 1,5л ауыз суының тәуліктік қолдануында (құдық пен су өткізгіштерде) [F]=0,3 мг/л, аумақтың ересек адамы 0,1- тен 0,45 мгF/кг алады. Негізгі тамақ өнімдерінің барлығынан тек 1,5 мгF/кг түседі, оның 80 ғана сіңіріледі. Осылайша, аумақтың орташа алғандағы ересек адамның фтор жүктемесі 1,45-1,75 мгF/кг құрайды, бұл оптимальды диапазонның төменгі шекараларына сәйкес келеді.
Фтор жүктемені оның жинақталу немесе бөліну көрсеткіштері бойынша бағалау мүмкіншіліктерін түсіну үшін адам ағзасына түсетін фторидтің тағдыры талқылау қажет (сур. 5.34).
Сур. 5.34. Адам ағзасында фторидтің алмасу сызбасы.
Ауадан өкпеге, ал су мен тамақтан асқорыту жолдарына градиент концентрациямен фторид түсіп, қанға барып, мүшелер мен тіндерге енеді. Фторидтің түскен бөлігі (балаларда 50%, 16-19 жастағы жасөспірімдерде 45%, ересектерде 40%) ағзалар қалып, минералданған (сүйек, тіс) және жамылғы тіндерде (тері, шаш, тырнақ) жиналады. Ағзадан фторидтердің бөлініп шығуы сілекей мен тері бездерімен ұйымдастырылады (1% дейін), бірақ негізгі экскрециялық жұмысты бүйректер атқарады: per os арқылы түскен фторид бірнеше минуттан кейін несепте пайда болады. Жартылай шығарылу кезеңі 5 сағатты құрайды, тәулік соңында фторидтердің несеппен шығарылуы тоқтатылады. Өзекті фтор жүктеменің теориялық витальды маркерлері - сілекей, қан және несеп болады, ал алдыңғы апталар бойы фторидтердің түсу деңгейінің маркерлері-тырнақтар, соңғы апталар мен айлар бойы – шаштар, азды-көпті қашық уақытқа - тістер сәйкес келеді. Қазіргі кезде фторидтердің тәуліктік түсуін оның несеппен бөліну көрсеткіштері бойынша анықтау әдісін тәжірибеде қолданады, тырнақтардағы фторидтердің құрамы бойынша фторжүктеме мониторингі перспективті әдістеме ретінде қарастырылады (соңғы жағдайда «орташаланған», яғни көбірек обьективті мәліметтер алады).
Фторидтер қоспаларын жүйелі қолдану технологиялары
Тіс жегісін жүйелі алдын-алуды ұйымдастыру мақсаты туралы принципиалды шешілген қабылданудан кейін фторид қоспаларын адекватты тасымалдаушысын таңдау негізгі мәселе бола бастады. Үйлесімді тасымалдаушы тұтынушыға қол жетімді болуы керек және фторидтің есептелген мөлшерінің күн сайынғы қатаң түсуіне кепілдік беруі керек. Фторидтер қоспалараның тасымалдаушысы ретінде ауыз суын, тамшыларды және таблеткаларды, ас тұзын, сүтті сәттілікпен қолданады. Қауіпсіздіктің маңызды шартына бір тасымалдаушының таңдауы болып табылады: бірнеше тасымалдауштарды таңдаған кезде фторид мөлшерін есептеу мен бақылауды қиындатады және тіпті тәжірибе жүзінде мүмкін болмайды, соның салдарынан ятрогенді флюорозға әкелуі мүмкін.
Суды фторлау. Қазіргі таңда стамотологтар ассосациясының ДДҰ қолдауы арқылы әлемнің 39 елінде, 470 млн адамға фторланған суды тұтыну мүмкіндігі ұсынылып отыр.
Бағдарламаның толық қанды коммунальды деңгейде жүзеге асуы үшін орталықтандырылған су құбырлары халықты және билеуші органдарды біріктірілген қолдауы қажет.
Климаттық шарттарды байланыстыра отырып судағы фторды дұрыстау қажет; халықтың суды тұтыну деңгейінде, мезгіліне қарай орта есеппен [F]=0,7 – 1,2 мг/л, субтропика және тропика [F]=0,5 – 0,7 мг/л.
Коммунальды суды фторлаудың артықшылықтарына:
· жобада техникалық көмек (қалаға келетін су көзіне тек бір ғана фторлаушы құрал керек);
· арзандылық қатынасын (0,2$) адам жылына қажет емес емге профилактика және экономика (1:50);
· халықтың «автоматикалық» сауықтану мүмкіндігі алдын-алу деңгейіне қарамастан.
Суды коммунальды фторлаудың кемшіліктері:
· орталықтанған су құбырларының жеткіліксіздігі;
· жекелеу әртүрлі нысанды қолданғандағы (су ішуге, І, ІІ, ІІІ ас түрлеріне) дәл мөлшерде қосу мүмкін емес;
· коммунальды мүшелерінің жеке теңдау мүмкіндігі аздығы;
· технологиялық үрдістерге фториттердің керек еместігі;
· металл су құбырларының жылдам коррозияға ұшырауы ағын сулардың ластануы;
· гидробионттарға кері әсері;
Фторлы сүт, фторланған су және таблеткамен тепе – тең қасиетке ие. Фторлы сүт тамақ рационында қолдануға оңай (сумен салыстарғанда сүтті балалар жақсы тұтынуды, бірақ кедей халықтың жағдайы көтере алмайды.) сүтпен бірге ағзаға келіп түсетін фторид көлемі: Ұлыбританиядағы мектеп оқушысының 1,3 (189 мл) сүт тәуліктік дозасы 0,5 мгF сүт тегі [F]= 265 мл/г Қытайда бала бақшадағы дәл осы мақсатта 250 мл сүтте [F]=2,0 мл/г. Болгарияда 1 – 0 мг/тәулік 200 мл сүтте [F]=5 мг/л. Фторлы сүтте, фторланған судағыдай фторид + ақуыз және кальции қосындысы тіс жамындысы және сілекейде кездеседі. Фторлы сүтті қолданудың медициналық және экономикалық тұрғыдан пайдасы жоғары: 15-60 %. Сүт тістердегі тіс жегісі редукциясын, 30- 85 %. Тұрақты тістерде (бірінші молярда) фторлы сүттің алдын-алу мақсатта мектеп оқушыларына (тұрақты тістері жарып шыққандар үшін), бала бақшадағы балаларға пайдасы орасан зор.
Фторланған тұз сумен салыстарғанда 350 млн адам фторланған тұзды қолданады.
Фторланған тұздың артықшылығы жедел улану қаупі төмен суға қарағанда фторланған тұздың концентрациясын дәл мөлшерлеу қиынға түседі, 1 мгF орташа статистикалық [F]=90 мг/кг [F]=1000 мг/кг ДДҰ әр елдегі жергілікті ерекшеліктеріне байланысты фторланған тұздың [F]=200 мг/кг, 1,0 мгF – 5 г тұздан тәуліктік қажеттілігіне тең, бұл гипертонияны алдын-алуға септігін тигізеді. Медицина тұрғысынан фторлы тұз, фторлы сумен бірдей 40–60 қарқындылығы төмен. Фторланған тұзды қолданудың тиімдігілі техникалық қаржы мәселелерінде қиындық тудырмайды тіс жегісін емдеу және алдын-алуға жұмсалған шығын нәтижесінде 1: 80.
Негізгі қағида ретінде аймақта халық фторлы су қолданылатын болса фторланған тұзды немесе фторлы сүтті қолдану міндетті емес, фтор тапшылығы бар адамдарға қатаң түрде рецепт бойынша дәріханадан алуға болады.
Аймақтарға фтордың тапшылығын және ағзада көп болуын уақытында диагностикалау үшін жиі мониторинг жасау қажет.
Алмасу үрдісіне әсер ететін препараттар
Витаминдер препараттары. А, С, D, B1 және B2 эмаль матрицасын және минерализацияға әсері жақсы. Осы витамин натрий фторидінің біріктірілген (Витафтор) препараты. ІІІ–ІV денсаулық топтарындағы балаларға емдеуші дәрігердің тағайындауымен жүзеге асады. Макро- және микроэлементтерді жүйелі түрде тағайындайды.
Адаптогендер – ағзаға сыртқы ортаның туғызатын және қолайсыз және тұрақсыздығы көмектеседі. Олар табиғи болғандықтан құрамы көп компанентті сондықтан олар ағзаға толық әсер етпейді бұғы пантынан элеутерококқа зат алмасуға әсер етеді.
Тіс жегісін алдын-алуда элеутерококтың спиртті экстрактісі жақсы көмектеседі.
ІІІ – ІV денсаулық топтарындағы балалар мен жүкті әйелдерге 2- 3 апталық курспен тағайындалады.
Иммунотропты препараттардың рецепті:
Rp.: Extr. Eleutherococci fluidi — 50 ml
Ds. 10 тамшыдан 3 рет тамақтан кейін 2-3 апта
#
Rp.: Tab. Kalii orotatis - 0,5 №50.
Ds. ½ таблетка тамаққа дейін 2 рет 20 күн.
(10-20 дене салмағына)
#
Rp.: lab. Methyluracili 0,5№50.
Ds.: ½ таблеткадан тамаққа дейін немесе кейін 2 рет 20 күн (реттік дозасы: 1 жасқа дейін - 0,05; 1-3 жасқа дейін — 0,08; 3—8 жасқа дейін — 0,1—0,2; 8—12 жасқа дейін — 0,3—0,5; 12 жастан жоғары — 0,5—0,7).
#
Rp.: Natrii nucleinatis 0,05,
Sacchari 0,2
M. f. pulv.
D.t.d№40.
S. По 1 ұнтаққа 2—3 рет 20 күн (реттік дозасы: 1 жасқа дейін - 0,005-0,01; 2- ден 5 жасқа дейін - 0,015-0,05; 6- дан 12 жасқа дейін - 0,05-0,1).
Иммуностимуляторлар – тәннің қоректенуін жақсартуға шоғырлатады, бұл тістердің тіс жегісіне резистенттілігіне қолайлы әсер етеді. Калий оротаты метилурацил немесе натрий нуклинатын 20 күн 2-3 рет 1 жыл бойына 3-4 денсаулық тобына тағайындайды.
Иммунокорректорлар (анкир, риомунил, милдронат) жарты жылға күреспен иммунологтар ортодонтиялық емдеуге тағайындайды.
Анаболитикалық стероидтар минералды пәндерге ақуыз синтезін және кальций шөгуін жақсартады бұл препаратты қабылдағанда сілті қышқыл балансын бұзады. Стоматолог неробола 1 ай жылына 3-4 рет қабылдауға кеңес береді. Бұл препараттар ағзаға кең спектрде әсер етеді, бірақ мұна педиатордың рұқсатымен тағайындайды.
Жүйелі препараттар жиынтығы ІІІ – ІV денсаулық топтарындағыларға топтың немесе жекелей тіс жегісін алдын алу үшін натрий фториді + кальций глицерофосфат + адаптоген және иммуностимуляторлар жатады.
Сілекей тістердің қатты тіндерінің тіс жегісі резистенттілігін және жегіленген үрдістің белсенділігін анықтайтын жергілікті фактор ретінде
Сілекейдің құрамы, құрылымы мен қасиеттері
Тістің жағдайы көбінесе оны қоршаған ортасы - ауыз қуысы сұйықтығының жағдайымен сипатталады. Эмальдың екіншілік табиғи қалыптасуы, кариесорезистенттіліктің жоғарылау үрдістері ауыз қуысы сұйықтығының қасиеттерімен байланысты. Сонымен қатар, ауыз қуысы сұйықтығы басқа да кариесогенді факторлардың компоненттеріне белсенді әсер етеді (сур. 5.35). Сілекей - адамның өмір сүруі барысында ағзаның тіс жегісіне тұрақтылығынығ маңызды элементі.
Ауыз қуысы сұйықтығы немесе сілекей аралас сілекейден және органикалық қосылыстардан (микробты және эпителиальды клеткалардан, тағам қалдықтарынан және т.б) құралады. Аралас сілекей - қосылыстарсыз толық сілекей, немесе барлық сілекей көздерінен жиналған таза сілекейлер қосылысы, оны центрифугалау арқылы алып тастауға болады. Таза сілекей - ауыз қуысына үлкен үш жұп және ұсақ сілекей бездерінен бөлінетін және өңделетін сұйықтық.
Сур. 5.35. Тіс жегісі концепциясының модификациясы (Поллард, 1995).
Күн сайын адамның ауыз қуысына 300-1500мл дейін сілекей бөлінеді. Сілекейдің тәулік бойы өндірілуі барлық уақытта бірдей емес: 14 сағат ішінде тамақтанбай тұрғанда негізгі деп аталатын, стимулданбаған 300 мл сілекей бөлінеді (бөліну жылдамдығы – 0,25-0,50 мл/мин), тамақтың фонында 2 сағат ішінде 200 мл сілекей бөлінеді (жылдамдығы 2,0 мл/мин), ал қалған уақытта – түнгі ұйқының 8 сағатында – сілекей бөлініс тоқталады деуге болады (0,1 мл/мин). Ауыз қуысында әр сәтте шамамен 0,5 мл сілекей болады. Сілекейдің жіңішке пленкасы (0,1 мл/мин) алдыдан артқа жүру бағытында ауыз қуысы тіндерін шайып қозғалады және рефлекс арқылы жұтылады, 4-5 мин ішінде толығымен жаңарады.
Сілекей 99,5% судан тұрсада, оны сумен салыстыруға болмайды. Сілекейдің қайталанбас құрамы мен қасиеті, оның құрамындағы 0,5 %құрайтын минералды және органикалық компоненттерге байланысты (табл. 5.19). Сілекей көптеген қызмет атқарады, соның бір бөлігі жалпы гемеостазға (метоболизм және тамыр тонусына, қалыптасу реакциясына және т.б. үрдістердің реттелуіне қатысады), ал қалған бөлгін – ауыз қуысының гомеостазына жатқызуға болады.
Таблица 5.19
Ауыз қуысы сілекейінің құрамы мен қызметі
Қызметі
| Механизмі
| Қызметті атқаратын заттар
| Қорғаныштық
| Тістер мен ауыз қуысынның кілегей қабатын шылау
| Су;
Муцин;
Басқада глюкопротеидтер;
Электролиттер.
| Микробқа қарсы иммунды қорғаныс
| Лизоцим;
Лактопероксидаза;
S-IgA, гликопротеиндер.
| Араласу, жуылу, шығарылу
| Су.
| Буферлік қызметі
| Бикарбонаттар;
Фосфат-иондар.
| Трофикалық
| Тіс эмалінің минерализациясы мен реминерализациясы
| Кальций;
Фосфат;
Аниондық ақуыз.
| Тамақтық
| Тамақты механикалық өңдеу
| Су;
Муцин.
| Дәмді сезуді бағалау
| Су;
Густин.
| Қорыту
| 50 фермент (соның ішінде гидролаза, липаза, оксиредуктаза, трансфераза, амилаза)
| Сөйлеу
| Шылау
| Су;
Муцин.
|
Таблица 5.20
Тыныштық кезінде және стимуляцияланған сілекейдің негізгі мінездемесі
Сілекейдің параметрі
| Тыныштық кезіндегі сілекей
| Стимулирленген сілекей
| Жылдамдығы, мл/мин
| 0,25 – 0,31
| 1 – 3
| рН
| 6,5 – 6,9
| 7,0 – 7,5
| Сілекейдің буферлік сиымдылығы
| 4,25 – 4,75
| 5,75 – 6,5
|
Әртүрлі бездердің құрамы, сәйкестігі, бөліністің сапасы бір–бірінен ажыратылады. Құлақ маңы сілкей безінің ең көп көлемін фосфат құрайды, корбанат буфер орта деңгейі, без секретінің белокты көп бөлігін амилаза және каталаза құрайды. Құлақ маңы безі сілекейінде тыныштық күйде 20-25% құрайды, ал стимуляциялық сілекейде 50% құрайды. Жақасты және тіласты бездері сілекейінде орташа дәрежеде фосфат, продуцирлі амилаза бөледі. Жақасты безі 60-65% көлемде тыныштық күйде сілекей бөледі, тіласты 2-4% сілекей бөледі, кіші бездер 10% тыныштық күйде сілекей бөледі. Бұның құрамындағы сілекей аз фосфат болады, толықтай бездер бөлінбейді.
Негізгі және стимуляцияланған сілекей бөлінудің көлемімен сапасында айырмашылық болады. Сілекей бездері үшін физиологиялық ынталандыру ретінде ауыз қуысының механикалық рецепторлары мен шайнау бұлшықетінің проприорецепторлары, дәм сезу рецепторлары шайнау кезінде пайда болады. Стимуляцияланған сілекей бөлінудің жылдамдығы негізгі сілекей бөлуден 5-7 рет жоғары, әсіресе құлақ маңы безінің үлесі зор (табл. 5.20).
Тайсен ұсынған гипотезаға сәйкес сілекей бөлу екі фазадан тұрады. Мұны симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі реттейді. Соған орай біріншілік және екіншілік сілекей бөлінеді.
Біріншілік сілекей. Симпатикалық жүйе жасушада аққуызды қосылысты түзілуін реттейді. Симпатикалық ұштары β-адренигергиялық рецепторлармен қосылып, норадреналин бөледі. Ол өз кезеңінде цАМФ өндірілуін қадағалайды. Сілекейдің белок өндіру сатысына цАМФ әсер етеді. цАМФ транскрипциясы, посттрансляционды модификация, көпіршік түзілуімен оның түтікше экзоцитозға дейін реттейді.
Парасимпатикалық жүйе электролиттердің және сұйықтықтың бөлінуін реттейді. Нерв талшықтарынан бөлінген ацетилхолин аценарлы клетканың беткейінде мускаринды м3-рецепторларымен байланысады. Нәтижесінде клеткада инозитол трифосфат ІnsP3 құрамы жоғарлайды. Бұл байланыс клеткада Са++ деңгейін жоғарылатады, бұл Сl- каналынан триггерлі белсендіруге әкеледі. Бұл канал ашылған кезде клеткаға Na+/K+/2Cl- транспортты жүйесімен жеткізілген хлор ионы клеткадан бездің жолымен шығады; электр бейтараптылықты сақтау үшін хлоридтің ізінен клеткадан натрий ионы да шығады. Осмотикалық нәтижелі градиент қан капиллярларынан бездің жолына сұйықтық әкеледі.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 1025 | Нарушение авторских прав
|