Тіс жегісіне резистенттілік 3 страница
Екіншілік сілекей жолының «бүлінген» зонасына белсенді тасымалдау көмегі арқылы біріншілік сілекейде натрий және хлор ионы реарбцорбцияланады. Жолдың бүлінген аймақтарының қуысы болмауына байланысты, сілекейдің натрий және хлор иондарын алып тастау судың кері сіңуіне әсер етпейді. Бұл уақытта қанға сілекейден (бикорбанаттар – барлық ағзаның қышқылды–сілтілі балансын сақтайтын негізгі байланыс) келеді. Нәтижесінде гипотоникалық, жоғары емес буферлі құрылыста тыныштық сілекей түзіледі.
Стимуляцияланған сілекей. Біріншілік сілекейден хлор ионын натрий және карбонатты шығаратын белсенді транспорт сілекейдің бөлінуінің төмендеген кезінде әсерлі деп саналады. Жоғары жылдамдықта өзектен сілекейдің өтуі кезінде осы иондардың көптеген бөлігі қалады, сондықтан стимуляцияланған сілекей тыныштық кезіндегі сілекейге қарағанда. аздаған гипотоникалық және буферлі болып қалады.
Сілекейдің биохимиялық қызметтерін орындау мүмкіншіліктері оның өзіндік биофизикалық құрамымен анықталады: құрамы және жабысқақтығы. Сілекей ұйымдасқан сұйықтық, оның негізгі құрылымдық бірлігі мицелла болып табылады. Мицелланың ядросы кальций фосфаты оны фосфат иондары қоршайды, келесі «орбитаны» кальций ионы құрайды, ол өзінің айналасына су молекулаларын ұстап тұрады.
Мицеллярлы структура белсенді минеральды иондардың бір-бірінен шектеуге және олардың химиялық белсенділігіне мүмкіндік береді. рН-тың төмендеуі кезінде мицеллалардың тұрақтылығы тіс жегісі тұрақтылығының маңызды атрибуты. Мицеллярлы сілекейдің тағы бір әсері гель тәрізді консистенциясы, айқын жабысқақтық.
Сілекейдің жабысқақтығы сілекей безінің ацинарлы меткаларымен бөлінентін гликопротеидтердің ұзын полимері болатын муциннің құрамына байланысты. Жабысқақтығы ең жоғары – тіл асты (13,4 пуаз), безінің сілекейі орташа – жақасты және (3,5 пуаз) кіші бездерінің сілекейі, ең ағымы жоғары құлақ маңы безінің сілекейі (1,5 пуаз). Сілекейдің жабысқақтығын оның беткей құрамын анықтайды және оның ауыз қуысы мен тістің қорғаныш қабық түзеді.
Сілекейдің құрамы мен жоғарғы жабысқақтығын тағы бір құрамы анықтайды: әртүрлі бездердің секреттері араласпайды, сондықтан әрбір тістің минерализациясы оның қай бездің аймағында орналасқанына байланысты. Мысалы: ерте балалық тіс жегісі жоғары уақытша тістердің зақымдалуымен көрінеді. Ол бұл тістер жоғарғы еріннің кіші бездері, яғни төмен минерализацияланған сілекеймен қорғалады.
Эмальдың постэруктивті жетілуіндегі сілекейдің ролі, жегіленген үрдістің белсенділігіне әсері
Қан денені қалай қоректендіреді, сол сияқты сілекейде тісті қоректендіреді. Эмаль өзіндік иондары бар ерітіндіде орналасқан кристаллдар сияқты. Кристаллдардың тағдыры – олардың еруі, тұрақтылығы, қайта қалыптасуы – сілекейдің кальций, фосфат және гидроксильді топтық иондармен қаныққан дәрежесімен анықталады. Ол өз кезегінде сілекейдегі иондардың концентрациясына және оның қышқылдығына тәуелді.
Иондардың концентрациясы нейрогуморальды механизмдермен қатаң бақыланатын гормоностатикалық фактор болып табылады. Сілекейдегі минералдың құрамы жасқа байланысты балаларда оның концентрациясы төмен. Қалыптыда сілекейдегі кальцийдің орташа құрамы ересектерде – 1,7 ммоль/л бір қан плазмасында 2,5 ммоль/л, сілекейдегі фосфаттың құрамы 5,5 ммоль/л, қан плазмасында 1 ммоль/л. Кальций мен фосфордың әртүрлі концентрациясына байланысты қан гидроксиапатитпен 2–3 есе, ал сілекей 4-5 есе қаныққан, соның салдарынан сілекей өте жоғары минерализациялық қасиетке ие.
Қаныққан ерітінділер ионы эмаль апатиттерінің гидратты қабығына жеңіл еніп және депо құрайды, кейіннен тереңірек, кристаллдардың құрылымдарына енеді. Осылайша сілекейдің қаныққан түрі эмальдың минерализациясын және реминерализациясын, ол қанықпаған сілекей қатты тіндердің деминирализациясын қамтамасыз етеді.
Кейбір микроэлементтердің-акселераттардың, соның ішінде ең маңыздысы фторидтердің болуы минерализация және реминерализация үрдістерін нәтижелі етеді: жылдамдығы жоғарылайды, эмальдың апатиттерінде сапалы өзгерістер байқалады (магний, хлор иондары және гидроксилдер фторидтермен алмасады) және шынайы түріне қарағанда аз еритін кристаллдардың аз түзілуіне алып келеді.
Эмальдың минерализациясы дәрежесіне қарай тістің постэруптивті жолында кальцийдің деңгейі жоғары болады: Са:Р қатынаста 6 жаста 1,5, ол 10 жаста – 1,71 эмальдың минерализациясы оның сілекеймен қатысу кезінен тез жүретінін айту керек: төмпешіктердің эмалі жарып шыққаннан кейін бір жыл мерзімінде жетіледі, жиі тіс жұғындыларымен жабылған тістің мойны және экватор аймағындағы эмаль – 6 жыл мерзімінде жетіледі, терең жіңішке фиссуралардың эмалі - 8 және оданда көп жылда жетіліп болады.
Эмальдың минерализациясына байланысты сілекейдің гликопротеидтерінің (ақуыз, пролинге бай) маңыздылығын айтып кету керек, тістің эмалімен туыстығы бар сондықтан тіс эмалі бетінде пелликула түзетін – мембрананың жартылай өтімділігі, тіс эмаліне дұрыс бағытталатын иондардың ауысуын бақылады.
Сілекейдің қышқылдылығы бұл Н+ ионының концентрациясы коллоидты жүйенің жағдайын көптеген параметрлер анықтайды. Бұл параметрлерге осмос, дисперттілігі, бөлінетін мембрана потенциалының шекара белгісі, тұздардың шөгуі немесе оның жағдайының өлшенуі жатады. Мысалы, егер сілекейде Н+ ионы жоғарласа, фосфат ионы бұған жауап ретінде НРО42- қосылысына айналып, бұл уақытта РО43- ионның концентрациясы төмендеп, қаныққан фосфат иондары қанықпаған жағдайға айналады. Сондықтан эмальда минерализация және реминерализация үрдісі жүру үшін сілекей рН нейтральды немесе сілтілі болу қажет. Себебі, қышқылды сілекейде (рН ≤ 5,5) деминерализация үрдісі болады. Көптеген сүтқоректілерде сілекейдің рН 8,5 – 9,0 аралықта ауытқиды, адамда 6,2–7,4, балаларда бірнеше сілтілі (+0,1 рН), қарт адамдарда қышқылды (-0,1 рН).
Сілекейдің қышқылдылығын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін бірнеше буферлі жүйе жұмыс атқарады. Бикорбанаттар, фосфат иондары, глютамат, аммоний тағаммен химиялық реакцияға түсіп сілтілі қосылыс түзіп, қышқылды ортаны бейтарап ортаға айналдырады. Сілекейдің буферлі жүйесі ауыздың сұйықтық ағысында ғана емес, сонымен бірге тіс жұғындысынң қышқылды ортасын бейтараптайды.
Сілекейдің тағамдық қызметі бұл прокариозды байланыс болып табылады. Кариесогенді жағдайды құру үшін α-амилаза ферментінің маңызы зор. Бұл фермент крахмал полисахаридінің байланысын үзіп, мальтозаны босатып, ауыздағы ұзақ болған көмірсуларды глюкоза молекуласының мономер байланысын үзіп, кариесогенді микрофлора сіңіп алатындай өнім жасайды. Соңғы кездері сілекейдің тағамдық қызметі тіс жегісі протективті құралады. Сілекей кариесогенді толық өнімдерін шығарып, өндіру арқылы эмальдың реминерализациясына жағдай жасайды. Сілекей клиренсі жағдайы болған сайын, ауыз қуысында сілекей мөлшері жоғарлай бастайды. Тұтқырлығы төмен болған сайын, сілекей бөлінуі жоғарлай бастайды.
Тіс жегісін алдын-алу мақсатында сілекейдің микробқа қарсы қызметін есіңізге түсіріп кетуге болмайды. Сілекей ауыздың протективті және агрессивті микрофлорасының балансын ұстап тұрады. Пролинге бай ақуыздар тіс беткейіне протективті микрофлорасының қонуына ұйымдастырады: электр теріс полюс полимері эмаль Са–мен байланысты, оң полюс S. orаlis, S. sanguis, S. mitis мембраналарымен. Сілкейдің иммуноглобулиндері адгезивті қасиеттері бар. Сондықтан олар микроағзаларды тіске жабысуына жол бермейді. Көптеген деректер (лизоцим, лактодерин, сиалпероксидаза, лактопероксидаза) бактериостатикалық және бактерицидті қасиеттері бар.
Сілекейдің тіс жегісіне алдын-алу маңызы оның құрамындағы заттардың қасиеттілігінде. Өкінішке орай клиникалық және лабороториялық диагностикада бұларды алу қол жетімсіз.
Сілекейдің қорғаныш қасиетін анықтау.
1. Сілекей бөлу жылдамдығы бұл зерттеуді жүргізу үшін градуирленген пробирка және секундомер қажет. Науқасқа басын игізіп, аузын жартылай ашып отыруын сұраймыз. Төменгі ерінге қойылған пробиркаға қойып сілекей ағуын қадағалаймыз. Сілекей жиналуының уақытын анықтаймыз (әдетте 5–15 мин). Сілекей бөлу жылдамдығы мына формуламен анықтайды:
Сс = V/t,
Сс – сілекей бөлу жылдамдығы; V- бөлінген сілекей көлемі (мл), t – сілекей бөлу уақыты (мин). Қалыпты сілекей бөлу жылдамдығы Сс = 0,03 – 0,3 мл/мин гиперсекрецияда Сс =0,61 -2,40 мл/мин.
2. Сілекей тұтқырлығы. Бұны анықтау үшін 1,0 мл–дей микропипетка және секундамер.
Зерттеуден бұрын микропипетканы суға енгізеді:
1. Вертикальды орналасқан пробиркадағы белгіге дейін 1,0 мл суды сорып алады.
2. Саусақты 5 сек жіберіп пробиркадағы судың шығуына мүмкіндік береді.
3. Пробиркада қалған судың мөлшерін белгілейді (негізінде 0,08 мл).
Осылай 5 сек ішінде пробиркадан қанша судың шыққанын анықтайды.
Сілекейдің тұтқырлығын анықтау үшін калипроландалған пробирканы зерттелетін сілекеймен толтырады, сосын пробиркадағы сілекейді 5 сек ағуын қамтамасыз етіп, осы уақытта ағып кеткен сілекейдің көлемін өлшейді. Сілекейдің тұтқырлығын мына формуламен есептейді:
VB - аққан судың көлемі (мл), VC – аққан сілекейдің көлемі (мл), BC - сілекейдің тұтқырлығы, BB - судың тұтқырлығы.
Сілекейдің тұтқырлығы егер 1,0-4,0 бірлік болса қалыпты, 6,0-9,0 бірлік болса қалыпты емес.
3. Сілекейдің қышқылдылығын анықтау. Тәжірибе жүзінде индикатор әдісін қолданған ыңғайлы. Стандартты қағазды индикатор жолаққа сілекейді жағып, кептіріп, салыстырмалы шкалада оның рН-ын анықтайды.
Сілекейдің рН-ын дәл анықтайтын әдістердің бірі – ионометриялық әдіс, оған иономер, пробирка, микрокювета және фосфаттық буферлік ерітінді (рН= 6,86). Зерттеу үшін пробиркаға 2-3 мл сілекейді жинайды, микрокюветаға буферлік ерітіндімен қосады. Иономер арқылы көрсеткішті бағалайды. Егер рН=6,7-7,7 болса, онда қалыпты болып есептеледі.
4. Сілекейдің буферлік сыйымдылығын анықтау. Стоматологиялық клиникада қышқылды негізді индикатормен дайындалған арнайы тестті қағаздан жасалған жолақтар қолданылады. Сілекейдің тамшысын пипеткамен алып, оны қағазды жолаққа тамызады. Сол кезде сілекей қышқылды бейтараптап, қағаз жолақты түсін өзгертіп жібереді. Көп жағдайда қышқылды рН=4,5 – сары-қоңыр түс береді, әлсіз қышқылды рН=4,5-5,5 – жысыл түс, бейтарап рН - көк түс береді.
5. Сілекейдің минералдық потенциялын анықтау. Сілекейдің минералдық потенциалын анықтау сілекей тамшысының кепкен кездегі кристаллдардың пайда болуына негізделген. Зерттеу жүргізу үшін пипетка, әйнек және микроскоп қажет. Ауыз қуысының түбінен пипеткамен сілекей тамшысын алып, заттық әйнекке жағамыз. Сілекей термостатта немесе бөлме температурасында кепкеннен кейін микроскоппен қараймыз. Әйнекте пайда болған суретті төмендегі балл бойынша бағалаймыз:
1 балл – себілген біртекті емес форма.
2 балл – бүкіл көру алаңында жұқа тор тәрізді жолақ.
3 балл – әртүрлі формадағы бөлшектелген кристалдар.
4 балл – орташа мөлшерде ағаш тәрізді кристалдар.
5 балл – айқын, үлкен, папоротник тәрізді кристалдар.
МПС көрсеткіштері: 0-1-ге дейін өте төмен; 1,1-2,0 дейін төмен; 2,1-3,0-ге дейін қанағаттанарлық; 3,1-4,0-ге дейін жоғары; 4,1-5,0-ге дейін өте жоғары болып табылады.
6. Эмальдың реминерализация жылдамдығын анықтау (сілекей арқылы). Зерттеу жүргізу үшін эмаль тазалайтын зат, мақталы валиктер тістен оқшаулау мақсатында, стандартты қышқылды ерітінді, бояғыш зат (2% метилен көгі ерітіндісі) және секундомер. Эмальды тазалап, басқа заттардан оқшаулап, кептіріп, үстіне 60 с-қа қышқылды ерітінді тамызады. Сосын оны шайып, қайтадан кептіріп, бояғыш зат тамызады. Бірнеше минуттан кейін бояғыш затты мақтамен сүртіп алып, бояудың қарқындылығын типографиялық 10 баллдық шкаламен анықтайды. Эмальдың зақымдалған аймағын сілекей біртіндеп реминерализациялайтындықтан, бояудың қарқындылығын анықтайды, күнделікті қайталайды. Егер де көрсеткіш тәулігіне 1-3 болса жақсы, тәулігіне 5 болса, жаман деп есептеледі.
Сілекейдің тіс жегісі протективті мүмкіншіліктерінің төмендеу себептері. Гипосаливациясы бар науқасқа көмек шаралары
Сілекейдің мөлшерінің төмендеуі және оның қызметінің нашарлауы тіс жегісінің өсуіне алып келетіні белгілі. Сондықтан дәрігер сілекейдің патологиясын зерттей отырып, осы патологияның себебін табуға мүмкіндік жасау және науқасқа осы және басқа да коррекцияны айту.
Гипосаливацияның симптомдары мен себептері (ксеростомия)
Реттелген сілекей бөлінудің 0,15 мл/мин төмен және 0,5 мл/мин төмен жылдамдығы кезінде адамда ауыз қуысында құрғақ және жиі тіс жегісінің қарқынды дамуына әелетін, соның ішінде тіс жегіге тұрақты беткейлерде сілекейдң жетіспеушілігі пайда болады. Гипосаливация сілекей бөліну жылдамдығын өлшеу көмегімен анықталуы мүмкін, бірақ жиі сұрастыру және қарау барысында анықталады. Науқас жұтыну қиын екенін және сондықтан тағамды сумен ішуге мәжбүр болатынын, сөйлеу кезінде жағымсыз сезімдер пайда болатынын, үнемі су ішкісі немесе аузын шайғысы келетінін атап көрсетеді. Клиникалық қарау кезінде ауыз қуысы кілегей қабығы жылтырлығының жоғалуына және құрғақтығына, тілдің арқасында терең қатпарларға, ауыз бұрышында қақ пен жырықтарға, жеткіліксіз және жабысқақ сілекейге назар аударады. Құрғақ ауыз проблемасы жас адамдардың 13% және кәрілердің 40% кездеседі. Ксеростомияның ең жиі себептері ішінен жұмсақ тағамды таңдау, тістерді жоғалту немесе протездерді қолдану кезінде шайнау белсенділігінің төмендеуін, жақасты және тіласты бездері өнімділігінің жастық төмендеуін атайды. Дегенмен егер сілекей бөлінудің гомеостатикалық бақылауының күрделі ұйымдастыруын еске түсірсек, гипосаливацияға себепші болатын факторлардың толық тізімінің қолайсыздығы түсінікті болады (табл. 5.21).
Таблица 5.21
Гипосаливациның себептері
І. Ағзада судың жетіспеушілігі
| ІІ. Бездердің гипофункциясы
| А. Бүйректен тыс табиғатты дегидратация:
суды қабылдауды қысқарту (гипоталамустың патологиясы);
лихорадка, қарқынды күш кезінде тері арқылы суды жоғалту;
қан жоғалту;
диарея;
гипервентиляция
| А. Сілекей бездерінің зақымдануы:
радиологиялық (терапиялық немесе техногенді) әсер;
аутоиммунды аурулар (Шегрен, трансплантациялық ауру, ревматоидты артрат, жүйелі жегі, саркоидоз);
АИВ-инфекция;
Қарттық
| Б. Бүйрек табиғатты дегидратация (полиурия):
психогенді немесе ятрогенді факторлармен байланысты судың артық түсуіне жауап;
диуретикалық препараттардың әсері;
зәрдің концентрациясына бүйректің қабілетсіздігі;
жоғары осмотикалық диурез;
зәр айдағыш дәрілердің әсері
| Б. Сілекей бездері қызметінің нервті реттелуге әсері:
медикаментозды (антихолинэргиялық b-блокаторлар, қалтырауға қарсы, психикаға қарсы, наркотикалық анальгетиктер);
ганглионарлы нейропатия;
Альцгеймер ауруы;
депрессия;
бездердің нервті талшықтарының жарақаты;
шайнау қызметінің төмендеуі
| Сілекейдің тіс жегісі протективті қасиетінің төмендеуімен науқастарға ұсыныстар
Сілекей бездерінің резервті мүмкіншілік жағдайына байланысты әсер етудің бірнеше варианттарын ұсынады:
1) сілекей бөлінудің жергілікті немесе жүйелі реттелуі;
2) орынбасушы терапия.
Сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі
Сілекей бездерінің сақталған (қандай да бір дәрежеде) функциональды мүмкіншіліктері кезінде олардың реттелуіне кеңес береді. Нейрорегуляция тілдің дәм рецепторларының, периодонттың механорецепторларының және шайнау бұлшықеттерінің тітіркендіруіне сілекей бездерінің тез рефлекторлы жауапты реакциясын қамтамасыз ететіндіктен - реттелген сілекейдің бөлінуіне әкелетін басты жергілікті фактор шайнау болып табылады. Шайнау үшін тағам азықтарын (егер эмальдың қорғанышы туралы ойласа, онда сілтілі реакциямен тағамдар, мысалы ірімшік), сонымен қатар тағамдық емес (парафин) немесе олардың қосылысын (шайнау резенкесі) қолданылады. Бұдан басқа, сілекей айдайтын әсерді қатты заттарды сору кезінде (жалбыз мұз кәмпиттері, қара өрік сүйегі) және қышқыл ерітінділермен шаю кезінде алуға болады. Бірақ жергілікті шаралар әсері ұзақ жалғампайды, сондықтан оларды жиі қайталап отыру қажет. Қышқыл тағамдарды қолдану ауыз қуысы кілегей қабығының тітіркенуіне және тістердің жегілік емес зақымдануларының дамуына, қант құрамды стимуляторлар – тіс жегісінің дамуына әкеледі. Сондықтан сілекей бөлінудің жергілікті реттелуі үшін сумен шаю және қант ауыстырушысы бар шайнау резенкелерін шайнау оптимальды таңдау болып табылады.
Сілекей бөлінудің жүйелі реттелуі
Сілекей бөлінуді фармакологиялық бақылау сілекей бөліну жылдамдығы және сілекейдің тұтқырлығы вегетативті жүйенің белсенділігімен анықталатын мәліметтерге негізделген: парасимпатикалық жүйе төмен тұтқырлықпен сілекейдің көп мөлшерде өнімін қамтамасы етеді, ал симпатикалық керісінше сілекей бөлінуін шектейді, сілекейді жеткіліксіз және тұтқыр етеді. Сілекей бөлінудің негізгі стимуляторы парасимпатомиметик пилокарпин (пилокарпин гидрохлориді) болып табылады. Бұл препарат шеткі м-холинорецепторларды қоздырады және осылайша бронхиальды, тағамдық және сілекей бездері секрециясының күрт күшеюін тудырады. Сілекей бөлінуге оң әсерді иммуностимулятор-препараттары: метилурацил, калий оротаты көрсетеді.
Сілекей тұтқырлығының төмендеуі жиі қақырықты сұйылту үшін қолданылатын препараттармен қол жетуі мүмкін: андыз тамырының қайнатпасы, өгейшөп жапырақтарының, термопсистің, бромгексединнің тұнбасы.
Гипосаливацияның компенсаторлы терапиясы
Гипосаливация кезінде микробқа қарсы және буферлі қорғанышының жетіспеушілігіне байланысты тіс жұғындыларын бақылау үшін антисептикалық препараттарды белсенді тағайындайды, жұғындылардың механикалық алынуына көп назар аударады. Сілекейдің минерализациялық қызметін ұстап тұру үшін құрамында кальций, фосфор және фтор қосылыстары бар препараттарды жүйелі және жергілікті қолдану ұсынылады.
Сілекей бездерінің функциональды мүмкіншіліктерінің айқын төмендеуі жағдайында ауыз қуысын әртүрлі сілекейді ауыстыратындармен шаю ұсынылады. «Жасанды» сілекейдің әртүрлі варианттары шығарылды – жануар текті муциндер негізіндегі препараттар немесе карбоксиметилцеллюлоза. Бұл препараттар көбінесе сілекейге қарағанда тұтқырлау, сондықтан науқастар жиі қарапайым суды немесе мұздың кішкентай кесектерің қалайды. Мұндай ауыстыратындар тағам қабылдау мен сөйлеу кезінде ыңғайсыздықты төмендетуге мүмкіндік бере отырып, тіс жегісінен толық қорғанышты қамтамасыз ете алмайды.
5.4.4. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері
Эмальдың кариесогенді әсерлерге қарсы тұру қабілеттілігі зерттеушінің де, сонымен қатар клиницисттің де мұқыия назарының объектісі болып табылады. Тіс жегісін біріншілік алдын-алуының өрлеуі үшін келесі сұрақтарға жауаптар алу қажет:
· Эмальдың қандай сипаттамалары оның тіс жегісіне тұрақтылығы үшін маңызды? Бұл сипаттамаларды қалайша жақсартуға болады?
· Әсер етудің қандай тәсілдері тиімдірек болып табылады?
Тәжірибелік дәрігер үшін әрбір нақты науқаста тіс жегісіне тұрақтылықтың деңгейі қандай екенін білуі маңызды – бұл білім тіс жегісін біріншілік алдын-алудың шараларын рациональды түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Эмальдың тіс жегісіне тұрақтылық деңгейін анықтаудың қазіргі заманғы әдістемесінің негізінде тіс жегісіне төзімді эмаль тіс жегісіне тұрақсызға қарағанда қышқылдарда төмен ериді, өйткені кальций мен фтордың салыстырмалы жоғары құрамы бар тығыз кристаллды құрылымы болады деген тезис жатыр. Осы тезиске сәйкес қазіргі кезде қолданылатын эмальдың тіс жегісіне тұрақтылығын анықтау әдістері зерттейді.
· тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық симптомдары (жоғарыда талқыланған, тіс жегісі қарқындылығының индекстері – КПЖС, КПЖТ, IS);
· қышқылды ерігіштігі (химиялық тұрғыдан – CRT әдісі, физико–химиялық тұрғыдан – ТЭР, ТЭРИ әдістері, эмаль және оның басының профилометриясы, бұдырлықты өлшеу – физикалық тұрғыдан);
· кристаллды құрылымның тығыздығы (электр өткізгіштік белгісі бойынша – электрометрия, оптикалық тұрғыдан – лазерлі рефлектометрия);
· витальды биопсия көмегімен тіндердегі макро– және микроэлементтердің абсолютті және салыстырмалы құрамы, эмаль күлінің сандық талдау әдістері және т.б. (қара табл. 5.22).
Тіс жегісіне тұрақтылықтың клиникалық белгілері эмальдың бұрынғы жағдайы туралы дәлелдейтінін атап өту қажет, бұл зерттеу кезінде оның жағдайына әрқашан сәйкес келмейді. Параклиникалық және зертханалық әдістер тіс жегісі патогенезінің бөлек аспектілерін ғана көрсетеді, ал зерттеу нәтижелері бұл үрдіс білімінің бүгінгі жағынан түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан аталған әдістердің болжамдық құндылық деңгейі орта есеппен тек 50% жетеді. Бұл әдістер стоматологиялық ғылымға, сонымен қатар тәжірибеге үлкен пайда әкеледі, мысалы ТЭР әдісі көмегімен БР–да 4 жыл бойы мектепке дейінгі жастағы балалар рационында фторланған тұзды қолдану сүт тістер эмалінің қышқылдық ерігіштігінің 32,27% төмендеуін қамтамасыз етті; алынған ақпарат осы әдістің әсер ету механизмі тіс жегісін жүйелі алдын–алу бұзылыстарына, тістердің тұрақтылығына көмектесетінін түсіндіреді (тіс жегісінің өсу редукциясы 40-60% құраған). Тіс жегісі қарқындылығы туралы ТЭР, электрометрия мәліметтері тәжірибеде қаупі жоғары топты бөлу үшін, диспансерлік бақылау ұйымы үшін, топтық және жеке алдын–алуды рациональды жоспарлау үшін негіз болып табылады.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 949 | Нарушение авторских прав
|