PMA индексі (Шур, Масслер, 1948 ж.)
Индекс қабынудың визуальды белгілерінің – қызылиек тіндерінің гиперемиясы мен ісінуінің таралуы бойынша периодонт жағдайын клиникалық анықтау үшін арналған. Патологияның ерте сатысында қабыну тек емізікшемен шектеледі (индекс атауында P – papilla, 1 балл), үрдістің күшеюі кезінде тек емізікше ғана емес, сонымен қатар қызылиек жиегі де зақымдалады (M - marginum, 2 балл), ауыр периодонтиттер кезінде бекітілген қызылиектің қабынуының клиникалық белгілері айқын (A – attached, 3 балл). Барлық (немесе зерттеушімен таңдалған) тістердің аймағында медиальды қызылиек емізікшесі, жиегі және бекітілген қызылиек тексеріледі. Жеке индекс мына формула бойынша анықталады:

Парм популярлы модификациясында PMA индексінің мәнін есептеуді пайыздық сызбаны қолдана отырып жүргізеді:
,
мұнда n – тексерілген тістер саны, 3 – бір тістің аймағында қабынудың максимальды бағалануы.
1-ден 33%-ға дейінгі PMA мәні кезінде науқаста периодонттың жеңіл қабынуы бар, 34-тен 66%-ға дейін – орташа ауырлықта, 67%-дан жоғары – ауыр.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 865 | Нарушение авторских прав
|